Заман талабына сай оқушыларға білім беріп қана қоймай, мұғалімдер бүгінгі күні іс-əрекеттегі зерттеумен (action research) жəне сабақты зерттеумен (lesson study) айналысады. Бұл екі зерттеудің де мұғалімге берер пайдасы мол. Ұстаздың зерттеу дағдысы қалыптасып, білімін, тəжірибесін үнемі жетілдіріп отырады. Біз де өз тарапымыздан іс-əрекеттегі зерттеу жүргізіп, нəтижесімен бөлісуді жөн көрдік.
Қазіргі кезде оқушылардың өздік оқу дағдысын дамыту өзекті мəселенің бірі. Зерттеу тақырыбы география сабағында үздіксіз жүргізілген бақылау нəтижесінде таңдалды. Бұл тақырыптың өзектілігі қазіргі кезде оқушылардың оқу жетістігін өздігінен дамыту мүмкіндіктерінің төмендігі, мұғалім ұсынған кері байланыс пен өздік рефлексияны дұрыс қолдана алмауы жəне жеке даму жоспарының болмауынан туындады. Зерттеу тақырыбымызды жүргізетін сынып ретінде 11b қазақ сыныбы таңдалды. Себебі, 11b сыныбы 12 сыныпта Халықаралық емтихан тапсырады. Осы емтиханға тыңғылықты дайындалу үшін оқушылардың жұмыстарына рефлексия жасап, жеке даму жоспарын құру. Бұл сыныпта қазіргі кезде 12 оқушы оқиды. Оның 9 қыз, 3-і ұл. Күтілетін нəтиже халықаралық емтиханнан жақсы нəтиже көрсету. Зерттеу тақырыбына қатысты О. И. Каяшеваның «Конструктивная личностная рефлексия как основа саморазвития человека» деген еңбегі басшылыққа алынды. Конструктивті жеке рефлексия адамның өзін-өзі дамыту процесіне ықпал етеді жəне өткенді қайта ойлауға мүмкіндік береді, субъектінің ішкі əлемінің саралануын арттырады. Теориялық білімді практикамен ұштастыру үшін Леонтьев Д. А «Феномен рефлексии в контексте проблемы саморегуляции» [электронды ресурс]http: //psystudy. ru қарастырылды.
Зерттеу жүргізу барысында бағытымыздан ауытқыму үшін қажетті критикалық дос ретінде тарих пəнінің мұғалімі Шілікбаева А. М. таңдалды. Бұл мұғалімді таңдау себебім, іс-əрекетті зерттеуге қатысты тəжірбиесі бар, бірнеше мəрте зерттеу жүргізген, іс-əрекеттегі зерттеуге қатысты тақырыптарда коучинг өткізіп жүрген маман. Біздің жасалынып жатқан зерттеуімізді критикалық доспен талқылай отырып, оның тың идеясын, көзқарасын тыңдау. 11b сыныбы география пəнін таңдау курсы ретінде алған. 2018 жылы мен бұл сыныпқа алғаш рет сабақ бере бастадым. Бұған дейін аталған сынып басқа мұғалімнен білім алып келді. Жалпы сыныптың білімі мен дағдысы жақсы қалыптасқан. Мен бұл сыныптың рефлексия арқылы өздік оқуын жақсартуға қатысты сауалнама алуды жөн көрдім. Сауалнама қорытындысы көрсеткендей, конструктивті рефлексияны пайызға шаққанда 68% пайдасын бағалады. 29% ішінара пайдасы бар деп жауап бергендер. Ал мүлдем пайдасы жоқ дегендер саны - 3%. Бұдан шығатын қорытынды конструктивті рефлексияның оқушының одан əрі білім алуына мүмкіндік жасауға жəне оны шабыттандыруға пайдасы бар екені дəлелденді. Зерттеу құралы ретінде www.edmodo.com сайтын пайдаландым. Бұл сайттың ерекшелігі оқушы жұмысын бірден көрнекі түрде бағалауға болады жəне кері байланысты оқушының өзіне тікелей жазуға болады. Мысалы, барлық оқушыға белгілі-бір тапсырма бердіңіз.
Жұмыс жасауда қолданылатын критерийлері мен алгоритмдерін бересіз. Оқушы тапсырманы орындап, өзіңіздің жеке www.edmodo.com аккаунтыңызға жібереді. Сіз тапсырманы қарап шығып, бағалайсыз жəне кері байланыс бересіз. Бұл əдіс, мен үшін де оқушылар үшін де тиімді болды. Себебі, біріншіден уақытты үнемдейсіз, екіншіден кері байланыс орнатып, оқушыны ынталандырасыз немесе оның жасаған жұмыстарының қай жерін толықтыру керек екенін жазасыз. Оқушылардың жұмыстарына кері байланыс беріледі. Оқушы өз жұмысына кері байланыс алып, талдау жасайды. Кейде оқушылар жекелей де келіп жұмыстарына кері байланыс алып жатады. Оқушылардың жеке дамуына ықпал ету үшін тест тапсырмалары немесе жеке тапсырмалары беріледі. Мысалы, белгілі-бір бөлімді өту барысында қорытынды ретінде тест тапсырмасы алынды. Тест тапсырмаларын оқушылар онлайн орындайды. Тапсырма саны 20. Нəтижесімен сыныпты бірден таныстыруға болады. Немесе олар өз нəтижелерін бірден көре алады. Мұндағы мəселе тест тапсыруда емес, қай сұраққа қате жібергенін көру үшін керек. Жəне оқушы осы сұрақтарды білмейтіндігін немесе оны жете қарастырмағанын білдіреді. Бұны оқушылар өздері де мойындап отыр.
Оқушы жұмыстарын талдай келе, 48% оқушы үздік жауап берген. 24% оқушы бір ғана жауаптан шатасқан, ал қалған 28% оқушыда белгілі бір мəселе бар. Оның себебін оқушының тікелей өзінен сұрауға болады. Енді барлық оқушылар берілген 20 сұрақтың қайсысынан көбірек қате жіберетінін анықтайық. Бұл да оқушылар үшін тиімді кері байланыс болды. 2-кесте. Оқушылардың жұмыстарын сапалық бағалау Əрине, бұл сұрақтар оқу мақсаттарына қатысты қойылған. Берілген сұрақтың 50% -на барлық оқушы дұрыс жауап бере алған. Ал 50% сұрақта мəселелер бар. Тапсырмалар оқу мақсатына сай жасалғандықтан, қате жауап берілген сұрақтарға қатысты оқу мақсаттарын оқушылармен қайталауға немесе өздік жұмыс ұйымдастыруға болады.
Білім алушылармен сұрақтарды бірлесе отырып талдай келе, олардың жұмыстарына кері байланыс беріледі. Оқушы өз қатесін түсініп, мəселе туындаған сұрақтарға қатысты оқу мақсаттарын қайталайды. Оқушы мұғалімнен кері байланыс ала отырып, өз жұмысына рефлексия жасайды. Мысалы, мен мына сұрақтарды өздігімнен оқып, қайталауым керекпін, немесе қосымша ақпарат көздерінен деректер қарастырамын, тақырыпқа қатысты bilimland.kz, twig-bilim.kz, youtube.com каналынан бейнематериалдар көремін т. б.
География сабағында 11b сынып оқушыларының өздік оқу жетістігін талдау дағдысын дамытуға конструктивті рефлексия ықпал ете алды. Оны зерттеу барысында байқадық. Зерттеу жұмысымыздың нəтижесі ретінде оқушылар сыртқы жиынтық бағалаудан 50% -ы үздік, 50% -ы жақсы деген баға алды. Зерттеу жұмысына оқушылар да мұғалімдер белсенді ат салысса белгілі-бір нəтижеге қол жеткізуге толық мүмкіндік бар.
Бір зерттеу сұрағынан келесі зерттеу сұрағы туындайды. Əр пəн мұғалімі ісəрекеттегі зерттеу жүргізіп, нəтижесімен бөлісіп отыратын болса, басқа да мұғалімдер үшін өте үлкен көмек болары сөзсіз.
Пайдаланылған əдебиеттер:
1. О. И. Каяшева. «Конструктивная личностная рефлексия как основа саморазвития человека» НИЦ АРТ, 2015.
2. Рузавин Г. И. «Методы научного исследования»; Москва, 2013.
3. Анистратенко Т. Г. «Проблемы формирования метапонятия социально-личностной рефлексии», Вестник Краснодарского университета, 2017, №2
4. Леонтьев Д. А «Феномен рефлексии в контексте проблемы само регуляции» [электронды ресурс] 5. http://psystudy.ru