Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI337

Сәнді қолданбалы өнер

Сәндік қолданбалы өнер-белгілі бір утилитарлық және практикалық функцияны орындайтын, көркемдік және эстетикалық принципті бейнелейтін өнер түрі болып табылады. Бұл сала - ою - өрнек, темір өңдеу, ағаш өңдеу, өндіріс заттарын көркемдеп безендіруден тұрады. С. В. Погодин мен Н. М. Сокольников сәндік өнерді мынадай түрлерге бөліп қарастырған: монументалды-сәндік (витраждар, мозаика, суреттер); халықтық сәндік-қолданбалы (тұрмыстық тұрмыстық бұйымдар); безендіру өнері (көрмелер, экспозициялар безендіру). Сәндік қолданбалы өнер туындыларындағы сұлулық пен көркем образ практикалық пайдалылықпен үйлеседі. Сәндік қолданбалы өнер саласы өте ауқымды. Оған сұлулық пен көркемдік бейнелеу заңдарына сәйкес жасалған кез-келген нәрсе жатады деп айтсам мүлт кетпейтін едім.

Жалпы алғанда сәндік қолданбалы өнердің 6 түрі бар:

  1. Керамика (фарфор)
  2. Әйнек (ыдыстар, құмыра, мозайка)
  3. Көркем оймыш (ағаш, тас, сүйек)
  4. Металдан жасалған бұйымдар (зергерлік бұйымдар)
  5. Жиһаздар
  6. Ойыншықтар

Ал осы сəндік қолданбалы өнерді əзірлеу үшін мынандай материалдарды қолданады:

  1. Ағаш  
  2. Сүйек  
  3. Тас 
  4. Əйнек 
  5. Табиғи жəне жасанды заттар

Сәндік-қолданбалы өнердің дамуына көз жүгіртер болсақ, тарихының өте тереңде, сонау алыс ғасырларда жатқанын бағамдай аламыз. Өзіміздің бабаларымыздың тұсындағы осынау өнер түрін біз қадір тұтамыз. Қазақ халқының ұлттық сәндік қолданбалы өнері – бұрынғы өткен бабаларымыздан бізге жеткен асыл мұра. Асыл мұраны, тарихымызды, көне мәдениетімізді қастерлеу, өркендету және жалғастыру – әрбір ұрпақ үшін қасиетті парыз.              Өйткені онда ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық ерекшелік, форма, ою-өрнектер ғана емес, сондай-ақ салт-дәстүріміз, тарихымыз халықтық мінезіміз қалыптасқан.

Қазақтың тұңғыш суретшісі Ә.Қастеевтің: «Мен өнерді таудың бұлағынан, қойдың құлағынан, ешкінің мүйізінен, әжемнің киізінен үйрендім» деуі осы сәндік қолданбалы өнерге байланысты болса керек. Яғни ата-бабаларымыздың қайбір жасаған дүниесіне көз жүгіртер болсақ та, ішінде тұнып тұрған өнер мен эстетика жатыр. Зергерлік бұйымдары асыл металдарды әшекейлеп өңдеп, көп жағдайда қымбат тастармен безендірілген. Көздің жауын алар әдемілікке ие. Оларға тұмарша (тойтұмар), жүзік, шолпы, шашбау, білезік, сырға, қапсырма, алқа жатады. Ал ісмерлік бұйымдарға көбінесе ұлттық киімдер, көрпе жастық бұйымдары жатады. Қазақта ою-өрнек, нақыштар өте көп. Қазақ ұлттық киімдері нақыштары көз тартар сұлулықпен жасалады. Құрақ көрпелердегі ою-өрнектер асқан шеберлікпен, үйлесімді, ретті түрде орналастырылады. Ағаштан жасалатын небір ыдыс-аяқ түрлері дастарханның сәнін келтірері сөзсіз.

Мектепте сабақ беру барысында мен оқушыларымды сәндік-қолданбалы өнер арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеймін. Ол арқылы оқушылар құндылықтарды бойына сіңіріп, бабаларымыздың ісін жалғастыруға дағдыланады. Сабақ барысында осынау өнер саласына байланысты ағаштан әдемі бұйымдар жасауды, зергерік бұйымдардың қыр-сырын үйреніп және ісмерлік кәсіпке де тереңінен тоқталып өтеміз. Көркем еңбек пәнінің апталығында жасаған бұйымдарымызды көрмеге қоямыз. Мектеп оқытушылары мен өзге де оқушылар бұндай бұйымдарға асқан қызығушылық танытып жоғары баға беріп жатады. 

Өткен ғасырлар болмасын, қазіргі 21-ші ғасыр болмасын, көркемдеп жасалған сәнлік өнер қашанда жоғары бағаға ие. Ұлттық құндылықтарды қастерлей отырып, сәндік қолданбалы өнермен айналыссақ еліміздің өркендеуіне бір үлесімізді қосарымыз хақ.

 

1 171 0
Мараткан Назаров М.Жұмабаев атындағы орта мектептің көркем еңбек пәнінің мұғалімі – Алматы облысы, Сарқан ауданы, Қойлық ауылы, Ұлы Дала Ұстазы № 000112
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: