Қашықтықтан оқыту-қолайлы уақытта кез келген жерде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен қашықтықтағы оқытушыдан білім алу үрдісі. Қашықтықтан оқыту, үйден шықпастан 24/7 режимінде білім алу мүмкіндігі. Оның маңызды ерекшелігі - оқытудың электронды технологиясын қолданып, жұмыстан қол үзбей, қолайлы уақытта кез келген жерде, жеке режимде білім алуды қамтамасыз етеді. Кейбір оқыту жүйесі қашықтықтан, ал қазіргі таңда мектептерде неге онлайн деп аталады? Олардың айырмашылығы бар ма? Осы туралы түсініп алғанымыз жөн. Қашықтықтан оқу бұл көбінесе сырттай оқу формасымен байланысты, бірақ ол мүлде өзгеше тұжырымдаманы білдіреді.
Қашықтықтан оқыту — білім беру процесінде компьютерлік жəне телекоммуникациялық технологияларға негізделген оқытудың дəстүрлі жəне нақты əдістері, құралдары мен формалары, күндізгі немесе сырттай болады. Қашықтықтан білім беру орталығында оқушының өзіндік зерттеулері дамыған бағдарлама бойынша жүргізіледі. Жасалған жұмыстар туралы есептер мұғалімнің қарауына уақытылы төлейді. Онлайн оқыту интернет, білім, компьютерге немесе интернетке қосылған басқа қажетті пайдаланып білім мен дағдыларды игеру. Бұл форма қашықтан оқыту саласында пайда болды жəне интернеттің жəне цифрлық технологиялардың дамуымен оның логикалық жалғасы болды.
Онлайнбілім беру оқушыларға білім беру ортасына толығымен енуіне мүмкіндік береді — дəріс оқып тыңдау, тапсырмаларды орындау, мұғалімдермен кеңесу жəне желіге қосылу арқасында сыныптастармен сөйлесу. Онлайн оқыту мен қашықтықтан оқытудағы ұқсастықтары бар. Негізгі ұқсастық — өз бетінше білім алу, яғни жаңа білім мен дағдыларды алу үдерісі. Сыныптан тыс жəне мұғалімдерімен тікелей байланыста болған бұл үдеріс оқушылардан өзін-өзі тану жəне хабардарлықты арттыруды талап етеді. Елімізде орын алған төтенше жағдай кезінде мектептерде оқу процесі өзгеріске ұшырады. Ол қалай ұйымдастырылды? Бұл жөнінде Білім жəне ғылым министрі Асхат Аймағамбетов түсініктеме берген болатын: «Біз сыни пікірлерді естіп те, көріп те отырмыз. Дегенмен, қашықтан білім беруге көшу – коронавирустық инфекцияның таралуын азайтуға бағытталған шаралар аясында жүзеге асып жатқанын барлығы түсінгені жөн. Өкінішке орай, басқа таңдау жоқ. Оқу процесі тоқтатылмауы тиіс. Біз осындай жағдайға тап болған басқа елдердің тəжірибесін алдын ала зерделедік. Іс жүзінде олардың барлығы қашықтан оқу режиміне көшкен: бүкіл əлем бойынша 870 миллионнан астам оқушы осындай форматта білім алуда. Барлық мүмкіндіктерді, аспектілер мен тəуекелдерді жан-жақты ой елегінен өткізе отырып, біз де уақытша қашықтан оқытуға көшу туралы шешім қабылдадық».
ҚР Білім жəне ғылым министрлігі қашықтан оқыту форматына қатысты жаңа нұсқаулық дайындады. Бұл нұсқаулықта мектептердегі қашықтықтан оқытудың мүмкіндіктері мен ерекшеліктері нақты айқындалған.
1. Қашықтан оқыту форматын таңдау телесабақ арқылы; интернет-платформаларды пайдалану; пошта арқылы немесе қолма-қол қағаз тасымалдаушылармен жіберу.
2. Білім алушылар мен олардың ата-аналарын қашықтан оқыту процесін ұйымдастыру барлық мектеп үшін қатаң бекітілген дəстүрлі кесте бойынша емес, икемді, жеке кесте бойынша өтетіні; мектептің оқу жұмыс жоспарына сəйкес əр күн сайын қанша оқу пəні оқылатыны (мұндайда пəндер бойынша сабақ уақыты барлық сыныптар үшін көрсетілмейді); бір пəн бойынша сабақтың ұзақтығы көрсетілмейтіні жəне оның білім алушылардың оқу мақсаттарына қол жеткізуіне жəне тапсырмаларды орындауына байланысты болатыны;
«ELARNA», «БАЛАПАН» телеарналарынан телесабақтарды көрсетілетіні (кесте);
телесабақтарды кез келген ыңғайлы уақытта BilimLand платформаларынан, youtube-арналарынан қайта көруге болатыны;
қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру үшін интернет ресурстарының – BilimLand, Kundelik. Kz, Daryn. online, MicrosoftTEAMS, GoogleClassRoom мүмкіндіктері;
бір күн ішінде білім алушыларды оқытудың жеке кестесі;
əр күнге оқу тапсырмасын алу əдістері мен құралдары жəне оларды білім алушыға ыңғайлы уақытта орындау;
электрондық журналдар немесе мұғалім белгілеген басқа да қолжетімді байланыс түрлері, оның ішінде мессенджерлер арқылы кері байланысты орнату;
электронды күнделікке сабаққа қатысу туралы ақпарат енгізілмейтіндігі; қашықтықтан өткізілетін сабақтар ата-аналардың қолдауын жəне қатысуын, білім алушының тапсырмаларды өздігінен орындауын талап ететіні туралы хабардар ету.
3. Мектептің оқу жұмыс жоспарына сəйкес төртінші тоқсанның барлық оқу пəндері бойынша сабақтар 100% өткізіледі («Дене шынықтыру», «Көркем еңбек» жəне т. б.).
4. Сабақты қашықтан өткізу кезеңінде жұмысты ұйымдастыруда төмендегіні ескеру қажет:
Атааналардан білім алушылардың тапсырмаларды орындауын фото, бейне арқылы растауын талап етуге болмайды; Электрондық журналдарды толтыру қажет болған жағдайда жүргізіледі; Қашықтықтан оқытуға қатысты мұғалімдерден есептердің қосымша түрлерін толтыруы жəне тапсыруы талап етілмейді; Білім алушыларға арналған оқу тапсырмаларының көлемі ҚР БҒМ ұсынған көлемдерден аспауы тиіс; Білім беру процесіне қатысушылардың психоэмоционалдық жағдайын ескеру қажет. 5. Педагогикалық қызметті қашықтықтан оқытудың қолайлы, қолжетімді жəне ыңғайлы форматын ескере отырып ұйымдастыру 1 телесабақ форматын қолданған уақытта (аудио-сабақ): ü сабақ жоспары негізінде телесабақтарды міндетті түрде қарауды ұсыну; ü білім алушыларға телесабақтарды көргеннен кейін өз бетінше оқу/орындау үшін тапсырмалар беру, қолжетімді платформалар мен арналардағы цифрлық білім беру ресурстарына сілтемелер беру (техникалық мүмкіндіктер болған жағдайда); ü электронды журналдар жүйесінде электрондық пошта, WhatsApp, өзге де мессенджерлер арқылы өздігінен орындауға тапсырма беру; kundelik. kz электрондық журналы, bilimal. kz, mektep. edu. kz жүйелері арқылы, электрондық журналдар болмаған жағдайда – педагогтің қалауы бойынша байланыстың қолжетімді түрлері арқылы кері байланысты жүзеге асыру (кері байланысты ұсыну кезеңділігін мұғалім өзі анықтайды). Жалпы білім беретін мектептердің мектепалды сыныптарының педагогтары негізгі пəндер бойынша қашықтықтан оқыту сабақтарын жүргізеді: сауат ашу, қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру, қоршаған ортамен танысу. «Өзін-өзі тану» пəні бойынша педагогтар сабақтарды өткізу кезінде http: //school. ozin-ozi-tanu. kz/ сілтемесінде орналастырылған «Бөбек» ҰҒПББСО ұсыныстарын басшылыққа ала алады. «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейлерінде қашықтықтан оқытуды жүргізу үшін EduPage білім беру платформасы пайдаланылатын болады. Білім алушы: сынып жетекшісімен жəне пəн мұғалімдерімен күнделікті байланыста болады; күн сайын оқулықтан оқу материалдарын өздігінен оқып, тапсырмаларды, соның ішінде қол жетімді байланыс құралдары арқылы орындайды; оқу материалын алу үшін, өздігінен оқу немесе орындау үшін электронды күнделіктегі жеке кабинетке (электронды күнделік, электрондық пошта, WhatsApp чаттары жəне т. б. интернет, байланыс болмаған жағдайда – педагог, мектеп əкімшілігінің анықтауы бойынша пошта байланысының операторы арқылы) кіреді (мүмкіндігінше); педагогтың талаптарына сəйкес орындалған тапсырмаларды педагогке қолжетімді байланыс құралдары арқылы жібереді (электрондық күнделік, электрондық пошта, WhatsApp чаттары жəне т. б. интернет, байланыс болмаған жағдайда – мектеп əкімшілігінің анықтауы бойынша пошта байланысының операторы арқылы); оқу тапсырмаларын орындау кезінде академиялық адалдық ережелерін жəне өзін-өзі бақылау қағидаларын сақтайды; қосымша цифрлық білім беру ресурстарын пайдаланады.
Білім алушылардың ата-аналары (заңды өкілдері):
оқу үшін білім алушыға жағдай жасайды;
балалардың оқуын, білім алушылардың өзіндік тапсырмаларды орындауын бақылауды жүзеге асырады;
сынып жетекшісімен жəне пəн мұғалімдерімен байланыста болады.
Педагог-психолог: қашықтықтан оқыту жағдайында білім алушылар мен олардың ата-аналарын (заңды өкілдерін) психологиялық қолдау бойынша ұсынымдар əзірлейді; білім алушылармен, атааналармен (заңды өкілдермен) жеке кеңес өткізеді.
Сынып жетекшісі: ата-аналарды (заңды өкілдерді) оқу процесі, білім алушыларға кері байланыс беру, оқу барысы жəне оқу нəтижелері, білім алушылардың өзіндік жұмысы үшін жағдай жасау қажеттілігі туралы хабардар етеді; электрондық журналдар мен күнделіктер жүйесінде, сондай-ақ Whatsapp, Telegram жəне т. б. арқылы білім алушылар жəне олардың ата-аналарымен чаттар, форумдар жасайды жəне пайдаланады; білім алушылармен жəне олардың ата-аналарымен (заңды өкілдермен) күнделікті байланысты жүзеге асырады; пəн мұғалімдеріне, педагог-психологқа өз сыныбындағы оқушылардың байланыс мəліметтері бар (үйдегі телефон нөмірі, ұялы телефон нөмірі, электрондық пошта) тізімін береді.
Пайдаланылған əдебиеттер:
1. Под ред. Е. С. Полат. Дистанционное обучение: Учебное пособие для вузов. – М., 2008
2. Демкин В. П., Можаева Г. В. Технологии дистанционного обучения. - Томск, 2002.
3. Білім беру жүйесін жан-жақты ақпараттандырып, қашықтан оқытудың алғы шарттары Н. Ə. Назарбаев ұсынған «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасында айқын көрсетілген.
4. Асхат Аймағамбетовтың facebook желісіндегі парағы.
5. ҚР Білім жəне ғылым министрлігі қашықтан оқыту форматына қатысты жаңа нұсқаулық.