Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI216

ҚОҒАМДЫҚ ПӘНДЕР МҰҒАЛІМІНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ-ОҚЫТУ САПАСЫНЫҢ НЕГІЗІ

Қазақстанның қазіргі даму кезеңі қоғам өмірінің барлық саласындағы терең өзгерістермен сипатталады. Осыған орай қазіргі заман адамға: білімін үздіксіз жетілдіріп отыруға, өз іс-əрекетіне жауапты болу, əлеуметтік өзгерістер жағдайына тез бейімделе отырып, байыпты шешім қабылдай білу жəне т.с.с. жаңа талаптар қоюымен ерекшеленеді. Тарихи білім мазмұнының күрделі өзгеріске түсуі оны оқытудың əдіс, тəсілдерін де жаңғыртуды қажет етеді. Осы мақсатқа сəйкес оқу құралдарының бөлімдерін, тақырыптарын жаңа мазмұнмен байытуға жаңа бағыттар, идеялар туындауда. Қазақстан тарихын оқытудың əдістемесінің қалыптасуы, оны оқыту жүйесі мен қазіргі сабаққа қойылатын талаптар, ерекшеліктері, құрылымы анықталып, жазбаша құжатты, дыбыс жазбаны, картаны талдауға аналитикалық жұмыс парағы, үй тапсырмасы мақсаттары, артықшылықтары, функциясы т. б. дидактикалық негіздер қалыптасып келеді.

 Мектептегі тарих пəнінің негізгі мақсаты - оқушыларда тарихи сананы қалыптастыру. Тарихи сана дегеніміз-бұл тарихты түсіну, тарихи тəжірибе мен оның сабақтарын ұғыну, əлеуметтік болжау жасай алу, өз əрекеті үшін тарихи жауапкершілікті түсіну. Ол үшін біріншіден, қоғам дамуының біртұтас бейнесін қалыптастыру қажет. Ол дегеніміз оқушыларға еліміздің жəне əлемнің тарихи даму көрінісін қалыптастыру, тарихи үдерістердің мəнін олардың біртұстағы мен үздіксіздігінде түсіну жəне қоғамның дамуындағы ортақ тарихи заңдылықтары мен тенденциялары туралы түсініктерді тарих сабақтарында қалыптастыру. 

Екіншіден, ұлттық бірегейлікті қалыптастыру: тарих - бұл қоғамды біріктіруші құрал екендігін, оқушы бойында ұлттық жəне жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыра отырып, патриотизм жəне белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру болып табылады.

 Үшіншіден, оқушылардың тарихи ойлау дағдысын түрлі тарихи деректермен жұмыс жасау, тарихи оқиғалар, құбылыстар мен үдерістерді талдау, жіктеу, жүйелеу, қорытындылау жəне бағалау дағдыларын қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады. Қоғамдық пəндерді оқыту барысында оқушыларға білім беруде мұғалім жалпыға міндетті білім беру стандартын, пəн бойынша оқу бағдарламасын, пəн бойынша оқу жоспарларын басшылыққа  алады. Оқу бағдарламасында оқу мақсаттарының жүйесі мен ұзақ мерзімді жоспарлар қамтылған, ал оқу жоспарында орта жəне қысқа мерзімді жоспарлар қамтылған.

 Оқу бағдарламаларының құрылымы төмендегідей: 

Ø Пəннің мақсаты мен міндеттері; 

Ø Оқыту процесін ұйымдастырудағы педагогикалық əдіс-тəсілдер; 

Ø Оқу жетістіктерін бағалау тəсілдері; 

Ø «Қазақстан тарихы» пəнінің мазмұнын ұйымдастыру; 

Ø Оқу жүктемесінің бөлінуі;

 Ø «Қазақстан тарихы» пəнінің білім мазмұны; 

Ø Оқу мақсаттарының жүйесі; 

Ø Ұзақ мерзімді жоспарлар. 

Оқу жоспары – оқу пəндерінің құрамын, оқу жылы бойынша өту тəртібі мен бірізділігін, əр оқу пəніне берілетін уақыт мөлшерін жəне оқу жылының құрылымын белгілейтін құжат. Оқу жоспары оқу орнының мақсат-міндетіне сай жасалады. Оқу жоспарында көрсетілген білім бағыты мен сипаты оқу бағдарламалары мен оқулықтарда айқындалады. Орта мерзімді жоспарда бөлімде қарастырылатын оқу мақсаттары, оқу мақсаттарына жету үшін ұсынылатын іс-əрекеттер, мұғалімге арналған ұсыныстар жəне оқыту ресурстары беріледі. Қысқа мерзімді жоспарда немесе сабақ жоспарында оқу мақсаттары, сабақ мақсаттары, жетістік критерийлері, тілдік мақсаттар, пəнаралық байланыс, жоспарланған ісəрекет, ұстаздың рефлексиялық тəжірибесі жəне т. б. қарастырылады. 

Əр мұғалім оқыту процесін ұйымдастыруда төмендегі педагогикалық əдіс-тəсілдері қолданады:

 v Оқытудағы құндылықтарға бағытталған тəсілдер; 

v Іс-əрекетке бағытталған тəсілдер; v Оқытудағы тұлғаға бағытталған тəсілдер;

 v Саралап оқыту тəсілдері; 

v Коммуникативтік тəсіл; 

v Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар т. б. .

 Білім мен дағдыларды қалыптастыруда оқу бағдарламасы тарихилық принцип негізінде дағдыларды дамытады жəне оны спиральдік принципі негізіндегі мазмұнды құрастырады. Əр кластағы мазмұн хронологиялық реттілікпен берілген жəне келесі мəселелерді қамтиды: 

1. Мемлекеттің саяси дамуы; 

2. Экономикалық дамуы; 

3. Əлеуметтік дамуы; 

4. Мəдени дамуы. 

Оқушылардың тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыру кластан - класқа қарай күрделене отырып, прогрессияны қамтамасыз етеді. Оқушы уақыт пен кеңістікті бағдарлай алады, тарихи деректерді интерпретациялайды жəне тарихи оқиғаларға талдау жасап түсіндіре алатын болуы тиіс деген сөз. Мұғалім жоғарыдағы дағдыларды қалыптастыра отырып оқушылардың тараулар мен тақырыптар шеңберінде оқу мақсаттарын нақтылап, нақты оқу материалы негізінде пəндік білім мен дағдыларды қалыптастырады.

 Ғалым И. Я. Лернердің « Оқушылардың танымдық əрекетін арттыру» ғылыми еңбегінде атап көрсеткендей тарихи ойлау дағдылары мыналар:

 1. Оқушының қоғамдық құбылыс пен оқиғаға сай белгілері мен фактілерін таңдай алу арқылы оларға сипаттама бере алуы; 

2. кез-келген қоғамдық құбылыстың пайда болу себептерін анықтай алуы; 

3. тарихи құбылыс пен оларды ара-қатынасына ілесуіне əкелетін жағдайларды анықтауға тырысуы; 

4. кез-келген тарихи құбылыстың ауыспалы табиғаты мен оның тарихи маңыздылығын тани алуы;

 5. тарихи заңдылықтың белгілі бір құбылысының көпқырлығын тани алуы; 

6. əр тарихи құбылысқа тəн даму тенденцияларын іздей алуы; 

7. қоғамдық топтар мен белгілі бір тұлғалардың іс-əрекетін анықтайтын əлеуметтік уəждерді іздей алуы; 

8. өткен кезеңді қазіргі кезеңмен салыстыруда қызығушылықты таныта білуі; 

9. өткен кезеңнің оқиғаларынан сабақ ала білуі.

 Қазақстан тарихы пəнін оқытудың мақсаты – оқушылардың білімі мен дайындық деңгейін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстан тарихының ежелгі дəуірден бүгінгі күнге дейінгі нақты тарихы бойынша білім беру. Қазақстан тарихы пəні міндеттері: 

1. оқушыларға Қазақстан тарихы бойынша толыққанды, жүйелі білім беру;  

2. Қазақстан тарихы бойынша тарихи терминологияларды меңгерту; 

3. оқушылардың тарихи фактілер мен құбылыстарды талдап-қорыту, тарихи оқиғалардың мақсаты мен мəнін анықтай білу, оның маңызын бағалай білу дағдыларын қалыптастыру;

 4. оқушыларды оқытылатын кезеңдегі ғылым мен мəдениеттің көрнекті өкілдері мен саяси жетекшілердің қызметіне, тарихи оқиғаларға салыстырмалы талдау жасауға дағдыландыру; 

5. оқушылардың қазақ жəне басқа да халықтардың мəдени мұраларына қызығушылығын қалыптастыру;

 6. оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, түрлі дерек көздерінен қажетті ақпаратты іздестіру арқылы өзіндік жұмыспен айналысуына мүмкіндік беру. 

Тарихи түсініктер (концепт) негізінде оқыту тарихи оқиғалардың мағыналары мен маңыздылығын, үдерістер мен оқиғаларды «тез түсінуге» бағытталған, бұл пəннің мағынасын терең түсінуге көмектеседі. Тарихи түсініктерге (концепт) сүйене отырып, тарихи материалдарды талдау жүзеге асырылады.

 Нəтижесінде, оқушылар тек қана пəндік материалды ғана емес, зерттеу процестері, дағдылар жəне біліктермен байланысты комбинацияларды (материалдарды жинау жəне реттеу əдістері, сұрақтарды құрастыру жəне дереккөздермен жұмыс жасау процесінде проблеманы қоя білу біліктілігі, сəйкестендіру əдістері мен дереккөздерді сыни бағалауы, зерттеу жоспарларын əзірлеу, материалдарды жинақтау жəне нəтижелерді тексеру) меңгереді. Міне осы бағытта өткізілген сабағымды ұсынып отырмын.

176 0
БИБИГУЛЬ ЖАКИЕВА, Ақтөбе қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі мұғалімі Ұлы дала ұстазы № 000172
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: