Поиск статей:
ESI
Рейтинг:

Сабақтағы тиімді кері байланыс – сапалы оқытудың негізі

Әлемде білім беру ісінің нәтижесін бағалай білудің өзіндік тәжірибесі  қалыптасқаны белгілі. Бұл ретте оқушының қаншалықты білім алғандығы емес, оның алған білімін қаншалықты пайдалана алатындығы маңызыды болып отыр.Оқушылардың дамуын жақсарту үшін мұғалім оқыту үдерісінде  жаңа әдіс - тәсіл дерді өз тәжірибесіне енгізе  білуі тиіс.

Соңғы жылдары кері байланысты орнату көптеген ғалымдардың назарында. Кез келген әлеуметтік ақпараттық қарым –қатынастын, сондай ақ оқу дәрісінің қатысушылар арасындағы өзара қарым қатынастын тиімділігін дәлелелі ретінде кері байланыстың маңызы өте зор. Өйткені мұғалім де оқушы да сабақ барысында екі жақты өзара іс әрекеттің ұйымдастыру нәтижесінде дер кезінде кері байланыс алуға мұқтаж.

Кері байланыс дегеніміз не? Кері байланыс (ағылш. feedback) – адамның өзі куә болған оқиғаға немесе басқалардың әрекетіне айтылған пікірі, реакциясы.  Дәстүрлі сабақтарда қолданылатын кері байланыс түрі қандай еді!? Сабақ соңында немесе жаңа тақырыпты түсіндіріп болған соң:

- Бүгінгі тақырыпты түсіндіңдер ме?

- Кім түсінбеді?

- Кімде қандай сұрақ бар? – деген сынды сұрақтар қойылатын. 

Бұл әрине ауызша кері байланысқа жатады. Алайда осындай кері байланыс тиімсіз. Себебі балалар сабақтан тез шығу, үзіліске немесе үйіне қайту үшін түсіндік, сұрақ жоқ деген сынды жауаптар айтады. Ал қазіргі кезде сабақта тиімді кері байланыс берсе сапалы оқытудың негізі болып табылады. Оқу үрдісінің барысы туралы түсінік қалыптастырудың бірден бір құралы, оқу міндеттері мен мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді, мұғалімді оқушының жетістіктері мен қиындықтары туралы хабардар етеді. Сабақ барысында оқушылар топтық жұмыс орындаған соң дескрипторға қарай отырып ауызша кері байланыс жасауы оқушылардың өз жұмыстарын жақсартуға ынталандырса, сабақ соңында тақырыпты толық түсінген түсінбегенін «Желкенді қайық» атты кері байланысын қолданса болады. Математика сабағынан «Табыс сатысы» кері байланысы оқушылардың үлгерімін нақты білуге көмектессе, ауызша сабақтардан "Ішкі және сыртқы шеңбер", "Құпия жәшік" т.б. кері байланыстарды өзінің оң нәтижелерін береді. 

Жазбаша кері байланысты үй тапсырмасына немесе сынып жұмыс дәптерлеріне және ата- анаға оқушының жетістігі мен кемшілігін жазып жіберген дұрыс. Тиімді кері байланыс оқушыларды мадақтау тәсілдері арқылы ойын жинақтауға үйрету, сөйлеу дағдыларын дамытуға, қарым-қатынасқа тарту, мінез-құлық ерекшеліктерімен жұмыс жасау, сенімділікті нығайту, зерттеуге бағыт беру, өзіндік жұмысты дамытады.

Сонымен, кері байланыс оқу немесе оқыту мен үйренудің/үйретудің қалай жүріп жатқандығын, оның сапасын анықтау мүмкіндігін береді. Кері байланыс арқылы оқу мен оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтауға болады. Кері байланыс дұрыс жауап немесе бағыт таңдалынып, қателерді түзету әрекеттерін іске қосады.

Кері байланыстың оқушыға берері: Оқушы өз әрекетін реттей алады, сабақта не үшін әрекеттер жасалғанын түсінеді, өз оқуына жауапкершілік алады, болған жағдайға рефлексия жасап үйренеді, өзін-өзі реттеуге машықтанады. 

Мұғалімге: Мұғалім тиімді жоспарлауға, сабаққа нақты мақсат қоюға, оқушы ерекшеліктерін анықтауға, сабағына өзгеріс енгізуге мүмкіндік алады. 

Ата-аналарға: жиі  және маңызды кері байланыс ұсынылған  жағдайда оқыту тиімді болады.

Кері байланыс – топтық жұмыс барысындағы екі жақты ақпарат алмасуды, көңіл-күй аясын жақсартуды көздейтін даму үдірісі. Бұл үдеріс ең біріншіден, тиімді жүргізілген кері байланыстың оқушылардың танымына әсерін айқын көруге болады. Яғни, оқушының сабақта жетістікке жетуі, өз-өзін реттеп, дүниетанымына әсер етуі. Кері байланыс арқылы оқушы өзінің қай деңгейде екенін біліп қана қоймай, қалай дамуға болатынын көре алады.

Қорытындылай келе, кері байланыс – мұғалімнің әр оқушыны өз ортасында өмірге дайындауы, айналасында болып жатқан құбылыстарды түсінуге жетелеуі, өзіндік көзқарасын қалыптастыруы, сабақта алған білімін қоғамда пайдалана білуге, шешім қабылдауға үйретуі десек, бұл әр мұғалімнен ізденіс пен табандылықты, өзіне деген шынайылықты талап ететін қашанда түрлену, даму үстінде болатын үдеріс. 

311 0
Гулдана Спатаева, №97 жалпы орта білім беретін мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі, Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы Ұлы Дала Ұстазы № 000110
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: