Поиск статей:
ESI
Рейтинг:

МЕНІҢ СҮЙІКТІ МАМАНДЫҒЫМ – ҰСТАЗДЫҚ!

Шуақ керек ақыл-ой, санаға да,

Қуат керек данышпан, данаға да.

Елі үшін ерінбей еңбек еткен,

Ұлықтай біл, ұстазды бағала да!

 

«Ұстаз болу - жай ғана мамандық емес. Ол – адам бағдарын жасаушы. Егер де өмір қоғамға бейім, білім нəрімен терең сусындаған, тəрбиелі де ізгі жүректі адам өмірге үлкен мақсаттар қойып, талапшылдықпен, мақсаткерлікпен алға аттасақ – бұл біздің өміріміздің ең шынайы əрі ғажап мəні. Өйткені, біз ұстазбыз, келешек ұрпақтың сəулетшісіміз. Мен мұны мақтаныш сезіммен айта аламын. Біздің шəкірттеріміз Егемен елдің, Тəуелсіз Қазақстанның толыққанды азаматы болып шықса, одан артық бізде қайдан арман болсын. Міне, осындай жағдайда «Ұстаз – ұлық емес, ұлы қызмет» деген Бауыржан Момышұлының керемет дана сөзін əрқашан есіме аламын.

Мұғалім! Осы бір жүрекке жылылық сезімін ұялатып, жаныңды жадырататын, көңіліңді көк аспанға көтеріп тастайтын сөзде қаншама ұлағаты мол ұғым жатыр. Мұғалім мамандығы – əлемдегі өзге мамандықтар арасындағы ең құрметтісі, қадірлісі, мəртебелісі жəне абыройлысы. Өйткені, барлық мамандықтардың бастауы алғаш мектеп қабырғасында білім нəрімен сусындатып, тəлімді тəрбие берген мұғалімнен басталады. Мұғалім туралы айтылатын небір даналық ұғымдар, қанатты сөздер, данышпандық тұжырымды ойлар өте көп. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, əдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – ол мұғалім. Ендеше, өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шəкіртінің жанына нұр құйып, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.

Ұстаз болу жауапкершілікті пен төзімділікті қажет етеді. Соған қарамастан əр келешек ұрпаққа білім беріп, саналы түрде тəрбиемен сусындатуға тырысамын. Балаларға үйрету арқылы, өзің де көп нəрсені үйренесің. Білім беріп қана қоймай, əр оқушының психологиясына да терең мəн беруге тырысасың. Балалардың əрқайсысының бойында өзіне тəн ерекшеліктері болады. Мысалы: бір бала дөрекі, біреуі ұялшақ, біреуі тұйық, енді біреуі шектен тыс көп сөйлейтін, т.б. Жақсы мұғалім - ол кез келген баланың қабілетінің "кілтін" таба білуі тиіс. Бала - шырақ секілді. Мұғалім сол шырақты жағушы.

Ұстазға беретін баға – ол шəкірттің берген бағасы, қанша уақыт бұрын бітіріп кеткен шəкірт саған арнайы келіп сəлем беріп, сен туралы жылы лебізін білдіріп жатса үлкен мəртебе, абырой. Əр мұғалімнің сабағы оқушының жүрегінде қалып жатса, нəтижесін көрсетіп жатса, онда ұстаз еңбегінің жанғандығын көрсетеді.

«Қазақтың қаны бір, жаны бір, жолбасшысы-мұғалім. Еліміздің аз ғана ояну дəуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын – мұғалімдердікі», -деп Алаштың ардақты ақыны Мағжан Жұмабаев айтқан құнды сөз өз мəнін жойған жоқ. Ұстаз бақыты! Ел болашағының ұстаханасы деп аталатын киелі мектепте абыройлы еңбек етсе, мектеп борышы – баланы еркін, алайда өз əрекетін бақылай алатын ұстамды, заңға бағынатын Отан патриоты етіп тəрбиелеу деп түсінсек, мұғалім қызметінің мақсаты өз пəнін үйретуден гөрі тереңіректе: ол – адамды жасаушы адам деп əспеттесек, сабақ дегеніміз – мұғалім мен шəкірттің адамгершілік қарым-қатынасы деп білсек, əр адам бақытты болу үшін аз-ақ нəрселер: мықты денсаулық, толымды білім, лайықты жұмыс, ынтымақты отбасы, бірлігі мол ұжым жəне туған-туыс пен көрші болса, осыдан артық бақыт бар ма?!

Шәкіртіне білім беру арқылы өзін керемет ұстаз санау әбестік. Себебі, Л.Н.Толстойдың айтқан бір сөзі бар. Ол: «Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол – нағыз ұстаз»-дейді. Яғни, мұғалім болу бір басқа, ал ұстаз болу әсте бөлек дүние. 

«Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан болады»-дейді қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы. Иә, бала кезден үлгі тұтар адамының, жанына жақын жанның әрбір қасиеті баланың бойына даритыны анық. Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы демекші, жүрегі кең, адал, адамгершілікті бәрінен жоғары қоятын ұстаздың шәкірті өзінен аспаса кем болмасы хақ.

Ұстаз жоғары талап етіледі, даналық пен дархандықты қиыстыра білуімен ерекшеленеді, өмірін туған жерге қызмет етуге арнап, жоғары адамгершілік, Отан сүйгіштікке, гуманизмге лайықты үлгі бола біліп, өзі үшін ең құнды қасиет сан мыңдаған шəкірттердің шынайы ұстазы, тəлімгері, қамқоршысы бола алады. Ол өнегелі өмірін алтын ұя мектебімен байланыстырады, ұстаз көптеген жас ұрпақты, ғалымдар, алуан түрлі мамандықтың иелерін тəрбиелейді, өзінің саналы ғұмырымен шынайы басшының, даңғайыр ғалымның, шебер ұйымдастырушының қандай жан болуы керектігін дəлелдеп, үлгі етіп қалдырады. Ұстаз – ардақты ат, демек, Ұстазды мақтаудың керегі жоқ, əр мектеп, əр ұжым өздерінің жақсы, білімді, тəжірибелі ұстаздарымен мақтану керек.

«Шабытты шəкіртке – шығармашыл ұстаз» дегендей, жаңа мазмұндағы білім беру жүйесін дамытуға үздіксіз үлес қосуда шығармашылықпен жұмыс істейтін, оқытудың жаңа технологияларын шебер меңгеріп, сабақ барысында ұтымды пайдалана білетін, білімі мен білігі жоғары ұстаздар білім айдынында дарынды шəкірт дайындап, шығармашылық бағыт-бағдар беріп, қажырлы еңбектеріңіздің арқасында шəкірттеріңіздің дарындылығын дамытып, білімдерін шыңдап жатқандарыңыз үшін, өтпелі кезеңнің ауырлығына сабырлық пен шыдамдылық танытқандарыңыз үшін мың алғыс, мың тағзым! Сіз бен біздің мақсатымыз Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де білгір жастарды тəрбиелеу, білім баспалдағына жетелеудегі еңбегіңіз жемісті, абыройыңыз асқақ, беделіңіз биік болсын, Əріптес!

1 639 35
Айнур Нурынбетова, №97 жалпы білім беретін мекеменің бастауыш сынып мұғалімі, Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Бадам-2 елді мекені Ұлы Дала Ұстазы № 000108
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

Жусипбекова Лазат Исламовна
5 октября 2021 20:38
Керемет мақала екен.Еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз
Калима Жұмалыкызы
Калима Жұмалыкызы
5 октября 2021 20:38
Үстаздық жолдағы еңбегің жаңа берсін,Айнүр
Құлдаулетова Мөлдір
5 октября 2021 20:38
Әріптесіме сәттілік тілеймін!!!
Құлдаулетова Мөлдір
5 октября 2021 20:39
Цитата: Құлдаулетова Мөлдір
Әріптесіме сәттілік тілеймін!!!

Құлдаулетова Мөлдір,
Кынатова Улданай
5 октября 2021 20:39
Айнур Нуранбайқызы керемет ұстазсыз! Әлі де бағындырар белестеріңіз алды! Шаршамаңыз, талмаңыз!
Құлдаулетова Мөлдір
5 октября 2021 20:40
Әріптесіме сәттілік тілеймін, бұдан да құнды мақалалардың авторы болуға тілектеспін
Перизат
5 октября 2021 20:44
Керемет мақала.
Шәкірттеріңіздің жетістіктері алдағы уақытта көп болсын. Тек биіктерден көріне беріңіз.
Анар Акжоловна Акбарова
5 октября 2021 20:47
Тамаша мақала, мұғалімдік қызмет қызыққа толы, абыройлы мамандық, сізге шығармашылық табыс тілеймін
Гулжайна
5 октября 2021 20:51
Алға қойған мақсат мұратынызға жетуңізге тілектеспін. Шәкірттеріңіз үлкен белестерден көріне берсін.
Гулмира Асылхан
5 октября 2021 20:56
Керемет еңбегің жана берсін, бағындырар белестерің көп болсын. 💐👍🏻✊🏻✊🏻✊🏻✊🏻
Исабекова Айгерим
5 октября 2021 20:58
Керемет мақала. Жұмысыңыз алға баса берсін.
Акмарал
Акмарал
5 октября 2021 21:00
Айнұр Нұранбайқызы еңбегіздің жемісін көріңіз.
Роза Токтасыновна
Роза Токтасыновна
5 октября 2021 21:07
Дүниедегі мамандық атаулының төресі - ұстаздық. Сен өзіңнің мамандығыңды жаңылмай таңдағансың. ТЕК АЛҒА!!!
Гулайхан
Гулайхан
5 октября 2021 21:10
Керемет мақала! Айнура Нуранбайқызы биіктерден көріне беріңіз.
Естебек Камила Талатбекқызы
5 октября 2021 21:14
Керемет апай еңбегіңіз жаңа берсін.
Уахитова Толкын Кожеккызы
5 октября 2021 21:14
Айнұр, қаламын ұштала берсін. Шығармашылық табыс тілеймін. Үлкен белестерді бағындыр. Сәттілік серік болсын.
Айгуль
5 октября 2021 21:30
Тамаша мақала
Исламбек
5 октября 2021 21:40
Еңбегіңіз жана берсін
Надирова Гулзия
5 октября 2021 21:49
Керемет мақала👍еңбегіңіз жана берсін!
Айгерим
5 октября 2021 21:50
Еңбегіңіздің жемісін көріңіз!
Ботакөз
5 октября 2021 21:52
👍🏻👍🏻👍🏻👍🏻керемет
Айнур
Айнур
5 октября 2021 22:04
Керемет мақала👍👍
Салтанат
5 октября 2021 22:14
Керемет Сәттілік
Гульназ
5 октября 2021 23:01
Макала керемет жазылган екен,устаздык жолында еренбей енбек етип,мартебениз ардайым устем болсын!
Айжан Рамазановна
Айжан Рамазановна
5 октября 2021 23:05
Айнур еңбегің жана берсін! Керемет мақала 👍👍😘😘
Кенжеева Нағима
5 октября 2021 23:55
Керемет мақала,қызметте озат шәкірттеріңіз білімді бола берсін.
Майгуль Кабышева
6 октября 2021 00:44
Ұстаздық жолыңыздағы еңбегіңіз жана беосін. Мақалаңыз өте керемет жазылған. Еңбегіңіздің жемісін жеңіз. Қаламаңыз ұштала берсін Айнұр ханым.
Жарайсын, еңбегің жемісін көребер
Жарайсын, еңбегің жемісін көребер
6 октября 2021 01:38
Жарайсын,еңбегің жемісін көребер
Усенова Жахаргули Турганджановна
Усенова Жахаргули Турганджановна
6 октября 2021 01:39
Еңбегін жемісін көребер,жарайсын
Аханова Гулжазира Сапаровна
Аханова Гулжазира Сапаровна
6 октября 2021 08:00
Керемет еңбегің жемісті болсын👍👍🤲🤲🥰