Балабақша - білім мен ортаға бейімделудің тірегісі, бастамасы десек,ал тәрбиеші - сол балабақшаның жүрегі, яғни олардың қолында баланың тағдыры тұрады. Біздің мамандығымыздың қыры да, сыры да сол - күн сайын көз алдымызда өсіп, дамып келе жатқан жас ұрпақпен жұмыс істеу. Өмірге келген әрбір нәресте отбасында ата-анасынан бастап барлық туған туыстардың махаббаты мен жылулық шапағатына бөленіп өседі. Кәзіргі заманда әр отбасында дүниеге келген сәбиді,өсіріп жатқан буынды өзінің ана тілімен сөйлету-ұлттық қасиетіміздіңдамуының бірден бір жолы. Мектепке дейінгі тәрбие саласында ұлттық тәрбиенің негізгі міндеттерінің бірі-халқымыздық ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерін ана тілінде түрлендіріп,сол арқылы баланың тілін дамыту. Әр отбасында тәлім-тәрбие алып 3 жасқа толғанда ата-аналар жүректерінің бір-бөлшегін сеніп толықтай бір күнге балабақшаға әкеліп тапсырады. Сол орайда ананың орнына ана бола білетін ол-балабақша тәрбиешісі.Балабақша баланың өмірге аттаған алғашқы қадамы. Басқан алғашқы қадамынан баланың болашағы қаланады. Әрбір кішкентай ғана бүлдіршінді өмірге енді аяқ басқан сәтте көңілінің кілтін тауып, олардың тұлға болып қалыптасуына сүбелі үлес қосатын алтын ұя. Аса сабырлықты, шыдамдылықты жылулықты қажет ететін үлкен кәсіп иелері жұмыс атқарады. Өйткені бұл мамандық иелерінің мойында, ешнәрседен хабары жоқ мыңдаған тарыдай ғана бүлдіршіндердің бойында білім нәрін сеуіп, тәрбие ұрығын егіп, таудай азамат етіп шығару міндеті жүктелген. Баланың дамуының іргетасы қаланып, тұлғаның «Мені» қаланатын кезеңі - балабақшада. Балабақшадағы оқу қызметтері бес сала бойынша іске асырып барлығы ойын түрінде балалар бойында білім нәрін сусындатады.
Мен бүгін ерекше бір сезіммен ояндым, Сәулелі шуақты ақ таңға боядым, Жүректе қуаныш, бойда күш тасыған. Өмірімнің мәніне айналған, бүлдіршіндерді көремін тағы да қасымнан! Мен «Темірлан» бөбекжайында бес жылдан бері жұмыс істеп, кішкентай бөбектерді тәрбиелеп келемін. Басында маған өте қиын болды. Көп ұзамай, тәрбиелеп жатқан балаларымның бәрі өзімнің туған балаларым болып кетті. Әр күні олардың сүйкімді жүзін көргенде еріксіз күлімсіреймін. Өйткені, олар мені қуана қарсы алады. Қуаныштын жасыра алмай, еркелей, алдыма келеді. Бір үйдің үміті, шырағы, аяулысы, ардағы, еркесі, бұзығы қызығы десеңізші! Олармен бірге жүрсем болды, балаша қуанып, өмірге балаша қарағым келіп кетеді. Осынау мамандықтың қызығы мен қиындығы өзі бала ортасында жүрген жан ғана түсіне алады. Жер бетінде тәрбиеші алдын көрмеген адам кем де кем, мүмкін бұл мамандық содан киелі болғаны шығар. Таңғажайып балалар әлемімен тереңірек танысып, өз өмір тәжірибемнің мейірімінің дәндерін қондыру - менің жұмысымның мәні деп ойлаймын. Балалармен жұмыс жасау мен үшін үлкен бақыт. Себебі, тек қана бала ешнәрсеге алаңдамай мейірімділікке сенеді, кішкентай алақанын менің алақаныма қойып, өз құпияларын маған айтады. Пәк көңілді балалармен қарым-қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды. Өйткені, мен оларға, олар маған қатты сенеді. Менің бақытты болуым, осы балаларымның сенімінің арқасы. Мен балаға деген ыстық ықыласын бір сөзбен айтып көрсетіп қана қоймай, бар жүрегімен және жан-тәніммен сезіне білемін. Жұмысым күрделі де қызықты. Шынымды айтсам,кейде жұмыстан үйге келгенде қатты шаршағанымды сеземін.Өйткені балалармен өткізген күнімді ой елегінен өткізсем,олардың ақжарқын сәбилік жүректерін, тәп-тәтті қылықтарын,маған қарағанда үміт толы көздерін бәрін есіме алсам шаршағанымнан құлан таза айғып кетемін.Осы бір «Балалар әлемінің теңізіне»бір бойласам,ешқашан өз мамандығымды өзгерткім келмейді.Өйткені,бала-пәк,бала тап-таза мөлдір бұлақтың бастауы сияқты.Көзін ашып, тұнығына қану үшін тәрбиешіде жылы жүрек,аялы алақан,мейірімді жылы жүз керек-ақ.
Дән егіп өсіруден,балапан салып ұшырудан бала тәрбиелеп,балабақшада бүлдіршіндерге өмірде не дұрыс,не бұрыстығын түсіндіріп өсіру ең қиын іс дер едім.Өйткені егінші көктемде алдағы жайма шуақ жазға арқа сүйеп егін егеді.Ал құс көктемде ұя салып,күздің суығында балапанын қатайтып ұшырады да нәтижесі бірден көзге көрінеді.Ал тәрбиеші ше?Күздің қоңыраулатқан күніне де,қыстың қаһарына да,көктемнің лайсанына қарамай,табиғат ананың жаңаруымен бірге құстарын баптайды.Бір қарағанда,тәрбиеші тірлігі диқан мен құс сияқты болғанымен,табиғат кезеңіне қарсы жүзіп өз дәнін шашатын диқан, балапанын баптаған құс сияқты.Бірақ нәтижесі бірден көзге көріне қоймайды.Көп жылдар өте,кезінде алдында бүлдіршін болған азамат асқар таудай өсіп, еліміздің мақтанышына айналса-міне, нәтиже.
Мен балаларды жанымдай жақсы көремін. Өйткені бала мен үшін тазалық пен пәктіктің, шынайлық пен туралықтың айнасы. Олар қуанса шын қуанып, ренжісе шын ренжи біледі. Олардың жаны жалғандақты, жасандылықты сүймейді, не айтса да әділ, шындықты айтады. Көздері мөлдіреген, жүздерінде күлкі ойнаған балаларға қарасаңызшы. Адам баласы балалық шақта қандай сұлу, қандай нәзік, қандай аңғал, қандай таза десеңші. Әр бала өзінше бір әлем. Жаны жақсылыққа құмар, арманшыл. Менің мойнымдағы міндетім де, мамандығының киесі де, қиындығы да осы періштелерді үлкен өмірге, қалтарыс-бұлтарысы көп өмірге даярлап, қанаты қайырылмайтындай етіп тәрбиелеуде емес па? Жасыратыны жоқ,осы мамандықты таңдаған жандардың кәсібіне көңілі толмай қиындығын айтатындары көп ,ал мамандығын өзгертетіндер өте сирек келеді. Оның себебі,сүйкімді балалардың киелі ортасы тәрбиешіні нәзік жіппен өзіне байлап қоятындай.Мен балабақшада бесінші жыл еңбек етудемін, бұл еңбектен ешбір жалыққан емеспін. Өйткені менің жас бүлдіршіндерге арналған осы уақытымды өмірімдегі ең бір бағалы уақытым,бақытты кездерім деп айта аламын. Күнде ертеңгісін балабақшада жас бүлдіршіндерді қарсы алып, олардың жағымды үндерін, сыңғырлаған тәтті күлкілерін, «Сәлеметсіз бе?», «Қайырлы таң!» деген сөздерін естігенде,бойым бір серпіліп қалады. Балалармен болған әрбір уақытым мені жаңа бір әлемге жетелегендей. Әрдайым балалардың маған құштар шабытты, сұраулы жанарларын байқап жүрмін. Олардың менен күтетіндері өте көп екенін сеземін Балабақшаға бара жатқанда басыма сол күннің жұмысы туралы неше түрлі ойлар келеді. Менің кішкентай достарым қандай көңіл күймен келер екен? Күніміз қызықты өту үшін оқу қызметін,ойын түрлерін қалай өткізсем екен?-деп ойларымды сан жаққа бұрып тұрады. Әрине,әрбір оқу қызметіме жауап кершілікпен қарап,әр уақытта дайындалып келемін. Әрбір оқу қызметім жас бүлдіршіндер үшін өз құпиясы ашқан сыр сандықтай болса,өзім сол тылсымы мол жұмбақ әлемнің сиқыршысындай боламын.Әр күннің сәтті шығуы,әрине,өзіме байланысты. Көбінесе жұмысымның негізгі бөлімдеріне ғана назар аударылып,ұйымдастыру кезінде психологиялық тренингтер,сергіту сәттерінің алар орны ерекше. Мысалы, «Әуен шапалақ», «Банан, банан, какос» тренингтерінде тәрбиеленушілерім ерекше көңіл күйде болады. Ал мерекелік іс шараларда «Шалқан», «Бауырсақ» ертегілерін сахналағанда түрлі рөлге енемін.Бірде кемпір,бірде Ақшақар, бірде шалқан, бірде сайқымазақ айналғанда балаларының қуанышы сөзбен жеткізу мүмкін емес. Алдыма келетін балаларды үлкен жауапкершілікпен осы ғажайып әлемнің тылсымына ендіру маған үлкен ляззат сыйлайды. Педагогикалық шеберлікті менің шеберлігемнің мәні алдымен қызықтыру,сонан соң үйрету. Менің негізгі мақсатым-балаларға жақсы көңіл –күй сыйлай отырып,саналы тәрбие,сапалы білім беру. Өзімді жұмыс барысында балаларға бағыт беруші,жол сілтеуші сезінемін. Бұл балалардың өзіне деген сенімін арттыру,оқу қызметінде деген тұрақты зейінін қалыптастыруға,қызығушылығын оятуға жағдай туғызамын.
Тәрбие - отбасынан басталатындықтан қашанда тәрбиеленушінің ата-анасымен,жанұясымен жеке танысып,үнемі қарым қатынаста болу ды өзіме басты мақсат қойғанмын. Тәрбиелеп жатқан кішкентай бүлдіршіндерім ата-анасымен маған ортақ деп сезінемін. Кез-келген бала-дарынды немесе дарынсыз болсын,жылдам немесе баяу қимылдасын-бәрібір өзіне деген сүйіспеншілік пен құрметті қалайды. Сондықтан да әр баланың жанын түсініп,мақтап, қолпаштап, көмек көрсету арқылы қызметімде тек қана жақсы жетістікке қол жеткізетініме көзім жетті. Тәрбиеші деген сөздің мағынасына үңілсек,мақсаты тәрбие беру екенін түсінеміз. Тәрбиешіге арналған жүк жеңіл емесіне көзіміз жетіп отыр. Балабақшада дұрыс тәлім-тәрбие бере алсақ,ол ертең мектепке барып,саналы түрде сапалы білім алуға тырысады. Соның нәтижесінде елін сүйген азамат болып шығады.
«Ел есінде бір жыл қалғың келсе-ас бер,онжыл қалғың келсе-ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе-бала тәрбиеле»дейді дана халқымыз. Баланың ой- өрісін дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп,тіл байлықтарының молаюына біздің тәрбиешілердің сіңірген еңбегі орасан. Сондықтан да сөзіміз-түзу, еңсеміз-биік,рухымыз-мықты болсын десек,бірегей тәрбиеші мамандығын ұлықпай білейік. Ұрпағымыздың тамырына нәр беретін мамандық екендігін естен шығармайық,әріптестер! «Білерім-бір тоғыз,білмейтінім-тоқсан тоғыз» демекші, білген сайын білмейтінін көп екенін ұға түсініп жүрмін. Сондықтан да шығар белестерім әлі алда деп ойлаймын. Білімімді кеңейтіп,тәжірибе жинау әлі де алдымда.Білімді ешқашан өзін білгіш қып көрсетуге тырыспайды.Шын білімдінің зейін-зердесі кең,алыстан қарасаң-кербез,жақыннан қарасаң-кішіпейіл. Жүзіне үңілсең-мейірімді, жанына үңілсең-шуақты көрінбек. Міне, осындай кербез, кішіпейіл, мейірімді, шуақты тәрбиеші атансам-адами парызымның орындалғаны деп ойлаймын.