Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI261

БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫНДА РЕФЛЕКСИЯЛАУШЫ ПРАКТИК МҰҒАЛІМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАР

«Рефлексия» ұғымы туралы ойланып көретін болсақ, ол əрбір адамның өзінің жасаған іс-əрекеті туралы ойлануы жəне соның нəтижесінде өміріне немесе тəжірибесіне белгілі бір даму бағытындағы өзгерістер енгізуі деуге болады. Сөздіктердің түсіндірмесіне сүйенсек: 

Рефлексия– (лат. reflexio – өткенге жүгіну) – субъектінің назарын өзіне, атап айтқанда, оларды қайта ойлап, қорыту мақсатында өз белсенділігінің өніміне аударуы. Философияда рефлексия былай деп түсіндіріледі: 

1. Сананың жəне ойлаудың өзіне жүгіне алу қабілеті. 

2. Жаңа білім алу мақсатында білімді талдау.

 3. Сана мен жанның күйін өзіндік бақылау [1]. 

Педагогикада рефлексия – бұл педагогикалық үдеріске қатысушылардың өзінің даму жағдайын, өзін-өзі дамытуын жəне оның себептерін тіркеу үдерісі мен нəтижесі. «Рефлексиялаушы практик» деген ұғым философ, психолог жəне оқу реформаторы Джон Дьюи мен философ, индустриялық жəне технологиялық зерттеуші Дональд Шонның жұмыстарынан шығып отыр. 

Дьюидің «Біз қалай ойлаймыз?» (1910) атты кітабы рефлексиялық ойды шешілуге тиіс мəселелерді зияткерлендіру тұрғысынан қарастыра отырып, оқытуға ерекше ықпал етті: идеялар мен болжамдарды дамытып, практикалық жағдаяттарды зерттеу жəне талдауға бастама жасап іске асыру; болжамды тəжірибеде сынап көру. Үдерістің бұл мағынасы Шонның соңғы еңбектерінде рефлексиялық тəжірибені педагогтердің проблеманы анықтап, өз іс-əрекеттерінде эксперимент жүргізе отырып шешу əдісі ретінде қарастыратынына байланысты. Шонның «Рефлексиялаушы практик: кəсіпқойлар іс-əрекетте қалай ойланады» (1983) атты кітабының ықпалы күшті болды. Оның «техникалық ұтымдылық» ұғымын кəсіби білім негізі деп тануын жоққа шығара отырып, кəсіпқойлардың не істейтіндігін түсіну негізіне «рефлексия» түсінігін қоюы бұл іске қосқан зор үлесі болып табылады. Техникалық ұтымдылық кəсібилікпен салыстырғанда негізгі парадигма бола алмады. Оның «іс-əрекеттегі толғаныс» деген ұғымы кейде «іс барысындағы толғаныс» ретінде де сипатталады. Бұл біздің тəжірибемізге көзқарасты, біз пайдаланатын эмоциялар мен тоерияларды ескеруді көздейді, соның салдарынан өзгеріп жатқан жағдайға сай əрекет етуге көмектесетін жаңа сезімдер туындайды. Бұл үдерістен кейін «іс-əрекеттен кейінгі толғаныс» жүреді [2].

 «Мұғалім неліктен рефлексия жасауы керек?» деген сұрақ қоя отырып өзіміздің шағын зерттеу жұмысымызды жүргізіп көрдік. Зерттеу жұмысының мақсатын «мұғалімдердің рефлексияларын дамытуда тиімді əдістерді анықтау, сонымен қатар курс уақытында жəне курстан кейін мұғалімдер өз тəжірибелерінде рефлексия жасай алу қабілеттерін, дағдыларын дамыту» деп тұжырымдадық

. Зерттеу тақырыбынан «Мұғалімдер өзінің жұмысына талдау жасау арқылы жеткен жетістіктерімен, жіберілген əлсіз жақтарын саралап, бағалап болашақта нені басқаша жасауға болатыны жайлы ойлану арқылы өз тəжірибесін жетілдіруге мүмкіндік туады. Рефлексивті емес мұғалімннен рефлексиялаушы практик мұғалімге айналады» деген нəтиже күттік. Əдетте зерттеу барысында курстың өту барысы жəне курстан кейінгі бақылау, сабаққа қатысу, сауалнама, сұхбат алу, журнал, күнделік, жазба кітаптары, блогтар, қойын дəптер мен стикерлердегі жазбалар, видео, фото мəлімет əдістері арқылы деректер жиналады.

 Біз өз зерттеуімізде біліктілікті арттыру курстарынан өту барысындағы мұғалімнің рефлексиясы, сауалнама жəне курс барысындағы бақылаулар арқылы деректер жинадық. 

Зертетуге қатысқан мұғалімдер саны – 90. Зерттеу бағыттарына «мұғалімнің жасы»; «педагогикалық тəжірибесі (еңбек өтілі)»; «сабақ беретін пəндік бағыттары (ЖМБ, ГБ, ББ)»; «біліктілікті арттыру курсынан бірінші рет өтіп жатқан мұғалімдер» алынды. Бастапқы зерттеу сауалнамасының жасына байланысты нəтижесі бойынша: 

20-29 жас аралығындағы жас мұғалімдер: өздерін зерттеуге тырысады жəне өздеріне сенімді екендігі анықталды;

 40-59 жас арасындағы мұғалімдер: кері байланыс өзін бағалауға көмектесуі үшін кері байланыс алғанды қалайды, бұл Авраам Маслоудың қажеттіліктер иерархиасындағы 5-ші деңгейге, «өзін-өзі таныта білу – дарын, қабілеті мен əлеуетін толық көрсете білу», сəйкес жəне нақты тұлға өзін нақты ролде қабілетті жəне құзырлымын деп санайтындығын анықатйтын Бандураның тиімділік компонентіне сəйкес деп тұжырымдадық [2]; 

30-39 жас арасындағы мұғалімдердің талдамаға алынған бес сұрақ бойынша көрсеткіштері орташадан төмен деңгейде екені анықталды, демек курс барысында осы жастағы мұғалімдерге рефлексивті практик мұғалім ретінде қалыптастыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуі қажет. Бастапқы зерттеу сауалнамасының еңбек өтіліне байланысты нəтижесі:

 1-10 жылға дейінгі еңбек өтілі бар мұғалімдер өздерін зерттеуге тырысады жəне өз мүмкіндіктеріне сенеді;

 11-20 жыл еңбек өтілі бар мұғалімдер өз мүмкіндіктеріне сенетіндіктерін көрсете тұра, қызметтеріне рефлексия жасамайтындықтары мен іс-тəжірибелерін талдамайтындықтарын көрсетті; 

21-30 жыл еңбек өтілі бар мұғалімдер: өзін бағалауы үшін кері байланысты қажет етеді. 

Бастапқы зерттеу сауалнамасының пəн бағыттарына байланысты нəтижесі: Гуманитарлық бағыттағы пəндерден сабақ беретін мұғалімдер өздерін зерттейді, кері байланыс іздейді жəне өз мүмкіндіктеріне сенетінін көрсетті; Жаратылыстану бағыты бойынша жұмыс істейтін мұғалімдер: зерттеу нысанына алынған бес сұрақ бойынша орташадан төмен нəтиже көрсетті; Бастауыш сынып мұғалімдері: өздерін зерттеуге тырысады, мүмкіндіктеріне сенеді алайда, өздерін бағалату үшін кері байланыс жəне тəжірибесіне рефлексия жасауға іс-əрекетін талдауға көңіл бөлмейтіндіктері анықталды.

 Курс кезінде рефлексвитік практик мұғалімді қалыптастыру жолдары: 

• Рефлексиялық сұрақтар. 

• Рефлексия парақтары. 

• Гибстің рефлексивті циклы (1988).

 • Өзін-өзі рефлексиялау. 

• Рефлексиялық күнделіктер. 

Зерттеу нəтижесі көрсеткендей сауалнаманың бірінші жəне екінші сұрақтары бойынша өздеріне толық сенімді мұғалімдерге қарағанда, сенімді мұғалімдер жоғары пайызды көрсетті, ал əлі де сенімсіз мұғалімдер көрсеткіші екі сұрақ бойынша жақын қатынастағы пайызда; Үшінші сұрақ бойынша кері байланысты дұрыс қабылдауына толық сенімді 61,5% болса, рефлексияға уақыт бөлуі, рефлексиялық əдістерді білуі жəне есеп жазуларына толық сенімділердің пайыздық көрсеткіші төмендеген; Рефлексия жасауға уақыт бөлмейтін (3.2%) жəне рефлексиялық есеп жаза алуларына сенімсіздікпен қарайтын (1.5%) тындаушы анықталды. 

Қортыныдылай келе, рефлексиялаушы практик мұғалімді қалыптастыру мақсатында біліктілікті арттыру курстарында əртүрлі əдіс-тəсілдер қолданылады, нəтижесінде мұғалімдер бастапқы ойлары өзгеріп, рефлесивтік практик болу үшін күнделікті рефлексия жасау дағдысын қалыптастыру қажеттігін түсінеді, өз тəжірибелеріне кіріктіру бойынша жұмыстар жасап, белгілі бір деңгейде кəсіби дағдылары қалыптасып қайтады. 

Пайдаланылған əдебиеттер:

 1. https: //ru. wikipedia. org/wiki/% D0% A0 

2. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық шеберлік орталығы», 2016 ж.

226 0
Д.А. АДИЛЬЖАНОВА, Қ.К. БУРУНБЕТОВА, Педагогикалық шеберлік орталығының Өскемен қаласындағы филиалы Ұлы дала ұстазы № 000243
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: