Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI217

МЕКТЕПКГІ БІЛІМ БЕРУДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЕ ДЕЙІНЛДАНУ

Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде қазіргі уақытта негізгі қолданылатын технологияларды келесідей бөліп көрсетуге болады:

 - Дамыта оқыту технологиялары; 

- Мəселелелік оқыту технологиялары;

 - Ойын технологиялары; 

- Альтернативтік технологиялар; 

- Инновациялық технологиялар. 

Бұл біріншіден педагогтардың тиімді əдіс- тəсілдерді қолдана, ұдайы шығармашылық іздестерге итермелейді. Жаңа сапалық деңгейге жету үшін инновациялық технологиялар қажет. 

«Инновациялық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пəндер мен əдістемелердің: оқу – тəрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан жаңа міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен əдістерінің күрделі жəне ашық жүйелері, мұнда əр позиция басқаларына əсер етіп, ақыр аяғында баланың дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды». 

Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тəрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымдардың біріне айналды деп санаймыз, себебі қазіргі кезеңде білім ғылым саласында инновациялық педагогикалық технологиялар маңызды. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мəселесі мемлекеттік саясаттың басты назарында. Сондықтан баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тəрбиелеудің басты мақсаты. 

Жаңа заман баласы - ертеңгі еліміздің болашағы. Жас ұрпақты қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр - сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет деп ойлаймыз. Ол үшін педагогтардың білікті, шығармашылдығымен қоса педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығы жоғары болуы тиіс. Сонымен қатар, мектепке дейінгі  мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын қолданудың да маңыздылығы зор. 

Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар мен оқу- əдістемелік кешендер, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт жəне тағы басқалары жатады. Қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық жəне графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда. 

Өкінішке орай, барлық мектепке дейінгі мекемелер жоғарыда аталған инновациялық білім беру құралдарымен толық қамтылмаған. Ал, мультимедиялық оқулықтар арқылы тəрбиеші уақытын тиімді жəне ұтымды пайдаланар еді. Балабақшада мультимедиялық оқулықтар қолдану балалар-дың қызығушылығын арттырады, зейін қойып көрумен бірге түсінбеген жерлерін қайта көруге мүмкіндік туғызар еді.

 Мультимедиялық оқулықтар балабақшада балаларға арналған таптырмас құрал болып табылады, бұл- балалардың зейінін əр түрлі əдемі түстерге, ойыншықтарға, əдемі суреттерге, əсемдікке баулуға көмектеседі. Инновациялық білім беру құралы жүзеге асқанда бала үшін де, тəрбиеші үшін де күнде дамытылып отыратын анық түрдегі əдістемелік жүйе болып табылады деп ойлаймыз.

 Соның бірі – «Тəй-тəй» технологиясына тоқталғым келеді. Ол дұрыс тамақтану денсаулығының нығаюына, танымдық, қоғамдық жəне эмоционалдық құзыреттіліктердің қалыптасуына бағытталады. Ол баланың бірегей мүмкіндіктерін ашып, отбасының балабақша қызметіне араласуына мүмкіндік береді, мəдени құндылықтарды көрсетуге жəне дамытуға негізделеді. Мектепке дейінгі мекемелерде қазақ, орыс, ағылшын тілдерін үйрету арқылы баланың жан - жақты дамып, жетілуіне, шығармашылықта жұмыс істеуге бейімделуіне, топта, жұпта жұмыс істей алу қажеттілігіне жетелейтін бірден - бір əдісі деп санаймыз. Атап айтсақ, сын тұрғысынан ойлау, тірек – сызба технологиясы, дамыта оқыту, деңгейлеп – саралап оқыту технологиясы жəне т. б. 

Соның ішінде деңгейлеп оқыту технологиясына назар аударғымыз келеді. Оның негізгі ерекшеліктері: 

1. Таланттар, дарынды балалар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан əрі бекіте түседі, əлсіздер тіл үйренуге ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады. 

2. Балалардың оқуға деген ынтасы артады. Осы əдісті мектепке даярлық сыныбында жəне ересектер топтарында қолдануға болады. 

Топтағы балалардың деңгейлері əртүрлі болғандықтан тапсырмаларды да деңгейлеріне қарай беру арқылы оларға тіл үйретуде елеулі жетістіктерге жетуге болады. Мектепке даярлық сыныптарындағы деңгейі төмен балаларға тақырыпқа сəйкес ересектер топтарындағы балаларға арналған тапсырмаларды беріп, орындалған соң деңгейі жоғары балалармен бірдей бағалап, мадақтаған жөн. 

«Тапсырманы орындадым», - деп қуанған балада алға қарай ұмтылыс пайда болары анық. Осы технологияны пайдаланудың тиімді тұстары:

 - баланың пəнге деген жеке қызығушылығын оятады; 

- танымдық қабілеттілігін қалыптастырады; 

- баланы шығармашылық жұмысқа баулиды;

 - мұғалімнің уақытын үнемдейді; 

- қосымша мəліметтер береді. 

Яғни, əр қазақ, орыс, ағылшын тілінде ұйымдастырылған оқу қызметтерінде слайдтарды қолдану арқылы өткізсек, балалардың тілге деген қызығушылы-ғын арттыра алатынымыз сөзсіз. Деңгейлеп оқыту технологиясының негізгі сатылары мыналар:

 1. Жаңа тақырыпты түсіндіру. 

2. Төменнен, жоғарыға қарай деңгейлік тапсырмалар беру; 

3. Балалардың тақырыптан алған білімдерін бекіту. 

4. Балалардың білімін бағалау. 

Мақсаты: 

1. Əр баланы оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту. 

2. Деңгейі төмен балалармен жеке жұмыс жасау, қолдау көрсету; 

3. Дарынды баланың тереңірек білім алуына жағдай жасау; 

4. Баланың ынтасын, қабілетін арттыру. 

5. Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында жағымды эмоция сезімдерімен қанықтыра алу. 

Əр баланың ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай, жетіс-тіктерге бағыттау үшін – сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын қолдануға болады. Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштас-тырылады, бала өз шығармашылығынан қабілетін таныта алады. 

Мұнда балаға ойланып - толғануға уақыт берілуі керек, ойын айтуға бала шығарма-шылығын қалыптастыратынын атап өту қажет. Оқу қызметінің қай құрылы-мында болмасын педагог "Сен не ұқтың?”, "Сен нені білгің келеді?” жəне «Сен неге бұлай ойлайсың?» деген сұрақтарды балалардан сұрап отырғаны жөн. Педагогикалық технологияларды зерттей келе мынадай қорытынды жасауға болады. 

Оқу процесінде өзінің барлық мазмұнымен, ұйымдастырылуымен, педагогтың қызметтік мінездемесімен тек қана баланы біліммен қаруланды-руға ғана бағытталмай, сонымен қатар олардың жан-жақты дамуына бағыт-талған. Көп жылдар бойы мектепке дейінгі білім беру жүйесі балалардың танымдық дамуын қамтамасыз етті. Алайда мектепке дейінгі тəрбие беру мен оқыту негізінен бала тұлғасы қасиеттерінің дамуына бағытталған.

167 0
ҮМІТГҮЛ НҰРМҰХАН, МКҚК «Бəйтерек» балабақшасының директоры Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы Ұлы дала ұстазы № 000173
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: