Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI353

МӘРТЕБЕСІ БИІК ҰЛЫ ТҰЛҒА

Тəуелсіз еліміздің ертеңі – ұрпақтың рухани байлығы, мəдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен білігіне, іскерлігіне байланысты. 

Келешек ұрпақты биік мақсаттарға жетелеу, өз бойында бүкіл адамзаттық құндылықтарды жинақтаған, өзін-өзі дамытатын тұлғаны тəрбиелеу- қазіргі білім ұйымдарының негізгі міндеттерінің бірі. Осы міндеттерді іске асыру ұстаздарға тікелей қатысты. Іскер, үздіксіз ізденіс үстіндегі мұғалім ғана оқушыға сапалы білім бере алады. 

Қазіргі заманда бірінші орынға баланың білім, білік дағдыларын ғана емес, оның тұлға ретінде дамуына талап қоюда. Талап етіліп отырғаны жаңа оқыту технологиялары негізінде инновациялық ісəрекеттерді тиімді пайдалану. Ал мұндай ауыр жүк, əрине, мұғалім қауымына түсіп отыр. Мұғалім еңбегі басқа қызметтермен салыстарғанда, өзіндік ерекшелігі мол, шығармашылықты сүйетін сарқылмас қайнар көз іспетті. Сондықтан да əрбір мұғалім алға ұмтылуды мақсат етіп қою керек. Əр педагог оқу мен білім беру технологияларымен жетік танысып, өз біліктіліктерін арттырып отырса нұр үстіне нұр болары сөзсіз. 

əлем Төртінші өнеркəсіптік революция дəуіріне, технологиялық, экономикалық жəне əлеуметтік салалардағы терең жəне қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Жаңа технологиялық дəуір біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды түбегейлі өзгертуде. Бұл кезеңде мемлекет дамуында ғылым мен білімнің алатын орны тіпті ерекше болмақ. 

Егемен елімізді өркениетке жетелейтін білімнің бастауында мектеп пен жас ұрпақ бойына білім нəрін беретін ұстаз тұрады. «Алты алаштың баласы бас қосқанда, қадірлі орын мұғалімдікі» – деген М. Жұмабаев ұстаз мəртебесін сол заманнан-ақ асқақтатып кеткен еді. Өйткені, ұстаз мəртебесі – қоғам мəртебесі! Қай заманда да қоғам ұстаз мəртебесіне селқос қарамаған. Өйткені, ұстаз ұлды ғана емес, тұтастай ұлтты тəрбиелеуші. Əлемде мыңға тарта мамандық бар, соның бірдебіреуі болашақ қоғамның белсенді мүшесіне жəне азаматтық тұлғасына білім мен тəрбиені дəл ұстаздай бере алмайтыны анық. Бүгінгі партада отырған шəкірт ертеңгі күні қоғамды алға сүйрейтін маман, көшбасшы болады. Олай болса, мұғалімнің мəртебесі бүгінгі таңда елеусіз қалып отырған жоқ. 

Мұғалім мəртебесін көтеру- мемлекеттік дəрежедегі мəселе. "Педагог мəртебесі туралы" - Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 тамыздағы № 645 қаулысымен 31 желтоқсанда Мемлекет басшысы "Педагог мəртебесі туралы" заң жобасына қол қойды. Білім жəне ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2020 жылы "Педагог мəртебесі туралы" заңды іске асыру кезеңіне көшу басталатынын мəлімдеді. Жалпы заң 21 баптан тұрады жəне жарты миллионнан аса ұстаздың жұмысына қатысты. 

Педагог мəртебесін айқындайтын Заң негізі төрт бағытты қамтиды:

 • Бірінші, ұстаздардың құқықтарын кеңейту жəне өзіне тəн емес жұмыстан босату, жүктемесін азайту; 

• Екінші, мұғалімнің қызметіне қойылатын талаптарды күшейту;

 • Үшінші, материалды емес стимул тетіктері;

 • Төртінші, материалдық ынталандыру. 

Заң жобасында ұстаздарға көптеген жаңашылдық қарастырылған. Аталмыш заңның мақсаты мұғалім мəртебесін көтеру болса, негізгі міндеттері педагог қызметкерлердің еңбегіне мемлекет тарапынан қолдау көрсетіп, ынталандыруды күшейту. Заман талабына сай білім беру мен тəрбиелеудегі тиімді ізденістер, қоғамдық ортада өз ойын еркін айта алатын, саналы, тəрбиелі азамат қалыптастыру- əр ұстаздың басты міндеті.

 Қазіргі уақытта білім беру саласына үлкен міндет артып отырған кезде, мектеп оқушыларына білім беру, оларды тəрбиелеу жəне дамыту міндеттері барған сайын күрделене түсуде. Біздің елімізде білім берудің өзіндік ұлттық үрдісі қалыптасуда.

 Қорыта айтқанда жаңа ғасыр ұстазы ой өрісі кең, жан дүниесі бай, ұлттық мемлекетшілдігі жоғары, теориялық білімін тəжірибеде жүзеге асыратын жауапкершілігі зор, қоғамда белгілі бір рөл атқаратын, қайталанбайтын дара тұлға болуға тиіс.

211 0
ДИНАРА ХАСЕНОВА, Ж.Сəдуақасов атындағы ЖОББ мектебінің бірінші санаттағы қазақ тілі мен əдебиеті пəні мұғалімі Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Түгіскен ауылы Ұлы дала ұстазы № 000278
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: