Менің алдымда жүректері күнәдан пәк, ақ үрпек сары ауыз балапандар жүр. Бұл періштелер әр отбасының алақандарына сап аялап отырған жүректерінің кішкентай ғана бөлшегі емес пе?.. Ата-ананың тілегі – сәбилерінің мұңсыз балалық шағы мен кіршіксіз көңілдері болса, менің тәрбиеші ретіндегі міндетім – осы ата-ананың тілегімен өріліп жатқаны баршаға аян. Бүршігін жаңа жарған тал шыбықты өсіріп бекіту, қанатын қатайтып, тура жолға салу ата-анадан кейін педагог – ұстаз – тәрбиешінің міндеті. Өйткені, санасына сызат түспеген періште көңіл сәбиді өмір баспалдағына жетелеп, білім мен тәрбиенің ақ желкеніне отырғызып, рухани дүниесін байытып, біліммен нәрлендіретін абзал жан – педагог.
«Ұстаз талантты болса, шәкірті талапты болады» яғни, қазіргі заман педагогіне жүктелер аманат – бетіне сия түспеген ақ қағаздай таза жүректі сәбилердің жүрегіне тәрбие мен білімнің алғашқы негізін салу. Өйткені, қазіргі балғын бүлдіршіндер – келешек қоғам иесі. Сол болашақ қоғам иелерін жан — жақты жетілген, ақыл — парасаты мол ұрпақ етіп тәрбиелеу – менің қоғам алдындағы борышым деп білемін. Үлкен жауапкершілікті талап ететін ұрпақ тәрбиелеуде Елбасымыздың саясатын ұстана отырып, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясына негізделген жалпыазаматтық құндылықтарға тәрбиелеуде мен өз білімімді жетілдіріп, бәсекеге қабілетті жаңа заман педагогі болуға лайықпын деп санаймын. Себебі, менің бойымда сауаттылық, біліктілік, ізденімпаздық, іскерлік, шығармашылық қасиеттер бар. Бала тәрбиесімен айналысатын әрбір тәрбиешінің алға қойған мақсат-міндеті мен педагогикалық ұстанымы болуы керек. Менің өмірдегі ұстанымым жүрек қалауымен таңдаған жұмысыма жауапкершілікпен қарау.Тәрбиеші болу жай ғана мамандық емес.Ол-адам бағдарын жасаушы, келешек ұрпақтың сәулетшісі. Бұл сөздің астарында ұстаз талапты шәкірт тәрбиелеу үлкен жауапкершілік иесі екендігін айқындап тұр.Бала тәрбиесі оның ішіндегі балабақшадағы сәбилерді тәрбиелеу үлкен мәртебе. Ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай: «Тәрбие адам баласын кәміл жасқа толып өзіне-өзі қожа болғанша азық беру»деген екен. Сондықтан біз балаларымыздың болашағына, талапты болып өсуіне жауапты жандармыз.
Білімнің жол басшысыда, Шәкірттің қолбасшысыда - «Ұстаз».
Заманауи, қарқынды өзгеріп жатқан әлемде көшбасшылардан жаңа белестерге ізбасарлардың қабілетін шабыттандыруды үйренеді. «Ұстазға қарап шәкірт өседі» дегендей, менің шәкірттерім менен әр күн сайын жаңалықтарды күтеді және олардың сенімін ақтамауға болмайды. Менің мамандығым менен тұрақты жұмылдыруды талап етеді. Мен бәсекеге қабілетті жастарды дамыту және тәрбиелеу үшін барлық жаңалықтарды білуге міндеттімін.