Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI214

«БЕС ТАС» ҰЛТТЫҚ ОЙЫН – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ

Ойын – мектеп жасына дейінгі балалар іс-əрекеттерінің негізгі түрі. Аса көрнекті үздік педагог Н.К. Крупская қимылды ойын жөнінде былай деп толғанады: «Ойын – өсіп келе жатқан бала организмінің қажеті. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы артып жетіле түседі. Ойында балалардың ұйымдастырушылық дағдыларын қалыптасып шыңдалады» Осыған орай, «Бес тас» ұлттық ойын – ұлттық құндылық» тақырыбында жоба құрып, бөбекжай педагогтарымен жұмыстанып келеміз. Бұл жоба ортаңғы жəне ересектер тобы балалары мен ата-аналары жəне тəрбиешілер қатысуымен ұйымдастырылды. Этномəдениеттану бағытында, бір жылдық мерзіммен құрылды 

Жобаны жүзеге асырудағы негізгі мақсатымыз: жаңа технологиялық əдіспен балалардың жас ерекшеліктеріне сай, ұлттық ойындарды мазмұнына қарай іріктеп алып пайдалану. Қазақтың бұл ұлттық ойынының қажет екеніне көз жеткізе отыра, қазіргі заман талаптарына сай ойындарды дамыту. Саусақ ойындары арқылы балалардың қол моторикасын, ойлау, есте сақтау, көру, қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру, ой-өрісін кеңейту. Балалардың ұлттық ойынға деген сүйіспеншілігін арттырып, салауатты өмір салтын ұстануға тəрбиелеу. 

Жоба барысында мынадай міндеттерді алдыға қойдық:

 ü Ұлттық ойынның барлық ережелерін, қыр – сырларын зерттеп, ізденіс жұмыс жасап, ойынның түрлерімен ерекшеліктерін білу.

 ü «Бес тас» ойынының ұмытылып, мүлде ойналмай, ережелерінің сақталмай, ойнаудың өзіндік сырларының (техникасының) жоғалып бара жатқандығын басты назарда ұстау, ұлттық байлығымызға лайықты деңгейде көңіл бөле отырып, дəріптеу. 

ü Өткенді зерделеп, келешек ұрпаққа насихаттау. 

Жобаның өзектілігі:

 Əрине, балалар ойын ойнағанды жақсы көреді. Ойынның қызығына салынып, ойыншықтар қалып, планшет, ноутбук, сенсорлы, ұялы телефондар, жалпақ тілмен айтқанда виртуалды ойын ойнағанды жақсы көреді. Бірақ, осы ойындар баланың жан-жақты дамуына кедергі келтіретінін білсек те, балаларға шектеу қойылмай жатыр.

 Ал, енді, арнайы спорт жабдықтары мен құрал-саймандарды көп қажет етпейтін қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау, ұлттық ойындар отбасында мүлде ойналмай, жоғалып бара жатқандығын басты назарда ұстап, ұлттық байлығымызға лайықты деңгейде көңіл бөлуге шақырамын. Ұлттық ойынымызды ойнатсақ, құндылығымыз жойылмас еді деп ойлаймын. . Жоба барысына жоспар құрылып, жоспар бойынша тəрбиешілер жəне педагог-мамандармен ұлттық ойындар картотекасы жинақталды, буклеттер жəне альбомдар жасалды. 

«Бес тас» ұлттық ойыны – ұлттық \құндылық» тақырыбында шеберлік сыныбы педагогтермен ұйымдастырылды. Ортаңғы жəне ересектер тобы тəрбиешілеріне саусақ картотекаларын «Бес тас» ұлттық ойыны элементтерімен толықтыру тапсырмасы берілді. Ата-аналармен жұмыс жоспары бойынша ұлттық ойындарды насихаттау мақсатында «Бес тас ұлттық ойын – ұлттық құндылық» тақырыбында кеңес папка-ширмалары жасалды. «Ұлттық ойындар» Олимпиядасы, апталықтары ұйымдастырылды. 

«Ұлттық ойын – ұлт игілігі» тақырыбында сауалнамалар мен топтық қабырға газеттері жасалды. Ұлттық ойындар туралы мағлұмат жинақтауға атсалысу ұсыныстары іске асырылды. Балалармен жұмыс жоспары ҚР МЖМБС жүзеге асыру талаптарына сəйкес, білім беру салаларын ескере отыра бес бағытта өрбіді. «Денсаулық» білім беру саласы бағытында «Ұлттық ойындар» апталығы жоспарланды. Апталыққа балалар мен ата-аналар қатысты. Осы шара арқылы ойынның негізгі түп нұсқасын насихаттау аса назарға алынып мына үлгіде ойналды.

 «Бес тас» ойының барысы:

 Бұл ойынға бірнеше балалар қатыса алады. Ойын бірлік, екілік, үштік, төрттік, бестік деген деңгейлерден тұрады. Тасын қағып ала алмаған бала сол деңгейде қалып, кезегі келгенде ойынды əрі қарай жалғастырады. Бірлікте тасты көкке лақтырып қалғандарын бірбірлеп қағып алу керек, солай деңгей жалғасады. Бестікте барлық тастарды «көпірден» екі саусақтың арасынан өткізеді. 

Сонымен қатар, басқада ұлттық ойындар ойналды, мысалға балалар жақсы көретін «Асық ату», «Білек күресі», «Арқан тарту» жəне т. б. «Коммуникациялық» білім беру саласы бағытында: «Бес тас» ұлттық ойын – ұлттық құндылық» тақырыбында бұрышын құру. Көркем сөздер, мақал-мəтелдер, тиім сөздер, кітапшалар жинақтау жұмыстары жүргізілді. 

«Таным» білім беру саласы бағытында: 

Ересектер топтарында табиғат бұрышында шағын-зертхана жасақтап, тастарды зерттеу, тастың құрамын, түрлерін, пішіндерін, түстерін анықтау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар бес тас ойынында тасты немен ауыстыруға болады деген сауалдарға жауаптар іздеп, зерттеп, ойнап көріп өз тұжырымдамаларын жасады. 

Зерттеу барысында ойынды моншақтармен, жұмсақ кіші доптармен, ілгектермен, асықпен т. б. заттармен ауыстыруға болады деген шешім қабылдады. 

«Шығармашылық» білім беру саласы бағытында:

 «Ұлттық ойын – ұлттық құндылық» сурет көрмесі. «Алтын сақа» галереясын ұйымдастыру, «Қызықты калейдоскоп» танымдық ойын сайысы ұйымдастырылды. «Əлеумет» білім беру саласы бағытында: Спорттық шарада басты назарға гендерлік тəсілдемені алып, қыз балаларға жəне ұл балаларға арналған ойындарды бөліп ойнату. Мəселен, ұл балаларға «Асық ату», «Арқан тарту» ойыны, ал қыз балаларға «Бес тас» ойынын моншақтар арқылы немесе жіптен тоқылған жұмсақ шариктерді тастарға айналдырылып ойнату арқылы қорытылады.

 Жоба жұмысының нəтижесі:

 Тəрбиеші жəне педагог-мамандар мен бірлескен жұмыс барысында балалардың бойына халықтың асыл мұрасын бойына сіңіріп, қазіргі заманға сай ойындар ойлап табуға болатынына көз жеткізілді. Ата-аналармен жұмыс барысында ата-анамен бала арасында қарым-қатынас, отбасылық ауызбіршілік, ынтымақтастықты сақтау мақсаттарының шешімін тауып, кешкілік бос уақытта балаларымен «Бес тас» ойынын ойнау арқылы келешек ұрпаққа насихаттау міндеттері жүзеге асырылды. Балалармен жұмыстана отыра, балаларды қазақ халқының ұлттық ойындарымен, ойната отырып жан-жақты тəрбиелеуге болатына көз жеткізілді. 

Қорыта келе, қазір балалар ойын автоматтары, интернет сынды зиянды ойындарға əуес. Оның адам денсаулығына тигізер залалы көп екенін білеміз. Біле тұра, Ұлттық ойындарымыздың құндылығын – ойын кезінде адамгершілік мінез-құлық, өзара сыйласу, татулық, ұжымда бір-бірімен тіл табысу сияқты мінездері қалыптасатынына салбыр қараймыз. 

Арнайы спорт жабдықтары мен құрал-саймандарды көп қажет етпейтін қазақтың ұлттық ойындарын насихаттап, мүлде ойналмай, ережелерінің сақталмай, ойнаудың өзіндік сырларының (техникасын) жоғалып бара жатқандығын басты назарда ұстап, ұлттық байлығымызға лайықты деңгейде көңіл бөлуге, дамыта отыра ойнауға шақырамын. Ендеше, Манашыұлы Тұяқпай жырында: «Балалар ойнайды, ойнап жүріп ол бала, кеудеге ақыл ойлайды» - деп өз ойымды түйіндеймін. 

Қолданылған əдебиеттер: 

1. Қазақтың ұлттық ойындары Алматы.2005 жыл 

2. «Мектептегі дене шынықтыру» - Республикалық ғылыми-əдістемелік журнал. №3 2014 ж 

3. Пименова Е. П. Саусақ ойындары. 2007.

1 337 0
НУРГУЛЬ МАМАНБАЕВА, №7 «Айналайын» бөбекжайы МКҚК-ның жоғары санатты əдіскері БҚО, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы Ұлы дала ұстазы № 000170
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: