Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI286

Менің мамандығым – мұғалім

Мен өз ісімді сүйемін. Небәрі он тоғыз жаста ұстаздық жолды бастағанымда, қандай жемісті әрі қызықты жылдарды өткізетінімнен бейхабар болғанмын. Дипломымды қолыма алып, еңбек жолымды бастағанымда , алдыма әлі асыр салып ойын ойнайтын, сан не, әріп не екенінен беймәлім балалар келді. Зер салып, қарасам бастауыш сынып мұғалімі қалай жазуды, санауды үйретсе, сол тірекпен адам өмір бойы өмір сүреді екен. Ұстаз ретінде, елімнің жастарын сауатты ету – менің жауапкершілігім, менің мамандығым еді. 

2011 жылы Нұрсұлтан қаласындағы №67 гимназияға бастауыш сынып мұғалімі болып жұмысқа орналастым.Биыл біздің гимназиямызға 10 жыл толды.

Менің ұстаздық отыз үш  жылдығым мен гимназиямыздың он жылдығы сәйкес келген екен. Ең бірінші рет бас қалаға көшіп келгенімде, гимназиямыз да енді ашылып, астанадағы өмірді бірге бастадық. Қиын кезеңдерді де, ең бақытты кезеңдерді де осы қабырғаларда өткіздік. Менің ұстаздық жолыма жаңа бояулар мен жаңа белестер әкелген - гимназия. Осы гимназияның ерекшелігі: ағылшын, неміс, француз, қытай тілдерін тереңдетіп үйретуінде. Ал ұстанымы: «Бақытты бала   қаланатын  мектеп, әр баладан үміт күту» болса керек. Бұл ұстанымды әрдайым алға тартып, білім мен сену формуласымен жұмыс істеп келемін. Нәтижесінде, менің бірнеше шәкірттерім қалалық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленді. Қалалық 1-7 сынып  «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсы, бастауыш сынып оқушылары арасында жылда ұйымдастырылатын қалалық математикалық «Бастау» турнирінде өз оқушыларымның жетістігін көру мен үшін қуаныш.

Еңбек өтілімде қанша жылдар болса да, әлеммен бірге мен жаңарып жатқандаймын. Гимназиямызбен осындай әрдайым жетілу мен жаңа білім үстінде болу -  қуаныш, өйткені қандай маман, кәсіпқой болса да, әркім жаңа білімді қажет ететіні айғақ. Себебі, мен адамдардың ғылымға деген ең бірінші жол салушысымын, ең алғашқы ұстазымын. Барлығына оңай көрінетін, жазу мен оқуды үйретуге әлдеқайда үлкен еңбек керек. Осындай үлкен жауапкершілікті арқалап, отыз үш жылда жастар біліміне үлес қосқаным үшін, бір кірпіш дүниеде тетігін тауып қаланғаныма қуаныштымын. Мен мұғалім болғаныммен мақтанамын! 

526 15
Куляй Жакупова «№67 гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Бастауыш сынып мұғалімі Нұр-Сұлтан қаласы Ұлы Дала Ұстазы № 000082
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *:

Актоты
4 октября 2021 18:01
Кулай апай еңбегіңіз биіктен көріне берсін. Керемет. Тек алға
Ацнұр
4 октября 2021 18:11
Күлай апай еңбегіңізге шығармашылық ізденістер мен табыс, жетістік тілеймін. Сәттілік!
Айнұр
4 октября 2021 18:12
Цитата: Ацнұр
Күлай апай еңбегіңізге шығармашылық ізденістер мен табыс, жетістік тілеймін. Сәттілік!
Гульмира
4 октября 2021 18:33
Күляй апайымыздың атқарған жұмыстарынан мін таппайсың. Үнемі ізденіс үстінде, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын ұстаз. Тапсырылған кез – келген шаруаны тыңғылықты тындыруға асығады.
Күляй апамыз - жаны таза, ұқыпты адам. Эстетикалық талғамы жоғары, адамгершілігі биік. Жақсы сырлас. Ақыл – парасаты өмірде көрген – білгендігімен ұштасып жатады. Үш баланың анасы, отбасында, ұжымында, туыстардың арасында сыйлы жан. Әріптестерімен тату, керек жағдайда көмек қолын созады, ешкімге жамандық ойламайды. Орынды әзіл – қалжыңды сүйеді. Өзіндік мәдениеті жоғары деңгейде.
Мен Куляй апаймыз туралы мінезі ашық, дос көңілді, текті адам деген пікірдемін.
Казина
4 октября 2021 19:36
Еңбегін табысты бола берсін!👍
Нурслу
4 октября 2021 20:48
Күляй мұғалім еңбегі зор, адамгершілігі мол адам. Өзінің алға қойылған мақсаттары орындала беруіне, шығармашылық табыстары молайуына тілектеспіз.
Света
4 октября 2021 21:46
Күляй әріптесім- білікті, өз ісін жақсы білетін, кез келген шәкіртімен тіл табыса алатын, жаңашыл, мықты үстаз.
Айнур
5 октября 2021 08:46
Керемет!
Қаламың ұштала берсін!
Нургуль
5 октября 2021 10:06
Керемет әсерде отырмын, сіз сияқты ұстаздар көбейе берсін!🌹
Гульжипар
Гульжипар
6 октября 2021 02:31
Әрқашан еңбегің жемісті болсын! Шәкірттеріңіз тек биік шыңдардан көрініп, сізді тек қуанта берсін🙏Тек қана алға! 😘
Жария
Жария
6 октября 2021 14:14
Керемет. Ұстаз. Ана. Еңбегің іздің жемісін көріңіз.
Кайыртай
9 октября 2021 16:43
Кулай апай, енбегиниз жемисти болсын.
Галия
Галия
9 октября 2021 22:40
Шыгармашылык табыс. Биктерден корине бер.
Роза
10 октября 2021 12:29
Кулай еңбегіңнің жемісін көріп, әрдайым биік белестерден көріне бер! Әр бастаған ісіңе сәттілік тілеймін! 😘
Алмагуль
26 октября 2021 08:46
Куляй апай, сіз керемет жансыз! Сізге тек сәттілік тілеймін! Еңбегіңіздің жемісін көріңіз!