Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI215

CLIL ӘДІСІНІҢ ТӘСІЛДЕРІН ҚОЛДАНЫП, ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА АЙТЫЛЫМ, ТЫҢДАЛЫМ ЖӘНЕ ЖАЗЫЛЫМ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ

Абстракт

This article summarizes the results of a study of geography teachers conducted by in seventh grade based on CLIL. The article explains how the work, about mistakes made during work, about the work done on their restoration and the results of work. For classroom exploration, detailed joint work of each teacher to achieve this result. When joint planning, the teachers composed assignments and exercises, from simple level to complex, methods were used to help students develop listening, speaking, writing and reading skills. The article reflects the results of the work of teachers, which are that students of the Russian class, studying the subject of geography in the Kazakh language, show good results. Research team members cited the work of prominent authors. The collaboration was successful.

 CLIL – пəн мен тілдің кіріктірілуін қамтамасыз ететін əдіс, яғни метапəндік байланыстарды қамтамасыз ететін, оқушылардың тілдік құзыретін дамытатын əдістердің бірі. Назарбаев Зияткерлік мектептерінде география мен Қазақстан тарихы барлық сыныптарда оқу тіліне қарамастанқазақ тілінде оқытыладыСабақтарда CLIL бойынша оқушы дамұғалім де пəннің оқыту тілін жақсы меңгеруі тиісАл оқушылар сол тілде пəнді түсініпсол пəнге байланысты сұрақтарға жауап беріпталдапөз пікірін айта алуы керек

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті, елбасы Н. Ə. Назарбаевтың «Қазақстан -2050» стратегиялық Жолдауында айтылған: «Қазақстанды бүкіл əлемде халқы үш тілді қолданатын жоғары білімді ел ретінде қабылдау керек, қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі, ағылшын тілі - əлемдік экономикаға енуде интеграциялануға қолайлы тіл» [1].

 Халықаралық тəжірибе көрсеткендей, пəндерді екінші немесе үшінші тіл арқылы оқитын оқушылар: жан-жақты, жауапкершілігі жоғары, креативті, тек бір (ана тілінде немесе екінші тілде! Тілде оқитын оқушыларға қарағанда үлгерімі жоғары боладыТілдерді академиялық деңгейде ойдағыдай меңгередіол қосымша ақпаратқа қолжетімділікті кеңейтугедамудың жаңа перспективаларынабасқа да мəдениеттерді терең түсінуге ықпал етедіМектеп мұғалімдері мен оқушыларының басты мақсаты – көп тілді меңгерген мəдениетті тұлғаны дамытуСондықтан біз мектептегі зерттеу барысында орыс сыныбында оқитын оқушылардың география пəнін қазақ тілінде оқыту арқылы тілдік дағдымен қатар пəндік білімді қалыптастыруға бағытталған GLIL əдісінің түрлі тəсілдерін зерттепоң-жəне теріс жақтарын бағаладық

CLIL-ді енгізу 4 "С" əдістемесін ескеру қажет екенін көрсетті: Content – (мазмұны) - білім, білік, пəндік саладағы дағдылар. 

Communication (қарым – қатынас) - оқыту кезінде шет тілін қолдану, бұл ретте оны қолдануға баса назару. 

Cognition (ойлау қабілеті) - жалпы түсінік қалыптастыратын танымдық жəне ойлау қабілетін дамыту (нақты немесе дерексіз). 

Сulturе – (мəдениеттанулық білім) - мəдениеттің бір бөлігі ретінде өзін ұсыну, сонымен қатар балама мəдениеттердің өмір сүруін ұғыну [2]. Сонымен қатар, əрбір сабақта дағдылардың барлық түрлерітыңдалымоқылымсөйлеужазылым қолданылуы тиіс

Тыңдалым 

- тілді оқытуда сөйлеу дағдысын дамытатын маңызды түрлердің бірі. Оқылым - сөйлеу дамытатын негізгі түроқуға арналған материалдардың мəні бармағыналы болуы тиіс

Сөйлеу – сөйлеу тілінің анық, нақты, қарапайым жəне жеңіл жеткізе алуына көңіл бөлу керек, бұл ретте грамматикаға аса көңіл бөлінбейді. Жазылым - лексикалық жəне грамматикалық дағдыларды дамытуға көңіл бөлінеді.

 Осы тұжырымдарды басшылыққа ала отырып, біз 7-сыныптарда сабақты жоспарлау үшін, мынадай негізгі міндеттер қойдық: 

- əр сабақты жоспарлауда жəне жүргізуде 4 "С" əдістемесін ескеру;

 - сабақтың нақты құрылған мақсаты, оқыту нəтижесі, əдістемесі, бағалау критерийі жəне рефлексия болу керек; 

- əрқайсымыз жеке жəне бір-біріміздің сабағымызға бақылау парағының көмегімен үнемі талдау жасап отыру; 

- сабақ барысында жүргізілетін қалыптастырушы бағалауға ақпараттар, мəтіндер, суреттер, бейнефильмдердің т. б. сапасы жоғары болуына баса назар аудару. 

Алғашқы зерттеуіміз шынайы болуы үшін, триангуляция əдісін қолдандық, яғни сандық əдіспен бірге сапалық əдістерді де жүргіздік, мектептің үштігі ата-ана, мұғалім, оқушылардың барлығынан болмаса да, кейбірінен сұхбат жүргіздік. 

Жеке оқушылармен сұхбаттасу кезінде қойылған сұрақтарға мысалдар келтірсек: №1 оқушы «географияны қазақ тілінде оқу мен үшін алғашқы уақытта өте қиын болды, себебі мен қазақша түсінбеймін, мысалы көлемі үдкен мəтіндер, термин сөздер, маған түсінуге қиын, болашақта географияны қазақша оқу өте қажет деп ойлаймын, сондықтан да сабақта топтық жұмыстар болса жəне орысшаға аударып отырса, сондай-ақ түрлі ойындар арқылы оқыса жақсы болар еді», №2 оқушы «географияны қазақ тілінде оқу мен үшін соншалықты қиындыққа түспеді, себебі мен сөздікті қолдандым жəне қазақшаны жақсы түсінем, бірақ қиын болғаны, сөйлемдер құрастыруда жəне оны жазуда, мəтінді оқуда, уақыттың аздығы, үлгере алмаймыз, жұптасып, немесе топтасып оқыған ұнайды, географияны қазақша оқу керек, себебі, біз қазақ тілін ғана қазақша оқыдық, ол бізге қазақша үйренуге өте аз, сондықтан географияны да, тағы да тарихты қазақша оқу мен үшін жақсы. сабақта түрлі əдістерді қолдансақ, ойын түрінде болса жақсы өтеді» жауап берді.

 Кураторымен осы жайында сұхбаттасқан кезде алынған жауап: «оқушыларының пəнге деген қызығушылығы байқалады, бірақ ішкі жиынтық бағалауларда оқушылардың төмен ұпай алуы, сол үшін оқушыларды сабақта көбірек жазуға жəне сөйлетуге уақыт бөлу керек жəне оқушыларды қазақша білетін мен білмейтін баланы жұптастырып отырғызып, жұмыс жасату керек». Ата –аналармен алынған сұхбаттың жалпы қорытынды жауабы: «географияны қазақша оқу балама өте қиынмен үйде оған көмек бере алмаймынсебебі өзім қазақша түсінбеймінсондықтан репетитор алдымқазақша кітаптар алдымдегенмен олардың пайдасы шамалыбалар үнемі орысша сөйлейді орысша ойлайдыол географияны жақсы көредібірақ түсінбегендіктенмазмұнын жоғалтып алады деп қорқамынболашақта бір жағынан қазақша болғанын қолдаймынсебебі қазақ тіліне қолдау көрсетуболашақтың қамыекінші жағынан болашақта мамандығымыз осы пəнмен байланысты болғандықтанпəннің мазмұнын білмей қалады ма деген қорқыныш та бар» Сыныптардың жеке қабілеттерін білу үшін психологпен кездесіпоқушылардың жеке қабілеттерін анықтау үшін кеңес алуды жөн көрдік

Мектеп психологы сыныптардан жалпы Ховард Гарднердің проблемаларды шешуге немесе нақты мəдени сипаттамалармен, əлеуметтік ортамен шартталған өнімдерді жасау қабілетіне арналған «Жеке интеллектуалдық қабілеттер» сауалнамасын жасауды ұсынды. Бұл сауалнаманың қорытындысында біз оқушы бойында қандай қабілет болатынын жəне қай бағытта жұмыс жасайтынымыз белгілі болады.

 1. Сауалнамаға 7E, 7D, 7F сыныптары толық қатысты. Алғашқы қыркүйек айында алынған сауалнаманың қорытындысы төмендегідей болды. 7E 7D 7F Барлық оқушы саны 24 24 24 Ауызша барлау (сыныпта қазақша түсінетінсөйлей алатын оқушы саны) 11 9 7 Музыкалық интеллект (мұғалімнің сөйлеу тембрына байланысты сабақты қабылдай алуы) (1сан – мұғалім өте сабырлынақты жəне қарапайым тілде жұмысқа бағдар береді; 2сан – мұғалім жылдамгеографиялық-академиялық тілмен жұмысқа бағдар береді). 17 / 8 15 / 7 16 / 4 Логикалық-математикалық (есеп шығаруғалогикалық тапсырмаларды шешугетезнақты жауапты тапсырмаларды орындауға бейімділік) 22 21 21 Кеңістіктік интеллект (мəтінді не бейнекөріністі көріптүсініпойын сызба 14 17 15 түрінде жеткізе алу қабілетікескін картада барлық талаптарды ескере отырыпжұмыс жасай алуыДене-кинестетикалық интеллект (макет жасау не тəжірибелік жұмыстар кезінде географиялық құралдармен жұмыс жасай алуы) 20 19 22 Адамдар арасындағы интеллект (өзінің жеке қабілетін білу жəне оны қабылдай алуы) 7 8 5 Адамдар арасындағы интеллект-2 (қасындағы оқушылардың жеке қабілеттерін анықтай алуы жəне топтажұпта жұмыс жасаған кезде оның жұмыс нəтижесін бағалай алуы) 13 16 10 Қажетті мəліметтермен қаруланған соңоқушылармен жұмыс жасауға кірістікӨзімізге оқушыларды қалай үйретеміз деп қойған оқу мақсаты мен міндеттерімізді ескере отырыпсабақта дағдыларды (тыңдалымоқылымсөйлеужазылымбірдей қалыптастыру үшін, 3 мұғалім əртүрлі əдістерді електен өткіздікМысалысөйлеу дағдысын дамыту үшін Салтанат Какимовна CLIL дің бірнеше əдісін сабақ барысында жүргізіп көруімізді ұсынды. 8-сынып (орысоқушыларының арасында өте жақсы нəтиже берген: «Ілгек сұрақтар» (Петля вопросов), «Сыртқы жəне ішкі шеңбер» əдістеріБіздің бұл əдістердегі роліміз бақылаушы қызметі болдыОқушылардың сұрақ құрылымдарын қараполарға түзетулер енгіздікжауаптарының нақты болуын қадағаладықальтернативті жауаптардың мүмкін болатындығына көздерін жеткіздікОсы 2 əдіс біздің оқушылардың сөйлеу дағдыcын қалай көтергенін төмендегі кестеден жəне графиктен көруге болады: 7 E 7 D 7 F тыңдалым сөйлеу тыңдалым сөйлеу тыңдалым сөйлеу Жыл басы 15% 10% 16% 9% 12% 7% Жыл аяғы 42% 61% 37% 65% 44% 59% Сальдо +27% +51% +21% +56% +32% +52% Жазылым дағдысын қалыптастырупəнді екінші тілде оқытылатын басқа пəндер үшін де маңыздыГеографиядан сыртқы жиынтық бағалау жұмысы қазақ тілінде өтедіЕгер оқушыда 7- сыныптан бастап жазылым дағдысы қалыптаспасажоғары сыныптарда өте үлкен кедергі болатыны сөзсізСондықтан жазылым дағдыларын қалыптастыруда Марал Турмысовна бірнеше əдіс-тəсілдерді електен өткіздіСоның ішінде «Гамбургер» əдісін қолдану оқушылар үшін жазылымда басты орындауға қажет қағиданы есте сақтауға қолайлы болды. 7 E 7 D 7 F сөз қоры жазылым сөз қоры жазылым сөз қоры жазылым Жыл басы  Оқылым дағдысын жеке дамыту мүмкін емесол басқа дағдылармен қатар дамидыТек оқушылар тапсырмаларды дұрыс оқи алмаса немесе берілген мəтінді оқыған кезде сөздерді дұрыснақты оқымаса не сөздерді түсінбесеонда нақты жауап алу мүмкін емесСондықтан осы дағдыны дамытуда Гүлжан Абеновна бірнеше əдіс – тəсілдерді қолданыптиімді əдістерді нақтыладыСоның бірі жəне қолдану барысында нəтиже берген тəсіл - «Түртіп алу» əдісіБұл əдіс - белсенді оқытуда оқушының өзін-өзі бағалауына мүмкіндік ұсынатын тиімді стратегия. v + - ? «v» - оқушыға таныс сөздер, «+» - бұрын кездестірмеген жаңа сөздер, « - » - сөздер осы мəтінге дұрыс қолданылмаған, «?» - сөздерді түсінедібірақ қолдану аумағын білгісі келеді

Оқу жылының басында қысқа мəтінмен жұмыс жасаған оқушылар, біртіндеп орта жəне ортадан жоғары мəтіндермен жұмыс жасай алатын дəрежеге жетті. Əрине барлық оқушыда қысқа мəтіндермен жұмыс жасау жақсы қалыптасқаныменорта жəне ортадан жоғары мəтіндермен жұмыс жасау сыныптардың 30-40 пайызына жуығында əлі де қиындық туғызады. 2-жарты жылдықтан бастапоқушыларда негізгі дағдыларды қалыптастыру оң нəтиже бере бастағаннан кейінсабақ барысында қолданылатын стратегияларға оқушылардың жеке интеллектуалдық қабілеттерін (ХГарднер зерттеуі бойынша алған сауалнама нəтижесідамыту қоса алынды. 7-сыныптардың жас ерекшеліктерінегізгі дағдылар жəне жеке интеллектуалды қабілеттерін дамытуды ұштастыруға мүмкіндік берген - «7 мешін» стратегиясы. Əр мешіннің мақсатын орындаған оқушылардың жұмыстарынан 4 дағды мен өздерінің жеке даму интеллектуалдық қабілеттерінің қаншалықты дамығанын айқын көруге боладыСабақтың тақырыбы: «Халық саныанықтау əдістері». 

1- мешін: ОҚУ - оқуға берілген қысқа уақытта оқушылар мəтінді қаншалықты түсінгенін келесі мешіннің мақсатындағы жұмыстан көруге болады, себебі 

2- мешін: МАҢЫЗДЫЛЫҚТЫ АЖЫРАТУ, түсінбеген сөздердің мағынасын таба алды. Мəтінді толық түсінгенін

3- мешін: ГРАФИК САЛУ, ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ кезінде көрініс тапты. Сабақты əрі қарай терең түсіну үшіноқушылар берілген сілтемелерден осы мəтінге ұқсасбірақ көлемі үлкен мəтіндермен таныса алды:

 4- мешінСАЛЫСТЫРУ ЖƏНЕ ДƏЛЕЛДЕУШығармашылықпен жұмыс жасау үшінтақырыпқа байланысты бейнефильм көрсетілді

5- мешінТЕРЕҢ БІЛІМСоның нəтижесінде оқушылар постерпрезентациябасқа көрнекіліктер жасау арқылы өз жұмыстарын қорғады:

 6- мешін: ӨЗ ЖҰМЫСТАРЫН ҚОРҒАУ, СҰРАҚ-ЖАУАП, сұрақтарға жауап берді. Ал бірін-бірі бағалау 

7- мешін: ƏДІЛ БАҒА, өздері қойған бағаға дəлел айту сабақтың қорытындысын жасауы оқушылардың жұмыс жасауын дұрыс жолға қоя білген мұғалім еңбегінің жемісі деуге болады. Осы сабақ барысында оқушының жасаған жұмысы арқылы жеке тұлғаның қабілетіқай дағдыны толық меңгергенікеңістікжеке адамдық интеллектісі қаншалықты қалыптасқанын анықтауға толық мүмкіндік болды

Оқушының жеке, жұпта, топта қалай жұмыс жасағаны өздері қойған баға арқылы анықталды жəне баға осы уақытқа дейін жасалған психолог зерттеуімен сəйкес келді, ал дағдылардың жыл басымен салыстырғанда үлкен нəтижеге жеткені нақты көрінді. 

GLILдің тиімділігі неде? GLILдің тиімділігі ең алдымен пəн мен тілдің кіріктіріп оқытылуыоқушыны оқуға үйретуяғни тілді өздігінен меңгеруіне бағыт беруоқушылар бір-бірімен қарым-қатынасқа түсе отырыпөзара оқуғабір-біріне көмек беруге ұмтылдыеш бір оқушы тасада қалмадыяғни инклюзивті оқытуға бет бұрылды

Сабақ барысында қолданылған əдіс-тəсілдер, стратегиялар нəтижесінде CLIL əдісінің оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай əртүрлі уақытта іске асырылатын 5 негізгі аспектісінің бастапқы сатысы енгізілді.

 1. Мəдени аспект – оқушыларда өзара сыйласым мен сөйлеу мəдениеті қалыптасты. 

2. Əлеуметтік аспект – оқушыларда жұпқа, топқа бөлініп жұмыс жасау кезінде ешқандай кедергісіз бірігу іске асырылды. 

3. Тілдік аспект – тілдік қордың көбеюі, жаңа сөздерді үйрену, түсіну, қолдана білу сабақ барысында айқын көрінді. 

4. Пəндік аспект – пəн бойынша академиялық тілде сөйлеудің бастапқы кезеңі толық аяқталды деп айтуға болады. 

5. Оқыту аспектісі – бұл үздіксіз үрдіс, жыл сайын жаңа əдістермен, стратегиялармен толықтырылып, жаңарып, өзгеріп отыратын үрдіс. Сондықтанқорытындылай келебізгеография пəнінің 3 мұғалімізерттеу жұмысын əрі қарай жалғастырамыз, əлі де осы əдістің басқа да тəсілдерін тəжірибемізде көреміз

Мұғалім мамандығының табысқа жетудегі құпиясы- үздіксіз білім алу мен үздіксіз өсу, олай болса, бұл зерттеулер біздің кəсіби өсуіміз бен үздіксіз білім алуымызға əдбен көмектеседі, сондықтан біз зерттеудің жалғасы болатындығына сенімдіміз. 

Пайдаланылған əдебиет: 

1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулықтар /І –ІІ-ІІІ деңгей/.

 2. Alberta Teacher Association (2000). Action research Guide. [Ісрекеттегі зерттеу бойынша нұсқаулық]. 

3. Altrichter, H., P. Posch and B. Somekh (2007) Teachers Investigate Their Work. [Мұғалімдер өз жұмысын зерттейді] 2nd Edition. London: Routledge. 

4. Carr, W. and Kemmis, S. (1986) Becoming Critical. Education, knowledge and action research, [Сындарлы болуОқытубілім жəне ісрекеттегі зерттеу] Lewes: Falmer. 

5. Carr, W. and Kemmis, S. (2009) ‘Educational Action Research: A Critical Approach’ [Педагогикалық ісрекеттегі зерттеу] In Noffke, S. & Somekh, B. (eds.) The Sage Handbook of Educational Action Research [Педагогикалық ісрекеттегі зерттеу бойынша Сейдж нұсқаулығы] London: Sage.

 6. Cochran-Smith & Lytle, (2009) In Noffke, S. & Somekh, B. (eds.) The Sage Handbook of Educational Action Research [Педагогикалық ісрекеттегі зерттеу бойынша Сейдж нұсқаулығы] London: Sage.

 7. «Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі пəн мен тілді кіріктіріп оқыту əдісін қолдану» Нұрақаева Л.Т., Дисюпов Б.А. 

8. Elliott, J. (2009) Building educational theory through action research. [Ісрекеттегі зерттеу арқылы оқыту теориясын құру] In Noffke, S. & Somekh, B. (eds.) The Sage Handbook of Educational Action Research [Педагогикалық ісрекеттегі зерттеу бойынша Сейдж нұсқаулығы] London: Sage.

 9. Elliott, J. (1991). Action research for educational change. [Оқытуға өзгеріс енгізуге арналған ісəрекеттегі зерттеу] Buckingham: Open University Press 

10.https://www.kt.kz/kaz/state/kazakstan_prezidenti_alemdegi_en_damigan_30_eldin_katarina_kiru_t uzhirimdamasindagi_basimdiktardi_belgilep_berdi_1153583121.html 

11.http://www.enchantedlearning.com/graphicorganizers

12.https://www.eduplace.com/graphicorganizer/

363 0
МАРА ЖУНУСБАЕВА, ГУЛЬЖАН НУРГАЛИЕВА, САЛТАНАТ ОМАРОВА, Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің география пəні мұғалімдері Нұр-Сұлтан қаласы Ұлы дала ұстазы № 000171
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: