Поиск статей:
ESI
Рейтинг:

Қазіргі заман педагогімін

«Ел есінде бір жыл қалғың келсе-ас бер,он жыл қалғың келсе ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе-бала тәрбиеле»-дейді халық даналығы.  Мен «Темірлан» бөбекжайына 2011 жыл жұмысқа орналасып, кішкентай бүлдіршіндерді тәрбиелеп келемін.Басында маған өте қиын болды. Әр күні олардың сүйкімді жүзін көргенде,еріксіз күлімсіреймін. Өйткені олар мені қуана қарсы алады. Қуанышын жасыра алмай еркелей алдыма келеді. Бір үйдің үміті,шырағы,аяулысы,ардағы,еркесі,бұзығы,қызығы. Олар мен бірге жүрсем болды,балаша қуанып, өмірге балаша қарағым келіп кетеді.  Осынау мамандықтың қызығы мен қиындығын өзі бала ортасында жүрген жанғана түсіне алады.

Балалармен жұмыс жасау мен үшін үлкен бақыт. Себебі, тек қана бала ешнәрсеге алаңдамай мейірімділікке сенеді. Кішкентай алақанын менің алақаныма қойып,өз құпияларын маған айтады. Пәк көңілді балалармен  қарым-қатынас маған қуаныш, шаттық сыйлайды. Өйткені мен оларға,олар маған  қатты сенеді,жұмысым күрделі де қызықты. Шынымды айтсам, кейде жұмыстан үйге келгенде қатты шаршағанымды сеземін. Өйткені балалармен өткізген күнімді ой елегінен өткізсем,олардың ақжарқын сәбилік жүректерін, тәп-тәтті қылықтарын, маған қарағанда үміт толы көздерін бәрін есіме алсам шаршағанымнан  құлап таза айығып кеттемін 

Мен балабақшада он жылдай жыл еңбек етудемін, бұл еңбектен ешбір жалыққан емеспін. Өйткені менің жас бүлдіршіндерге арнаған осы уақытымды өмірімдегі ең бір бағалы уақытым, бақытты кездерім деп айта аламын.

Балабақшаға баражатқанда басыма сол күннің жұмысы туралы неше  түрлі ойлар келеді. 

Менің кішкентай достарым қандай көңіл күймен келер  екен? 

Күніміз қызықты өту үшін оқу қызметін, ойын түрлерін қалай өткізсем екен? - деп ойларымды сан жаққа бұрып тұрады. Әрине әрбір оқу іс-қызметіме жауапкершілікпен қарап, әр уақытта дайындалып келемін.

Баланың ой-өрісін дамытуға, олардың қиялына қанат бітіріп, тілбайлықтарының молайуына біздің тәрбиешілердің сіңірер еңбегі орасан. Сондықтан да сөзіміз түзу, еңсеміз биік, рухымыз мықты болсын десек  бірегей тәрбиеші мамандығын ұлықтай білейік. Ұрпағымыздың тамырына нәр беретін мамандық екендігін естен шығармайық.          

Сөзімді қорыта келе, бүгінгі тәрбиеші - өз мамандығын сүйетін, патриот, өз ісінің  шебері, ізденімпаз, жаңашыл, терең болуы тиіс. Жеке тұлға ретінде ізденгіш, өз пікірін айта алатын, адамгершілігі мол, білімді, өз елін сүйетін, он қолынан өнері тамған өнерлі болуы керек. Шынымен де, ұстаздық жол - қызығы мен қиындығы қатар жүретін өте қасиетті жол. 

Осынау қасиетті жолмен білім әлемінің тылсымына бойлай отырып, бала жүрегінен жол табу тәрбиеші үшін үлкен бақыт. 

Бала жүрегі-кішкентай күй  сандық. Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Тәрбиешінің қолында әр кезде сол кілт жүруі керек-деген М.Шаханов. 

Бала жүрегінен орын алу мен үшін үлкен бақыт. Қызмет етуді  азаматтық, ұстаздық борышым деп санаймын. Бала біздің   өміріміздің  жалғасы. Өзімде төрт бала тәрбиелеп отырған анамын.

 

347 0
Мийрихан Нурадинова, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің «Темірлан» бөбекжайы МКҚК-нің тәрбиешісі, Жамбыл облысы, Қордай ауданы Ұлы Дала Ұстазы № 000098
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: