Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI211

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА ЗАМАНҒЫ ҮРДІС

Президенттің 2018 жылғы Қазақстан халқына жолдауында келесідей тезис бар: «Мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен əлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттарын енгізу қажет». 

Біз, мектепке дейінгі білім беру мамандары жаңа мазмұн, жаңа түрлер мен əдістерді шығармашылық іздену үстіндеміз. Бұл іздену инновациялық білім беру жобалары мен тəжірибелік жұмысқа қатысуда көрініс табады. Аталған жұмыстың барлығы жаңа заманғы мектепке дейінгі білім берудің үрдістерін қалыптастырады. 

Мектепке дейінгі балалық шақтағы жаңа заманғы үрдістер қандай жəне біздің қаламыздың жағдайында олардың қайсысы іске асырылады? 

Бірінші үрдіс: мектепке дейінгі балалық шақтың өзіндік бағалануын түсіну. 

Өзіндік бағалау аталған жас кезеңінің ерекшелігіне байланысты, онда жеке тұлға мəдениетінің негізі, бірінші түсініктері (əлем, өзі туралы), таным əдістері қалыптасады. Өзіндік бағалау туралы мектепке дейінгі балалық шаққа 1 долларды сала отырып, мемлекет экономикалық қайтарымның 8 долларын алады дерегі көрсетіп отыр (орта білімге 3 долларды сала отырып). Осы үрдісті түсіну біздің қаламызда да бақыланады: 5 жылдың ішінде 4 жаңа мектепке дейінгі ұйым пайдалануға берілді, ол барлық ниет білдіргендерді балабақшаға орналастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. 

Екінші үрдіс: жеке оқыту əдісіне құрметпен қараумен байланысты жаңа заманғы білім берудің жеке бас бағыттылығы. Бұл бағыттағы бірінші тренд ретінде дербестендіруді бөліп көрсетеміз, онда оқыту мен тəрбие беру дифференцияланып, материалды беру оралымдылығы, оның көлемі, басымдықтарды таңдауды есепке алады. Бұл инклюзивті білім беруді ұйымдастыру кезінде қосымша қызметтер мен вариациялық бағдарламаларды қосуда көрініс табады (осылайша, қаланың əр мемлекеттік балабақшасында əкімдіктің қолдауы нəтижесінде логопед қызметі енгізілді). 

Екінші үрдіс – нейродидактика, ұл бала мен қыз баланың ойлау қалпын, солақай мен оңқайлығын, визуалдармен, аудиалдармен, кинестетиктермен ақпаратты қабылдау тəсілдерін есепке алады. Осы дағдыларды қолдану бойынша концентрленген оқыту жаңашыл педагогтың қалалық мектебі арқылы ұйымдастырылған. 

Үшінші үрдіс – метаоқыту. Себебі психологиялық жəне физикалық қалып оқыту процесіне əсер етеді, тəрбиеленушілерді білім алуға ынталандыра білу маңызды, балалар өз жасына орай жұмысының маңыздылығын көру керек. Бұл əсіресе ұл балаларға тəн. Аталған жағдайда педагогқа көмекке жүйелік технологиялар келеді. 

Жоғары деңгейдегі ойлауды дамытуға «Балабақша – қуаныш үйі» технологиясы тиімділігін көрсетті. Төрт жылдың ішінде ғалымдармен байланыс жүргізіліп келеді, біз ғылыми негізде пəнаралық біріктіруді пайдалануға мүмкіндік беретін жəне мектепке дейінгі білім беру мен кəсібиліктің сапасын айтарлықтай арттырған технологияны енгізіп келеміз. 

Келесі үрдіс: мектепке дейінгі білім беру бағытының құндылықты-мəнді басымдылығы. Жаңа стандарттың арқасында мектепке дейінгі ұйым бастауыш мектепте оқытудың қажетті алғышарттарын жасай отырып, жалпы мəдени құндылықтар мен «Мəңгілік ел», «Рухани жаңғыру» бағдарламалық құжаттарының негізінде балалардың үйлесімді дамуын жүзеге асырады. 

Мектепке дейінгі ұйымдар өз еңбегінің нəтижелері үшін жауапкершілікті арттырады. Оған білім беру бөлімімен жасақталған бірқатар параметрлер бойынша балабақшаның тиімділігін бағалау жүйесі ықпал етеді: денсаулық пен білік-дағдылардың қалыптасу сапасынан педагогтардың кəсіби қызмет деңгейі, ата-аналардың мектепке дейінгі тəрбие берудің қызметтеріне қанағаттанушылық деңгейіне дейін. 

Сараптаманы жəне үлкен мəліметтерді пайдалану (big data) – жаңа заманғы білім берудің өзекті бағыты. Бұл цифрландыру заманында əсіресе өзекті. Балабақшаларда білім беру бастамаларын болжамдау жəне жоспарлау мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің белгілібір бағыттарының дамуына, баланың дамуына ықпал ететін немесе кедергі жасайтын зерттеулерді жүргізу, мəліметтерді жинақтау, факторларды зерттеу негізінде құрылады. Осылайша, қалада кезекке қою мен ата-аналарды хабардар етудің автоматтандырылған жүйесі енгізіледі. Сондай-ақ, жаңа заманғы үрдістердің бірі мектепке дейінгі білім берудің жағдайлық бағыттылығы болып табылады. 

Мектеп жасына дейінгі баланың дамуы балалар мен ересектер қауымдастығының «өзара алмасуы» кезінде ортақ жағдайлық кеңістікте ересектер мен балалардың өзара байланысуы негізінде жүргізіледі. Осындай байланыстың барысында қарым-қатынас жасау тəжірибесі, өзара байланыс жасау нормалары, проблемалық жағдайларды жағымды түрде шешуге мүмкіндік қалыптасады. Педагогикалық процестің барлық субъектілерінің негізгі құзыреттіліктерін дамытатын мектепке дейінгі білім берудің ерекшелігі жаңа жағдайларда, өнімді қызмет түрлерінде білім, білікдағды меңгеріліп, пайдаланылатын жағдайға дайындық процесінде ересектер мен балалардың өзара байланысы болады.

 Геймификация – балалардың белгілі бір мінез-құлық түрін қалыптастыру мақсатында ойындарға арналған əдістерді, қарқындылықты, құрылымды жəне механизмдерді пайдалануды білдіретін үрдіс. Жаңа заманғы МТОМЖС ойын ермек, демалыс рөлін атқара отырып, оқытуға, шығармашылыққа, адамдық қатынастарды үлгілеумен өмірдің əр түрлі салаларында көрініс табуы мүмкін дегенді білдіреді. Ойын қызметін меңгеру нəтижесінде мектепке дейінгі кезеңде қоғамдық маңызы бар жəне қоғаммен бағаланатын қызметке дайындық қалыптасады. Жаңа заманғы үрдістердің бірі мектепке дейінгі білім берудің құзыреттілік бағыты болып табылады. Жаңа заманғы мектеп жасына дейінгі бала өмірінің ұқсас кезеңінде өз ата-анасынан ерекшеленетіні сөзсіз. 

Жаңа цифрландыру заманының балалары жаңа заманғы гаджеттерді сенімді түрде пайдаланады, сондықтан білім беру процесіне жаңа дидактикалық əдістер енгізілген; планшеттер, əліппе-дəптерлер, интерактивті тақтамен жұмыс. Жаңа заманғы сабақтарды өткізудің негізгі сəті зерттеу, рефлекстік қызмет болып табылады. Жаңа заманғы білімді балалар тəжірибелік жұмыс арқылы меңгереді: тəжірибелер, эксперименттер, үлгілеу. Екі жылдың ішінде қалада STEMбілім беру элементтерін енгізу жұмыстары жүргізілуде, лего-құрылымдау жəне робототехникаға арналған жағдайлар жасалуда. 

Білім беру процесіне болашақ өмірге қажет пайдалы білік-дағдыларды алу енгізілген. Бұл жұмыстың бірінші нəтижесі 2017 жылы лего-құрылымдау бойынша мектеп жасына дейінгі балалардың арасында өткізілген қалалық байқау болды, онда мектеп жасына дейінгі балалардың техникалық үлгілеуге қызығушылығы көрінді. Бұл бағыт əдістемелік сервисті көрсету, негізгі, эксперименталдық, тағылымдамалық алаңдар, жас педагогтар қалалық клубы, мектептің жаңашыл педагогының қызметі, ҚР Білім жəне ғылым министрлігімен ұсынылған оқу басылымдарының тізіміне енгізілген мектепке дейінгі білім беруге арналған республикалық оқулықтар мен көмекші құралдарды əзірлеуде 17 педагогтың қатысуы арқылы іске асырылады (1 жастан 7 жасқа дейін арналған «Жаратылыстану» ОƏК жəне 6 жастағы балаларға арналған «Экология негіздері» ОƏК (авторлары: Елена Бритвина, Татьяна Яндулова, Светлана Сыпало); 4 жастан 7 жасқа дейін арналған «Драма» ОƏК (авторлары: Ольга Хомутова, Наталья Тарасова); мектепалды дайындыққа арналған «Қоршаған ортамен танысу» ОƏК (авторлары: Гүлмира Тасмағамбетова, Наталья Перникова, Наталья Костюченко); «Лепка» ОƏК (авторлары: Наталья Тарасова, Наталья Заметайло, Алена Григорова); «Жапсырма» ОƏК (авторы Елена Бритвина); «Сурет салу» ОƏК (авторлары: Валентина Прахнау, Светлана Попова). 

Жүйелі əдістемелік жұмыс қаланың мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамытудың тұжырымдамалары мен бағдарламаларының, педагогтардың сұраулары бойынша электрондық таратуды қамтамасыз ететін виртуалды əдістемелік кабинеттің болуымен белгіленген. Білім беру бөлімінің «Балалық шақ планетасы» газеті шығарылады; БАҚ бірге «Мектеп жасына дейінгі балалық шақты алғашқы қалаушылар» əлеуметтік жобасы іске асырылады. Əріптестік туралы шарттардың негізінде автор-ғалымдармен ұсынылған оқыту фильмдері бойынша; «Əліппе» ОƏК мен жаңа оқу бағдарламасын сынау бойынша республикалық эксперименттерде Ивушка» жəне «Улыбка» мектепке дейінгі ұйымдарының қатысуымен электрондық оқыту жүйесі жаңа заманғы технологиялардағы тиімділігін көрсетті. 

Біз өзгерістің қажеттілігін жəне мектепке дейінгі білім беруде оның орын алуының маңыздылығын түсінеміз. Белгілі бір білім беру ортасы мен қоғамның қажеттіліктеріне сəйкес келетін əр түрлі жаңа заманғы үрдістер мен трендтер құрамдастары орынды болуы мүмкін.

317 0
МАНСИЯ МАСЕНОВА, «Балдырған» бөбекжай - бақша КМҚК-нің мектепке дейінгі ұйым тəрбиешісі ШҚО, Зайсан ауданы, Айнабұлақ ауылы Ұлы дала ұстазы № 000168
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: