Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI212

БЕЙНЕЛЕУ ҚЫЗМЕТІ САБАҚТАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР

Балалар шығармашылығын дамыту жаңа заманғы педагогиканың маңызды жəне көкейтесті проблемасы болып табылады жəне үйренушілердің қоршаған ортаны шығармашылық тұрғыдан қабылдауға, қоғам мен мемлекетте жағымды өзгерістерге қол жеткізуге ықпал ететін белсенділік пен өздігінен дамуға тəрбиелеуді білім беру жүйесінің алдына басты мақсат етіп қояды. 

Қазіргі ақпараттық қоғамдағы өмір білімнің тез ескіріп жəне жаңалануымен, олардың көлемінің тез көбеюімен ерекшеленеді. Бұл мектеп жасына дейінгі баладан тапқырлықты, қиялдауды, бастамашылдықты, өнертапқыштықты, іскерлікті, тез, əрі дұрыс шешім қабылдау қабілетінің болуын талап етеді. Яғни, бала шығармашылығында айқын көрініс табатын қабілеттердің болуы. Шығармашыл тұлғаны жасап шығару қазіргі таңда педагогикалық теория мен тəжірибенің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сəйкес «Шығармашылық» білім беру саласының міндеттерінің бірі – өз-өзімен, басқа балалармен, ересектермен жəне əлеммен байланыс жасайтын субъект ретінде əр баланың шығармашылық қабілеттері мен шығармашылық əлеуетін дамыту. 

«Шығармашылық» сөзі «жасау» сөзінен шыққан, яғни бұрынғы жеке жəне қоғамдық тəжірибеде кездеспеген ерекше дүниені іздеп табу, бейнелеу, жасау дегенді білдіреді». Л. Выготский шығармашылық жəне шығармашылық қызметті жаңа (кем дегенде, осы қызмет субъектісі үшін) нəтижелер пайда болатын (білім, дағды, шешім, əрекет ету əдістері, материалдық заттар) əртүрлі тəжірибелік немесе теориялық қызметтің индивидумы болып табылады деп түсіндірген. Бейнелеу қызметінің үш түрі бөліп көрсетіледі: сурет салу, жапсырма жəне аппликация. Олардың барлығы баланың жан-жақты дамуына толық көлемде əсерін тигізеді. Баланың ойлау қызметі қол қызметіне байланысты. Қолдың арқасында бала заттардың пішіні, кеңістік жəне өлшем туралы кеңінен сараланған мəліметті алады. Бейнелеу қызметі сабақтарында балалар талдау мен салыстыруды үйренеді. Заттар жəне құбылыстармен, олардың қасиеті жəне сапасымен тікелей, көрнекі, сезіп танысу баланың сенсорлық даму саласын құрайды, яғни түсі, пішіні, өлшемі, кеңістіктегі орналасуы туралы біліммен танысу жəне меңгеру процесі жүреді. Сурет салу, жапсырма жəне аппликация эстетикалық дамуға ықпалын тиігізіп, шығармашылық қиялды қалыптастырады. 

Бейнелеу қызметі адами қабілетті де дамытады. Əсіресе ол бөлісу, бір-біріне көмектесу, ақылдасу жəне келісу қажеттілігі болған жағдайда ұжымдық сабақтарда көрініс табады. Сурет, жапсырма немесе аппликация салу үшін еңбек етіп, жігерлілік танытып, тырысып, жапсыру, қию, заттың суретін салу, сондай-ақ техникалық қабілеттерді меңгеру қажет. Мұның барлығы жеке тұлғаның зейінділік, жігерлілік, шыдамдылық, ұстамдылық сияқты қасиеттерінің дамуына ықпал етеді. Балалардың сабақты дайындауға қатысуы жəне одан кейін жинауға қатысуы – бейнелеу қызметінің процесінде жүзеге асырылатын еңбекпен тəрбиелеудің бір түрі. Осылайша, бейнелеу қызметі балалардың ақыл-ой, сенсорлық, эстетикалық, адами жəне еңбек тəрбиесіне əсер етеді. Сурет салу, жапсырма жəне аппликация сабақтарын толық жүргізу үшін тəрбиешіге сабақты өткізу əдісін біліп қана қоймай, техникалық əдістер мен дағдыларды меңгеріп, ұйымдастырылған оқу қызметінің нақты құрылымын білу керек. 

Сабақты табысты өткізу үшін ең алдымен балалармен жұмыс жасауға арналған материалдарды жинақтап, оған алдын ала дұрыс дайындалудың маңызы зор. Жұмыс тəжірибесіне байланысты бейнелеу қызметі сабақтарын өткізу жас педагогтарда қиындық туғызады. 

Сондықтан біз келесі материалдарды ұсынамыз: 

• тəрбиеленушілердің бейнелеу қызметіне арналған материалдар мен құрал-жабдықтардың тізімі 

• бейнелеу қызметінің алдында затқа тексеру жүргізудің жасақталған ұсынымдары

 • бейнелеу қызметінде көрсету жəне түсіндіру жөніндегі ұсынымдар

 • бейнелеу қызметі (жапсырма) жөніндегі сабақтарды дайындау мен өткізу ұсынымдары

140 0
НАЗИГУЛЬ ИБРАЕВА, «Балдырған» бөбекжай - бақша КМҚК-нің Мектепке дейінгі ұйым тəрбиешісі ШҚО, Зайсан ауданы, Айнабұлақ ауылы Ұлы дала ұстазы № 000169
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: