Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI352

Кәсіби қазақ тілі сабақтарында әдіс-тәсілдерді қолдану

      Аңдатпа. Бұл мақалада кәсіби сөйлеуді оқытудың әдістері мен мәдени және тілдік тұлғаның қалыптасу әдістері қарастырылған.

   Кәсіби қазақ тілін оқыту әдістемесі теориялық білім берумен қатар болашақ мамандыққа баулиды. Білікті маман дайындау, білім беру – қоғам дамуының негізгі жолы. Бүгінгі күн талабы – маманның кәсіби бағыттылығын, іскерлігін қалыптастыру. 

   Кәсіби тілде қарым-қатынас жасау сөйлесім әрекетінің барлық түрлері тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім әрекеттерінің негізінде жүзеге асырыладыКәсіби бағытта берілген мәтіндер тапсырмалар арқылы бекітіліп, түрлі жаттығулар, сөйлесу жағдаяттары жасалынады. 

    Мысалы: ( «Тамақтануды ұйымдастыру» мамандығы) кәсіби қазақ тілі сабағында  «Ұлттық тағамдардың пайдасы» тақырыбы бойынша берілген деңгейлік тапсырмалар:

ІІІ деңгей

  1. Мәтінді оқып, түсініп ал. Дыбыс үндестігі дегеніміз не?

Сүт — сусын ретінде де, тамақ ретінде де қолданылатын бірден-бір өнім. Ол Еуропаның көп бөлігінде мұнайдан да қымбат екен. 100 мл сүттің құрамында: 87 грамм су, 4.8 грамм қант, 0.1-3.8 грамм май, 3.4 грамм ақуыз, 120 милиграмм кальций, 12 милилитр магний, 3,3 мкг. йод, 32 мкг. А витамині, 0.18 мкг. В витамині және 0.4 мкг. В12 витамині бар. 

2. Көп нүктенің орнына қосымшалардың тиістісін қойып жаз.

Ашы...сүт, түйе...сүті, ұлт...тағам, саумал... құндылығы.

  1. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларға мысалдар келтір.

Үлгі:кәсіп-қор

ІІ деңгей

  1. Үндестік заңын еске түсіріп, әр түріне мысал теріп жаз.

үндестік заңы            буын үндестігі   дыбыс үндестігі

үндестік заңына бағынбайтын қосымшалар

  1. Естілуі бойынша берілген сөздерді орфографиялық норма бойынша жаз.

Ағуыз, башшы, жамбас, шұжұқ, тұздұқ,жұмұртқа,  сармай.

І деңгей

Өзіңе ұнайтын ұлттық тағамның жасалу тәсілін әңгімелеп бер.

1.Проблемалық оқыту әдісі. Мысалы: «Менің болашақ мамандығым» тақырыбына  сұрақтар қойылып оқушы өз ой түйінін айтады      ГАЗЭЛЕКТРДӘНЕКЕРЛЕУШІ»  МАМАНДЫҒЫ

    Газэлектрдәнекерлеуші мамандығы – өте қажет   мамандық. Кез-келген өндірістік кәсіпорында электргазбендәнекерлеу қолданылады. Электргазбен дәнекерлеу – қосылыс жерін  балқу немесе иілу күйіне дейін қыздыру әдісі  арқылы металл бөлшектердің қозғалыссыз, бөлінбейтін қосылыстарын алу үрдісі.

Дұрыс жауабын көрсетіңіз.

Мысалдар:

1     дәнекерлеушінің                   А; Ә; Б; В

2     көліктердің                             А; Ә; Б; В

3     үрдісі                                       А; Ә; Б; В

4     материалдық                          А; Ә; Б; В

 (А- Жіктік жалғау; Ә- Көптік жалғау; Б- Септік жалғау; В- Тәуелдік жалғау)

  1. Келесі сөздерге ілік септігін жалға. 4 балл.
  2. Элекргаздәнекерлеуші…, материалтану…, қолмен дәнекерлеу…, газбен дәнекерлеу…, қол ара…, егеу…, электроддұстағыш…, дәнекерлегіш…, жіктер…, мыс…, қола.., шойын…, жез…

Мына терминдерге жатыс септігінің жалғауын жалға.

Пісірме жігі…, балқыма электрод…, электр разряды…, оттегі…, ацетилен…, трансформатор …, негізгі метал…

  1. Мына терминдерге табыс септігінің жалғауын жалға.

Кернеу…, дәнекер…, жерлендіру…, оқшаулау…, бәсеңдеткіш.., ақау…, бақылау.., жартылай өткізгіш құралдар….

 Келесі сөздердің сәйкес аудармасын тап.

 1.Қорғаныш газ                                         1.Сила сварочного тока

2. Электродтың көлбеулігі                       2.Сварочный пост

3.Пісіру тогының күші                             3.Очистка металла

4. Пісіру орны                                            4.Наклон электрода

5. Металды тазарту                                    5. Защитный газ

6. Пісіру шілтері                                        6. Сварочная горелка  

 Мәтіннен 5 сөз алып, сөз құрамына талда. Разбор по составу. 4 балл.

Мысалы: колледжге, колледж – түбір (корень),  — ге – барыс септік жалғауы.

  1. Дәнекерлеуші болу оңай емес.  Неге?  Өз ойыңды жаз. 6 балл.
  2. Өз мамандығыңа жарнама жаз.  10 балл.

 3. Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту. Сын тұрғысынан ойлау жобасы 3 кезеңнен тұрады: 

І. Қызығушылықты ояту – бұл үйрену әдісі. 

Мысалы: «Кім білгір?», «Баламасын тап?» «Сәйкестендіру», «Полиглот» ойындары.

 

Кім білгір?

«Кәсіп» түбірінен пайда

болған сөздермен тіркестерді

есте сақтаңыз.Әр сөзбен сөз

тіркестеріне сөйлем құраңыз. 

  1.Танымдық тесттер

  1. Кәсіптік колледждерде практикалық сабақты қайда өтеді?

а) кабинетте     ә) кәсіпорында    б) шеберханада     в) далада

     2. Колледж қандай білім береді

а) бастауыш     ә) орта                  б) жоғары               в) арнайы

2.Грамматикалық тесттер

    1. Тәуелдік жалғаулы сөзді табыңыз

а) колледжім     ә) сабақтар          б) кәсіптік               в) топта

  1. «Студент» сөзінің түбіріне қай көптік жалғау жалғанады?

а) -лар     ә) -тар          б) -тер               в) –дар

  1. Лексикалық тесттер

1. «Мамандық» сөзінің синонимін табыңыз.

а) кәсіп     ә) жұмыс          б) қызмет               в) лауазым

  1. Негізгі түбірді табыңыз.

а) оқушы     ә) оқушымен          б) оқу    в) оқушылар    

4.    «Сәйкестендіру» әдісі

                       Сөзді мағынасымен сәйкестендір

Мен                            жақсы кәсіпкерсің.

Сіздер                        трактошы.

Олар                            жер жырттым.

Сен                              кітап оқыды.

5.  Тест сұрақтары

 «Монтёр» sóziniń durys jazylǵan nusqasyn anyqtańyz.

A. monter

B. montıor

C. montıór

D. montór

  1. «Полиглот»

Автомобильдің сыртқы элементтері  -  Внешние элементы автомобиля – Parts of automobiles (outside)

  1. Bonnet /ˈbɒnɪt/ – капот –( қақпақ)
  2. Wing mirror /wɪŋ ˈmɪrə(r)/ – боковое зеркало – бүйірлік айна
  3. Windscreen /ˈwɪn(d)ˌskriːn/ – лобовое стекло - маңдай шыны
  4. Rear-view mirror /rɪˈvjuː ˈmɪrə(r)/ – артқы көрініс айнасы
  5. Windscreen wiper /ˈwɪn(d)ˌskriːn ˈwaɪpə(r)/ – «дворник» - «тазалаушы»
  6. Door – дверь - есік
  7. Boot /buːt/ – багажник - жүксалғыш
  8. Tyre или tire /ˈtaɪə(r)/– шина - шина
  9. Wheel /wiːl/ – колесо - доңғалақ
  10. Headlight /ˈhedˌlaɪt/ – фара - фара
  11. Bumper /ˈbʌmpə(r)/ – бампербампер
  12. Licence (или license) plate /ˈlaɪs(ə)ns pleɪt/ – номерной знак - нөмірлік белгісі
  13. Indicator /ˈɪndɪˌkeɪtə(r)/ – указатель поворота - бұрылу көрсеткіші

   Қорыта келгенде, қазақ тілі сабағанда түрлі әдіс – тәсілдерді ұтымды, жүйелі қолдану - оқушының білімінің тиянақтылығын және тереңдігін белсенділігі мен қызығушылығын арттырары сөзсіз.

371 0
Лаззат Базарова, «Қарағанды агротехникалық колледжі» КММ директордың ОІЖ орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Базарова Лаззат Есимовна директордың ОІЖ орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы «Қарағанды агротехникалық колледжі» КММ Базарова Лаззат Есимовна директордың ОІЖ орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы «Қарағанды агротехникалық колледжі» КММ Ұлы Дала Ұстазы № 000255
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: