Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI344

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮРДІСТІ ДҰРЫС БАСҚАРУ – САПАЛЫ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНІҢ КЕПІЛІ

Білім – адамзаттың терең жəне үйлесімді дамуын бекітетін құралдардың бірі, прогрестік, əлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы. Қазіргі білім беру үрдісі адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, əр адамның өзінің «Менін» сезінуге, толықтыруға көмектесетіндей, сыртқы əлеммен əлеуметтік қарым-қатынастарда өз орнын табуға, өзін шығармашылықпен өзгертуге белсенділік танытуға ықпал етуі тиіс. Бүгінгі таңдағы қоғам кəсіби білімі жетік, құзіретті, бəсекеге қабілетті мамандарды талап етеді. Білікті басшы, білімді ұстаз болу үшін - əрбір педагог өз білімін үздіксіз көтеріп отыруы тиіс.

 Білімін тұрақты көтеріп отыру – педагогтердің құқықтары əрі міндеттері, білім беру жүйесінің тұрақты дамуының кепілі, мемлекет дамуының басты құралы болып табылады. Орта білім беру мекемелеріндегі басшы мен мұғалімдер, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы жағымды, қалыпты қарым-қатынасты қалыптастыру - педагогикалық басқару мəселесін жақсартудың бірден-бір шарты. Осы бағытта педагогтердің педагогикалық үдерістің бағытын, мақсатын, міндеттері мен оған қойылатын талаптарды жете білушілігі жəне оқытушыға лайықты кəсіби шеберліктерді игеруі қажет. Бұл əрекет педагогтердің басқару үрдісін жете білушілігімен, оның кəсіби функцияларын орындау даярлығымен, əлеуметтік құрылулармен үйлесімді бірлікте болуымен жəне оның психопедагогикалық дайындалуымен сипатталады. [2]

 Педагогикалық үрдісті басқару – қойылған мақсатқа сəйкес шешім қабылдау, ұйымдастыру, бақылау, басқару нысанын зерттеу, алынған ақпараттарды талдау жəне қорытындылау іс-əрекеті болып табылады. Басқару объектісі биологиялық, техникалық, əлеуметтік жүйелер бола алады. Білім беру əлеуметтік жүйеге жатады жəне елдің, өлкенің, облыстың, қаланың жəне ауданның аумағында қызмет етеді. Жалпы білім беретін мектептер күрделі динамикалық жүйе ретінде мектепішілік басқару объектісі болып табылады. 

Мектепішілік басқару – тиімді нəтижелерге қол жеткізу мақсатында тұтас педагогикалық үдерістің объективтік заңдылықтарын тануға негізделген оған қатысушылардың мақсатты, саналы өзара əсерлесуі. Тұтас педагогикалық үдеріс қатысушыларының оны басқарудағы өзара əсерлесуі бір-бірімен тығыз байланысты: педагогикалық талдау, мақсат қою жəне жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу, түзету тəрізді əрекеттер мен функциялардан тұрады. [4] 

Қазіргі білім беру жүйесінің дамуындағы бір ерекшелік – білім беру мемлекеттік-қоғамдық басқару болып табылады. Білім беру жүйесін мемлекеттік басқару сипаты мынадай қағидалар жиынтығымен анықталады: - білім берудің ізгілік сипатта болуы;

 - білім беру жүйесінің ұлттық мəдениеттерді жəне салт-дəстүрлерді мемлекеттік тараптардан қорғауы; 

- білім берудің жалпыға бірдейлігі; 

- білім берудің зиялылығы;

 - білім берудегі еркіндік; 

- білім берудің демократиялық сипатта болуы; 

Білім беру жүйесін басқарушылардың басқару мəдениеті олардың кəсіби педагогикалық мəдениетінің бір бөлігі болып табылады. Дəстүрлі көзқараста кəсіби-педагогикалық мəдениет негізінен педагогикалық іс-əрекет, педагогикалық техника мен шеберлік нормалары мен ережелерін бөліп көрсетумен байланыстырылады. Ал қазіргі кезде педагогикалық құндылықтар, педагогикалық технология жəне педагогикалық шығармашылық категорияларымен байланыстырыла қарастырылады. 

Мектеп жетекшісінің басқару мəдениеті оның мектепті басқарудағы құндылықтар мен технологияларды меңгеруге, беруге жəне жасауға бағытталған əр түрлі басқару іс-əрекеттеріндегі тұлға ретінде өз мүмкіндіктерін шығармашылық деңгейде байқату жолдары мен өлшемі болып табылады[5]. 

Білім беру мекемесін тиімді басқару – толық деңгейде өзінің мақсатына, өзінің ұғымына сəйкес басқаруды айтуға болады. Сондықтан, басқарудың міндетін анықтаудың кез-келген нұсқаларында, ең алдымен, оны қоғамдық мұқтаждықты қанағаттандыруға, əлеуметтік маңызды құндылықтарға қызмет етуге жəне өз ұжымының ішкі мұқтаждығын, қажеттігін қанағаттандыруға бағытталған əрекет ретінде қарастыру керек. Педагогикалық жүйенің құрылымдық элементтері педагогикалық ұжым жəне оның жетекшілерінің немесе басқарушы жүйенің іс-əрекеті негізінде анықталады. Басқарушы жүйе құрылымы төрт деңгейге бөлінеді: 

Бірінші деңгей мектеп директоры, мектеп кеңесі, оқушылар комитеті, қоғамдық ұйымдар жетекшілерінен тұрады. Бұл деңгей мектепті дамытудың стратегиялық бағытын анықтайды. 

Екінші деңгей – мектеп директорының орынбасары, мектеп психологы, əлеуметтік педагог, қоғамдық пайдалы еңбекті ұйымдастырушы, тəлімгерлер, мектеп директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары, өзін-өзі басқаруға қатысатын органдар мен бірлестіктер. 

Үшінші деңгей – мұғалімдер, тəрбиешілер, сынып жетекшілері. Төртінші деңгей – оқушылар, сынып жəне жалпы мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару органы. Бұл деңгейдің бөлінуі мұғалімдер мен оқушылардың арасындағы қатынастың сипатын көрсетеді. Оқушылар бір-бірімен өзара əсерлесу объектісі бола отырып, өзінің дамуына субъект рөлін атқара алады. 

 Басқарылатын жүйеде негізгі орын оқушылар ұжымына беріледі. Мұнда басқарудың екі деңгейін анықтауға болады:

 вертикаль бойынша – жалпы мектеп ұжымы жəне сыныптар ұжымы. 

Горизонталь бойынша – қоғамдық ұйымдар, спорттық үйірмелер, шығармашылық бірлестіктер, үйірмелер, клубтар, топтар жəне т.б. 

Ал педагогикалық жүйенің функционалдық компоненттері жеке-дара өмір сүрмейді, мұғалім ісəрекетімен бірлесе жүреді. Функционалдық компоненттер: педагогикалық талдау, мақсат қою жəне жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу мен түзету – бұлар педагогикалық үдерісті қозғалыста, өзгерісте сипаттайды, оны дамыту мен жетілдіру логикасын анықтайды. [5]

 Басқару іс-əрекеттері үдерісінде төмендегідей қызметтер орындалады: 

- мақсаттарды айқындау (бүкіл жүйенің, сонымен бірге əр кезеңнің соңғы нəтижесін болжалдау, ой-санада нақтылау); 

- жоспарлау (мектеп жұмыстарының барлық бағыттары бойынша болжамдық жəне əр жылға жоспар құру); 

-ұйымдастыру (қызметтік міндеттерді сауатты үйлестіру жəне бағыну мен жауапкершілік жүйесін қалыптастыру); 

- реттеу (қабылданған шешімдерді іске асыру мақсатында əрқилы бағыттағы түрлі қызмет жүйелерінің іс-əрекеттерін үйлестіру);

 - ынталандыру (шығармашылық істерге, ғылыми-зерттеу жұмыстарына, инновациялық жобаларға қатыстыру үшін жағдайлар жасау;

 -мұғалімдердің рухани бірлік сезімін қалыптастыру, олардың əлеуметтік белсенділігіне дем беру; жетістіктеріне орай бағалау жəне мадақтау); 

- қадағалау (талдау жəне жаңа міндеттерді белгілеу үшін көзделген жоспарлардың орындалуы жөнінде уақытылы ақпараттар алып тұру);

 - педагогикалық талдау (оқу үрдісін, тəрбие жұмыстарын, білім беру мекемесінің материалдық қорын, қаржы-экономикалық жағдайын педагогикалық мамандар мен тəрбиеленушілер құрамын жетілдіруге байланысты зерттеулер жəне талдаулар, нақты қорытындылар жасап, ұсыныстар беру). [1] 

Педагогикалық жұмыстың өзіндік ерекшелігі, оның шығармашылық сипаты озық тəжірибе құруға ерекше назар салуды талап ете отырып, басқарудағы бұйрық беру мен құрғақ əкімшілікпен əуестенуге жол бермейді. Білім беру мекемесін тиімді басқарудың негізгі шарты – педагогикалық ұжымның бастамасына сүйену, олардың шығармашылық ізденістерін жан-жақты қолдау жəне ынталандыру. Білім беру мекемелерін басқарудың негізгі міндеті басқарылып отырған ұжымда белгіленген мақсатқа табысты қол жеткізуді қамтамасыз ететін тиімді өзара байланыс пен қарым-қатынасты ұйымдастыру болып табылады. Əрбір басшы үшін қайталанбас жəне өзіне ғана тəн басқару моделін құру өте маңызды. Басқару жағдаяттарының психологиялық модельдерінде ынталандыру, танымдық жəне қызметтік-əрекеттік компоненттерді белгіленген. Ынталандыру компоненті басшының тиімді басқару əрекетін жүзеге асыруына түрткі болады. Танымдық компонент басшының басқару жағдаяттары мен ұжымның нақты қызметтік əрекеттері туралы ақпараттануын байытады. 

Қызметтік-əрекеттік компонент оның басқару əрекетінің құрылымына кіретін іс-əрекеттер мен операцияларды жүзеге асыруына тура келетін жағдайларды тудырады[4]. Мектеп басшысының басқару əрекеті көпқырлы, кең ауқымды жəне көп пəндердің ғылыми негіздемесінен тұрады, көптеген ғылыми пəндердің қағидалары мен нəтижелерін басшылыққа алады, алайда оның ең негізгі жəне маңызды ғылыми негізі, өз кезегінде, білім беруді басқару теориясының ішіне кіретін, мектепішілік басқару теориясы немесе білім менеджменті болып табылады. 

Педагогикалық ұжымды тиімді басқаруда мектептің мақсатынан туындайтын алдыға қойылатын міндеттерді анықтау, ұжымды басқару модельдерін енгізу мен оның тиімділігін бағалау сияқты жұмыстар мектеп басшысының белсенді жəне үнемі қатысуынсыз мүмкін емес. Мектеп директорының негізгі міндеті педагогтарды бір мақсатқа жұмылдыру арқылы, алдыға қойылған мақсаттарға, педагогикалық үдерістің озық нəтижелеріне қол жеткізе алатын ұжым қалыптастыру болып табылады. Мектептің өзегі ондағы адамдар болғандықтан, педагогикалық ұжымды басқару басшының маңызды қызметтік функциясы болып табылады жəне директордың жеке тұлғасының ерекшеліктері педагогтар ұжымын басқаруға едəуір əсерін тигізеді. Басқару əдістерін таңдауда субъективті факторлар едəуір рөл атқарады:

 басшының мектеп басқарудағы арнайы білімді меңгеру деңгейі; 

- тəжірибелілігі мен оны қалыпсыз жағдаяттарда пайдалана алу дəрежесі; 

- басшының тұлғалық құрылымы; мектепті басқарудағы үстем стилі; 

- педагогикалық жəне оқушылар ұжымдарының ерекшеліктерін есепке алу біліктілігі;

 - педагогикалық шығармашылық пен жаңашылдыққа деген көзқарасы; 

- басқару иерархиясындағы басшының баспалдағы сияқты факторлар жиі есепке алынады.

 Соңғы жылдары мектепте психологиялық қызметтің қалыптасуымен жаңа басқару əдістері пайда бола бастады. Оқу-тəрбие ақпараттарымен жұмыс жүргізетін қызметкерлер мен мектеп директоры оларды жинау, өңдеу, сақтау жəне пайдалану тəсілдерін жақсы білгені жөн. 

Мектеп басшысы, менеджер ретінде, өз қызметінде бақылау, əр түрлі сауалнамалар жүргізу, тестілеу, нұсқаулармен жəне əдістемелік материалдармен жұмыс жасау əдістерін белсенді қолдана білуі шарт. Мектеп əкімшілігінің əлеуеті басқарудың мектепішілік ақпараттық технологиясын нақтылап, тəжірибеге ендіруге жұмсалуы тиіс. Бұл технологиялар басшыларға да, əр мұғалімге де таныс болуы міндетті. Сонымен қатар, мектепті басқаруды ұйымдастырудағы маңызды жағдай– педагогикалық басқару жүйесінің қалыпты күйге келіп, əрекетшілдік жағдайында болуы жəне оны іске асыру жолдарын əрбір басшының жете білуі бүгінгі күннің басты талабы болып табылады. Білім беру мекемелері басшыларының стратегиялық жəне тактикалық сипаттағы маңызды дербес шешім қабылдауларының маңыздылығы күннен күнге өсіп келе жатқан макро- жəне микросоциум талаптары аясында күшейе түсуде. 

Мектеп басшысының басқару біліктілігінің кəсіби деңгейінің жоғарылауы білім берудегі инновациялық үдерістердің табыстылығының басты шарты болып табылады жəне ол білім менеджменті саласында да жүзеге асырылуы тиіс. Бүгінгі мектеп басшылары стратегиялық жобалау, мекемедегі болып жатқан процесстерді жүйелі модельдеу мен педагогикалық ұжымдағы тұлғааралық жəне кəсіби қарым-қатынасты тиімді ұйымдастыру дағдыларын меңгеруге ынталы. Мектеп басшыларына білім беру үдерісінің мазмұнын əлеуметтік, мəдени, табиғи, өндірістік ортамен үйлесімді байланыстыру қажет, сонымен қатар мектеп қабырғасынан тыс ортамен білім, мəдениет, ақпарат кеңістігін қалыптастыру міндеттерін шешу қажет.Мектептің проблемаларын шешудің көп нұсқалылық жолы мектеп басшыларының кəсіби дайындығының сəйкестігін талап ететін түрлі білім модельдерін енгізуге байланысты.

 Жалпы білім беретін мекеменің жұмысын жетілдіру қалыптасқан жағдайды егжей-тегжейлі талдау мен мектеп басшысының басшылық құзіреттілігіне, оқыту мен тəрбиелеу үдерістерін ұйымдастыруға жаңа талаптар қоюды қажет етеді. Оқыту мен тəрбиелеудің барлық талаптарына сай келетін жəне барлық жағдаяттар мен талаптарға жауап бере алатын басқарудың əмбебап əдістері жоқ 

Сондықтан, қазіргі жағдайда білім беру мекемелерін басқаруда тек жүйелі, кешенді тəсілдемені пайдалану ғана білім мекемесін табысты басқаруды жəне оқу мен тəрбие үдерісінің тиімділігі мен белгіленген мақсатқа қол жеткізуін қамтамасыз ете алады. 

Əдебиет:

 1. Айтмамбетова Б. «Жаңашыл педагогтар идеялары мен тəжірибелері», 1991. 

2. Айтмамбетова Б, Бейсенбаева Т. «Тəрбиенің жалпы əдістері», 1991. 

3. Əбенбаев С. «Мектептегі тəрбие жұмысының əдістемесі», 1999.

 4. Габдуллин Г.Г. «Менеджмент или школоведение: как развивается сегодня теория управления образованием» // Народное образование. – 2014. — № 10, 1999. 

5. Карипбаева Ш.Т. «Педагогикалық менеджмент» пəнінің оқу-əдістемелік кешені, 2014.

3 119 0
ҚАЙСАР ҚҰЛЫМОВ, Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернатының директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы Ұлы дала ұстазы № 000276
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: