Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI213

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫНДА КОМАНДАЛЫҚ ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ НӘТИЖЕСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚОЗҒАЛЫС БЕЛСЕНДІЛІГІН КӨТЕРУ

Түйінді сөздер: дене шынықтыру, қызықтыру, ептілік, командалық ойындар, сабақты зерттеу 

Ключевые слова: физическая культура, вовлечение, ловкость, командные игры, исследование урока

 Key words: physical education, involvement, dexterity, team games, lesson study 

Аннотация

 Əлемде өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау жəне дамыту мəселесі күннен күнге өзекті болып бара жатыр. Қазіргі кезең адам қызметінің қарқынын жеделдетумен сипатталады, бұл стресстің жоғары деңгейіне əкелуі мүмкін. Дене тəрбиесі үрдісінде оқушылар өз қозғалыстарын басқару қабілетін дамыту мақсатында, сондай-ақ өз денесінің қозғалыс заңдылықтарын тану мақсатында түрлі қимылқозғалыс əрекеттерін үйренеді, өмірге қажетті дағдыларды дамыту мен қатар, оны дұрыс қолдана білуге икемденеді. Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі даму стратегиясы қажетті оқу ортасын, салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін педагогикалық жағдай жасауды міндет етіп қояды, бұл оқушыларға физикалық жəне рухани дамуға, өмірде өзін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Кез келген ұстаздың басты мақсат-міндеті – оқушыларға сапалы білім беру, жан-жақты жетілдіру, оқуға деген қызығушылығын арттыру. 

Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін арттырады. Кез-келген бала да адамның мəдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдыңғы орында, яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ [1, 12б]. Ойын- дегеніміз не? Ойын дегеніміз – халықтың баланы əдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдың бірі. Мектепте де тəрбиеленушілердің танымдық іс-əрекетін қалыптастыруда негізгі жұмыс түрі – ойын əрекеті. Бала саналы, мəдениетті, адамгершілігі мол болып, жан-жақты дамуы үшін жəне тілін дамытып, сөз байлығын дамыту үшін жəне айналадағы өмір құбылысын ұғыну үшін пайдаланудың маңызы зор [2, 14б]. Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері, қабілеті мен белсенділігі де көрінетіні туралы аса көрнекті педагог А. С. Макаренко былай дейді: «Ойында бала қандай болса, өмірде кəсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады». Сондықтан келешекке адамды тəрбиелеу – бəрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асыралады. 

Ойын – балалар үшін айналадағы танып, білу тəсілі [3, 12б]. Мен сабақ беретін 9 сынып оқушыларында ептілік қасиеті төмендеу екенің сабақ барысында, əсіресе қозғалыста берілетін тапсырмалар орындаған кезде байқадым. Сондықтан оқыту үрдісінде арнайы əдіс-тəсілдерді, соның ішінде ойын əдістерін, командалық ойын элементтерін сабақта қолданамын деп шештім. Туындаған мəселені шешу үшін мен іс-əрекеттегі зерттеу əдістерін пайдалана отырып оқушылардың қызығушылығын көтеру арқылы қозғалыс белсенділігін дамыту. 

Әдебиеттерге талдау 

Неге командалық ойын әдістері? 

Жұмыс туындаған мəселе бойынша қажетті əдебиеттерді, интернет ресурстарын жəне дене шынықтыру бағдарламасын жан-жақты зерттеуден басталды. Сонымен қатар, іс-əрекеттегі зерттеу тобының ішінде сыни достарымен пікірлермен алмасу нəтижесінде зерттеудің мақсаты айқындалды. Сол мақсатқа жету үшін қажетті міндеттер қойылды. Ең басты міндет дене шынықтыру пəнінің білім беру бағдарламасын жан-жақты зерттеу, яғни білім беру бағдарламаның мақсаты, міндеті, тақырыптары, оқу мақсаты талқыланды. Шешу жолдары қарастырылды. Осыған байланысты жұмыс жоспары құрылды. Мəселе анықталғаннан кейін, арнайы жоспар құрылып, жұмыс сол бағытта басталды. 

Ең бірінші оқушылар арасында сауалнама өткізілді [4, 12б]. Ол сауалнаманың мақсаты I оқушылардың бойында спортқа жəне сабаққа деген қызығушылығын анықтау. Өйткені қызығушылық болмаса қажетті дене сапасын дамыту мүмкін емес. 

Сауалнама нəтижесі негізінде оқушылардың көпшілігінің ойы бір жерден шығатынын анықтадық. Мəселен, дене шынықтыру сабағында оқушылардың басым бөлігі спорттық ойындар ойнауды қалайды, дене қыздыру жаттығуларына, жұптық, топтық тапсырмаларға аса маңыз бермейді. Сондықтан зерттеу барысында осы мəселеге көңіл бөлініп, сабақ барысындағы жаттығуларды түрлендіру, кішігірім ойын не эстафета ретінде ұйымдастыру қарастырылды. 

Зерттеу əдіснамасы 

Ең бастысы, сабақты ұйымдастырған кезде мұғалім əр сабақты ерекше өткізуге көңіл бөлуі керек, өткізу жолдарын жан-жақты қарастыруы керек, қолайлы (коллаборативті) орта туғызуы қажет [5, 33б]. Мысалы, спорт жабдықтарын (инвентарь) қолдағы заттармен алмастыру, топтық жұмыс, жұптық жұмыс, диалогті оқыту, пəнаралық байланыс (интеграция), АКТ-ні қолдану, əр түрлі карточка, пазлдар жəне т. б. қолдану. Ал жекелей тапсырмаларды өз деңгейінде орындаулары үшін рейтинг шығарып, нормативті үздік тапсырған оқушыларды мектеп деңгейінде марапаттау қарастырылуда. Оқушылардың ойын талғамында да ерекшелік байқалады. Қыз балалар теннис, волейбол ойындарына қызығушылық танытса, ер балалар футбол, хоккей ойындарын таңдады. Алайда, оқушылардың тек бір жақты емес жан-жақты дамуының маңыздылығын ескере отыра, оқытуда спорт ойындарды жəне қозғалмалы ойындарын қосу қажет. Дегенмен, оқушылардың талғамдарын жəне қабілеттерін ескере отыра топтар құрылып, кішігірім үйірмелер ұйымдастыру қолға алынды [6, 12б]. 

Сыныптағы оқушылардың қабілет деңгейлерінің əр түрлі болуына байланысты тапсырмаларды бергенде оларды күрделілігіне қарай бөлу керек, яғни сабақта сараланған тапсырмаларды қолдану қажет. Нақтырақ айтқанда, A, B, C деңгейіндегі оқушыларға сəйкесінше күрделі, орташа, төмен жүктемесі бойынша тапсырмаларды беру. Көптеген тəжірибелерге сүйене отыра, бұл əдіс жоғары нəтижеге жетуге көмектеседі, яғни бүкіл оқушылар оқыту үдерісіне қатысады деген сөз. 

Өткізілген тест арқылы оқушылардың физикалық деңгейі тексерілді, яғни физикалық деңгейін анықтайтын тест арқылы оқушылардың зерттеу басындағы көрсеткіштері есепке алынды. Нəтижесінде зерттеу басындағы көрсеткіштер есепке алынып, белгілі бір əдіс-тəсілдерді, іс-шараларды қолданғаннан кейін қайта өткізіліп бір-бірімен салыстырылады, талдау жүргізіледі жəне қорытынды шығарылады. 

Зерттеу нәтижелері 

Жаңашылдыққа əркімнің көзқарасы əр түрлі. Оның ішінде жасөспірімдердің жаңалықтарға ашықтығы байқалады. Өздерінің ой-пікірлері де ескеріліп таңдалғандықтан, сабақта қолданысқа енгізілген жаңа əдіс-тəсілдерді үлкен қызығушылықпен қабылдады. Нұсқаулыққа сəйкес орындауға барынша күш салды. Түрленген əр түрлі жаттығулар оқушыларды қызықтырды, бағалауды қажет ететін тапсырмаларды орындауға ынталары артқаны да байқалады. Оқыту барысында белсенділіктері көтеріліп, қабілеттері шыңдалуда. Ойын-жаттығулардың біраз бөлігі топтық жұмыстарға бағытталған. Соларды орындау арқылы оқушылардың ауызбіршілігі күшейді. Топ ішінде іс-əрекетті ақылдасып істеуге, тапсырмаларды бөлісіп, өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, оны тиянақты орындауға күш жұмсады. Жалпылай алғанда 9 сынып оқушыларының дене шынықтыру сабағына деген қызығушылығы артты. 

Оны біз төмеңгі кестеден көреміз: Сауалнама нəтижелері Оқушы Зерттеу басында Зерттеу соңында А Сабақтағы белсенділігі жəне қызығушылығы орта деңгейде. Жұптық, топтық жұмыстарда лидерлік қабілеті байқалады. Берілген тапсырманы тиянақты орындайды. В Сабақтағы белсенділік деңгейі орташадан төмен. Тапсырмаларға қызығушылығы орташа. Сабақта тапсырмаларды орындау барысында белсенділік танытады, қызығушылығы жоғарылады. С Сабақтағы белсенділігі мен қызығушылығы төмен. Тапсырмаларды орындауға атсалысады. Топта жұмыс істей алады. Сабақта іс-əрекет барысындағы қолданған əдіс-тəсілдер нəтижесінде қозғалыс белсенділігі айтарлықтай өсті. Сабақтағы қолданған ойын элементері нəтижесінде ептілік қасиеті жоғарылады. Тіпті жоғары көрсеткіш көрсеткен оқушылар мектепішілік шаңырақтар арасында жарыстарына да қатысып үлгерді. Ептілік қасиетін дамыту арқасында спорттық ойында, əсіресе шабуылдау кезінде оқушылар өздерін емін-еркін сезінеді, кез келген уақытта, ойын барысында жауапкершілікті өз қолдарына ала- алады жəне тиісті əрекет орындай алады. Оқушылардың ептілік қасиетінің жоғарылауын төмеңгі кестеден көреміз: 

Əр тұлғаның қабілеті əр түрлі. Сонымен қатар, жекелей алғандағы оқушылардың психологиялық жəне физиологиялық ерекшеліктері бары анық. Бұл 9 сынып оқушыларына да қатысты. Сабаққа сынып толық қатысқанымен, 100% -дық белсенділікке қол жеткізе алмадық. Оған себеп, оқушыладың физиологиялық ерекшеліктерінің біркелкі болмауы. Сондай-ақ, спортқа қабілеттің əр түрлі болуынан, спорттық ойындар барысында да сыныптың бір бөлігінің жоғары белсенділік көрсете алмауы байқалды. Дегенмен, олардың арасында ынтасы мен потенциалы бар, тек біраз дайындықты қажет ететін оқушылар бар. Оқушылардың психологиялық жəне физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, олармен жекелей жұмыс жасау қолға алынады. 

Дайындықты қажет ететін В, С деңгейдегі оқушылардың белсенділігін арттыру үшін оларды қабілеті жоғары А деңгейдегі оқушылармен жұптастырамыз. Деңгейлерін теңестіру тапсырмалары беріледі. Сабақтағы жаттығулар барысында не сабақтан тыс дайындықтар жасайтын болады. Нəтижесінде ең үздік жұпты марапаттау жолын қарастырдық. Кіріктірілген бағдарлама аясында жасалған зерттеу оң нəтиже бергендіктен оларды басқа да сыныптарға қолдану жоспарлануда. Осылайша жалпы мектептің дене шынықтыру сабағындағы қозғалыс белсенділігін жəне қызығушылығын арттырамыз. Өз кезегінде бұл мектеп деңгейінде салауатты өмір салтын насихаттауға мүмкіндік береді. 

Ұлт болашағы – дені сау ұрпақ. Болашақтың жарқын болуына жəне салауатты өмір салтын ұстанатын дені сау ұрпақты тəрбиеленуіне дене шынықтыру пəнінің мұғалімі болып осылай ат салысамын.

 Пайдаланылған əдебиеттер: 

1. Усин Ж. А., Хисматулин Р. А. Инновационные формы и методы проведения занятий по физическому воспитанию в учебных заведениях // Павлодар, – 2014

 2. Белова Е. С. Одаренность малыша: раскрыть, понять, поддержать // ЭКСМО, – 1998. – 166 с.

 3. Глухов, В. И. Физическая культура в формировании здорового образа жизни. // Здоров'я, – 1989. – 72 с. 

4. Смолкин А. М. – Методы активного обучения. М., 1991 

5. Процесс формирования ЗОЖ и сознательного отношения к собственному здоровью существенно актуализировался при сочетании различных форм образовательной деятельности: физической, игровой, ритмической деятельности- Родионова Е. Б. Социальнокультурные условия формирования основ здорового образа жизни дошкольников средствами игровых технологий: автореф. дис. … канд. пед. наук. -Тамбов, 2015. -30 с.

 6. Громцева А. К. Формирование у школьников готовности к самообразованию. - М., Просвещение, 1983 г. – 155 с.

251 0
ДАНИЯР НУРСЕИТОВ1 , МАДИНА НУРСЕИТОВА2 , 1 Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің дене шынықтыру пəні мұғалімі 2 Жаңа Ұрпақ Мектебі NGS аға кураторы Алматы қаласы Ұлы дала ұстазы № 000169
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: