Поиск статей:
ESI
Рейтинг:

ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР АРҚЫЛЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЕБЕРЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ


Қазақ халқы қай заманда болсын қолөнерге аса мән беріп, оны ұрпақ бойына дарытып отырған . Соның бірі- Сәндік-қолданбалы өнер «Сәндік-қолданбалы өнер» ұғымы ХХ ғасырдың екінші жартысындағы алпысыншы жылдардың ортасында пайда болды. Бұған дейін ол халықтың қарапайым түсінігінде, «қолөнер» ұғымының аясында қабылданып, пайдаланылып келді. «Сәндік-қолданбалы өнер», «қолөнерінің» өңделіп жетілген формасы іспеттес болғандықтанекеуін бір-бірінен бөлектеп қарауға болмайдыкерісіншеолар бірін-бірі мазмұндық тұрғыда толықтыра түседіОны «қол өнер», «сәндік-қолданбалы өнер» ұғымдарына берілген анықтама-түсініктер дәлелдейді

Cабақ барысында бөлімдеріне қарай біз Тоқыма өнері, Киіз өнері Кесте және тігін өнері, Ши өнері топтамалары аясын былайша толықтырамыз: кілем (түкті кілем, тақыр кілем, басқұр, желбау, бау; қоржын, аяқ қап);  алаша (қақпа, бұхар, кежім, терме); бізбен тоқу (киім, тұтыну бұйымдары); ілмекпен тоқу. Киіз өнері: киіз (ақ киізот киізтекемет (ақ текемет); сырмақаяқ қапқоржынжайнамазКесте және тігін өнері: киім тігутұрмыстық бұйымдар тігу мен кестелеу түрлеріҰлттық киімдердің түрлеріұлттық сырт киімдер: (жадағайшапанжарғақ шалбаркүпісырмалы шапантайжағытонішікшапаншидем); сұлықтар: «абакебенеккенепсырттықшекпен); іш киімдер (бешпент, дамбал, жейде, көйлек, камзол, шалбар, жеңсіз);  ерлердің бас киімдері (бөрік, далбағай (жалбағай), жекейтымақ, күлапара, қалпақ, құлақшын, малақай, мурақ, тақия, тымақ, шалма); әйелдердің бас киімдері (тақия, бөрік, сәукеле, жаулық, желек, қасаба, кимешек, қарқара). Төсек жабдықтары: көрпе; шымылдық; төсеніш көрпеше; құрақ көрпе; жапқыш; ақ жайма. Ши өнері: орама ши (алаша ши, есік ши, жолым ши және т.б.); ақ ши (өре ши, мал соятын ши, ас шиі, қазақ ши, киіз басатын ши, қабырға ши және т.б.; шым ши (кілем ши, тұс ши және т.б.); шиден жасалатын тұрмыстық заттар (масахана, шыпта, қабырғалық, терезе жапқыш, шәйнек түп, кесе түп, қазан түп және т.б.).

Сонымен, сәндік-қолданбалы өнер түрлеріне жасаған талдау оларды технологиялық мүмкіндіктеріне қарай жіктемелеуге (бұйымды жасау үшін қолданылатын материалына қарай, бұйымдарды қолдануына қарай; дайындау әдісіне қарай; көркемдік әшекейленуіне қарай; мағынасына қарай) септігін тигізді.

Әрине, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарының әрбір тобын өз кезегінде көркем кәсібіне қарай бөлуге де болады, өйткені әрбір кәсіптің өзінің өрнегі, түр-түс үйлесімі, жасау әдісі және бұйымды әрлеу мен басқа да ерекше белгілері болады. Мысалы, қазақ халқы киіз, текемет, сырмақ, түс киіз және т.б. бұйымдарға ою, өрнек түстерін орналастырғанда өзіндік ережеге сүйенген, олардың бояуын белгілеуде үлкен жауапкершілікпен, талғаммен қараған. Қыздардан бояулар үйлесімділігін нәзік сезінуді, кескіндеменің заңдарын түсінуді, геометриялық сызықтар мен фигураларды білуді, табиғаттың табиғи формаларын түсінуді талап еткен. 

Түскиіздің бірнеше түрлерін меңгерткен (алуан түрлі ою-өрнек түсірілгені, жібек жіппен кестеленгені, зер жіппен гүл, өрнек түсірілгені, оқаланғаны, төңірегіне құндыз ұсталғанды, кей жеріне алтын, күміс теңгелер мен меруерт маржан қадалған аса қымбат түскиіздердің ортасына жолбарыс, ілбіс, қабылан, сілеусін және т.б. аң терілерін жапсырған түрлері). Ал бұл болса, біріншіден, қыздардың көркемдік-эстетикалық талғамын дамытқан, екіншіден, конструкторлық білімнің элементтерін меңгерткен, үшіншіден, экономикадан түсінігін жетілдірген, төртіншіден,  шығармашылық қабілеттерін шыңдаған, бесіншіден, рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастырған. Бұның бәрі нәтижесінде технологиялық мәдениеттің негізін құрған.

Сәндік-қолданбалы өнер түрлерінің технологиясын меңгертуде қазақ халқы нақты қағидаларды (еңбек түрлеріне баланы жастан баулу, оларға сыйластық көзқарасты қалыптастыру, еңбек түрлерін біріндеп күрделендіріп отыру ұжыммен бірлесе отырып еңбек етуге баулу және т.б.), педагогикалық принциптерді (халықтық, табиғилық, көрнекілік, түсініктілік, жүйелілік, бірізділік, жас және дара ерекшеліктерін ескеру, өмірмен байланыстылық және т.б.) тірек еткен. Әртүрлі әдіс-тәсілдерді (көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, тапсырма беру, жаттықтыру, сендіру, сенім арту, мақтау, мадақтау, марапаттау, түзеу, бағалау, қолдау, ынталандыру және т.б.) пайдаланған. Тәрбие құралдарының міндетін халықтың ауызекі шығармашылығы, салт-дәстүрлер, мерекелер, ұлттық ойындар және т.б. атқарған. Олар балалар мен жеткіншектердің логикалық ой-өрісінің, дүниетанымының, эстетикалық талғамының, адами асыл қасиеттерінің дамуына, рухани-мәдениетінің, технологиялық мәдениетінің қалыптасуына үлкен септігін тигізді, еңбек технологиясының ереже-талаптарын меңгеруге көмектесті.

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері түрлерін меңгерту процесінде оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді (сөздік, көрнекілік, аудиокөрнекілік, практикалық, салыстыру, теңестіру, ақпараттық, эвристикалық, қорытындылау, іздестіру және т.б.) пайдаланамыз.

Соңғы жылдары «Технология қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерін меңгерту мәселесіне аса мән беріп отыр. Бұл орынды да, өйткені қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастырудағы мүмкіндіктері өте жоғары.

Барлық ұстаздарға жаңа оқу жылында   толағай табыс пен шығармашылық шабыт тілеймін!

518 0
Мақсат Нұрсұлтанұлы «Шәкерім атындағы орта мектебі» КММ-нің көркем еңбек пәні мұғалімі ШҚО, Кеңгірбай би ауылы Ұлы Дала Ұстазы № 000087
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: