Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI235

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ – ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ

Бүгінгі əлем дамуының жаңа ұстанымдары білім беру жүйесінен күн сайынғы экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени өзгерістерге мейлінше бейімделуді талап етеді. Əлем қазіргі күні «білім қоғамын» жəне «білім экономикасын» құру бағытында. Бұл ауқымды мəселе туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаев жолдауында былай деген: «Біз білім беруді жалғастыруды одан əрі жалғастыруға тиіспіз. Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландырылуының жəне инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс». Сондықтан өз шəкірттеріне сапалы нəтижелі білім беруді мақсат еткен əр ұстаз өз тəжірибесін жаңашылдық арнасына бағыттап, əр əдісін тиімді қолдануы шарт. 

Қазіргі уақытта ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың заманауи талаптарға сай дамуы білімді бағалау жəне пайдалану жүйесін уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын əдіс-тəсілдер, əдістемелер, технологиялар білім беру талаптарына байланысты жаңартылып отырады. Сапалы терең білімді меңгеруге талпынған өскелең ұрпақтың жеткілікті дəрежеде сандық сауаттылығы бар, себебі олар өмір жағдайлары барысында жаңа технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдаланады. Сол мүмкіндіктерді нəтижелі қолдану мұғалімнің біліктілігіне, біліміне, тəжірибесіне байланысты. 

Кəсіби дамуға ұмтылатын бəсекеге қабілетті маман өзінің негізгі қызметінен үзілмей жаңа білім алу жолдарын іздестіреді. Ал жоғары оқу орындары мамандарға қойылатын талаптардың өсуіне байланысты оқытудың жаңа формалары мен əдістерін іздестіреді, білім беруге жаңа технологиялар енгізеді. Оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа формасының бірі – қашықтықтан оқыту технологиялары арқылы оқыту.

 Сонымен қашықтықтан оқыту дегеніміз не? Қашықтықтан оқыту дегеніміз — мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың 3 түрлі формасы бар: онлайн (синхрондық) жəне оффлайн (асинхрондық), жəне кең таралған үшінші түрі вебинар 

Онлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы. 

Оффлайн режимдегі оқыту дегеніміз - интернет ресурстарының көмегімен (электрондық пошта) мұғалім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы. Вебинар дегеніміз – интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренинтер өткізу формасы. Осы технология бойынша оқытуды ұйымдастырып, бүкілəлемдік желі көмегімен барлық компьютерлерді бір желіге біріктіріп сабақ өтуші тұлғаны тьютор деп атаймыз. Қашықтан оқытудың білім саласындағы мақсаты: білім берудің біртұтас ақпараттың жүйесін құру арқылы педагогтардың білім деңгейін көтеру.

 Қашықтықтан оқыту тəсілімен оқытатын оқытушыларға жəне осы істе мүдделі басқа да адамдарға бірнеше талаптар қойылады: 

• Оқытушы компьютермен жоғары дəрежеде сауатты жұмыс істей білуі қажет. Қашықтықтан оқытудағы мақсаттары мен міндеттері, оның алдағы уақытта ақпараттық технология жəне коммуникация құралдарының негізінде дамуы туралы білуі қажет. 

• Қашықтықтан оқыту технологиясын жетік білетін, білім саласындағы қызметкерлерді, оқушыларды таныстыра білуі қажет. 

• Оқытушының ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдылануы қажет. 

• Оқытудың телекоммуникациялық құралдарын қолдану ісіне дағдылануын қалыптастыру. 

• Жинақталған түрде оқу бағдарламасын құрайтын белгілі бір тəртіптегі модульдік курстардың əдістемелерін баяндай жəне курстарды өткізуді ұйымдастыра білуі қажет.

 • Оқу үрдісін қашықтықтан оқыту шеңберінде жүргізу ісіне жан-жақты даярлау, қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша сабақ өткізу үрдісінде үйлестіруші болуы қажет. 

Қашықтықтан оқыту мектептерде Республика, облыс, қала жəне мектеп кеңістігінде кең қолданыс табуда. Мектеп көлемінде айтатын болсақ, «Интернет күнделікті» алуға болады. Бұл жаңашылдық екі – үш жыл көлемінде өз жұмысын атқарып келуде. Бұл инновациялық əдіс арқылы ата – аналар балаларының білім үлгірімін, ал оқушылар үй жұмысын уақытында біліп отырады. Мұндай əдіс арқылы мектеп пен ата – аналар қауымы арасындағы байланыстың одан сайын нығаюына үлкен септігін береді. Оқытылатын пəндерден қашықтық олимпиадалар Қазақстандық интернет олимпиадалар («КИО») өтеді. Мұндай интернет олимпиадалар оқушылардың үлкен қызығушылығын танытады. 

Тапсырмалары қызықты, сан алуан жəне олимпиаданың ең тиімді жері – оқушылар өздерінің білім деңгейлерінің көрсеткішін бірден білулері болып табылады. Аталған олимпиадалар сайыс түрінде берілсе де, оқушыларды оқытады деп айтуға болады. Өйткені, оқушылар сабақ барысында алған білімдерін шыңдайды, тексереді, салыстырады. Оқушыларға арналған олимпиадалардан басқа, мұғалімдерге арналған онлайн жүйесінде өтетін сан алуан семинарлар, конференциялар, сабақтар ұйымдастырылады. Қарқынды түрде қолданыс тауып жүрген ол – республика, облыс көлемінде ата – аналар қауымына арналған жиналыстар. Ата – аналар жиналыстары облыс т. б. қарым – қатынастарды нығайта, бекіте түсуде.

 Оқу процесін сапалы ұйымдастырудың келесі түрі - «Е-learning». 

Е-Learning – бұл оқу үрдісін ұйымдастырудағы халықаралық стандарттар мен принциптерін қолдайтын, барлық заманауи талаптарға сəйкес келетін, электронды жəне қашықтықтан оқыту. Оқытудың аталмыш жүйесі білім беру саласын түбегейлі өзгертеді. Яғни, мұғалім мен оқушының арасындағы байланыс өзгереді. Қазіргі таңда E-learning электронды білім беру көп елдердің білім жүйесіне қарқынды енгізіліп отырған оқытудың озық формаларының бірі болып келе жатыр. Қазақстан Республикасында электронды оқыту білім жүйесінің инновациялық дамуының басты бағыттарының бірі болып есептеледі. Əлемдік тəжірибелердің көрсеткіштері бойынша е-learning жүйесі білім беруді модернизациялаудың басты құралдарының бірі екендігін айқындайды. 

Электронды білім беру кең ауқымды жобасының жүзеге асуы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің ақпараттандыру мақсатына үлкен жол ашпақ. Е-learning технологиялары оқу үрдісіне келесі мүмкіндіктер береді: берілген материалды меңгеруге жағдай жасау үшін өте қолайлы жəне ыңғайлы; Оқу материалын меңгеруде қиындық деңгейін, уақытын жəне көлемін таңдаудағы жекешілдік; Интерактивті, өйткені, мұғаліммен, сыныптастарыңмен синхронды (чат, скайп) жəне асинхронды (пошта, форум) əрекеттесу арқылы оқуға болады. Е-learning-тің басқа технологиясы – бұл мұғалімнің оқу сайты. Мұғалімнің оқу сайттарының ресурстары (бейнелекциялар, тест жұмыстар, практикалық тапсырмалар, форумдағы дискуссиялар, есептер шығару практикумдары, компаниялардың оқужаттығу жұмыстары) оқушыларға ыңғайлы уақытта керекті тақырыбымен өз бабымен жұмыстануға мүмкіндік береді.

 Сандық білім беру контентін электронды оқулықтар, компьютерлік ойындар, виртуалды жаттығу əдістері, ғылыми - əдістемелік зерттеулер құрайды. Осылайша, e-learning технологиясы – бұл оқыту ортасы, оның көмегімен оқу үрдісін жекелеуге болады, оқытудың жылдамдығын таңдауға болады (ақпаратты қабылдаған кезде). Оқушы өзіндік жұмысты дербес компьютердің, ноутбуктың, ұялы телефонның көмегімен ұйымдастыра алады. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының көлемін көбейту оқу үрдісін ақпараттық технологиялардың арқасында нығайтуға мүмкіндік береді. Оқушы автоматтандырылған жүйеде өзінің жеке портфолиосын, күнтізбесін, күнделігін жүргізеді. Ал мұғалім күнтізбелік-тақырыптық жоспары бар электрондық дəптерді, сынып журналын, хабарландыру қызметін (алда болатын жоспарлы жəне жоспардан тыс жиналыстар мен кездесулер туралы оқушылардың ата-аналарына e-mail немесе sms-хабарламалар, есептелік жəне т. б. жіберу) толтыратын болады. 

Ата-аналар қауымы тəрбие мəселелері бойынша кеңестер алу, сондай-ақ қашықтықтан баласының сапалы орта білім алуы мен жетістіктері туралы ақпараттық хабарлама алу мүмкіндігіне ие болады. Сонымен бірге осы бағдарламаның артықшылығы – қосымша ақпараттар арқылы мектептің порталын /сайтын/ ашып, мектептің тарихы, оқушы, мұғалім рейтингісі, құрмет тақтасы, ҰТБ-ға дайындығы, қашықтықтан оқыту курстары, ата-аналар комитеті, сынып жетекшілігі, т. б. мəліметтерді автоматты түрде енгізуге болатындығы.

 Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н. Ə. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мəселесін қойып отыр. Оқытудың əртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тəжірибесіне, мектеп өміріне енуде.

 

188 0
ПАРИДА КАРКАБАЕВА, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша ПҚ БАИ «Білім беру процесін психологиялық педагогикалық сүйемелдеу» кафедрасының тренері Тараз қаласы Ұлы дала ұстазы № 000210
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: