Қазақ халқы- ұлы хылық. Сол ұлылықтың бір белгісіәрқашанда ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. Сондықтан қазіргі заманда тәрбие мәселесіне көңіл бөліп, болашақ ұрпақты саналы тәрбиелеу үшін тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, қарастыру әрбір ұжымның тапқырлығы мен іскерлігін, ізденімпаздығы мен шығармашылығын талап етеді.
Қазақ халқының нағыз азаматын тәрбиелеп өсіру негіздерін қалыптастыратын тұңғыш мектеп- ол балабақша, мектептегі шағын орталықтар. Балабақша келер ұрпақты еңбекке , өнер-білімге, елінің ар намысын қорғауға және ізгі адамгершілік ниеттерге баулиды.
Біздің киелі жеріміз Абай ауданы, Кеңгірбай би ауылындағы, Шәкерім баба атымен аталатын мектептің шағын орталығында 23 сәби тәрбиленуде. Осы 23 сәби 23 отбасынан келіп, соншама ата-анадан тәрбие алады. Ал , біздің орталық,ел басқарар, жер суына иелік етер, ел халқын гүлдентер, мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды шыңдап өмірдің ең басты сатысын қалайтын -киелі ұя.
Біздің мақсатымыз әрбір тәрбиеленуші бүлдіршіндерге бақыт сыйлау.
«Үйренер нәрсең-білім мен мейірімділік»-деп, Жүсіп Баласағұн айтқандай, шағын орталықтағы ұстаздар әрбір күнін ізденіспен өткізеді. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы» бойынша оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізеді.
Мектепке дейінгі және жалпы білім берудің бағдарламасының сабақтастығы мынандай:
Болашақ баланың танымдық белсенділігінің негізі ретінде мектепке дейінгі баланың білуге деген құмарлығын дамыту;
Баланың жеке басының даму бағыттары ретіндегі шығармашылық қиялын қалыптастыру;
Шығармашылық және басқа міндеттерді өз бетінше шешудің әдістері, қызметтің әр түрінде, оның ішінде оқу қызметінде табысты болуға мүмкіндік беретін құралдар ретінде бала қабілеттерін дамыту;
Баланың дамуына әсер ететін табыстылық шарттарының бірі болып табылатын комуникативтілікті дамыту;
Біздің орталықта мектепке дейінгі баланың зияткерлі дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Ұйымдастырылған іс - әрекет әрбір тәрбиешінің шығармашылық жұмысы. Тәрбиешінің кәсіби жұмысы қаншалықты жоғары болса, ол оқытып тәрбиелеген тәрбиеленуші да соншалықты ақыл - ойы да дамыған сауатты болады. Көп іздену, дайындалу, қосымша әдебиеттерді орынды қолдана білу тәрбиешінің негізгі мақсаты.
«Ғажайып қорапша» әдісі: Таңертеңгілік бала қабылданып болғаннан кейін балаларды түгелдеу мақсатында мен тәрбиешілерге мына «ғажайып қорапша» әдісін ұсынамын. Бұл әдіс негізінен тәрбиеленушілердің күнделікті балабақшаға қызығып келуіне әсер етеді. Менің тәрбиеленушілерім күнде таңертең келген сәтте өздерінің киімдерін алып «ғажайып қорапша» (шкафына) іледі. Нәтижесінде балалардың шағын орталыққа келуге қызығушылығы оянады.
Бес саусақ театры: Бұл бес саусақ театрын көбіне қазақ әдебиет бойларына сіңіру мақсатында пайдаландым. Бес саусақ театрында түрлі - түсті қағаздан кейіпкерлердің бейнесін жасап оны қолға кию арқылы ойнаттым. Мен осы тәсілді пайдаланып «Жеті лақ» ертегісін өткіздім. Мұнда лақ,ешкі және де қасқырды жасадым. Бұл ұйымдастырған іс - әрекет қызықты да, әсерлі болды. Нәтижесінде балаларды ауызбіршілікке, достыққа, татулыққа үйретеді.
«Оригами» әдісі: Бұл әдісті тіл дамыту оқу іс - әрекетінде «Жыл мезгілі» тақырыбында қолдандым. Бірінші топ сурет салады, ал екінші топ оригами әдісімен жұмыс жасайды. Бір плакатты қолдана отырып, суретшілер плакаттың жоғарғы және төменгі бөлігіне қаламмен сурет салады, ал екінші топ дайын суреттерді ортаңғы бөлігіне жабыстырады. Жоғарғы бөлігіне балалар бұлттың, күннің суретін салады, ал төменгі бөлігіне шөп пен гүлдің суретін салады. Екінші топ сурет арасынан ағаш үйдің, төрт түлік малдың, қойшы атаның суреттерін тауып жабыстырады. Дайын болған жұмыстан жыл мезгілінің бейнесі шықты. Нәтижесінде балалар ұйымшылдықпен қызыға жұмыс жасады. Балалар бір - бірін тыңдай білуге, ойланып әрекет жасауға дағдыланады.
«Сатушы» ойыны: Біздің шағын орталығымызда «Дамытушы орталық» бұрышын жасап қойдық. Бұл бұрышта жиналған заттарымызды балалар ойын үстінде қолданады. Мысалы, мен « сатушы» ойынын жапсыру сабағында қолдандым, онда балаларды топқа бөліп әртүрлі тапсырмалар бердім. 1 - ші топқа киімдердің суретін, ІІ - ші топқа сумканың, ІІ - ші топқа дәрі - дәрмектің, ІҮ - ші топқа ойыншықтар суретін салуды ұсындым. Әр топ өз салған суреттерін қиып, менің қолымдағы плакаттың қалташаларына киімдерді бір бөлек, сумканы бір бөлек, дәрілерді бір бөлек, ойыншықтарды орын - орындарына орналастырады. Мұнда бала қай затты салу керектігін өзі таңдайды. Бұдан балалар дұрыс ойлауға үйренеді. Бұл ойын арқылы баланың қандай затқа қызығушылығы барын анықтауға болады. Бұл ойын баланы шапшаңдыққа, жылдамдыққа үйретеді.
Ұлттық қолөнер бұрышын ұйымдастырдым , онда көптеген қазақ халқының ұлттық киімдерін, әдет - ғұрыптарын, салт - дәстүрлерін тұрмыстық бұйымдармен танысады. Осы заттарды ұйымдастырылған іс - әрекет барысында қолданып отырады.
Шағын орталығымызда ұйымдастырылған іс - әрекеттен тыс ертеңгіліктер де өтіп тұрады. Алтын күзге байланысты «Күз патшалығы» атты ертеңгілік өтті. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жетістіктері» атты мерекесін тойладық. Онда балалар өздерін әр қырынан танытты.
Қорытындылай келе, тәрбиелеу оқу үрдісінде бала мен педагогтың тығыз байланысы нәтижесінде мектепке дейінгі бала адамгершілік тәрбие алады, тіл байлығы, сөздік қоры дамиды, ой - өрісі кеңейеді, жеке тұлға болып дамиды. Әр тәрбиеші өз жұмысына қабілетті болса, онда болашақта Қазақстан Республикасының болашағы көркейіп, дамыған елу елдің қатарына қосыламыз. Әр бала табиғаттың тамаша жемісі.
Бала әуесқой тынымсыз зерттеуші. Сондықтанда қымбатты әріптестер
«Баланың өскен бесігі, кең дүниенің есігі» дегендей бүлдіршіндерімізді балабақша , шағын орталық сияқты бесігінде инабатты да, өнегелі етіп тәрбиелейік!