Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI319

Тәрбиеші - ұлы тәрбиенің тірегі

Қазақ елінің болашағы, келешек келбетінде яғни тәрбиеленген бүлдіршіндердің тәрбиесінде. Мен Тельгазиева Айгерим Канатбековна Жамбыл облысы Қордай ауданы Сарыбұлақ ауылының Темірлан бөбекжайында қызмет етемін. Бөбекжайда әр бүлдіршінді  күлімдеп қарсы алып,өз білгенімді оларға үйретсем ол өз елімнің көркейіп гүлденуіне, дамуына үлес қосқаның ,жерің,ұлтың үшін тер төккенің деп есептеймін. Бөбекжайда баламен өткізген әр-бір сәтім қызықты.Бала ол-көз қуаншы, ел байлығы, қоғам бақыты. Тәрбиеші болу ол мемлекетке ана болумен тең деп ойлаймын.Себебі қазіргі ұрпақ ол болашақтағы Қазақстан. Ал қазақ елінің болашағына   сенімді болуымыз үшін жас ұрпаққа қазақ тілінде қазақша тәрбие беруіміз керек. Осы орайда «Неліктен қазақ тілінде қазіргі ұрпақ орысша  жақсы түсінеді ғой?» деген сұрақ туындайды.Менің бұл сұраққа жауабым мынадай болмақ: Міне бұл ХХI ғасырдағы яғни алтын ғасырдағы ең басты проблемамыз деп айта аламын. Жас бүлдіршіндердің  өз ана тіліне қарағанда өзге тілді жетік меңгеруі қазақ елінің болашағының нашар екенін білдіреді. Қазақ тілінде тәрбие алған,қазақтың салт-дәстүрін көрген, қазақ мектебінде оқыған, қарапайым, ұлтшыл ұл-қыздарымыз ертең мемлекеттік саяси істерге араласса міне біз сонда ғана алдыңғы елдер қатарының алдынан көрінетін боламыз деп ойлаймын. Ал бұның бәрі аяулы ұстаздарымыз бен құрметті тәрбиешілеріміздің арқасында болмақ.

Тәрбиеші - ұлы тәрбиенің тірегі. Мен бұл оймен толықтай келісемін. Себебі бала бөбекжайға келгенде жаңа әлемге келеді, жаңа ортамен танысады және тәрбиешісінен құнды қасиеттер өз бойына сіңіреді. Не дегенмен расқой тәрбиеші – бала жанының бағбаны. Жұмысыма барар жолда көп ойланамын. «Бүгін балаларым түгел келе ме екен? Қандай көңіл-күйде болар екен? Мен бүйтсем оларға ұнайды ма? Күніміз қызықты өту үшін оқу-іс әрекеттерін, ойын түрлерін қалай өткізсем екен?». Осындай, адамдардың миына кіріп шықпайтын сұрақтар мені көп мазалайды. Дұрыс қанаттанған түзу ұшар демекші бала өмірінде тәрбиеші үлкен рөл атқарады. Менің ойымша балаларға өз тіліңмен сөйлейтін емес өз тілімен сөйлейтін тәрбиешіден артық адам жоқ. Менің айтып жеткізгім келгені  баланы анасы, одан кейін бөбекжайда күтіп отырған тәрбиешісінен артық жақсы түсінетін адам жоқ. Мектепке дейінгі жұмыстардың басты бағыты оқу,тәрбие процесін жүйелі жоспарлау, жаңа инвестициялық технологияларды   ендіре отырып балаларды дамытудың тиімді жолдарын қарастыру. Міне осындай жұмыстар менің бөбекжайымда қалыптасқан. Баламен ойнасаң дүние сырының кілті іздемей-ақ табылады, бала жүрегінен орын аласың. Ақын Мағжан  Жұмабаев айтқандай «Тәрбие - адам баласын кәміл жасқа толып, өзіне-өзі қожа болғанша өсіру» - деген екен. Сондықтан біз балаларымыздың болашағына, қазақ елінің болашағына жауапты жандармыз.

Сөзімді қорытындылай келе өз мамандығыммен мақтанатымды, осы жолда бар тәжірибем мен білімімді балаларға үйрету үшін аянбай тырысып келе жатқанымды айтқым келеді. Мен үшін әрқашан бөбекжайда балалардың  күміс күлкісін көру оның өзі бір бір бақыт. Әріптестер сіздерді қазақ елінің болашғы үшін аянбай тер төгіп еңбек етуге шақырамын!

 

290 0
Айгерим Тельгазиева, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің «Темірлан» бөбекжайы МКҚК-нің тәрбиешісі, Жамбыл облысы, Қордай ауданы Ұлы Дала Ұстазы № 000104
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: