Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI240

ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМАНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытуды дамыту жəне жетілдіру барлық үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы болғандықтан, еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады.

 Тəрбие мен білімнің бастауы, келешек ұрпақтың алғашқы баспалдағы- мектепке дейінгі мекемелер. «Бала жүрегі кішкентай күйсандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Ұстаздың қолында үнемі сол кілт жүруі керек» дегендей тəрбиешілер үнемі ізденісте болуы тиіс. Бүгінгі күні əлемдегі барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесіне ұмтылуда. Өйткені қазіргі заманда елдің бəсекеге қабілеттілігі экономикасының дамуына қатысты болса, ал оның дамуы мемлекет азаматтарының білімділігі мен біліктілігіне байланысты. Сондықтан жаңартылған білім беру жүйесін болашақтың талабына сəйкес дамыту тиіс. Міне осыған байланысты тəрбиешілер алдында оқытудың əдістəсілдерін үнемі жаңартып отыру жəне жаңа технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруы. 

Жаңартылған білім берудің маңыздылығы-балаға үйлесімді, қолайлы білім беру ортасын құра отырып сыни тұрғыдан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тəжірибе жасау, бақылау, саралау, АКТ-ны қолдану, баламен жеке, топтық, ұжымдық жұмыс жасай білу. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиралді қағидатпен берілуі. Кез - келген педагог оқыту үрдісін бағдарламалық жəне əдістемелік қамтамасыз етудегі өзгерістерді, педагогикалық қызметтің мақсаттары мен əдіс – тəсілдері бағытындағы тың өзгерістерді қабылдауға, игеруге, ізденуге дайын болуы қажет. 

Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген мектепке дейінгі жаңартылған білім беру бағдарламасы - заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Бала тəрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген əдіс - тəсілмен берілетін тəлім-тəрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, жан - жақты педагогикалық өрісін табады. Əсіресе балабақшадағы тəрбие бала табиғатына ерекше əсер етіп, оған өмір бойы ізгілікті, мағынасына өшпейтін із қалдырады. Жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тəрбие беру, өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасаудың маңызы зор. 

Педагог кəсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін түсіну қажет. Сондықтанда өскелең ұрпақтың болашағын жарқын етіп, өміріне жолдама алуға жағдай жасағысы келсе ізденісті тоқтатпай, кəсіби шеберлік пен білім деңгейін арттыра түссе толық нəтижеге жететінін анық айтуға болады. Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық үдерістердің инновациалығы - мектеп жасына дейінгі балалардың тиімді дамуына себін тигізетін жаңа технологияларды мақсатты ендіруінде болып табылады. Бұл үдерісте баланы жан-жақты дамытуға, бір жүйеге келтіруге мүмкіндік береді. Барлық тəрбиелік істе əрбір баланы жеке тұлға деп танып біліп жан-жақты қалыптастырады. 

Елбасы Н. Ə. Назарбаев «Болашақ еңбек етіп, өмір сүретіндер- бүгінгі жас ұрпақ, ұстаздар оларды қалай тəрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» жəне де халыққа жолдаған жолдауында «Біздің міндет — жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалана отырып білім мен бəсекеге қабілетті ұрпақ тəрбиелеу» деп ұстаздарға жаңа міндет қойған болатын. Ал, осы жаңартылған білім мазмұны балалардың жас жəне жеке ерекшеліктерін ескеріп, оларды жан-жақты дамытуға бағытталған «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Əлеуметтік орта» бес білім беру саласы жəне білім беру салаларының мазмұнын кіріктіру арқылы іске асырады.

 Барлық білім беру салалары бір-бірімен байланысты: бала оқи отырып таниды; тани отырып не білгені туралы айтады; зерттеу жəне пайымдау барысында құрбыларымен бірлесіп əрекет етеді. Осылай білім беру салаларының өзара кірігуі жəне өзара байланысы балада қоршаған ортаның тұтас бейнесін қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі білім берудегі педагогтардың біліктілігін арттыру курсында жүргізілген жаңа əдіс–тəсілдерді оқып, өз тəжірибемізде Үлгілік оқу бағдарламаны, мектеп жасына дейінгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына мониторинг жүргізудің əдістемелік ұсынымдарын жетекшілікке ала отырып, перспективалық жоспар мен апталық циклограмма құрылды.

 Жоспарлау барысында барлық мақсаттар «SMART» мақсатқа айналдырылды. Бағдарламаның түйінді идеялары 4К (коммуникативтілік, командалық, креативтілік, сыни ойлау тұрғысын)моделі, бала үні, ойын, бақылау болғандықтан, осы əдістерді қолданғанда балалар топта жұмыс жасап, бір –бірімен еркін қарымқатынаста, танымдық, ашық сұрақтарға жауап бере алады.

 Əрбір əрекетте саралану əдістері (ресурс, тапсырма, деректер) қолданылды. Бұл əдістерді қолдану əрбір тəрбиешінің шеберлігін арттырады, сыни тұрғыдан ойлауға көп ықпал етеді. Жоспарланған оқу қызметтер балалардың қажеттіліктерін, не білгілері келетіндіктерін анықтайды.4К моделін жүзеге асыруда балалармен сыни ойлауды дамыту үшін зияткерлік ойындар (басқатырғыштар, жұмбақтар), топта пікір-таластарды өткізу жəне түрлі проблемалық жағдаяттарды талқылау тиімді. Сыни ойлауды меңгерген бала икемді, жоспарлау мен шешімді өздігінен қабылдай алады. Коммуникативтік дағды балаларға өз идеяларын жүзеге асыруға көмектеседі. 

Коммуникативті дағдыда 4К моделінің барлық компоненттері көрініс табады. Көп адамдар баланың əлеуеті болмаса оның креативтілігін, яғни шығармашылығын дамытуға болмайды деп қате ойлайды. Шығармашылық ойлауды дамыту үшін баланы еркін бос ұстауға, қарым-қатынас жəне жаңа танысулар үшін ашық болуға, қателіктерді жіберуге, сəтсіздіктерді кешуге, қорықпауға үйретеді. 

Командалық жұмыста бала басқа пікір болатынын түсінеді. Сол үшін ол сол пікірмен келіседі немесе келіспейді, өз ұстанымын қорғауға жəне дəлелдеуге, басқаның пікірін тыңдауға үйренеді. Тəрбиеші қазіргі заман көшінен қалмай өз біліктілігін арттыру мақсатымен оқудағы жаңа əдістəсілдерді меңгеру арқылы оқу қызметті қызықтыруы тиіс. Балалардың назарын аудару, көңілін аулау, қызықтыру үшін жүзеге асырылатын іс-əрекет 

«Ойын». Тəжірибемізде мектепке дейінгі тəрбиелеу мен оқытуға арналған ойындарды үш топқа бөліп қарастырдық (педагогтің жетекшілігімен ойын, құрылымдалған ойын, еркін ойын). Бұл ойындардың ең маңыздысы алдыңғы өткелі отырған тақырыпты ұйымдастырылған оқу қызметінде ойындар арқылы аша алатындығы, топпен бірлесе жұмыс жасап, өз сезімдерін ойын арқылы білдіретіндігі жəне алаңсыз ойын ойнауға жағдай жасалып, барлық ресурстармен қамтамасыз етілуі. 

Осы үш ойын түрлерін күн тəртібіне енгізе отырып, əр ойынды ұйымдастырылған оқу қызметіне қарай ұтымды да, орайлы пайдалануға болады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімділік, тəрбиелік, дамытушылық мəнге ие болып, адамның жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді. Мысалы: педагог жетекшілігімен алған ойында педагогтың ойын барысында басшылық жасауы, бала ойынды түсініп, ары қарай өзі ойнап кетуі тиімді. Ал құрылымдалған ойын барысында əдетте балаға қашан жəне не істеу керектігі жөнінде нұсқаулар беріледі, бала əр түрлі ресурс түрлерін пайдаланып, өз сезімін, ойын білдіре алады, баланың сыни ойлау тұрғыдан ойлауы, креативтілігі көрінеді. 

Еркін ойында бала өзін кеңістікте қалағанын жасайды ал педагог жанама бақылап, балалардың қайсысы аз қимылдайды, қайсысы керісінше тынымсыз екенін байқайды

 Педагог балалардың өз бетінше еркін ойынына жанама түрде жетекшілік жасай білуі керек. Ол ойынды бақылай отырып, кімнің қай ойынды немесе ойыншықты ойнай алмайтынын, кімнің аз қозғалатынын, ал кімнің, керісінше, тынымсыз екенін байқауы тиіс. Балалардың дербес ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, педагог олардың іс-əрекетін мұқият басқарып отырғаны жөн.. Тəжірибеде ойын түрлерін қолдануда тиімді жақтары балаларға педагогтың бағыттаушы, ізденгіш, жаңашыл болғаны ұнады. Балалардың белсенділігі артып, ойынға деген қызығушылығы молайды. Ойын түрлерін тəжірибеде тиімді қолдануға топтағы балалардың жас ерекшеліктеріне сай дұрыс ұйымдастырылуы болды. Өйткені балабақшадағы оқу қызметінің барлығы ойын арқылы өтеді. Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. 

Дəстүрлі оқу қызметінде бала тыныш отырып, оқу қызметті тыңдап тəрбиешінің түсіндірмесін қабылдап жұмыс жасап келді. Ал қазіргі таңда осы жаңартылған білім беру үдерісі көптеген жаңалыққа толы. Оқу қызметінің соңында рефлексия жасауды меңгереді. Мектепке дейінгі білім беру процесін Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың жалпыға міндетті стандартына, Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік жоспарына жəне Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына сəйкес ұйымдастырады. 

Білім беру процесінде мынандай əдістер қолданылады.

 - сөздік (əңгімелеу, түсіндіру, əңгімелесу жəне т. б)

 - көрнекілік (АКТ-ны қолдану, бақылау, суреттер, иллюстрациялар, ойыншықтар мен заттар)

 - практикалық (жаттығулар, моделдеу, экскурсиялар, тəжірибе, эксперимент жүргізу) 

- ойын (қимылды, театрланған, сюжетті-рөлдік, дидактикалық жəне т.б

 Қорыта келгенде жаңартылған мектепке дейінгі тəрбие мен оқыту мазмұнын іске асырудың негізгі бағыттары ол жаңартылған Стандарт жəне Бағдарламадағы мектеп жасына дейінгі балалардың дайындық деңгейіне қойылған талаптарды жүзеге асыру болып табылады, жаңа инновациялық технологияларды оқу жəне іс-əрекет барысында қолдануымыз қажет. 

Мектепке дейінгі ұйымның заманауи педагогі келесі талаптарға жауап беруі қажет: рухани, кəсіби, жалпы мəдени жəне денесін жетілдіруге ұмтылған, ішкі дүниесі бай, үйлесімді дамыған, тұлға. Осы мақсатта ол үнемі өзінің кəсіби шеберлігін арттыруы, білімін көтерумен айналысуы қажет. Осындай жұмыстар соңында байқалғаны, біртіндеп терең ойлау деңгейіне жетуге болатынын түсіндік. 

Болашақта осы тиімді əдіс-тəсілдерді пайдалану, топқа бөліп жұмыс жасау, бағалау түрлерін өз əріптестерімізге оқу қызметтерінде пайдалануды ұсынамыз.

 Əдебиеттер тізімі: 

1. Абиев Ж. Ə., Бабаев С. Б., Құдиярова А. М. Педагогика: Оқу құралы. Жалпы редакциясын басқарған Құдиярова А. М. – Алматы: Дарын, 2004. 

2. Аверин В. А. Психология детей и подростков. [Балалар мен жасөспірімдер психологиясы]: Оқу құралы. 2-басылым, қайта құрастырылған – СПб.: Михайлов В. А. басылымы, 1998. – 379 б.

 3. Аймауытов Ж. Кешенді оқыту (Мұғалімдерге, қайталама курстарға, тəрбие техникумдарына көмек). – Алматы: Қазақ баспасы, 1929.

 4. Əлімов А. К. Оқытудағы интербелсенді əдіс-тəсілдер. Əдістемелік құрал/ «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014. – 188 б. 

5. Бабаева Т. И. Бала əлеуметтік қатынастар əлеміне енеді. Санкт-Петербург, 2008 жыл.

232 0
РАЙХАН ƏБІЛҒАЗИНА, Өскемен қаласы, Педагогикалық шеберлік орталығының-аға менеджері АЙГҮЛ АХМАДИЕВА1 , ГУЛЬМИРА КУРМУШЕВА2 , «Айгөлек» бөбекжай-балабақшасының 1 əдіскері, 2 тəрбиешісі Катонқарағай ауданы, Катонқарағай ауылы Ұлы дала ұстазы № 000214
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: