Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI260

ЭМОЦИОНАЛДЫ ЗИЯТТЫҢ БІРЛЕСКЕН ОҚУ ОРТАСЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕУДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ

Қазіргі таңда жаһандану, жер бетіндегі халық санының өсуі мен технологиялардың қарқынды дамуы білім беру саласының басты міндеті болса, білім беру жүйесінде қызмет атқаратын педагог мамандарға қойылатын талап жас ұрпақты сол талаптарға сай етіп тəрбиелеу мен білім беру болып табылады. ХХ ғасырда біз бəрімізге таныс жəне жайлы SPOD əлемінде өмір сүрдік. Ол тұрақты, болжауға болатын, қарапайым жəне белгілі əлем дегенді білдіреді: бұл VUCA əлемінен бұрын болған əлем. Қазіргі əлем, ХХІ ғасыр VUCA: Volatile – өзгермелі, құбылмалы, Uncertain – белгісіз, анық емес, Complex – күрделі, Ambiguous – қайшылықты əлемде өмір сүріп жатқандықтан, біз қандай болмасын өзгеріске бейім жəне дайын болуымыз қажет. Осындай кезеңде Қазақстанның жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері оқушыларға білім беруде өз заманының табысты тұлғасы болып қалыптасуы үшін ХХІ ғасыр дағдыларын меңгерулеріне басты назар аударуы тиіс. 

Мақалада еліміздегі білім беру саласында қолданылып жүрген «Сабақты зерттеу» тəсілімен жұмыс істеу үшін бірлескен оқу ортасын құру барысында қажетті алғышарттарды қарастырамыз. мақсатқа жету үшін қазіргі таңда оқушылардың бойында қалыптастырылуы керек ХХІ ғасыр анықтамаларында берілетін дағдыларға тоқталып барып, бірлескен оқу ортасы мен эмоционалды зият ұғымдарының мəнін ашуға тырысамыз.

 Жаңа ғасыр білімі мен дағдыларына əлемдегі жетекші ұйымдар берген анықтамалардың ішіндегі АТ21CS Консорциумының берген анықтамасына тоқталамыз. «Мельбурн Университеті базасында Cisco, Intel и Microsoft корпорациялары əзірлеген ХХІ ғасырда Оқыту жəне Бағалау Дағдысы бойынша Консорциумның (AT21CS) мысалы жиі келтіріледі. Аталған консорциум құрамына Австралия, Финляндия, Португалия, Сингапур, Ұлыбритания жəне АҚШ кіреді. 

AT21CS жаңа жүзжылдықта қажетті біліктерді, білімді, құндылықтарды, этикалық қатынастар мен ұғымдарды төрт дəреже бойынша топтастырады: 

Ойлау қабілеті: креативті жəне инновациялық ойлау, сыни ойлау, мəселелерді шешу, шешім қабылдау жəне оқуға үйрену (метакогниция немесе метатаным).

 Жұмыс қабілеті: коммуникация жəне ынтымақтасу. Жұмыс құралдары: ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану дағдысы жəне ақпараттық сауаттылық. 

Өмірлік дағдылар: азаматтық ұстаным, өмір мен мансап, жеке жəне əлеуметтік жауапкершілік, оның ішінде мəдени сауаттылық жəне құзыреттілік» [1]. Берілген анықтаманың ішінен жұмыс қабілетіне біріктірілген: коммуникация жəне ынтымақтасу дағдыларын мақаламызға негіз болайын деп отырған эмоционалды зият жəне бірлескен оқу ортасы ұғымдарымен байланыстырғымыз келеді. Мұғалім мен оқулық ақпарат береді, ал əр оқушы мұғаліммен жеке қарым-қатынаста болады. Осындай өзара іс-əрекет барысында оқушылардың бір-бірінен үйрену жəне бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын дамыту мүмкіндігі болмайды. Жұптық немесе топтық жұмыс істеу оқушылардың метатанымдық жəне коммуникативтік дағдыларын дамыту, түсінбеген жерлерін дұрыс түсіндіріп жəне білімді жеңіл жəне терең меңгертудің тамаша тəсілі болып табылады [1]. Бұл үзіндіден де тек Қазақстан білім беру жүйесінде емес, оқыту үдерісін қарым-қатынас негізінде ұйымдастыру шетел мектептерінде де бағаланатын оқыту формалары болып табылатындығының мысалы. 

Коммуникация ұғымының анықтамасын қарайтын болсақ: «Коммуникация (лат. communication байланысамын, қатынасамын) (қатысым) — адамдардың танымдык-еңбек процесінде катынас жасау, пікір алысу, ой бөлісу — олардың бір-бірімен əрекет жасауының айрықша формасы болып табылады. Адамзаттық коммуникацияның хайуанаттар коммуникациясынан басты ерекшелігі — оның тіл арқылы жүзеге асырылатындығында» [2] деп берілген. Ал адамдар арасындағы қарым-қатынас жоғарыда айтылғандай белгілі бір ортада өтетіндігі белгілі. Білім беру үдерісінде ол ортаны ынтымақтастық ортаға айналдыру мұғалімнің тікелей қолында. «Бірлескен оқу – бұл тəсілдің аясында оқыту білім берушілер мен білім алушылар арасындағы тығыз қарым-қатынас негізінде ұйымдастырылып, оқыту үдерісіне қатысушы əрбір жеке тұлғаның жеке үлесі мен қабілеті мойындалады.

 Үдеріске қатысушылар бірлесіп отырып ақпаратты белсенді іздеу, талқылау, талдау жəне жинақтау арқылы жаңа білім алады. Жұмыс тиімді болу үшін ынтымақтастық оқу жағдайында өкілеттік пен жауапкершілік топ мүшелері арасында бөлінеді. Ынтымақтастық оқудың алғышарты топ мүшелерінің бірлесіп əрекет етуі арқылы ымыраға, пəтуаға жетуіне негізделген» [3] делінген. Яғни бірлескен оқу ортасын қалыптастыруда коммуникация немесе қарым-қатынас, ой бөлісу маңызды болса, жоғары дəрежедегі əрекет орын алу үшін топ мүшелерінің бір-бірінің мінез-құлық əректтері үйлесімді деңгейде болуы қажет. Ынтымақтасу қабілеті XXI жүзжылдықтың маңызды дағдысы болып табылады. Білім туралы ғылым бізге бұл қабілетті тек күтілетін нəтиже ғана емес, сонымен қатар жаңа оқудың маңызды шарты екенін айтады. Оқушылар өздерінің қатарластары арасында жақсырақ оқиды [1, 15-бет]. Осы жерде соңғы кездері ақпарат құралдарынан жиі оқып жүрген эмоционалды зият маңызды орын алады. Өйткені эмоционалды зият – біздің түсінігіміз бойынша адамның өзінің жəне өзгенің, мысалы бірге жұмыс істеп отырған əріптестердің көніл күйінде болып жатқан өзгерістерді дер кезінде байқап, оны жұмыс істеу ортасының қалыпты деңгейіне кері əсерін тигізбейтін жағдайға келтіру. Бұл бірлескен оқу ортасын құру үшін ҚР білім беру жүйесінде қолданылып жүрген «Сабақты зерттеу» немесе «Lesson Study» үдерісін ұйымдастыру барысында мұғалімдерге өте қажет. «Сабақты зерттеу» тəсіліне тоқталып өтетін болсақ «Lesson Study» – мұғалім тəжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-əрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тəсіл. 

Ол ХІХ ғасырдың 70-жылдарында Жапонияда бастау алды [4]. Қазақстанда кеңінен қолданылатын бұл «Сабақты зерттеу» педагогикалық тəсілі мұғалімдердің тəжірибесі арқылы білімді жетілдіруге бағытталған сыныпта əрекет етудің ерекше түрі болып табылады. Бұл тəсіл бірлесіп жоспарлау, сабақты бірлесіп қадағалау, бірлесіп талдау арқылы бірлескен пікір қалыптастырады. Ұзақ уақыт бір мақсатта бірлесіп жұмыс істеуді жоспарлап, оны орындауға кіріскен əріптестер үшін «Бір жағадан бас, жеңнен қол шығару» деген мақалдағы сияқты, ынтымақтастықта жұмыс істеу мен нəтижеге жетуде эмоционалды интеллектің алатын орны маңызды болмақ. Сонымен, эмоционалды зияттың анықтамасына келетін болсақ: эмоционалды зият түсінігіне қоршаған ортадағы адамдардың эмоциясын түсіну жəне олардың эмоционалды күйіне икемделу арқылы тұлғаның тиімді қарым-қатынас құра білу қабілеттері жатады.

 Эмоционалды зият идеясының пайда болуы əлеуметтік идея турасындағы түсініктердің дамуы нəтижесінде мүмкін болды. Ғылымға «эмоционалды зият» терминін американдық екі психолог Питер Сэловей мен Джон Мэйер 1990 жылдары енгізген. Олар алғашқы болып эмоционалды зияттың бірінші үлгісін ұсынды. Аталған авторлар эмоционалды зият деп «өзінің жəне өзгенің сезімдері мен эмоцияларын байқай білу, оларды ажырату жəне осы ақпаратты ойлау мен іс-əрекетте қолдану» деп түсіндірді [5]. Қазіргі заманда бірлесіп жұмыс жасау барысында неге эмоционалды зият маңызды, осы сұраққа тоқталатын болсақ эмоционалды зият басқаның не сезінетінін жəне ойлайтынын түсіне білуге əкеледі. Нəтижесінде, сіз риторикалық əдіспен жұмыс істеуді үйренесіз. Сендіру техникасын меңгересіз. Əлемде аталған дағдылар бойынша эмоционалды зиятқа бейімдейтін мектептер бар. Олар баланы жастай эмоциясын басқара білуге, жақсы іске ұмтылуға үйретеді. Қазіргі психологтер эмоционалды зияты дамыған адамдар жақсы команда ойыншылары, көшбасшы болады деп санайды. Олар келіссөздер жүргізуді жəне өз мақсаттарына жетуді біледі, сонымен бірге олар туралы жағымды əсер қалдырады. Кəсіби білім, əрине, адамға жеке жəне мансаптық өсу үшін қажет. Бірақ біз эмоционалды зиятты кішкентай кезден-ақ білеміз.

 Сондықтан атааналар балалардың болашағы туралы ойланып, сезімдердің жан-жақты əлемін түсінуіне көмектесуі керек. Эмоционалды тəрбиеге назар аудара отырып, ата-аналар отбасына деген сенімділікті жоғарылатады, сенімді тұлға болып өсуіне жағдай жасайды. Сонымен қатар, Р. Бар-Онның моделі эмоционалды зият ұғымына өте кең түсінік берген. Ол эмоционалды зиятты адамның əртүрлі өмірлік ситуацияларды табысты жеңіп шығуына мүмкіндік беретін барлық когнитивті емес қабілеттер, білімдер мен құзыреттілік ретінде анықтайды. 

Р. Бар-Он эмоционалды зияттың бес компонентімен теңдестіруге болатын құзыреттіліктің бес сферасын бөліп көрсетті; бұл компоненттердің əрқайсысы бірнеше субкомпоненттерден тұрады: 

1. Өзін тану: өз эмоцияларын ұғыну, өзіне деген сенімділік, өзін-өзі құрметтеу, өзін-өзі өзектілендіру, тəуелсіз болу; 

2. Тұлғааралық қарым-қатынас дағдылары: эмпатия, тұлғааралық өзара қатынастар, əлеуметтік жауапкершілік;

 3. Бейімделуге қабілеттілік: мəселені шешу, шынайылықпен байланыс, икемділік; 

4. Стрестік ситуацияларды басқару: стреске тұрақтылық, импульсивтілікті қадағалау;

 5. Басым көңіл күй: бақыт, оптимизм. 

Р. Эмерсон айтқандай, «бірлескен еңбек адамдарды жандандырып, тау қопартуға жетелейді, ал жалғыз оған жету – сирек кездесетін жағдай». Сауалнамалар нəтижесінен байқағанымыздай, эмоционалды зияттың тұрақты болуы бірлескен оқу ортасында шынайы қарым-қатынастың орын алып, нəтижелі жұмыс істеуге жетелейтіндігі туралы қорытынды шығаруға болады. 

Сонымен қатар, VUCAəлемде өз орнын табуға жəне жылдам өзгермелі жағдайда белсенді əрекет етіп, əрбір туындаған мəселеде дұрыс шешім қабылдауда эмоционалды зияттың жоғары болуы тікелей əсер етеді деп қорытындылағымыз келеді. 

Пайдаланылған əдебиеттер:

 1. ХХІ ғасыр дағдыларын оқыту жəне оқу. Оқу туралы ғылым сабақтары. Анна Росефски Сааведра, RAND Corporation. ВДарлеен Опфер, RAND Corporation. RAND Corporation. 04.2012. 

2. https://kk.wikipedia.org/wiki/Қатынасу 

3. Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық шеберлік орталығы», 2016 ж

4. Пит ДадлиLesson Study: нұсқаулық. Кембридж, 2011 ж. 

5. Люсин Д. В. Современные представления об эмоциональном интеллекте. //Социальный интеллект: Теория, измерение, исследования. - М.: Изд-во «ИП РАН», 2004. - С. 29–39.

231 0
Қ.К. БУРУНБЕТОВА1 , Д.А. АДИЛЬЖАНОВА2 , Педагогикалық шеберлік орталығының Өскемен қаласындағы филиалы А.М. БУРУМБЕТОВА3, Өскемен қаласы əкімдігінің «№15 орта мектебі» КММ-нің қазақ тілі пəні мұғалімі Шығыс Қазақстан облысы Ұлы дала ұстазы № 000242
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: