Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI210

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА РЕЖИМДІК ПРОЦЕСТЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ

Қазіргі қоғамның талаптарына сəйкес болашақ тəрбиеші кəсіби даярлығының жоғары деңгейіне ие болуы: кең іргелі жəне практикалық дайындықты үйлестіре білуі, өз мамандығын жетік меңгеруі, алған білімін тəжірибеде қолдана білуі, мектепке дейінгі білім беру маманының педагогикалық құралдары мен жұмыс əдістерін меңгеруі тиіс. 

Болашақ тəрбиешілер үшін өткізілетін арнайы пəндер сабақтарында режимдік процестерді зерттеуге ерекше көңіл бөлінеді, өйткені дұрыс құрылған күн режимі үлкен гигиеналық жəне педагогикалық мəнге ие. Күн сайын қайталана отырып, ол баланың ағзасын белгілі бір ырғаққа үйретеді, іс-əрекеттің (ойын, оқу, еңбек) ауысуын қамтамасыз етеді, сол арқылы балалардың жүйке жүйесін шаршаудан қорғайды. 

Қысқы уақытта серуендеу сияқты режимдік сəтті зерттеуге ерекше көңіл бөлінеді, себебі бұл бірегей құбылыс. Көптеген тəрбиешілер көшеде, əсіресе қыс мезгілінде серуендеу идеясынан бас тартады. Алайда, заңнамалық деңгейде «Мектепке дейінгі ұйымдарға жəне сəбилер үйлеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының ережелеріне сəйкес (17.08.2017 ж. № 615 ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген) серуендеу жыл бойы күніне 2 рет міндетті түрде жүргізіледі. Арнайы пəндер сабақтарында оқушылар серуендеу жүргізудің барлық ерекшеліктерімен танысады.

 Мектеп жасына дейінгі балаларды тəрбиелеу міндеттеріне жəне жас ерекшеліктеріне сəйкес белгіленген режимдік талаптар дені сау, қуатты, белсенді жəне тəртіпті балаларды тəрбиелеуге ықпал етеді жəне оларды мектепке жан-жақты дамыту жəне дайындау міндеттерін табысты шешуге мүмкіндік береді. 

Дайындық тобының балаларына арналған тақырыптық серуенді дайындау

 Балабақшада қыста балалармен серуендеу дұрыс ұйымдастырылуы керек. Мектеп жасына дейінгі балаларға жылы мамықтан жасалған сырт киім немесе комбинезондар (міндетті түрде бас киіммен, мойын жабатын жылы шарфпен, қолғаппен) жəне маусым бойынша аяқ киімді киіп таза ауаға шығуға болады. Бос уақытты сауатты ұйымдастыру қажет. Тəрбиеші барлық балаларды қатыстыру керек. Мектеп жасына дейінгі балаларды суықта көңілді жəне қызықты серуендеудің көптеген жолдары бар. Балабақшада қыста серуендеуді ұйымдастыру кезінде келесі əрекеттерді жүргізуге болады: 

• аққала жасау; 

• əртүрлі кедергілерден өту арқылы күрделі емес квесттер жүргізу;

 • көше театр қойылымдарын ұйымдастыру;

 • құстардың мінез-құлқын бақылау;

 • жануарларға, құстарға арналған астаулар орнату; 

• қармен түрлі эксперименттер жүргізу: қар тереңдігін өлшеу, қар тез еріп немесе аязда судың қатып қалуын қадағалау жəне басқа да қызықты жаңалықтар; 

• қозғалыс ойындарын ұйымдастыру жəне т. б.

 Өндірістік практикаға шығар алдында білім алушылар тəжірибе жөніндегі əдіскермен бірге балабақшада серуендеу жүргізу бойынша студенттерге ұсыныстар жасайды. Балалардың қызметін ұйымдастыру үшін учаске мен құрал-жабдықтар дайындау қажет. Шығарылатын материал серуендеу мазмұнына сəйкес болуы жəне қауіпсіздік талаптарына жауап беруі тиіс. Серуендеудің қысқаша жоспарын құру белгіленген міндеттерді жоспарлы түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Серуендеу кезінде міндетті түрде мектеп жасына дейінгі балалардың іс-əрекет түрлерін кезектестіреді (бақылау, қозғалмалы ойындар, еңбек қызметі, дербес қызмет жəне жеке жұмыс). 

Серуендеуді бақылаудан бастайды.  Балаларды серуендеуге баптау керек. Олар алдағы қызметтерден қуаныш сезсін. Бұл жағдайда ол өнімді болады. Сонымен қатар, дене жаттығуларымен бірге жақсы көңіл-күй мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы көңіл-күйін жақсартуға ықпал етеді.

311 0
КАЛАМКАС ТИЯНАКОВА, «Балдырған» бөбекжай - бақша КМҚК -нің Мектепке дейінгі ұйым тəрбиешісі ШҚО, Зайсан ауданы, Айнабұлақ ауылы Ұлы дала ұстазы № 000167
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: