Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI316

Балабақша-бақыт мекені

Мен осы бір мамандықты таңдағаныма қуаныштымын. Өйткені әр сәбидің сыңғырлаған күлкісі, мөлдіреген көздері, балдай тәтті сөздері жаныңды жадыратып, жүрегіңді елжіретіп жібереді. Оларды көрген әр сәт сайын өзімнің алаңсыз өткен балдәурен балалық шағым есіме түсіп, ет-бауырым елжіретіп, сәбилік кез ең керемет, нәзіктікке толы мейірім, сүіспенділікпен сабақтасып жатыр емес пе?

Иә, сәбилік кез-ең балғын балалық шақ. Осы ретте балабақшаның алар орны ерекше. Ақ ниетті, апппақ  жүректі  балғындардың   жүрегін жол тауып, мейірімен қарсы алып, сүіспеншілікпен шығарып салу әр тәрбиешінің міндеті. 

Осы бір қасиетті мекен-бөлек бір әлем, гүлденген – көгал. Онда қызмет еткен әр педагогтың жүрегіне ізгілік нұрын себеді. Сәбидің жүрегіндегі нәзіктік пен мейірімділікті, адамдықты, пәктікті үйретеді. Оларды аялауға, бағалауға, мейірбан болуға тәтті қылықтармен баурап алады. Балабақша кішкентай аппақ періштенің жеке тұлға болып   қалыптасуындағы алғашқы баспалдағы. Осы   киелі  мекен ұзақ жылдар бойы келе жатқандығына қарамастан, әр кірпіші, әр бұрышы ешқашан ескірмейтін мейірім мен сүйіспеншілікке толы. Ал оның іші шынайы күлкісімен сүйіспеншілігінің арқасында өткен  сайын гүлденіп, көркейтіп жасара түсуде. Бұндағы ойын алаңы мен музыка залы балалардың күлкісінен қуат алып тұрғандай, әр күн сайын жайнай түседі. Қазіргі заман талабымен толық жабдықталып, жаңартылған білім нәрімен сусындап өсіп келеді. Балабақшадағы әр тәрбиеші бала жүрегіне жол тапқан құшағы мейірімге, жүрегі сүйіспеншілікке, дидары нұрын шашқан күнге ұқсаған – педагогтар. 

Әр педагогтың жаны ізгі, шығармашылығын сағат сайын шыңдаған, жаңашылдыққа құштар, ізденімпаз жандар,үсті-үстіне көбейіп келеді десем қателеспеймін. Заман талабына сай тұлға тәрбиелеуге жанын салып еңбек етуде. Жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдерімен  жұмыс жасап, келешек ел тұтқасын ұстар, егемен елімізді көркейтуге үлес қосар ұрпақ тәрбиелеп шығаруға зор үлес қосып жүрген жандардың бірімін. 

Балабақша тәрбие мен білімнің алғашқы бесігі. Ендеше мектепке дейінгі үздіксіз білім мен тәрбие беру өзімнің басты мақсаттарымның бірі екенін қуана мақтанышпен айта аламын. 

Балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт.Себебі, тек қана бала ешнәрсеге алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақанын  менің алақаныма қойып, өз құпияларын айтып маған сенім артады. Сол сенімді ақтай білуіміз керек. Пәк көңілді балалармен қарым-қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды. Өйткені, мен оларға, олар маған қажетігіне сенімдімін. Осы сенімнің болуы - әр тәрбиешінің бақыты. Тәрбиеші балаға деген ыстық ықыласын бір сөзбен  айтып көрсетіп қана қоймай, бар жүрегімен және жан -тәнімен  сезіне білуі қажет. Тәрбиешінің жұмысы күрделі де қызықты. Шынымды айтсам, кейде жұмыстан үйге келгенде қатты шаршағанымды сеземін. Бірақ сол өткізген  күндерімді ой елегінен өткізе отырып, балаларымның ыстық ықыласын, маған ұмтылған үміт толы көздерін, тәтті қылықтарымен, сәбилік шын жүректерімен айтқан сөздері есіме түскенде шаршағанымды ұмытып кетемін. Осы бір «Балалар әлемінің теңізіне бір бойласам, ешқашан өз мамандығымды өзгерткім келмейді. Өйткені, бала-пәк, бала тап-таза мөлдір бұлақтың бастауы сияқты. Көзін ашып, тұнығына қану үшін тәрбиешіде жылы жүрек, аялы алақан және  тәрбиешіге  тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу сезімі болу керек екенін түсіндім.

Балалар  - өмір гүлі. Ал гүлдер ешқандай жасандылықсыз, шынайылықпен баптағанда ғана өседі. Осы гүлдерді шынайлықпен баптап өсіру басты міндет педагогте ,яғни біз .

 Бала – болашағымыз, бала – қуанышымыз.

893 0
Гүлжайна Торемуратова, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің «Темірлан» бөбекжайы МКҚК-нің тәрбиешісі, Жамбыл облысы, Қордай ауданы Ұлы Дала Ұстазы № 000102
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: