Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI208

ҰЖЫМ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСЫМ БАҒЫТЫ – ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРДІҢ АТА-АНАЛАРМЕН ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЖАСАУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

«Білім туралы» ҚР Заңына сəйкес МДҰ қызметінің маңызды бағытының бірі баланың толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен жан-жақты құрылымдық қарым-қатынас жасау болып табылады. 

Жаңа заманғы жағдайларда отбасымен өзара қарым-қатынас жасау – бұл үлкен жұмыс. Атааналар кеңесу дауыстарына ие болғандықтан, жалпы ата-аналар жиналысы арқылы балабақшаны басқаруға қатысады. Олардың ұсыныстары, тілектері ұжыммен есепке алынып, білім беру процесінің жағдайларын анықтау үшін негіз болып табылады. 

Балабақша мен отбасының өзара қарым-қатынас проблемасын шешуде жұмыс жасау керек. Мұндай жұмыстың басты мақсаты – бала мен ата-ана арасындағы үйлесімді қатынасты қалыптастыру, ата-аналардың бала туралы бейнесін жағымды жағына қарай өзгерту, отбасылық қарым-қатынастың позитивті эмоционалды аясын қалыптастыру, ата-аналардың педагогикалық мəдениетін арттыру. 

Тəрбиеленушілердің ата-аналарымен байланыс жасау жəне оларды балабақшаның жұмысына белсенді кірістіру педагогикалық ұжымның негізгі міндеті болып табылады. Бүгінгі таңда ата-аналар тапсырыс беруші ретінде рөл атқарып қоймай, МДҰ жұмыс деңгейін дұрыс бағалау мүмкіндігіне ие. Сондықтан, балабақша мен отбасының өзара тиімді қарым-қатынасын қалыптастыру үшін ата-аналардың жеке сұраныстарын анықтауға мүмкіндік беретін ынтымақтастықтың дəстүрлі жəне дəстүрлі емес түрлерін пайдаланады. 

Ашық есік күндерін, тақырыптық күндерді өткізу жағымды дəстүр болып қалыптасты («Əкелер күні», «Біздің əжелеріміз бен аталарымыз», «Деніміз сау болып өсеміз» жəне т. б.). Біздің пікірімізше, МДҰ табысты қызмет етуі үш кезеңге байланысты: 

• балалардың жетістіктері; 

• педагогтардың үздіксіз кəсіби өсуі; 

• балабақша өміріне ата-аналардың белсенді қатысуы. 

Ата-аналар қауымымен əлеуметтік-серіктестік қарым-қатынасты нығайту – педагогикалық ұжым қызметі бағыттарының бірі. Балаларды тəрбиелеу мен дамыту мəселелерінде тұрақты өзара түсіністікке қол жеткізуге мүмкіндік беретін тəрбиеленушілердің отбасыларымен байланыс жасау түрлерін іздестіру жəне енгізу қажет. 

Жоғарыда көрсетілген міндетке сəйкес жылдық міндеттерді іске асыру шеңберінде баланы тəрбиелеу мен дамытудың өзекті бағыттары бойынша жоспарланған шаралар жүзеге асырылады, атап айтқанда: 

• жобалау-зерттеу қызметі; 

• ата-аналармен қарым-қатынас жасаудың жаңа үлгілері (сайт, педагогикалық буклеттер педагогикалық киоск, ынтымақтастық акциялары); 

• баланы мектепке дайындау мəселелері. 

Ата-аналармен кездесулер ұжымды жұмылдырып, дағдылы жұмыс күндерін қызықты етіп, педагогтар мен ата-аналардың өз-өзін бағалауды арттыруға септігін тигізеді. Бірігіп жұмыс атқарудан қанағаттанушылық сəттер пайда болады. Ата-аналарды тұрақты түрде тəрбиелеу-білім беру процесіне тартып, оларды ашық сабақтарға шақырып, жобаларға, шараларға, көрмелерге, конкурстарға қатысуға тарту керек. Сондай-ақ, тəрбиеленушілердің ата-аналарының педагогикалық мəдениетін көтеруге мүмкіндік беретін кеңес беру, əңгімелесу, сауалнама жүргізу, стендтер, тақырыптық сурет көрмелері, жылжымалы бумалар жəне т. б. үлгілер тиімді. Білім берудің мектепке дейінгі сатысында қоғамдық жəне отбасылық тəрбие беру тұтастығын қамтамасыз ету мақсатында ата-аналарға тəрбиелеудің теориялық жəне тəжірибелік кеңестері бар «Баланы балабақшаға қалай дайындау керек?», «Баланы жазалаусыз қалай тəрбиелеуге болады?», «Кішкентай балалар жалқау болмайды! 

Баланың жалқаулығы – оның денсаулығы мен тəрбиесінің бұзылғандығының белгісі» педагогикалық буклеттерін дайындауға болады. Ата-аналарға арналған жедел жəне өзекті ақпарат МДҰ сайтында жарияланады. Кері байланысты алу үшін «Ата-аналарға арналған пікірлер мен ұсыныстар кітабы» қарастырылған, онда ата-аналарға балабақша ұжымының қызметін жəне ата-аналар үшін қандай қызмет түрлері, баланы күтіп-бағу, жұмыс режимі, баға саясаты жəне т. б. ыңғайлы болатындығын талқылау, сондай-ақ балабақша жұмысын бағалау мүмкіндігі беріледі. Ата-аналар мен балабақша педагогтарының бірігіп қатысуымен тақырыптық көрмелер өткізіледі:

 № Тақырыбы Күні 1 «Отан» тақырыбындағы ата-аналар мен балалардың ұжымдық бейнелеу шығармашылығы көрмесі Желтоқсан

 2 Ата-аналар мен балалардың ұжымдық шығармашылығы көрмесі Желтоқсан

 3 «Киіз үй бұйымдары» тақырыбындағы ата-аналар мен балалардың ұжымдық бейнелеу жəне қолданбалы шығармашылығы көрмесі Наурыз

 4 «Менің анамның суреті» балалар суреттерінің көрмесі Наурыз

 5 «Менің сүйікті анам» балалар мен ата-аналардың сурет көрмесі Наурыз

 6 Жеңіс күніне арналған ата-аналар мен балалардың ұжымдық шығармашылығы көрмесі 

Мамыр Талдауды жүргізген кезде əлсіз жəне мықты тұстары анықталады, алдағы кезеңге міндеттер қойылады.

 Мысал келтірейік. Мықты тұстары: жалпы балабақшалық шаралар, топтық жəне жалпы ата-аналар жиналыстары 90 %-ға орындалды жəне ата-аналардың педагогикалық мəдениетін арттыруға, ата-аналармен ашық жəне сенімді қарым-қатынасты қалыптастыруға септігін тигізді; тəрбиешілермен отбасылық тəрбиенің оң тəжірибесі зерттелді, ол бейнероликтер мен слайдтарда көрсетілді.

 Қорытынды материалдар атааналар жиналысында таныстырылды. Əлсіз тұстары: балабақшада, отбасында баланың бірыңғай күн тəртібін қалыптастыру мəселесінде жеке отбасылармен өзара түсіністікке қол жеткізу мүмкіндігінің болмауы, балабақшаға кешігіп келу жағдайларына орын беріледі, ол балабақша жағдайында баланың күн тəртібі режимінің сақталуы мен қолайлы өтуіне кедергі жасайды; 

СЭС-мен бекітілген балаларға арналған мəзір ассортиментімен ата-аналардың келіспеуі; 

баланың даму деңгейіне ата-аналардың жоғары, бағдарламамен жəне жас ерекшеліктерімен негізделмеген талаптарды қоюы.

 Баланың «мектептік кəмелет» түсінігіндегі, болашақ бірінші сынып оқушыларын мектептік оқытуға ынталандыру мəселелеріндегі стереотиптерін еңсеру мүмкіндігінің болмауы; 

ата-аналарды «мектепке барғым келеді», «оқығым келеді» деген түсініктердің əр түрлі ұғым екендігіне сендіру қиын. 

Алдағы кезең міндеттері: топтарда ата-аналар жиналыстарын ұйымдастыру мен өткізуге бақылау жасауды жүзеге асыру. Тəрбиешілердің ата-аналармен өзара қарым-қатынас жасау жұмысын бағалауды келесі ақпаратты талдау негізінде іске асыру: 

• Ата-аналар жиналысын өткізуді дұрыс ұйымдастыра білу. 

• Ата-аналар үшін ақпаратты сауатты түрде іріктеу. 

• Ақпараттық стендты дұрыс ресімдеу жəне ресімдеу ауысымының қысқалылығы. 

• Оны тарату мақсатында отбасылық тəрбиенің оң тəжірибесін қолдану. 

Барлық жоғарыда айтылғандарды есепке ала отырып, жаңа оқу жылында балабақша қызметін дамытудың тұжырымдамалық бағыттары келесідей болады: 

• жобалық жəне ойындық қызметті ұйымдастыру негізінде балалармен бірігіп жұмыс жасау қызметін үлгілеу, мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі біліктіліктерін қалыптастыруға бағытталған білім беру процесіндегі ақпараттандыру құралдарын пайдалану; 

• денсаулық сақтау технологиялары мен дене шынықтыру-сауықтыру жобаларын пайдалану; 

• баланың əр түрлі қызмет түрлерінде өзіндік қалыптасуға ықпал ететін балабақшаның дамыту ортасын құрудың стратегиялары мен тактикаларын жетілдіру;

 • педагогтардың кəсіби деңгейін көтерудің дифференциалды үлгісін құру.

220 0
ЖУЛДЫЗ НУРГАЗИНА, «Балдырған» бөбекжай-бақша КМҚК-нің меңгеруші ШҚО, Зайсан ауданы, Айнабұлақ ауылы Ұлы дала ұстазы № 000165
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: