Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI230

АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ ЖОЛДАРЫ

Мақсаты: Балабақшамен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты күшейте отырып, отбасында балаға ата-ананың ықпалын арттыру. Бала тəрбиесінде ата-ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру; ата-ана бойына өздерін тəрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту. 

Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы-ата-ана. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ, бала əкеден ақыл, анадан мейірім алады. Ата-анаға баладан жақсы ешкім жоқ. Ал бар тəрбиеміздің көзі – атабабаларымыздан қалған асыл сөздер, яғни небір кереметтің барлығын ақыл сөздер мен мақал-мəтелдер екені сөзсіз.

 1. Тəрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы.

 2. Бала əкеден ақыл, анадан мейірім алады. 

3. Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе əкеде қыран болуы керек.

 4. Баланы 5 жасқа дейін патшадай күт, 10 жасқа дейін құлдай жұмса, 15 жастан асқан соң досыңдай сырлас

. Тəрбиешілердің ата-аналармен жүргізілетін жұмыс барысында берілетін кеңес.

 1. Балаға жан жəне дене өзгерістерінің байланыстарын табуға көмектесу. 

2. Барлық ескертулерді шын пейілмен, үстірт бағаламай, айдар тақпай жай түсіндіру. 

3. Балалардың бойында салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыруға бағытталған, салауатты өмір салты мəдениетіне тəрбиелеу. Денсаулықтың маңыздылығын құндылық ретінде түсіну. 

4. Дене тұрғысынан жетілдіру. 

Ертеңгілік жаттығу, күн режимін сақтау, таза ауада болып қимыл қозғалыс ойындарын ойнау. Ата-аналармен жұмыстың барлық түрлері ұжымдық, жекелік жəне көрнекі-ақпараттық болып бөлінеді. Ата-аналармен ұжымдық жұмыс түріне өздеріңізге таныс белгілі іс-шаралар жатады. Біріншіден, бұл - ата-аналармен жұмыстың тиімді формасы болып табылатын ата-аналар жиналысы. 

Ата-аналар конференциясы - бұл бала тəрбиесі туралы терең жан-жақты қарастыру жəне оны бекіту. 

- Конференцияның негізгі мақсаты – отбасылық тəрбиелеудің тəжірибесімен бөлісу. Ата-аналар конференцияларына өте мұқият дайындық қажет. Мұнда белгілі ғалымдар, психологтар мен педагогтар, əлеуметтік педагог, дəрігер, т. б. міндетті түрде қатысалы. Мұндай конференцияларға атааналар белсенді түрде қатысулар қажет. Олар өз іс-тəжірибелері тұрғысынан мəселеге талдау жасайды.

 Конференцияның ерекшелігі – белгілі бір мəселенің жай-жапсарын шешудің нақты жолдары қарастырылады.

 - Конференцияның өзекті тақырыбы мысалы, «Бала денсаулығына қамқорлық» атты конференция ұйымдастырып дəрігерлерді шақыруға болады. Конференцияны мектеп жасына дейінгі мекеме балаларының, қызметкерлерінің, отбасы мүшелерінің бірлескен концертімен аяқтауға болады.

 - Ашық сабақтар - ата-аналарды бағдарлама бойынша қол жеткен жетістіктермен таныстыру, тəрбиешінің талаптарына ден қоюға бағыт беру. Мұндай сабақтарға ата-аналардың қатысуы балабақшадағы оқу-тəрбие жұмыстары туралы ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын арттырады, баламен қарым-қатынас жасаудың жолдарын үйренеді.

 - Жеке тақырыптық кеңестер - бұл ата-аналармен өзінің баласы жайында, балабақша тыныстіршілігі туралы ақпараттармен қамтамасыз етуде, пікір алысуда маңызды. Жеке кеңестердің тəрбиешінің отбасымен тығыз байланыс орнықтыруында маңызы зор. Балаңыздың қуана балабақшаға баруы үшін не істеуге болады? (Ата-аналарға кеңес беру жұмыстары) - Оның уақытылы ұйықтауға жатуын қадағалаңыз. 

- Балабақша туралы жаман айтпаңыз, Баланың көзінше тəрбиешілерді сөз қылмаңыз. -Балаңыз балабақшадан берген тапсырмаларға, сіздің қызығушылық танытып, қадағалайтыныңызды көрсін. 

- Өзіңіз оқыңыз, бала ата-аналарының бос уақытын тек теледидар мен компьютер алдында өткізбейтінін білсін, көрсін.

 - Компьютерлік ойында ойнауды бала күнінде 20 минуттан асырмауы тиіс. 

- Егер бала сізбен қатты əсер алған оқиғасымен бөліссе – сол оқиға жайлы əңгіме құрастыруын өтініңіз, ал кешкісін оны барлық - отбасы мүшелеріне оқып беріңіз.

 - Балабақша өміріне үнемі белсенділік танытыңыз.

 - Балабақшада сіздің балаңыз өзіне деген өте жағымсыз қатынасқа қақтығысып қалуы мүмкін. Жəне де барлығы əрқашан іске аса бермейді. Осы сəтте балаға өзіне деген сенімін жоғалтпауға көмектесіңіз. 

Жыл бойы жүргізілетін жұмыс жоспарын ата-аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді. Себебі, ата-аналар заман талабына сай өзекті мəселерді, отбасы тəрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар ата-аналардың ұсыныс –тілектерімен санаса отырып ата-аналарға арналған əңгімелер мен лекциялар, кеңестер мен сұрақ-жауап кештері, тəрбие жұмысын алмасу жөніндегі конференциялар, ата-аналарды педагогикалық əдебиеттермен таныстыру əдіс-тəсілдері қарастырылады. 

Ата-аналардың балабақшадағы балалардың өмірін мейілінше қызықты етіп өткізуіне үлес қосу үшін «Шебер қолдар» үйірмесін ұйымдастыруға болады. Балаларды қолөнердің кейбір түрлеріне, кесте тігуге, кейбір ата-аналар ертеңгіліктерге бірігіп декорация жасауға, киімдер тігу, атрибуттар дайындау сияқты жұмыстарға араластыруға болады. Балаларының оларға тəн емес ортадағы қылығын, оның басқалармен қалай араласуын, білім деңгейін, құрдастарының оған деген қарым-қатынасын зерттей алады. Өз баласының дамуы басқалардан артта қалған жоқ па, балабақшада ол үйдегідей емес, өзін басқаша ұстауын еріксіз салыстырады. 

Ата-аналармен мейілінше кең тараған жұмыстардың бірі ол ашық есік күні. Мектеп жасына дейінгі мекемемен, оның дəстүрлерімен, ережелерімен тəрбиелеу - оқыту жұмыстарының ерекшеліктерімен таныстыруға, олармен қызықтыра білуге жəне қатысуға мүмкіндік береді. Ата-аналармен топтарға саяхат жасау, балабақша жұмысынан үзінді көрсету (ұжымдық жұмыстар, серуендеуге жинау т.с.с.) немесе əдіскер ата-аналармен əңгімелеседі, олардың алған əсерлерін анықтайды, туындаған сұрақтарға жауап береді. Əңгімелерді жеке дара, ұжымдық түрінде өткіземіз. Бұл екі жағдай да, нақты міндет: нені анықтау қажеттігі, немен көмектесуге болатыны белгіленеді, ата-аналардың пікірлерін де тыңдаймыз.

 Ата-аналарға педагогикалық сауаттылықтарын жетілдіру мақсатында «Білгім келеді» сабағын өткізуге болады. «Бала тілі - бал» тақырыбында арнайы топ газетін шығарып балалардың қызықты сəттері мен өз қиялдарынан шыққан тəтті сөздерін жазып іліп қою. «Жылжымалы папка» ата-анамен байланыс дəптеріне ата-аналар өз пікірлерін жазып, кеңестермен таныстыруға болады. «Балам өсіп келеді...» тақырыбында ата-аналарға эссе байқауын өткізіп пікір сайыс ұйымдастырып, талқылауға болады.

 Ата-анамен балабақша арасындағы тығыз қарым-қатынас, бірлік, ынтымақ жарасым тапқан жағдайда оның бала тəрбиесіне тигізетін ықпалы да нəтижелі болмақ. 

Біздің мақсатымыз ХХІ ғасыр талабына сай жаңашыл, шығармашыл, мəдениетті, жанжақты сауатты жеке тұлға тəрбиелеу.

475 0
ГУЛЬМИРА МУРЗАБАЕВА, «Қарлығаш» балабақшасының психолог маманы Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қоғалы ауылы Ұлы дала ұстазы № 000194
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: