Əр заманның ұрпаққа қояр өз талабы, өз міндеті бар. Ел мəдениетінің, мемлекеттің жүйелі түрде дамуы ұрпақтың уақыт талабына икемделуінсіз жүзеге асқан емес. Ұлттың тарихи санасының қалыптасу негіздерінің өзінде уақыт талабына бейімделу, мəдени ортаны қалыптастыруға деген ұмтылысы жатыр. «Рухани жаңғыру» идеясы ата мекенмен ұлттың бір болуын, үнемі ұрпақ пен туған жердің байланысуын, адам мен табиғаттың тұтастығын негіздейді. Рухани жаңғыру ұлттық болмыстың негізінде мемлекет өмірінде қалыптасатын интеллектуалдық өріс. Қоғамда интеллектуалдық ой өріс болу үшін ұрпақ болмысы мінсіз болуы қажет. Елдің тұрмыс-тіршілігімен тыныс алып, өмірімен етене байланысып өскен ұрпақ өмірге ширығып өседі. Елге жаны ашитын зиялы адам өз заманының жетістігін білімге, өнерге, ғылымға жастарды бағыттау жəне оның жетістігіне елдің қолын жеткізу деп түсінеді. Жеке адамның, əлеуметтің рухани жаңғыруы оның өмірге, уақытқа ақыл, парасатымен, білімімен бейімделе білуінде. Адамды өмірге, қоғамдық ортаға, уақытқа бейімдейтін ұлттық қасиеттер мен құндылықтар. Атап айтқанда, ұлттық сана, тарихи білім, ұлттық тəрбие, имандылық, тектілік. Бұлардан қол үзген адам рухани жаңғырудың биігіне жете алмайды. Рухани жаңғыру – бабалардан бойға сіңген дəстүрдің, əдет пен ғұрыптың, салт пен сананың, ырым мен тыйымның, ұлттық болмыс пен ұлттық құндылықтардың қайта өрлеу кезеңі. Яғни қазіргі заман талабына сай мəдениеттің жаңаша бағытта қалыптасуы. Елбасының бұл мақаласы – астары терең, түсіне білген адамға мəні мен мағынасы бар үндеу. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында қазіргі қоғамда жас ұрпаққа тəрбие мен білім берудің маңызы жəне олардың бағыттары мейлінше айқын тұжырымдалғаны, атқарылуға тиіс шаралар жеке-жеке тақырыптарға жүйеленіп көрсетілгені белгілі. Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басқан тұста жаһандық жаңғырумен қатар рухани жаңғыруды тең ұстау – бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. Рухани жаңғырудың басты шарты білім екені даусыз. Қазақтың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов кезінде: «Елді түзетуді бала оқыту ісінен бастау керек», – деген еді. Білімге қатысты бұл ой-пікір бүгін де өз өзектілігін жойған жоқ. Қазіргі таңда жастарға білім беру жаңа идеяларды, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, оларды жан-жақты қолдануды, білім сапасын жетілдіруді талап етеді. Жаңартылған білім беру бағдарламасы білім берудің қазіргі жаһандық үрдістері мен қазақстандық білім берудің үздік практикасын кіріктіруге бағытталған. Бүгінгі тыныс-тіршілігіміз ғылым мен техниканың күллі əлемге таралған ғаламат жетістіктерін пайдалана отырып дамитыны ақиқат. Білім – ғылымның іргетасы жəне мемлекет дамуының алтын арқауы екені шүбəсіз. Ғылым мен техниканың даму деңгейіне сəйкес, терең білімді, іскер жəне ойлауға қабілетті, əлемдік стандарттар негізінде жұмыс істей алатын, уақыт ағымына сай үйлесімді дамыған жастар уақыт өте келе елдің жəне жаңа заманның құрылысшылары бола алады. Болашақта өркениетті, дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Сондай-ақ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында табысты болудың ең іргелі факторы ретінде білімге мəн берілумен қатар, тəрбие мəселесіне де баса назар аударылған. Өйткені тəрбие мен білім – егіз ұғым. Жастар жанжақты білім алумен бірге, өзін-өзі жетілдіруге тұрақты түрде талпынатын, рухани тұрғыда дамыған, толыққанды тұлға болып қалыптасуы тиіс. Білімді, өз мамандығының қыр-сырын жете меңгерген əрі рухани тұрғыда кемел дамыған адамдар ғана заманның жаңа талаптарына сай қоғам дамуына өзіндік үлес қоса алады. Осы орайда Назарбаев Зияткерлік мектептерінің миссиясы – тез өзгермелі заман талабына сай дарынды оқушылардың зияткерлік əлеуетін дамыту жəне жүзеге асыру. Метеп жанындағы жатақхана да осы миссиның негізінде тəрбиенің жеті бағыты бойынша жұмыс жасап келеді. Ата-анасынан жырақта жүрген оқушыларға қолайлы орта қалыптастыру арқылы білім мен тəрбие беруде жатақхана ұжымына да жүктелер міндет аз емес. Жалпы ұстаздар қауымының басты міндеті – жастарға терең білім мен өнегелі тəрбие беру, сол арқылы ұрпақ бойына ұлттық кодты сіңіре білу. Осыны жан-тəнімізбен сезініп, рухани жаңғыру шараларын жүргізуді жарқын болашаққа бағдар ретінде қабыл алуымыз керек. Бағдарламадағы «Туған жер» жобасы көздеген тармақтардың бəрінің де асыл өзегі – жастарды ана тілін қадірлеп-қастерлеуге, елі мен жерін сүйе білуге, отаншылдыққа, патриоттыққа баулу. Осы орайда қоғамымыздың əрбір мүшесі рухани тұрғыда жаңғыруды, дəлірек айтқанда, рухани тұрғыда жаңарудың жаңа белесіне көтерілуді өзінің азаматтық парызы деп білгені жөн. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жастарымызды із ісінің қыр-сырын жетік білетін, қоғамға керекті маман, саналы азамат, ұлттық мүдде жолына қызмет ететін, Отанын, елін сүйетін қайраткер етіп тəрбиелеу – басты міндет. Əл Фараби бабамыз: «Адамға алдымен тəлімтəрбие бермей, ғылым-білім берсе – ол ортаға опат əкеледі» деп тұжырымдайды. Бұл қанатты сөз əркімнің бойында бірінші кезекте адамгершілікті, инабаттылықты, имандылықты тəрбиелеуге ұлы ойшылдың ерекше мəн бергенін көрсетеді. Шынында да, тек адамгершілігі мол жан ғана алған терең білімін ел игілігіне жұмсай алады. Еліміздің жас ұрпақты білім мен ғылымға баулып жүрген ұстаздар қауымы үшін аталған мақаланың əсіресе «Білімнің салтанат құруы» атты бөлімінде айтылған ойлардың маңызы зор. «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет»-деп Елбасы атап өткеніндей халқымыздың білімге деген құштарлығына айқын дəлелдер жетерлік. Шешілуі қиын небір дауларға нүкте қоя білген бабаларымыздың шешендігінің өзі терең білімнен бастау алады. Руханият-адам баласының ішкі жан-дүниесінің тазалығы, адамгершілік қасиеттердің күн сайын, сағат сайын толығып, жақсылықтар мен игілікті істер жасауға ұмтылуы, ешкімге зиянын тигізбеуі, елінжерін гүлдендіруде ұлттық болмысына сүйене отырып іс жүргізуі. Ал, бұрынғы ата-бабаларымыздың руханияты қандай болған? «Олар руханиятты жаңғыртып отырған ба?» деген сауалдар еріксіз туындайды. Иə, ата- бабамыздың руханияты өте бай болған. Олар ауыздан-ауызға естіген жырдастандарын, аңыздары мен айтыстарын, бір-біріне жасалған қайырымдылық пен жақсылықтарды «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді», - деп ұрпақтарына жеткізіп отырған. Бүкіл ұлттық салт-дəстүрін, əдет-ғұрпын ешқандай шашау шығармай, артына қалдырып, үйреткен, көрсеткен, жеткізген. «Туған жер» - барлық уақытта ұлттық бірегейліктің іргетасы ретінде сонда мекендеген барлық этнос мəдениеті мен дəстүрлерін өзіне қалыптастырады. Мұндай киелі сезім, іс жүзінде барша тіршілік қарекетіндегі жаңа жетістіктерге жетелеген отанға деген махаббат іспеттес. «Туған жер» - азаматтардың туған өңірін көркейтуге тарту, сонымен қатар əлеуметтік мəселелердің шешуіне бағытталған «шағын отанның» дамуына үлес қосатын бағыттағы арнайы жоба болып саналады. «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» – тарих пен мəдениетке, адамның рухани дамуына жəне оның туған жеріне деген байланысына негізделе отырып адам мен оның өміріне бағытталған. Кейбір тұлғаларды мəңгі еске сақтауда ұлтты мəдени байыту мен мінəжат етуге арналған орындар түріндегі ұлы ата-баба ерліктерін осындай бағдарға жатқызуға болады. Осындай орындарды білуіміз көптеген нəрсені үйретіп, олардан қажетті өмірлік қуат алуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты, Киелі мекен жағырапиясының құрылуы - адамның рухани баю мəселесін алға тартып қана қоймай, сонымен қатар мəдениетіміз бен салт-дəстүрімізді, бай тарихымыздың құндылықтарын көрсетеді. Бұл бөлім аймақтық жəне республикалық киелі мекендерді, олардың тарихы мен ерекшеліктері туралы ақпараттармен қамтамасыз етеді. Заманауи Қазақстан мəдениеті. Қоғам дамуының басты көрсеткіші болып əрдайым оның мəдени жетістері болды. Сол себептен, бұл жетістіктерді əлемдік деңгейде таныту қажет. «Жаһандық өмірдегі заманауи Қазақстан мəдениеті» арнайы жобасының арқасында отандық мəдениеттің заманауи жетістігімен барша халықтың танысу мүмкіндігі туады. Жаһандық дəуірде ең басты сын-тегеурін мен қатерлерді ұғынатын жаңа ұрпақты қалыптастыру өте маңызды. Сол үшін басты құрал – білім болып табылады. Ұлттық рух бар жерде рухани жаңғыру күш алады.
Елбасымыз мақаласында тап көрсеткендей ұлттық сана, ұлттық код рухани жаңғырудың түп қазығы, ұлттың негізі арқылы жеке адамның, халықтың уақыт талабына сай ізденуі, еңбек қоғамын құруы, уақытты, еңбек пен білімді, денсаулықты қатар бағалап, қатар қорғай алған қоғам ұлттық рухымен мемлекетіне, қоғамына, еліне игілік əкелер дүниелерді қалыптастыра алары сөзсіз.