Қазақстан Республикасының Заңнамаларында балаларды қорғау аясындағы халықаралық құжаттарға сәйкес мынандай ұғым енгізілген: ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар және барлық оқушылардың жекелік мүмкіндіктері ескеріле отырып сапалы білім алудағы тең құқығы.
Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес елімізде 2011 жылдан бастап инклюзивті білім беру кезеңімен енгізілуде. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары 1.1 тарауы «Қол жетімділік пен инклюзивті білім беру» төмендегі мақсаттарға жетуді болжайды: - инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық қолдаумен қамтамасыз етуді, жұмыс біліктілігі бойынша сұранысқа ие арнайы кабинеттерін, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу бағдарламаларын құруды, сондай-ақ педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыруды; - ерекше білім беруге қажеттіліктері бар тұлғалар үшін білім берудің барлық деңгейлеріне қол жетімділікті қамтамасыз ету, жан басына шаққандағы қаржыландыру шеңберінде қаржыландырудың жоғары нормативі қарастырылған, оларды оқыту үшін мемлекеттік тапсырыс ұлғайтылған.
Оқушының оқу қиындықтарының сипаты мен дәрежесіне қарай бір немесе бірнеше білім беру қажеттілігі анықталуы мүмкін. Оқушылардың ерекше білім қажеттілігі оқытудың кез келген кезеңінде пайда болады. Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау –оқу процесі барысында оқушыны қолдаудың түрін, формасын, көлемін анықталған оқу қиындықтары, олардың пайда болу себептері мен механизмдері негізінде белгілеу. Оқу процесі барысында қиындықтары бар балаларды анықтау және олардың ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалау екі деңгейде жүзеге асырылады.
Оқушының қажеттілігін бағалау мен қолдау көрсетудің бірінші деңгейі. Бағалау мен қолдауды тікелей мұғалім жүргізеді. Мұғалім формативті бағалау процесінде оқу қиындықтарын бірінші болып анықтайды.Оның міндеті – өзбетінше қиындықтардың сипатын, олардың пайда болу себептерін, оқушының қалыптасып жатқан білімдерінде олқылықтарын анықтау. Осы алынған ақпарат негізінде мұғалім оқушының сыныптағы оқу барысына қолдауды ұйымдастырады (жекелік тәсіл). Мұғалімнің оқушыны қолдау тәсілдері: - оқытудың вариативтік арнайы әдістерін қолдану; - сабақта жеке оқу материалдарын қолдану; -оқу нәтижелерін бағалау тәсілдерін өзгерту; -бақылау материалдарын өзгерту; -сыныптағы оқу орнын белгілеу және бейімдеу; Егер оқушыда мұғалімнің жекелік көмегіне қарамастан бір немесе бірнеше пән бойынша оқу бағдарламасын меңгеруде қиындықтары сақталса, онда мұғалім мектептік психологиялық-педагогикалық қызметінен көмек сұрап, 7- форманы толтырады. Оқушының қажеттілігін бағалау мен қолдау көрсетудің екінші деңгейі. Қажеттіліктерді бағалауды мектептің психологиялық-педагогикалық қызметінің мамандары жүргізеді (психолог, логопед, арнайы педагог, әлеуметтік педагог). Олар ата-аналарын кездесуге шақырып, балалардың оқудағы қиындықтары және ерекше білім беру қажеттілігін бағалау туралы мұғаліммен бірге хабардар етеді. Балалардың мамандардың көмегіне қажеттіліктерін бағалау үшін ата-аналарының жазбаша рұқсатын алу қажет 6- форманы толтырады . Әрбір маман арнайы әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып, оқушының оқу қиындықтарын тудыратын даму ерекшеліктері мен себептерін анықтау мақсатында тереңдетілген тексеру жүргізеді .Тексеру барысында маман оқушы дамуының әлсіз жақтарын ғана емес, сонымен бірге күшті жақтарын көрсетіп, оқушының табысты болу ресурстарын да анықтайды. Тексеру барысында маман оқушы дамуының әлсіз жақтарын ғана емес, сонымен бірге күшті жақтарын көрсетіп, оқушының табысты болу ресурстарын да анықтайды. Тексеру нәтижелері бойынша маман мыналарды белгілейді: - оқушының қысқартылған оқу бағдарламасына мұқтаждығын; - қандай мамандар оқушыға қиындықтарды еңсеруге көмектесе алады (психолог, логопед, арнайы педагог); - оқытудың қандай әдістері мен тәсілдері ең тиімді болады; - оқушының оқу орнын қалай бейімдеу керек. Психолог, логопед, арнайы педагог, әлеуметтік педагог анықтаған оқыту қиындықтарының себептері негізінде мұғалім мен психологиялықпедагогикалық қолдау мамандары жүргізетін жекелік оқу бағдарламасының мазмұны белгіленеді. Мамандар көмегінің бағыты мұғалімнің сабақтағы жекелік тәсілінің және балаға ата-аналары көрсететін көмегінің мазмұнына сәйкес келісіледі. Мамандар көмегі жекелік және топтық сабақтарда іске асырылады. Мұғалім мен мамандардың көмегі қысқартылған оқу бағдарламасын табысты меңгеруге ықпал жасамаған жағдайда (1-3 оқу тоқсандар ішінде),қолдау қызметі оқушының ата-анасы ПМПК-не ұсынымдар алу үшін жіберіледі (ата-анасының келісімімен). Бөлектенген жағдайда психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мамандарының тексеру нәтижелерін сараптағаннан кейін ПМПК ұсынымдарын алу жөнінде шешім қабылданады. Оқушының қажеттілігін бағалау мен қолдау көрсетудің үшінші деңгейі. Оқушының қажеттіліктерін бағалауды психологиялық-медициналықпедагогикалық кеңес мамандары жүргізеді. Бағалау нәтижелері бойынша ПМПК оқушыға арнайы педагогтың, ассистент-педагогтың көмегін, білім алудың варианттарын ұсынуы мүмкін: тұрғылықты жеріндегі жалпы білім беру сыныбында, арнайы сыныпта, арнайы мектепте.
ҚР «Білім туралы» Заңының 49 бабына сәйкес білім беру ұйымын таңдау құқығы ата-аналарға беріледі. Ата-аналар тұрғылықты жердегі мектепті таңдаған кезде, мектеп оқушыға мұғалімнің және қолдау көрсету мамандарының көмегін ПМПК ұсынымдарына сәйкес қамтамасыз етуі тиіс. Маңызды жалпылама ақпарат
1.Оқушылардың ерекше білім беру қажеттілігін бағалау мектеппен (мұғалім және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметімен), сондай-ақ психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңеспен жүзеге асырылады. Жалпы немесе арнайы сыныпта ақыл-ойы кем балаларға арналған жеке немесе арнайы бағдарлама бойынша (МЖМБС-ға бағдарланбаған) баланы оқыту туралы шешімді ПМПК-дің кешенді тексеру негізінде ғана қабылдайды.
2. Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметі және / неме- 25 се мектеп Кеңесі қажет болған жағдайда дербес (ПМПК ұсынымынсыз) жалпы білім беру бағдарламаларын қысқарту (бейімдеу), психолог, логопед, педагог-ассистент қызметтерін көрсету туралы шешім қабылдай алады, бірақ тек белгілі бір кезеңге – бір-үш оқу тоқсанынан аспайтын. Егер балаға оқу бағдарламасын меңгеруде мұндай көмек көрсету жеткіліксіз болса, онда ерекше білім алу қажеттілігін растау үшін баланы ПМПК-ге бағыттау қажет.
3. Баланың мектептегі оқу үлгерімі мен мінез-құлық нәтижелері негізінде қандай да бір маманның қызметіне мұқтаж еместігі туралы шешімді қолдау көрсету қызметі және/немесе мектеп Кеңесі қабылдайды.
4. ПМПК-дің ерекше білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру жөніндегі ұсыныстары бастауыш мектепте (бірінші және төртінші сыныптарда) оқу уақытында кемінде екі рет жаңартылуы тиіс. Мектеп қолдау көрсету қызметінің және/немесе мектеп кеңесінің шешімі бойынша қажеттілік туындаған жағдайда баланың ЕБҚ-н бағалау мен ұсыныстар алу үшін ПМПК-ге жібере алады.
5. Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау тек ата-аналардың келісімімен ӘПКК-нің мамандарымен жүргізіледі. Сонымен, инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін мектептерде білім мазмұнын үш түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал. Атап айтқанда: жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы.
Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілді.
Инклюзивті оқыту- негізгі принцептері:
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктермен анықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір-біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету-өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Инклюзивті бағыт кемтар балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.
Инклюзивті білім берудін мазмұны: Инклюзивті білім беретін мектептерде білім мазмұны 3 түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал:
* жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары:
* мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшіліктерін есепке ала отырып әзірлентін оқытудың жеке бағдарламасы.
Қазіргі уақытта мен инклюзивті оқушылармн жұмыс жасаймын. Сол сыныппен жұмыс жасау барысында инклюзивті білім беру керек екендігін түсіндім. Әр оқуышының білім алуда өз ерекшеліктері бар. Мәселен әр оқушының эмоционалдық және психикалық таным процестерінің дамуы деңгейі әртүрлі екенін естен шығармау керек. Жалпы білім беретін мектептердегі мүмкіндігі шектеулі балалар оқу материалын меңгеруде, жеке тәсілдің жоқтығы, арнайы коррекциялық – түзету, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік қолдаудың жеткіліксіздігі салдарынан әлеуметтік дағдыларды игеруде елеулі қиындықтарға тап болады.
Инклюзивті оқыту- барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында мектеп және мектепке өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту-оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту-барлық балалардың мұқтаждығын ескеретін ерекше қажеттілігі бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы.
Инклюзивті білім беру балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдйын да өзгереді. Инклюзивті білім беруді ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіндік алады. Инклюзивті оқыту балаларды жалпы білім беру үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімделуге, жынысына, шығу тегіне, дініне қарамай балаларды айыратын кедергілерді жоюға ата-аналарын белсенділікке шақыруға балалардың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді саясат.
Қорыта айтқанда, қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы білім беру өмір талабы болып табылады. «Бәріне бірдей мүмкіндік», «Сапалы білім - барлығы үшін» деген ұстанымды қолдаймын.