Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI332

Ұлттық тәрбие-ұлт болашағы

Ұрпақ тәрбиесі әр ұлт алдындағы басты мақсат пен міндет екені белгілі. Ал осы жолда  ұлттық тәрбиені басты назарға ұстап,ұрпақ тәрбиесін жалғастырып отыру нағыз ұлт  болашағын тәрбиелеу болар еді.Ұлттық тәрбиемен тәрбиеленген ұрпақ,нағыз ұлтын сүйер, рухани құндылықтармен сусындаған, отансүйгіш болып өсері хақ.

Қазақ халқы ұрпақ тәрбиесіне баса назар аударғаны мәлім. Сол жолда отбасы мүшелері,тіпті ауыл-аймақ,бүкіл ел болып,баланы адамгершілік құндылықтармен қатар өз іс-әрекеттерімен еңбекке баулуды мақсат тұтқан. Аңыз-әңгімелер, қиял-ғажайып ертегілермен баланы жамандықтан жиреніп, жақсылыққа ұмтылуға, ал мақал-мәтел, айтыс өнері арқылы сөз өнеріне баулыса, жұмбақ-жаңылтпаштар арқылы ой ұшқырлығына тәрбиелеген.

Осы секілді мысалдардан халқымыздың бала тірбиесіндегі озық тәжірибелеріне көз жеткізе аламыз. Сондықтанда, тәрбие мен білім беруде ұлттық тәрбиені назарда ұстау зор нәтиже берері сөзсіз.

Бүгінгі таңда, білім беру мен тәрбиелеуде отбасыдан кейінгі орында мектепке дейінгі білім беру ұйымдары екені белгілі. Осы салада қызмет еткелі жас ұрпақты ұлттық тәрбиемен тәрбиелеудің яғни, халықтық педагогиканың  маңызы мен нәтижесіне назар аударуды мақсатқа ұстап, шығармашылығымды осы тақырыпта алып келемін.

Стандарт талаптарына орай, мектеп жасына дейінгі білім беруде бес білім беру саласында өткізілетін; оқу қызметтерімізде, әр түрлі тақырыптарда өтілетін іс-шараларымыз, ойын-сауықтарымызға да ұлттық ойындарды, жұмбақтар мен мақал-мәтел, ертегілерді енгізіп отыруды назарда ұстап келемін. Бұл балалардың қызығушылығын оятумен қатар, жақсы нәтиже беріп келеді. Мысалы: «Қатынас» білім беру саласында (Сөйлеуді дамыту, Көркем әдебиет оқу қызметтері) әңгімелер мен ертегілер, тақпақ-өлеңдер, мақал-мәтел, жұмбақтар, тыйым сөздер пайдалансақ, балалардың ойлау, сөйлеу, қиялы мен шығармашылығын дамытумен қатар, сөздік қорын молайтып, ойлау қабілетін шыңдай түседі. «Денсаулық» білім беру саласында ұлттық ойындарды енгізіп отыру балалар қызығушылығын туғызумен қатар, батылдыққа, ептілікке, дәлдікке (мергендікке) баулуды көздейді. Мысалы: «Арқан тартыс» ойынында балалар өз ұжымымен жеңіске ұмтылады. Бұл арқылы балаларды достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелесек, «Соқыртеке» ойынында баланы байқампаздыққа, сезімталдыққа, ал, «Асық ату» ойыны баланы дәлдікке, мергендікке баулиды. Сондай-ақ, ұлттық ойындар бала денесін шынықтырып қана қоймайды, рухани жағынан өсіреді, ой-өрісін кеңейтеді. Ұлттық ойындар тек ойын-сауық қана емес ол спорт, ол болашақ үшін маңызы бар үлкен тәрбие жолы, сонымен қоса ұлттық ойындар ерлікті, ептілікті, тапқырлықты, табандылық секілді мінез ерекшеліктерін қалыптастырады. Ал, жаңылтпаштар жөнінде айтар болсақ, бала тілін дамытуда маңызы ерекше. Тілін дамытып қана қоймай, ойлау қабілеті мен сезімталды-ғын дамытары анық. Мақал-мәтелдер жаттау арқылы, жақсылыққа, адамгершілікке, рухани байлыққа үндей отырып, сөз өнеріне баулу көзделеді. 

Халқымыздың тыйым сөздері;жамандық атаулыдан тыю,жақсы істерді дәріптей келе, жақсылыққа ұмтылуға тәрбиелеу. Мысалы: «Кендірмен байлама, жыңғылмен айдама, Кендірмен байласаң, Жыңғылмен айдасаң, Мал бітер деп ойлама» Бұл мысалдың өзінде, Жаман істен тыю, жаман істің нәтижесін көрсете отырып, жақсылыққа үндеу жатыр. Қазақ халқының әр бір тыйым сөздерінде үлкен тәрбиелік ұстаным жатыр. Бала қиялы мен ой ұшқырлығын шыңдар жұмбақтар; педагогтың үлкен әдістемесі бола алады. Жұмбақтардың көркемдігі, бала қиялын шарықтатып, ойлау қабілетінің мүмкіндігін арттыра отырып, жетер шыңына жеткізе нәтиже берер еді. Әрине, қолданған әдістің нәтижесіне қол жеткізудің басты кейіпкері білікті педагог екені даусыз.

Халқымыздың ежелден жалғасын тауып келе жатқан айтыс өнеріне баулу баланың сөздік қорын молайту, тілін дамытудан бөлек өнерге қызығушылығы мен құрмет сезімі, сөз өнерін ұғыну қабілеті, бала бойында ұлттық өнерге, ұлттық аспапқа (домбыра) деген құрметі қалыптасары хақ. Халқымыздың ұлттық киім үлгілерінің өзінде ерекшелік пен қатар, ерен тәрбиелік бар. Ұлттық киімдерді, ұлттық мерекелерде ғана емес, әр күні кие алмасақ та, мереке жиындарда киюді ұсына отырып, дәріптеп даралап отыру керек. Өскелең ұрпақтың ұлт алдындағы жауапкершілігі мен ұлттық құндылықтарымызға деген құрметін қалыптастыра білсек, өз міндетімізді орындауымыздан да, ерен еңбек еткеніміз болар еді.

Мектеп жасына дейінгі балаларға салт-дәстүр құндылықтары жөнінде толықтай білім бере алмасақ та, олардың мән мағынасын ұғынуға ерте жастан көңіл бөлгеніміз абзал. Бала тәрбиесі кешігуді кешірмейтіні рас, балаларға салт дәстүрді көрсету, сахналық қойылым ретінде болсын, шынайы салт дәстүр тойларымызда болсын, ерекшелігі мен маңызын жоғалтпай, бала санасында сара жолын салатындай із қалдыру парызымыз. Салт дәстүр сахналық қойылымдарында балаларды кейіпкер ету, нәтижелі болады. Себебі, бала шынайылықты сезініп, естігенінен де, көргенінен де, нәтижелі білім алады. Және ол білім оның санасында сақталып, болашақта бағыт-бағдар болады. Халқының салт дәстүрін құрметтер азамат болары айқын.

Дана халқымыз өсіп келе жатқан әрбір жас ұрпақты: «Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет» деп имандылыққа, мейірім-қайырымдылыққа бағыттап отырған. Қарапайым ғана, баланы сәлемдесуге, қоштасуға, алғыс айтуға, үлкенге құрмет көрсетуге, кішіге қамқор болуға үйрете отырып, баулу халқымыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан ұлттық мәдениеті мен өнегелі тәрбиесі. 

Бұл менің мектепке дейінгі балаларға білім беру мен тәрбиелеуде халықтық педагогиканың маңызы туралы аз ғана еңбек жолындағы жинаған тәжірибемнен түйген ойым. Ұрпақ тәрбиелеу, ата-ананың, ұстаздың ғана емес әрбір азаматтың Отан алдындағы борышы. Сондықтан да, болашағымызды тәрбиелеуде, әріптестеріме тұшымды ойлар мен тағылымды тәжірибелер туындай берсе деген тілек айта отырып, сенімді серік болар сәттілік пен телегей табыс тілеймін

647 4
Балауса Баймаганбетова, «Шұғыла» бөбекжай-балабақшасының бірінші санатты тәрбиешісі, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Қосбөлтек ауылы Ұлы Дала Ұстазы № 000107
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

Гульнур
Гульнур
6 октября 2021 11:33
👋👏👏👏👏жұмыста табысты бол, биіктерден көріне бер!!!
Женискул
6 октября 2021 12:41
Балауса жарайсың.Биіктен көріне беріңе тілектеспін.
Карлыгаш
6 октября 2021 12:47
Жарайсың!Әрқашан бала бойына білім мен тәрбие беруден еш талма!Үздік педагог бол!
Алмаш Мамытбаева
7 октября 2021 12:49
Жарайсың. Үлгілі, ұлтшыл шәкірттерің көп болсын.