Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI275

Ерте жастағы және мектеп жасындағы балалардың аутистік бұзылымдарының пайда болуы

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ел дамуының ұзақ мерзімді «Қазақстан - 2050» стратегиясында халық денсаулығын сақтау мәселесін басты бағдар ретінде қарастырды. Яғни, мемлекет үшін болашақ ұрпақтың денсаулығы өте маңызды. Адам денсаулығы – қоғам байлығы.

Қазіргі кезде балалардың денсаулығының нашарлауы да байқалады. Барлығымызға ой салатын мәселенің бірі- орта экологиясының бұзылуы, бала денсаулығына кейбір технологияның және басқа факторлардың әсер етуі болып отыр, осындай әсер салдары адамның физиологиялық, психологиялық және адамгершілік қасиеттері мен денсаулығының бұзылуына әкеліп соғады. Осындай денсаулықтың бұзылуларынан  қазіргі қоғамда аутизм дерті күн санап өсіп келеді. 

Соңғы ақпараттарға сүйенсек, әлем бойынша бұл дертке шалдыққандар саны 65 миллионнан асады делінген. Ал соның ішінде біздің елде осы диагноз бойынша тіркелгендер саны мыңнан асады екен. Дерек көздерінде соңғы он бір жыл ішінде аутизмге шалдыққан балалар саны 20 есеге өскен, ол дегеніміз дүниеге келген әрбір елуінші сәби осы аурумен туылады дегенді меңзейді. Ал аутизм қыз балаларға қарағанда көбіне ер балаларда жиі кездеседі.

Аутизм - бұл термин жарты ғасырдан астам уақыттан бері қолданылып келеді. Көпшілігі оны осындай диагнозға шалдыққан адам үшін өмірлік үкім деп түсінеді. Олардың көпшілігін оқудың, басқа адамдармен қарым-қатынас жасаудың, тілдесудің, ойын-ойнаудың ауыр немесе тұрақты жетіспеушілігіне ұшыраған деп есептеген. Аутизмі бар адамдардың өте аз бөлігі (5%-дан аз) ересек болғанда өз іс-әрекеттерінде тәуелсіздікке қол жеткізе алады. Бірақ осы кішігірім топтың өзінде көбісінде, кем дегенде, аутизм белгілері сақталады. Тарих аутизммен ауыратын адамдар өмір бойы қолдау мен ұзаққа созылған емдеуді қажет ететінін көрсетеді. Қазіргі таңдағы басты ахуал мынада: аутизм – бұл «өмір бойғы қабілетсіздікдің ауыр түрі». Аутизмді емдеуге болады деген пікір бар. Шынында да, көместесуге (тіпті емдеуге) үміткер технологиялар, терапиялар, ем түрлерінің үлкен таңдауы бар және үнемі емдеудің жаңа әдістері де пайда болуда.

1943 жылы доктор Л. Каннер алғаш рет бала аутизмін психологиялық дамудың жеке бұзылысы ретінде ерекшеледі. Ол бала дамуындағы ауытқушылықтың ерекше түрін сипаттап, оның ерте жастағы «бала аутизмі» деп атады. Аталған дерттің нақты неден, қалай пайда болатыны жайлы  ақпарат әлі де белгілі болмай отыр. Ғаламдық зерттеулер көрсеткен  аутизм синдромының пайда болуы мүмкін себептері топтастырылды. Олар:

1. Орталық жүйке жүйесінің бұзылуы салдарынан

2. Тұқымқуалаушылық фактордың әсері

3. Мидың органикалық зақымдалуы

4. Тұқымқуалаушылық хромосомалық өзгерістер

5. Анасы жүкті және туу кезінде алған жарақаттар

6. Нейроинфекциялар

Ерте жастағы балалар аутизмі – кішкентай балалардің ми қызметінің бұзылуы салдарынан айналадағы адамдармен  қарым-қатынасқа, байланысқа түсу қиыншылықтарын тудыратын психикалық ауытқулар. Негізі бұл көріністі ауру деп айтуға келмейді. Ол – психикалық дамудың бұзылуы да болуы мүмкін. Ерте жастағы аутситік бұзылымдарда  баланың бойында шындықтан ауытқу, немқұрайлылық, сыртқы құбылыстарға жауаптардың болуамы көрініс береді. Баланың миына келіп түскен ақпараттарды бала қабылдай алмайды. Миының сенсорлық жүйелері сыртқы факторларға жауап бере алмайды. 

Бала аутизмінің басқа да ерекшеліктері бар. Мысалы, қорқыныштар. Көбіне олар қатты шудан, тұрмыстық әлектр құралдардан, желден, жануарлардан, үлкен машиналардан, пианинодан қорқуы мүмкін. Аяқасты пайда болатын үрейлер де болады: бала еш себепсіз кенеттен шошынып, жылайды, айқайлайды, қасына ешкімді жақындатпайды. Керісінше болуы да мүмкін: ол қараңғылықтан, биіктіктен еш қорықпайды: үстел шетімен жүреді, жүзе алмаса да суға сүңгиді.

Ерте және мектеп жасындағы балаларда  аутизмнің «классикалық» көріністері сипат алады. Әлеуметтік қоғамда қарым-қатынастан аулақ жүреді, сенсорлық жауаптардың жеткіліксіздігі, мінез-құлық стереотитері,сөйлеу бұзылыстары көрініс табады. Сонымен қатар, баланың аутистік бұзылыстары ересектерде сирек күлу және өзінің есіміне ғана жауап беру байқалады. Ал, егде жаста көз байланысы болмайды, аз эмоция көрстеді. Мектеп жасындағы балаларда бірлескен қарым-қатынасқа түспейді, үнемі оқшау жүргенді ұнатады. Ойын іс-шараларын ұйымдастырғанды, қатысқанды ұнатпайды. 

Осы аталған сипатағы көріністердің, яғни аутист балалардың саны өсуі оларға түзету көмегінің дұрыс және дер кезінде көрсетіліуінің қажеттілігін білдіреді. Олардың отбасының қажеттілігіне, талабына деген қоғам мен әртүрлі қоғамдық орындар жағынан түсінушілікті қажет етеді. Қоғам жағынан осындай түсінушілікті қамтамасыз ету үшін аутист балаларды оқыту мен әлеуметтік дамыту саласында ағарту жұмысын жүргізу және оның құзіреттіліігн арттыру өте маңызды.

Бала бойындағы аутизм белгілерін әртүрлі көріністерден байқауға болады. Ерте  жастағы балада  аутистік спеектрі емшектегі баланың іс-әрекет және әсерлесу ерекшеліктерін ата-ана байқай алады. Бұған емізудегі қиындықтарды жатқызуға болады. Атап айтқанда, нәресте емшектен бас тартады немесе тым сылбыр емеді, немесе тым қомағайланып емеді, тойына алмайдыБөтелкемен емізуге қатты қарсылық білдіреді немесе, керісінше, емшектен бас тартып бөтелкені қуана емеді. Тәбеті нашар болуы мүмкін, кейде ол тамақты талғап жейді, кейбір өнімдерден, мысалы сүттен, еттен, балықтан, мүлде бас тартады. Науқас балалардың көпшілігінің асқазан-ішек жолы дұрыс жұмыс жасамайды: іші жиі қатады, құсады. Ұйқы бұзылыстары болуы мүмкін: бала не күндіз, не түнде ұйықтамайды, үнемі айқайлайды немесе күндізгі уақыт пен түнгі уақытты ауыстырып алады, кейде, керісінше, төсекте еш мазасызданбай, көзін бақырайтып бірнеше сағат жата береді. Кейде бұндай сәбиді ата-анасы «қолайлы», сабырлы, ешқандай қиындық тудырмайтын бала деп санайды. Алайда, бұл көріністер бала бойындағы аутистік бұзылулардың алғашқы көріністері болып табылады.

Баладағы әлеуметтік өзара қарым-қатынастың бұзылуы қоршаған адамдармен, ортамен қатынастың болмауынан немесе айқын шектелуінен көрінеді. Бала әлемнен оқшау, өз әлемінде өмір сүреді. Сырт көзге ол қоршаған адамдарды көрмейтін секілді, ол үшін тек өз қызығушылықтары мен қажеттіліктері маңызды секілді көрінеді. Баска адамдардың оның әлеміне «кіру», қарым-қатынаска шакыру әрекеттеріне үрейленіп, агрессиямен жауап береді, өз-өзіне деген агрессия туындауы мүмкін.

Бала өсе келе бұл көріністер ұлға түседі. Мектепке дейінгі жаста балалардың қоршаған ортамен қарым-қатынасы мен өзара әркетте қиындықтардың болуы арта түседі. Балада сөйлеу тілінің дамуының тежелуі, баланың тәртібіндегі проблемалар ата-анасына айқын байқала бастайды. Осы кезде ата-ана тарапынан қиыншылықтар, түсінбеушіліктер туындайды және мамандардың көмегіне жүгіне бастайды. Ерте жастағы аутистік бұзылыстарды көре біліп, онымен дұрыс жұмыс жасай білу баланың бойындағы бұзылыстарды алдын алады. Алайда, ата-аналар бала бойында көрініс беріп жатқан психикалық бұзылыстарды мойындаудан бас тартып уақыт жоғалтып алатындарда қоғамда кездесіп жатыр.

Ерте жаста қалыптасқан бұзылыстармен дұрыс жұмыс жасамау салдарынан бала мектеп жасына келгенде қиындықтар себебін ұлғайта түседі. Мектеп жасындағы кейбір балалар басқаруға көнеді. Үлкендер тарапынан берілген нұсқау бойынша тапсырмаларды орындай бастайды. Кейде ортада болып жатқан кейбір құбылыстарға қызығушылық танытуы мүмкін. Сөйлеу тілі пайда болып, өз қалауын білдіру үшін жеке сөздермен, сөз тіркестерін пайдалана бастайды. Аутистік бұзылымы бар балалардың тағы бір түрлерінде оқу үшін қажеті үлкен болуы мүмкін. Аз уақыт өткен соң ол балаларда мектеп өмірінің жалпы стереотипі пайда бола бастайды да оны бұлжытпай орындайды. Бұл балаларда мектеп өміріне бейімделуде және оқу материалдарын меңгеруде қиындықтар болмайды. Мектепке кезеңінде балалардың көбі айтарлықтай өзгереді, олардың әлеуметтік бейімделуі жақсарады, олардың сырт келбеттерінен ауыр бұзылысының бар екені байқалмайды. 

Тарихқа көз жүгіртсек аутизмге ұшыраған атақты тұлғалар қоағамда  аз болмаған. Олардың қатарында әлемге әйгілі австралиялық композитор Вольфганг Амадей Моцарт, поляк-француз ғалымы Мария Кюри, өнертапқыш Томас Эдисон, т.б. болған деседі. Бертін келе «Покемон» сериалының, түрлі ойындардың авторы жапониялық Сатоси Тадзиридің, тіпті Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтстің «ерекше» екені БАҚ беттерінде бірнеше мәрте айтылды.

Қоғаммның және ата-ананың басты қазығы, алтын тіреуі діңгегі – бала. Әрбір адам салауатты өмір салтын сақтап, өз денсаулығына сақтықпен қараса жарқын өмірге жол ашылады. Демек, өміріңіз бен нұрлы болашағыңыз өзіңіздің қолыңызда екенін ұмытпаңыз. Бала бойындағы психологиялық бұзылыстарды дер кезінде байқап, оған жақсы нәтижеге бағытталған жұмыс жасай білсек, қоғамда бұндай мәселелер саны азаяр еді.

   

344 0
Меруерт Аккутанова, Мөлдір Жанахметова, К.Каракөзов атындағы №235 орта мектебінің «Аутизм балаларды қолдау» кабинетінің тьютор-педагогтары Қызылорда қаласы Ұлы Дала Ұстазы № 000047
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: