Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI265

МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ЖЕКЕ-ДАРА САРАЛАНҒАН ОҚЫТУ ӘДІСІН ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ

Математика сабақтарында оқытудың жеке-дара сараланған тəсілдерін қолдану, пəн бойынша оқу үлгерімін арттыру мəселелерін шешудің тиімді жолы болып табылады.

 Тəжірибе көрсетіп отырғандай, математикада оқыту сапасын арттырудың негізгі факторларының бірі, барлық оқушыларға жеке-дара сараланған көзқарас. 

Өйткені мұндай көзқарас заманауи білім беру талаптарына сай жəне бұл əр баланың жеке ерекшеліктері мен қабілеттерін диагностикалау нəтижелеріне, оның пəнге қатынасы мен оны игеру мүмкіндіктеріне негізделген жеке тұлғаға бағытталған оқыту.

 Жеке-дара сараланған тəсілді қолдану жеке оқушы үшін оқу материалының қиындықтарын алдын-ала болжауды жəне тапсырмалардың ұтымды түрлерін таңдауды қажет етеді. Ол өз кезегінде, күшті жəне əлсіз оқушылардың дамуына кең мүмкіндік береді. Яғни, оқытуда жеке-дара сараланған тəсілді қолдану, қабілеттері əртүрлі деңгейдегі балалардың дамуы үшін үлкен жағдай туғызады; артта қалушылықты қалпына келтіреді жəне мерзімінен бұрын оқи алатындардың біліктілігін арттыруға жағдай жасайды. 

Жеке-дара (дифференциация) оқыту жеке оқушымен де, жұппен де жəне оқу үрдісінде топпен жұмыс жасай отырып жеке тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал етеді. Оның сипаттамалық белгілері: талаптардың ашықтығы, оқушылардың тапсырманы өздері игеру деңгейін таңдап, бір деңгейден екінші деңгейге өту арқылы ынталандыру. 

Жеке-дара саралап оқыту технологиясын қолданудың басты мақсаты - əр адамды қабілеттері деңгейінде үйрету, бұл əр оқушыға өзінің қабілетіне қарай барынша білім алуға жəне жеке əлеуетін көтеруге мүмкіндік береді. Сондықтан да, бұл технология оқу үрдісінде кеңінен қолдануға болады. Бұл əдіс мұғалімге оқу үрдісінде дараландыру мен көп деңгейлі саралауды қолдану арқылы білім сапасын жақсарту үшін жағдай жасауға, оқушылардың ынтасын арттыруға, оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуға, оқу процесін ұйымдастырудың формалары мен əдістерін жетілдіруге мүмкіндік береді. 

Оқытуды даралау жəне көп деңгейлі саралауды мұғалім оқу үрдісінің əртүрлі кезеңдерінде кеңінен қолдана алады, атап айтсақ: жаңа материалды зерттеу; сараланған үй тапсырмасы; сабақтағы білімдерін есепке алу (коррекция); өткен материалды игеруді меңгеру; өз бетімен жұмысы; қателер бойынша жұмысты ұйымдастыру; топтастыру сабақтары. 

Саралап оқыту əдісін ғалымдар Л. С. Выготский, Л. В. Занков, Д. Б. Эльконин жəне т. б. зерттеулерінен көруге болады. Д. Б. Эльконин ақыл-ой дамуын ынталандыру мүмкіндіктері туралы айта келе, оқушының жанжақты дамуы, деңгейдің жоғарылауы оқушылардың ақыл-ой қабілеттерінің өсуіне əкеледі. Сондықтан дамуды жандандыру үшін білім мазмұнын өзгерту қажет деген тұжырым жасады. 

Ал педагогика ғылымдарының докторы Инге Эричовна Ун өзінің «Білім беруді даралау жəне саралау» кітабында «Индивидуализация - бұл оқу процесінде қандай ерекшеліктер мен қаншалықты ескерілетіндігіне қарамастан, оқушылардың жеке ерекшеліктерін оның барлық формаларында қарастыру. 

Дифференциация дегеніміз – оқушыларды жеке зерттеу үшін қандай да бір ерекшеліктер негізінде топтастырылған кездегі жеке ерекшеліктерді ескеру. » - деп көрсеткен. Жоғарыдағыларды негізге ала отырып біз зерттеу жұмысымыздың мақсаты мен міндеттерін анықтадық. Зерттеу мақсаты: жеке-дара саралау негізінде математиканы оқыту үрдісінде оқушылардың зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін дамыту жағдайларын анықтау жəне негіздеу 

Зерттеу міндеттері: 

Ø жеке дара саралап оқыту əдістерін қолданып оқыту тəсілдерін, формаларын, талдау, қалыптастыру жəне дамыту; 

Ø зерттеу нəтижелеріне талдау жасау. 

Ø оқу үрдісінің белсенділігін, дамуын қамтамасыз ету 

Ø оқушылардың шығармашылық белсенділігінің арттыру;

 Ø оқыту сапасын жақсарту.

 Білім беруді дараландыру мəселелерін шешудің тəсілі əр адамның белгілі бір туа біткен белгілері - қабілеттердің даму процесінің маңызды шарты болып табылатын бейімділікке негізделген. Бірақ егер бұл бейімділіктер белгілі бір дəрежеде дамымаса жəне қозғалмаса, қабілеттерге айналмауы мүмкін. Тəжірибе көрсетіп отырғандай оқушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып құрастырылған көп деңгейлі тапсырмалар сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызады. Əр дұрыс шешілген тапсырмадан кейін балалар қанағат сезіміне ие болады. Қиындықтарды жеңудің нəтижесінде пайда болған сəттілік танымдық белсенділіктің артуына күшті серпін береді. 

Оқушылар өз қабілеттеріне сенімді болады, жоғары деңгейдегі мəселелерді шешуге тырысады. Мұның бəрі оқушылардың ақылой белсенділігін жандандыруға, оқуға жағымды ынтаны қалыптастыруға ықпал етеді. Жеке-дара саралап оқыту сабақтың əр кезеңінде қолданылады. Мысалы жаңа материалды түсіндіру кезеңінде мен негізінен бүкіл сыныппен жұмыс жасаймын. Оқушы тек оқытушының білім туралы мəліметтерін пассивті қабылдауға ғана емес, сонымен қатар өз бетінше білім алып, қол жетімді танымдық міндеттерді шешуге жұмыстанады. 

Жаңа материалды меңгеру сабағы оқушыларға қол жеткізуге тиіс мақсатты өз бетімен білуден басталады. Өйткені зерттеулер көрсеткендей, саналы мақсатқа адам неғұрлым белсенді жəне жылдам жетеді. Нəтиженің өзі жоғары жəне жақсырақ болады. Сондай-ақ тақырып бойынша сабақты қорытындылау кезінде жеке-дара сараланған оқыту тəсілдері кеңінен қолданылады. Мұндай сабақтар əдетте бағалауға бағытталады. Күнделіктік сабақта қалыптастырушы бағалаудың түрлері, əртүрлі тест тапсырмалары қолданылады. Мұндай сабақтарда сынып оқушылары сараланған тапсырмалар алатын микро топтарға немесе жұптарға бөлінеді, жеке үлестірме тапсырмалар қолдана отырып, тақырып бойынша сараланған мысалдар беріледі. Осылайша, жеке-дара сараланған оқытудың əр түрін зерттеп, сынау арқылы мен сабақтағы күнделікті жағдайда барлық оқушыларға бағытталған тапсырмаларды беру арқылы, жеке қабілеттерге сүйенетін, оқушылардың қажеттіліктері мен қабілеттерін ескеріп отырамын. 

Тəжірибенің тиімділігі: 

Ø сыныптағы барлық оқушылардың тапсырмаларды талқылауға қатысуға дайын болуы;

 Ø математиканы оқуға деген қызығушылық артады, оқу үрдісінде қолайлы психологиялық ахуал жасалады;

 Ø танымдық қызығушылығы, ақыл-ой белсенділігі артады; 

Ø өзіне деген сенім артады, жаңа міндеттерден қорқу сезімі болмайды; 

Ø жоғары деңгейдегі тапсырмаларды шешуге ынталанады; 

Жұмысымды саралай отырып оқушылардың бейімділігі, қызығушылықтары, қабілеттері, саналы таңдауын ескеретін, оқу іс-əрекетін ұйымдастырудың формаларының бірі, білім беруді жеке-дара саралау болып табылады деген қорытындыға келдім.

457 0
САГДАТ САПАНОВ, Атырау қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің математика пəні мұғалімі Ұлы дала ұстазы № 000245
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: