Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI320

Жеңіл атлетиканың Қазақстанда даму деңгейі

Жеңіл атлетика – спорттың ең көп тараған түрі. Оған әр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүру, ұзындық пен биіктікке секіру, спорттық снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыстар енеді. Жеңіл атлетикалық жарыстар ашық және жабық (манеж) алаңдарда өтетін жеке, командалық және эстафеталық жарыстар болып бөлінеді.  Халықаралық әуесқойлық жеңіл атлетика федерациясы (ИААФ) 1912 жылы құрылған. Оған қазір 200 – ге жуық ұлттық ассоциациялар біріккен. Олимпиядалық ойындар 1896 жылдан (1 – Олимпиядалық ойын), дүниежүзілік чемпионат 1983 жылдан өткізіліп келеді.  Қазақстанда жеңіл атлетика үйірмесі 1916 жылы Шығыс Қазақстандағы Семей қаласында құрылып, жұмысын бастаған еді. Бірақ, ол Азамат соғысы жылдарында тарап кетіп, тек 1930 жылы ғана қайта қолға алынды. Совет үкіметі өзінің алғашқы күндерінен бастап-ақ жастар арасында дене тәрбиесінің өсуіне ат салыса бастады. Мұндай игілікті жаңадан өрістеу ісі оңайға түскен жоқ. Кейбір деректердің айтуына қарағанда, Қазақстанда Совет үкіметінің алғашқы күндерінен бастап-ақ ұлт спортынан үйірмелердің жұмыс істегенін байқау қиын емес.  Қазіргі елордамыз Астана қаласында жеңіл атлетиканың дамуы 1947-1948 жж. соғыстан кейінгі жылдары басталды. Осы жылдары «Динамо», «Локомотив», «Искра», «Пищевик», «Спартак» және т.б. жаңадан әртүрлі спорттық қоғамдарда жеңіл атлетика спорты пайда бола бастады. Әрине, қалада ол жылдары жақсы стадион жүгіру жолымен, көрермендік тамашалау орындарымен болмады, бірақ 1950 жылы Қ. Мұнайтпасов атындағы стадионда жүгіру жолы, жеңіл атлетикалық секторлар, диск лақтыратын, ядро итеретін, ұзындыққа және биіктікке секіретін шұңқырлар орнатылды. Целиноградта жеңіл атлетикадан арнайы мектеп ашылады, стадионда жүгіріс жолын салып және «Автомобилистте» спорт зал ашылды және жеңіл атлетик манежімен бірге салынды. 2009 жылы стадионға яғни «Достық Спорткомбинатына» жеңіл атлетика спортын дамытуға берілді. Қазақстанда алғашқы ресми жеңіл атлетикалық жарыс Бүкілқазақстандық І-інші спартакиада 1928 жылы Петропавл қаласында өтті. Республикада жеңіл атлетикадан тұңғыш рет КСРО-ның спорт шебері атағын Ш.Бекбаев алды (1943 жылы). Қазақстанның жеңіл атлеттері Олимпиада ойындарында, дүние-жүзілік чемпионаттар мен халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерді көрсетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды. 

Ғұсман Қосанов - КСРО құрамында Олимпиадаға қатысқан тұңғыш қазақ желаяғы. 1960 жылы ХVІІ-нші Рим Олимпиадасынан 4x100 метрлік эстафеташылар жарысынан күміс медалға ие болды. КСРО чемпионатының 4x100 метрлік эстафеташылар жарысының жеңімпазы (Киев, 1960 жылы), 100 метрге жүгіруден КСРО чемпионатының күміс жүлдегері (Днепропетровск, 1966 жылы), КСРО – АҚШ кездесуінің 4x100 метрлік эстафеташылар жарысының жеңімпазы (Киев, 1965 жылы) болды. 1967 жылдан жаттықтырушылық қызметпен айналысып, 1968 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері атағына ие болды. Қосанов құрметіне арналған жеңіл атлетикадан ―Қосанов Мемориалық атты халықаралық жарыс 1991 жылдан бастап өткізіліп келеді. 

Әмин Тұяқов - 1962 жылғы КСРО чемпионатында тұңғыш рет КСРО чемпионы атанған қазақ желаяғы. 200 метр қашықтыққа жүгіруден 6 рет КСРО рекордын жаңартты. Ә.Тұяқов 100 метр, 200 метр қашықтыққа жүгіруден және 100х4 метр, 200х4 метр эстафетаға жүгіруден 8 рет КСРО чемпионы атанып, 10 мәрте күміс, қола жүлдеге ие болды. Ә.Тұяқов Еуропа кубогының жеңімпазы (1965 жылы), Еуропа біріншілігінің күміс жүлдегері (1966 жылы), 50-ге тарта ірі халықаралық жарыстардың жеңімпазы, әрі жүлдегері болды. 1965 жылы оған КСРО спортына еңбегі сіңген шебер жоғарғы атағы берілді және жеңіл атлетика саласында қазақ халқының даңқын әлемге аспандатқан желаяқ «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. 

Солдатенко Вениамин - жеңіл атлет, спорттық жаяу жүрістен КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1976 жылы). Қазақстанның және халықаралық турнирлердің жеңімпазы. 50 км. қашықтыққа спорттық жаяу жүрістен жеті дүркін КСРО чемпионы (1967 жылы, 1969 – 1972 жылдары, 1975 – 1976 жылдары) және қола жүлдегері (1973 – 1974 жылдары). Еуропа чемпионы (1971 жылы, Финляндия, Хельсинки), қола (1969 жылы, Афины, Грекия), күміс (1978 жылы, Прага, Чехия) жүлдегері. Әлем чемпионы (1976 жылы, Швеция, Мальме). ХХ-Олимпия ойындарының күміс жүлдегері (1972 жылы, Германия, Мюнхен). Сонымен қатар ―Құрмет белгісі орденімен және медальдармен марапатталған. 

Муравьев Владимир Павлович - жеңіл атлет, техникалық ғылымдар кандидаты (1991 жылы). Спорт шебері (1977 жылы), спортқа еңбегі сіңген шебері (1980 жылы). 200 метр қашықтыққа жүгіруден КСРО халықтары спартакиадасының жеңімпазы (1983 жылы Мәскеу), 200 метрге және 4х100 метрлік эстафетаға жүгіруден Еуропа кубогінің иегері (1985 жылы, 1987 жылы), Дүниежүзілік чемпионаттың күміс жүлдегері (1987 жылы), 100 метрге жүгіруден КСРО чемпионы (1985 жылы). ХХІІ- (1980 жылы, Мәскеу) және ХХІV-Олимпия ойындарының (1988 жылы, Сеул) чемпионы. 2 рет ―Құрмет белгісі орденімен марапатталған. 

Шишигина Ольга Васильевна - қазақстандық жеңіл атлет, кедергілі жүгіру спринтершісі, Сидней олимпиадасының чемпионы (2000 жылы), Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. 1994 жылғы Жапонияның Хиросима қаласында өткен Азия ойындарында жеңімпаз болған, осыдан кейін оған "Қазақстан Республикасының спортқа еңбек сіңірген шебері" атағы берілген. 1995 жылдардағы жазғы (Гетеборг, Швеция) және қысқы (Барселона) әлем чемпионаттарының күміс медаль иегері. 1999 жылғы жабық жайда өткен (Маэбаши, Жапония) әлем чемпионатында алтын жүлде мен 2000 жылғы Сидней олимпиадасындағы жеңісі. 

Дмитрий Карпов - қазақ жеңіл атлетикасының серкесі, қарағандылық онсайысшы. 2004 жылы Афины олимпиадасының қола жүлдегері. 2003 жылы, 2007 жылы, 2008 жылы Әлем чемпионаттарының қола жүлде иегері, Азия ойындары жеңімпазы (2006 жылы Катар). 2007 жылғы Әлем рейтингісінде онсайыстан 858ұпаймен 4-ші орында табан тіреді. Дмитрий Карпов - онсайыстан 8725 ұпайлық Азия рекорды иегері (Афина Олимпиадасындағы көрсеткіші). 

Ольга Сергейқызы Рыпакова — Қазақстанның үш аттап секіруден жеңіл атлеті. Ольга Рыпакова 2008 жылғы Бейжің олимпиадасында үш аттап секіруден 15 метр 11 сантиметр ұзындықты бағындырып, Азия рекордын жаңартып, 4-інші орында болды. Ольга Рыпакова 2010 жылы Шанхайда өткен «Гауһар лига» деп аталатын жеңіл атлетика сериясының бірінші кезеңінде алтын медальді 14 метр 89 сантиметрді бағындырып жеңіп алды. Ольга Рыпакова 2010 жылы қысқы әлем чемпионатында 15 метр 14 сантиметрге секіріп, әлем чемпионы атанды. 2011 жылғы жеңіл атлетикадан Тэгу қаласында өткен әлем чемпионатында Ольга Рыпакова күміс медаль жеңіп алды. 

2012 жылғы жеңіл атлетикадан Лондон қаласында өткен олимпиадада Ольга Рыпакова алтын медаль жеңіп алды.

2000 және 2012 жылдардағы биіктеуі жекелеген спортшылардың тамаша көрсеткіштері — Ольга Шишигина және Ольга Рыпакова. Қазақстандағы медальді спорт түрінің бірі жеңіл атлетиканың негізгі мәселесі – онда бұқаралықтың жоқтығы. Жекелеген жоғарғы нәтижелер бір жолдық жеке тұлғалардың есебінен қол жеткізіледі. ҚР Жеңіл атлетика федерациясының президенті Павел Новиковқа Қазақстандағы «спорт патшайымы» дамуына жүйелілік жетпей жатқандығы көрініп тұр. 

Он үш қазақстандық спортшылар үш апта ішінде жиырма жыл бойына жүздеген саясаткерлер іске асыра алмай келе жатқанды жасады: әрбір қазақстандықта отансүйгіштік және өз елін мақтан тұтар сезімін оятты. Біздің спортышыларымыздың жеңісі жаңа биіктіктерге қол жеткізу үшін ұлттың бірігуіне ықпалын тигізді. Сондай-ақ, спортқа еш қатысы жоқ жекелеген саясаткерлер қазақстандық чемпиондардың тамаша жеңісін пайдаланып қалуға тырысты. ҚР Президентіне жолданған құттықтау жеделхаттар мен популистик сұхбаттар БАҚ кеңінен таратылды.  Бұл «саясаттың лас іс» екендігін растайтын тұжырымдама екендігін көрсетті.  Сонымен бірге, шын мәнісінде Қазақстанның жетістігі мен спорт жеңістерін қамтамасыз етуге еңбек сіңірген саяси қайраткерлердің есімдері күткендегіден сирек аталды.  Бұл олимпиадалық старт барысында маңызды болып танылатын, олардан жауапкершілік жүгін алуға мүмкіндік берді. Тұтастай алғанда,  осы зерттеу Қазақстанның олимпиада алаңында алдағы өсуі үшін маңызды әлеуеті бар екендігін айғақтайды. Осы үрдістегі шешуші роль атқаратын:

•Бұқаралық спортты дамыту;

•Талантты балалармен жұмыс жасайтын жаттықтырушылардың материалдық қажеттілігін жақсарту;

•Шет елден спорт менеджерлері мен селекционер-жаттықтырушыларды тәрбиелеу және тарту;

•Бұрынырақ қазақстандықтар үлкен жетістіктерге жеткен спорт түрлеріндегі дәстүрді қалыптастыру;

•Көп медальдар ұтысқа қойылатын және төрешілер минималды роль атқаратын олимпиадалық спорт түрлерін дамыту (жеңіл атлетика, жүзу, ескек және с.с.). Дегенменде, Қазақстандағы жеңіл атлетика спортын сәтті дамыту үшін алдағы уақытта игілікті іс – шараларды бірте-бірте жолға қою қажет.

237 0
ГАЛЫМЖАН ТАЖЕНТАЕВ, Б. Нұрлыбеков мектебінің дене тəрбиесі пəні мұғалімі Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Шұбарсу ауылы Ұлы дала ұстазы № 000235
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: