Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI209

БАЛАБАҚШАДАҒЫ ШЫНЫҒУ

«Білім беру ұйымдарының білім алушылары жəне тəрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 07.04.2017 ж. № 141 бұйрығына сəйкес білім беру ұйымдарында балалардың денсаулығын нығайтуға, сырқаттанушылықтың алдын алуға жəне азайтуға бағытталған емдік-профилактикалық жəне сауықтыру іс-шаралары өткізіледі.

 Шынығу – бала ағзасының ауа температурасының өзгерісіне қарсылығын арттырудың өте ықпалды əдісі. Негізінен сыртқы ортаның факторлары: ауа, су, күн пайдаланылады. Бала ағзасына жаттығу факторлары біртіндеп əсер етеді, күші мен ұзақтығы бойынша үдемелі ықпалдарға төзімділігі қалыптасады. 

Орнықты нəтижеге жету үшін шынығу процедуралары жүйелі сипат алуға тиіс. Олар жүйесіз жүргізілсе, ағза қажетті реакцияларды қалыптастыра алмайды. Егер қыс басталғанда ағзаны шынықтыру тоқтатылса, ондағы суыққа төзімділік жоғалады. Сондықтан тіпті жағдайдың маусымдық өзгеруі кезінде де шынығу процедураларын тоқтатпаған жөн, тек аздап өзгертуге болады. Ағзаның өзгерген жағдайларға жақсы бейімделуі үшін тітіркендіргіш əсердің күшін бірте-бірте ұлғайтуда сақтаған маңызды. Бұл ерте жаста, кіші жастағы балалардың ағзасы суық факторларына тез ден қоюға қабілетсіз кезде керек. Сондай-ақ баланың жеке ерекшелігі туралы, қолданылатын тітіркендіргіштерге оның реакциясы болуы мүмкін екендігін де ұмытпаған жөн. Шынықтыруды тек баланың осы процедураға жақсы қараған жағдайында ғана өткізу керек. Əлсіз жəне жиі ауыратын балаларды шынықтыру барынша абайлап жүргізіледі. 

Шынықтыру процедураларын өткізу əдістемесі Ауа. Ауамен шынығу үй-жайды желдетуден басталады. Бөлмедегі ауа температурасы 1 °С-дан көбірек төмендетілуге тиіс. Үй-жайды жылдың суық уақытында күніне бірнеше рет, ал жылы кезде үнемі желдетеді. Ауа ванналары жеңіл шынығу процедурасына жатады. Алдымен тəрбиеленушінің тек қол-аяғы жалаңаштанады (мəселен, таңғы гимнастика кезінде). Кейінірек баланың бүкіл денесі жалаңаштанғанда жалпы ауа ванналары қолданылады. Ауа ваннасының ұзақтығы біртіндеп ұлғайтылып, 5–8 минутқа жетеді. Үй-жайдағы ауа температурасын 2–3 күн сайын 1–2 °С-қа біртіндеп азайтқан жақсы. Ауа температурасы +21…+22 °С болған кезден бастаған дұрыс. Ақырғы ауа температурасы +16…+18 °С-ты құрауға тиіс. Бұл ретте тəрбиеші міндетті түрде балалардағы тоңазу белгілерін, яғни құс терісінің пайда болған-болмағанын қадағалауы керек. Аллергиялық реакциясы бар балалардың ағзасы тез салқындайды. 

Су. Сумен шынығуды ең əлсіз əсерден бастап, көп ұзамай жалпы процедуралармен алмастырады. Бұл – ылғалмен ысқылау, бұдан кейін бала терісін жұмсақ құрғақ орамалмен сүрту керек. Алдымен қолы мен аяғын, содан соң бүкіл денесін сүртеді. Жазда балабақшаларда аяққа су құйып жаттығады. Алайда оны топтағы ауа температурасы +20 °Стан төмен болмаса ғана жүргізеді. Жай ғана жіліншіктің төменгі жартысын жəне табанды дымқылдауға болады. 

Қол мен аяққа арналған жергілікті ванналар да қолданылады. Оларды сумен ойнау кезінде өткізуге болады. Аяқ ванналары сол жерге ғана емес, бүкіл бала ағзасына əсер етеді. Балаларға бір жарым жастан бастап жүргізіледі. Алдымен бөбектің аяғын жылы сумен, содан соң одан гөрі салқындау сумен жуады (температураны 4–5 күннен кейін 1 °С-қа төмендетеді жəне +22 °С-қа жеткізеді, ересек балаларға – +18 °Сқа дейін). Аяқ ваннасының ұзақтығы – 1 минуттан 3 минутқа дейін. Бұл ретте аяқ жылы болуға тиіс. Суық судың əсері қан тамырлары тарапынан сəйкес реакция тудырады. Суық аяққа су құйғанда немесе жуғанда мұндай реакция болмайды.

 Сондықтан аяққа су құю күндізгі ұйқыдан кейін жүргізіледі. Душ – су құюға қарағанда барынша күшті шынығу. Судың қатты ағындары бала терісіне қатты əсер етеді. Күн. Күнмен шынығу күн шығып тұрған ауа райында тəуліктің əдеттегі уақытында жүргізіледі. Ұзақтығы 2–3 минуттан 10 минутқа дейін созылады. Тəрбиеші тым қыздырынуға жол бермеуі керек. Үйжайдағы таза ауа өтпелі желдетумен қамтамасыз етіледі. Бұл қысқа мерзім ішінде қайта-қайта ауа алмастыру мүмкіндігін туғызады. 

Өтпелі желдетудің уақыты қысқа, 5–7 минут қана. Өтпелі желдетуді 

• балалар келер алдында;

 • сабақ басталар алдында; 

• балалар серуеннен қайтар алдында; 

• күндізгі ұйқы кезінде (топта), ұйқыдан кейін (жатын бөлмеде);

 • бесіндіктен кейін; 

• балалар үйге кеткеннен кейін жасау керек. 

Топтағы ауа температурасы 20 минуттан соң қалпына келтіріледі. Əр топта уақыты көрсетілген өтпелі желдету кестесі болуға тиіс. Дəретхана мен жуынатын бөлмеде балалар бар кезде ешқандай өтпелі жəне біржақты желдету болмауы керек. Сондай-ақ тəрбиеші балалардың қолы суланбауын бақылауға тиіс, өйткені ылғал киім тез салқындау туғызады жəне соңынан суық тиіп ауыруы мүмкін. Жалаңаяқ жүру. Бұл – шынығудың ескі тəсілі. Таңертең жəне кешке бөлмеде 15 минуттан 30 минутқа дейін жалаңаяқ жүру керек. Күн сайын бұл уақыт 10 минутқа ұзартылып, бір сағатқа дейін жеткізіледі. Əсіресе қатты топырақ немесе ұсақ қиыршық таспен жүру жақсы əсер етеді. Табандағы күстенген тері ауру сезімін болғызбайды жəне суықты сезінуді басады. 

Шынығу процедураларын өткізу қағидаттары Жүйелілік. Шынығу процедураларын кей-кезде емес, жүйелі түрде өткізу керек. Тұрақтылық пен күнделікті шынығу ғана жүйке жүйесінің сыртқы ортаның құбылмалы жағдайына бейімделуіне мүмкіндік береді. Егер салқындауды күнара 10 минуттан емес, күн сайын 5 минуттан өткізсе, ағза суыққа тез үйренеді. Ұзақ үзілістер өшуге, тіпті игерілген қорғаныш реакцияларының толықтай жоғалуына алып келеді. Шынығуды тоқтатқаннан кейін жарты айдан кейін ағза суыққа төзімділігін жоғалтады. Егер қайткенде де үзіліс қажет болса, шынығуды жеңіл түрде жаңғырту қажет. Бірте-бірте іске асыру. Шынығуда процедура ықпалын күшейтуді бірте-бірте іске асырған өте маңызды. Тек əрекеттер жүйелілігі, шағын мөлшерден үлкенге көшу, үдемелі күшею ғана қалаған нəтижеге жеткізеді. 

Балаларды шынықтырудың дəстүрлі түрлері:

 1. Таза ауадағы таңғы қабылдау, гимнастика. 

2. Сауықтыру серуені.

 3. Ауа ванналары. 

4. Жаттығулар жасалатын ауа ванналары. 

5. Таза ауадағы ұйқы.

 6. Бір күн ішінде салқын сумен жуыну.

 7. Ауызды салқын сумен шаю. 

8. Күндізгі ұйқыға дейін жəне одан кейін жалаңаяқ жүру. 

9. «Денсаулық соқпағымен» жалаңаяқ жүру. 

10.Күндізгі ұйқыдан кейінгі массаж кілемшелері. 

11.Күн ванналары. 

2 жастан 7 жасқа дейінгі балаларды шынықтырудың үлгілік схемасы Бала орналасқан үй-жайдағы ауа температурасы кемінде +18 °С болуға жəне +20 °С-тан аспауға тиіс. Ауа ваннасын қабылдаудың оңтайлы ұзақтығы – 10–15 минут. Ішкиім мен қысқа жеңді майка киген бала қозғалады, жүгіреді, жалаң аяғына тəпішке немесе қысқа шұлық киеді. Сумен жуынуды +28 °С температурадан бастау керек, содан соң біртіндеп жыл аяғына қарай шынығуды жазда +18 °С-қа дейін төмендету, қыста +20 °С-қа дейін төмендету керек. 2 жастан асқан балалар қолын, мойнын, содан соң қолын шынтағына дейін жуады, 3 жастан асқан балалар кеудесінің жоғарғы жағы мен қолдарын шынтақтан жоғары қарай жуады. 3 жастан асқан балалар үшін де бастапқы ауа температурасы +28 °С болуға тиіс, жазда ең төменгісі +16 °С-ты, қыста +18 °С-ты құрайды. Ұйқыны мүмкіндігінше жазда – таза ауада, қыста жақсы желдетілген бөлмеде +15…+16 °С температурада ұйымдастыру керек. 

Шынығу мақсатында балалар жыл бойы майкасыз ұйықтауға тиіс. Қандай да бір себеппен температура төмендеген жағдайда аяққа жылы шұлық киіп, екінші жамылғымен қымтау керек. Бұл ретте жатын бөлмесінің температурасы +14 °С-тан төмен болмауға тиіс. –15 °С-қа дейінгі төменгі температурада аязды күні серуен күніне 2 рет өткізіліп, ұзақтығы 40 минуттан екі сағатқа дейін созылады. Жаз мезгілінде күн ванналарының ұзақтығы орта есеппен 5–6 минуттан 8–10 минутқа дейін күніне 2–3 ретті құрайды; таза ауада жəне көлеңкеде болуға шек қойылмаған. Ауызды (2–4 жастағы балалар), тамақты (4 жастан асқан балалар) түймедақ немесе сəлбен тұнбасы қосылған бөлме температурасындағы қайнаған сумен күніне 2 рет – таңертең жəне кешке шаю жақсы нəтиже береді. Əрбір шаюға 1/3 стақанға жуық су пайдаланылады. Жас ерекшелігіне қарай топтар бойынша сауықтыру шараларының кешені 

Екінші кіші топ 

• Балаларды далада қабылдау (–15 °С-тан жоғары температурада). 

• Топтағы таңғы гимнастика. 

• Таңғы астан, түскі астан, кешкі астан кейін ауыз қуысын шаю. Тісті тазалауға біртіндеп үйрету.

 • Сабақ кезіндегі дене шынықтыру минуттары, көздің көру бұзушылығының алдын алу.

 • Дене шынықтыру сабақтары (шұлықпен) + серуенде аптасына 1 рет динамикалық сағат. 

• Фитонцидтер (пияз, сарымсақ). 

• Серуен: күндізгі жəне кешкі. 

• Оңтайлы қозғалыс режимі.

 • Майкасыз ұйқы.

 • Төсектегі тыныс алу гимнастикасы. 

• Майтабанның алдын алу жаттығулары + майтабанды жəне табанның жайпақтығын түзету бойынша жеке жұмыс (III тоқсаннан бастап).

 • Ауқымды жуыну элементтері.

 • Бесіндіктен кейін ауыз қуысын шаю. 

Ортаңғы топ 

• Балаларды далада қабылдау (–15 °С-қа дейінгі температурада). 

• Таңғы гимнастика (мамырдан қазанға дейін – көшеде, қазаннан сəуірге дейін – залда, кесте бойынша). 

• Таңғы астан кейін тіс жуу жəне түскі астан кейін ауыз қуысын шаю.

 • Залда (шұлықпен) дене шынықтыру сабағы + аптасына 1 рет серуендегі динамикалық сағат. 

• Сабақ кезіндегі дене шынықтыру минуттары, көздің көру бұзушылығының алдын алу. 

• Серуенге шығар алдында ауыз қуысын сарымсақ тұнбасымен шаю (қазаннан бастап сəуір аралығында).

 • Фитонцидтер (пияз, сарымсақ). 

• Серуен: күндізгі жəне кешкі.

 • Оңтайлы қозғалыс режимі. 

• Майкасыз жəне жастықсыз ұйқы. 

• Төсектегі тыныс алу гимнастикасы.

 • Ауқымды жуыну, жалаңаяқ жүру. 

• Майтабанның алдын алу жаттығулары + майтабанды жəне табан жайпақтығын түзету бойынша жеке жұмыс. 

• Бесіндіктен кейін ауыз қуысын шаю. 

Мектепке дейінгі ересек жас 

• Балаларды далада қабылдау (–15…–18 °С-қа дейінгі температурада). 

• Таңғы гимнастика (мамырдан бастап қазан аралығында – көшеде, қазаннан бастап сəуір аралығында – залда, кесте бойынша). 

• Таңғы астан кейін тісті тазалау жəне түскі астан кейін ауыз қуысын шаю.

 • Залдағы (жалаңаяқ) дене шынықтыру сабағы + аптасына 1 рет серуендегі динамикалық сағат.

 • Сабақ кезіндегі дене шынықтыру минуттары, көру бұзушылығының алдын алу, құлақ жарғағына массаж жасау. 

• Серуенге шығар алдында ауыз қуысын сарымсақ тұнбасымен шаю (қазаннан бастап сəуір аралығында). 

• Фитонцидтер (пияз, сарымсақ).

 • Серуен: таңғы, күндізгі жəне кешкі. 

• Оңтайлы қозғалыс режимі.

 • Майкасыз ұйқы. 

• Төсектегі тыныс алу гимнастикасы. 

• Ауқымды жуыну, жалаңаяқ жүру. 

• Майтабанның алдын алу жаттығулары + майтабан мен табан жайпақтығын түзету бойынша жеке жұмыс. 

• Бесіндіктен кейін ауыз қуысын шаю.

389 0
АЛМАГУЛЬ КАБДОЛДАНОВА, «Балдырған» бөбекжай-бақшасы КМҚК-нің мектепке дейінгі ұйым тəрбиешісі ШҚО, Зайсан ауданы, Айнабұлақ ауылы Ұлы дала ұстазы № 000166
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: