Аңдатпа
Мақалада математика пəнінде алгоритм қолдану арқылы оқушылардың өздігінен тақырыпты меңгеру барысында кездескен қиыншылықтар мен оның шешу жолдары баяндалған.
Аннотация
В статье изложены проблемы по математике, возникающие при самостоятельном освоении учащимися темы с использованием алгоритма и пути их решения.
Abstract
The article describes the problems in mathematics that arise when students study the topic on their own using an algorithm and ways to solve them.
Зерттеу мақсаты: жаңа тақырыпты өздігінен меңгеруде алгоритм қолданудың маңызын жəне алгоритмді қолданудың тиімді əдіс-тəсілдерін анықтау;
Зерттеу міндеттері: ынтымақтастық пен өзара кəсіби əрекеттесудің оқытудағы тиімділігін жанжақты қарастыру;
Зерттеу қадамдары: мəселені анықтау, сабақ жоспарын зерттеу тақырыбына байланысты бірге құрып, зерттеу сабағын жүргізу, бақылау тобы, сабақ кезінде жиналған мəліметті талқылау, оны сабақты жақсарту үшін қолдану, екіншізерттеу сабағын ашу, кері байланыс- оқыту дағдыларын дамыту.
Елбасымыз Н. Ə. Назарбаев: «Біз білім-ғылым саласында бəсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығы мектептен басталады», - дегендей ХХІ ғасыр «білетін адамнан» «шығармашылықпен ойлайтын, əрекет ететін, өзін-өзі дамытатын адамға» ауыстыруды талап етеді. Міне, ХХІ ғасырда өмір сүруге қабілетті тұлға қалыптастыру үшін, білім саласының өзі өзгеруді талап етеді [1].
Жаңашыл ұстаздар ретінде біз математика пəндерінің оқытушылары бірлесе отырып, педагогикалық тəжірибені жетілдіру бағытында, сондай-ақ, оқушылардың қажеттілігін қанағаттандыру жəне тапсырмаларды сапалы түрде орындауға көмектесу үшін "Lesson study" жобасын бастадық. Шығармашылық тобымыз бірнеше рет бас қосып барлық пəндер оқытушыларында кездесетін ортақ мəселе оқушылардың тек қана мұғалімнің түсіндіруі арқылы ғана жаңа тақырыпты меңгеретін анықтадық. Сол себепті аталған мəселе төңірегінде, алгоритм қолдану арқылы оқушылардың өздігінен тақырыпты меңгеруді жөн санадық.
Жалпы алгоритм ұғымына тоқталатын болсақ, алгоритм, алгорифм (ағылшынша: algorіthm, algorіsmus - Əл-Хорезмидің атынан шыққан) - бастапқы берілген мəліметтермен бір мəнде анықталатын нəтиже алу үшін қай амалды (жұмысты) қандай ретпен орындау қажеттігін белгілейтін есептерді (мəселелерді) шешу тəсілдерінің дəл сипаттамасы.
Алгоритмдерді талдаудың негізгі əдістері:
Ø Сөздік-формулалық (табиғи тілдерде);
Ø Құрылымды немесе блок-схемалар;
Ø Арнайы алгоритмдік тілдерді қолдану;
Ø Граф-схемалар көмегімен.
Зерттеуіміздің сəтті тұстары
Зерттеуіміздің сəтсіз тұстары
- циклдерді бірлесіп жоспарлау;
- зерттелуші оқушылардың А, В, С деңгейлерін дұрыс таңдалуы;
- коллаборативті орта құрып, бір- бірімізге сыни дос бола білу;
- өз ортамыздағы ашықтық;
- сабақты жоспарлауда оқу материалын тереңдете құру керектігін ескердік - толық күтілген нəтижеге жетпеу;
- бағалау бойынша нақтылықты жетілдіру;
- уақыттың жетіспеуі;
- белгіленген оқушыларды толыққанды бақылай алмау
Қателіктер
Оны жөндеуге ұсыныс
- І жəне ІІ циклда 9- сынып оқушыларына проблемалық сұрақ дайын берілмеді;
- циклдердегі сабақтар белсенді əрекеттерге бағытталғанымен, оқу-шыларда аса қатты белсенділіктің, қызығушылықтың болмауы;
- зерттеу тобы мүшелерінде уақыт жетіспеушілігі;
- 9- сыныптарда жоғары жəне төмен деңгейдегі оқушыларға да проблемалық сұрақты дайын беру;
- оқушылардың өз деңгейлерінде проблема шешуге деген қызығу-шылықтарын арттыруға бағытталған əдіс- тəсілдер қолдану;
- келесі зерттеу жүргізілген сəтте топ мүшелерінің уақытын кестеде сəйкестендіріп, бір жолаққа қою
ТҮЙІН ЗЕРТТЕУ НƏТИЖЕСІНЕН ШЫҚҚАН ҚОРЫТЫНДЫ МҰҒАЛІМ ҮШІН ОҚУШЫ ҮШІН
ü Сабақты жоспарлағанда зерттеу тақырыбына орай тапсырмаларды нақты жəне түсінікті, өлшенетін етіп жоспарлау;
ü Сабақ үстінде проблемалық сұрақты дайын күйінде беру;
ü Оқушыларда оны шешуге ұмтылатындай жағдай туғызу
ü Сабақтастық, үздіксіздік
ü Күтілетін нəтижеге бағыттау
ü Сабақтан соңғы талдау, кері байланыс өз тəжірибесін жетілдіруге мүмкіндік береді
ü Проблемалық сұрақтардың мазмұны сыни ойлау дағдыларын дамытуға бағытталуы
ü Оқушылардың басқа пəндерден алған білімдерін де қолданатындай тапсырма жоспарласа тиімді екен;
ü Оқушылардың ұсынысы бойынша бір- бірін оқытатын орта құру;
ü Бақыланушы оқушыларға арналған бақылау картасының моделін жəне интервьюдің картасын жасау
Зерттеу жұмысының нəтижесі:
Жаңа сабақты меңгеруде берілетін алгоритм оқушылардың білім деңгейіменен ақпаратты қабылдау икемділіктеріне қарай берілсе аса тиімді болады. Егер алгоритм оқушы деңгейіне сай болмаса: А деңгейіндегі оқушылар үшін күрделілік жеткіліксіз болып, керісінше С деңгейіндегі оқушылар үшін қиындық туғызады. Сондай-ақ топтық жұмыстан қарағанда жұптық жұмыс тиімді екені байқалды. Алгоритм видео немесе қандай-да бір бағдарламалар (GO formative, Geogebra) арқылы берілсе, оқушылардың белсенділігі жоғары болатындығы анықталды.
Оқушыларға жаңа берілген ақпаратты тиімді бағдарлама жəне нақты алгоритм арқылы беру, тəжірибе жүзінде қолдану, оларға сабақты терең түсініп, есте сақтауларына мүмкіндік берді. Алгоритм арқылы жұмыс жасау орта жəне төмен деңгейлі оқушыларға жаңа білімді өздігінен меңгеріп, сабақ мақсатына жетуде көмекші құрал болып, уақыттарын үнемдеуге көмектеседі. Зерттеуден соң туған жаңа идеялар (зерттеуге қатысты, сабаққа қатысты).
Болашаққа жоспар
Зерттеу барысында анықталғандай, жоғарғы деңгей оқушылары үшін дайын алгоритммен жұмыс жасау жеткіліксіз, оларда ойлаудың жоғарғы деңгейін дамыту үшін алгоритмдерді өздері құрастырып, соған сай жұмыс жасаса, сондай-ақ жоғарғы сынып оқушылары алгоритмді өздері құрастыра отырып оқу.
Пайдаланылған əдебиеттер тізімі:
1. Н. Ə. Назарбаев. Қазақстан дағдарыстан кейінгі дүниеде: болашаққа интеллектуалдық секіріс. (2009 ж)
2. Lesson Study: нұсқаулық ПитДадли