Біздің мәселе: Оқушылардың білім алу деңгейлері мен қабілеттері және қажеттіліктері әртүрлі, оларды бір форматта оқыту мен дамыту күрделі.
Зерттеу мақсаты: Оқуды жақсартуда оқыту мен саралап оқытудың тиімділігін зерттеу; биология пәні бойынша 9 сыныптың оқушыларының қабілеттерін олардың өзін-өзі бағалауы және оқытудағы қажеттілігін анықтау. Бұл іс-әрекетті алдын-ала және кейінгі тестілеудің нәтижелері бойынша және оқушылармен бұрын және кейінгі әңгімелесулер арқылы зерттеледі және сыныптық бақылау мен мұғалімдердің күнделік жазбалары пайдаланылады.
Саралап оқытудың екі әдісін тек осы сыныпта жүргізе отырып бір тапсырманы түрлендіре отырып бірнеше дағдыны әр оқушының бойында қалыптастыруға және қажетті ақпаратты таңдауға, салыстыру, талдау, байланыс орнату, орын алған үдерістер мен құбылыстардың нәтижесін пайымдау мен тұжырымдауға үйрету. Оқушыларды бірлескен ортада жұмыс жасауға және қарапайымнан күрделіге деген сүйіспеншілікті арттыруға, зерттеушілік қабілеттерін дамыту арқылы өз бетімен жұмыс істеуге, ақпаратты дұрыс сараптауға бағыттау.
Зерттеу мұғалімдердің мынадай кедергілерін шешуге көмектеседі: оқушылардың қабілеттерін және оқыту стратегияларын спиральді дамыту және сатылап жүру, оқушылардың дайындықтарын, қызығушылықтарын оқу стиліне икемдеу; сыныптық жұмыс және оқу кезеңінде өздерінің рөлі туралы сенімсіздіктерден арылтуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа іс-әрекеттегі зерттеу оқушылардың оқуына, өзін-өзі жетілдіруге және оқыту мен оқудың саралануының үлесін көрсетеді. Мұғалімдердің кәсіби дамуы және басқа әріптестермен ынтымақтастығы оқу үдерісіндегі тұжырымдамалық өзгерістері мен оқу бағдарламаларын оқушылардың қажеттіліктеріне сәйкес қалпына келтіруге күш-жігерін арттырудың маңызды екендігін айқындайды. Ең соңында оқушылардың жеке қасиеттерін құрметтеу олардың білімдері мен дағдыларын жақсартуға алып келеді және оларды оқуға ынталандырады.
Оқыту модульдері: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлау, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, саралап оқыту, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Күтілетін болжамдар:
➢ Оқушылардың оқу кезеңінде бірлескен ортада сенімсіздіктен арылуына мүмкіндік береді;
➢ Оқу стиліне қарай тапсырманы орындай алады;
➢ Блум таксономиясы негізінде зерттеушілік, талдау, жинақтау дағдысын қалыптастырады;
➢ Өз бетімен жұмыс істеуге, өзін-өзі жетілдіруге дағдыландырады;
➢ Оқыту мен оқудың саралануының үлесі анықталады. Зерттеу үшін міндеттер:
➢ Сыныптағы оқушыларды саралап алу;
➢ Саралап оқытудың тиімді әдістерін зерттеу;
➢ Оқу кезеңіне енгізу;
➢ Іс-әрекеттің жүзеге асырылуына талдау жасау;
➢ Басқа әріптестермен мәселені талқылау;
➢ Бақылау нәтижесінде алған көрсеткіштерді салыстыру;
➢ Туындаған мәселе бойынша қайта жоспарлау. Аралықтағы зерттеу үшін жасалған әрекеттер:
Мәселені анықтау мақсатында өз тарапымыздан оқушылар жұмыстарына сараптау, талдау жасап, келесі көріністі анықтадық:
➢ Оқушылардың оқу мақсатына біркелкі жете алмауы;
➢ Берілген тапсырманы оқушының әртүрлі қабылдауы;
➢ Тапсырманы орындауда жоғары дағдылардың жеткіліксіздігі;
➢ Үй тапсырмасын орындауда өз бетімен жұмыс жасай алмауы.
Кіріспе
Қоғамның сауаттылық деңгейі қоғам мүшелерінің қабілеттерімен тығыз байланысты. Қоғамның дамуында әрқайсысының бірегей саусақ ізі бар сияқты, әр оқушының жеке оқу стилі бар. Барлық оқушылар өздеріне берілген тақырыпты бірдей түсіне бермейді. Сонымен, сыныптағы әрбір 94 оқушыға сабақ беруді қалай жақсарта аламыз? деген сұрақты өзіне қоясың. Сол сияқты оқушылар барлық оқу мақсаттары мен нәтижелерге бірдей қол жеткізе алмауы да мүмкін, білім мен білік дағдыларын қалыптастыру үшін мұғалім күнделікті сабақта оқушының бойына қандай да бір дағдыны қалыптастыратындай етіп сабақ жоспарлау керек.
Оқушының дамуын көздейтін мұғалім күнделікті ізденісте болады, баланың бір деңгейден келесі деңгейге қиындық тудырмай, дамуға итермелейтін тапсырмалар мен сұрақтар дайындаудың шебері болуы қажет.
Дифференциациялық оқытуда тиімді оқуға қалай қол жеткіземіз?
• Үлгерімді жақсарту;
• Оқуға деген сенімділікті арттыру;
• Оқу үшін мотивация беру;
• Өз бетімен жұмыс жасау дағдыларды дамыту;
• Оқушының қажеттілігін ескеру.
Саралап оқыту - жеке қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін бейімдеу болып саналады. Сараланған нұсқаулар әртүрлі оқу стратегияларын қолдана отырып, барлық оқушыларға бірдей материалды меңгерту немесе мұғалімнің әрбір оқушының қабілетіне қарай қиындықтардың әр түрлі деңгейлерінде сабақты ұйымдастыруды талап етеді.
Сыныпта саралап оқытуды жүзеге асыратын мұғалімдер:
• Оқушылардың оқу стиліне негізделген дизайн сабақтар дайындайды;
• Бірлескен қызығушылық, тақырып немесе тапсырмаларды орындауға қабілетті оқушыларды топтастырады;
• Оқушылардың білімін формативті бағалайды;
• Қауіпсіз және қолдау ортасын жасау арқылы сыныпты басқарады;
• Оқытуда төменнен жоғары қарай Блум таксономиясына негіздеп дәріс береді;
• Оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін сабақ мазмұнын үнемі бағалап және реттеп отырады.
Әдістеме Анықталған мәселені шешу мақсатында, зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін, түрлі әдеби ақпараттар қарастырылды. Ең маңыздысы – оқушылар қабілеттерін ескере отырып, қолайлы стратегияларды қолдану арқылы саралап тапсырмалар ұйымдастыру және әрбір сараланған тапсырмалар арқылы дағдыларды дамыту болып табылады. Зерттеуге 9 сынып оқушылары алынды. Бір бөлімдегі қарастырылатын оқу мақсаттарына Блум таксономиясы бойынша тапсырма дайындалынды. Оқушыларды саралау үшін мектеп психологының көмегіне және басқа сол сыныпқа сабақ беретін әріптестермен сұхбаттасу және сабақтарына қатысу, бірдей етіп тапсырманы әр пәннен сол сыныпқа енгізіп көру арқылы, оқушылардың сабақ барысындағы іс-әрекетін қадағалау арқылы оқушылар сараланды.
Сонымен сыныптағы оқушылар: А, В, С деп бөліп алынды. Мектеп психологымен жасалған жұмыс түрлері: оқушының басымды профилін анықтау тестін алу және оқушылардың Айзенк тесттілеу арқылы сарапталды. Үйге тапсырма беру арқылы саралап оқытудың бірнеше әдістері бақыланды. Осы әдістердің қайсысы қолайлы және оны ендіруде қандай қиындықтар туындады және оның шешімі қалай табылды? деген сұрақтар арқылы зерттеу жүргізілді. Күнделікті бір ай көлемі бойынша үш түрлі- түсті қорап жасап алып сол қорапқа сараланған үй тапсырмалары салынып отырылды.
Оқушыларға сабақ барысында қораптың ережесін таныстырылды:
Қызыл түсті қорапта: білу, түсінуге бағытталған тапсырмалар;
Сары түсті қорапта: қолдану дағдысын қалыптастыратын тапсырмалар;
Жасыл түсті қорапта: талдау, жинақтау, бағалау дағдысын дамыту тапсырмалары салынып отырды.
Зерттеу нәтижесіне келетін болсақ оқушылардың үй тапсырмасын саралап орындау арқылы оқушылардың келесідей дағдыларды меңгеруіне көп мүмкіндік берді:
✓ Есте сақтау, материалды еске түсіру;
✓ Есте сақталған ақпаратты басқаларға жеткізу үшін бір формадан екінші формаға түрлендіру үшін оқу мәліметтерін өздігінше игеру;
✓ Оқушы өз бетінше мұғалімнің көмегінсіз мәселені шешуге;
✓ Оқу материалды жеке құрамдас бөліктерге жіктей отырып, байланыстыруды;
✓ Шығармашылық тапсырмаларды орындай отырып өзінің жеке тәжірибесінің негізінде құрастыра білу;
✓ Өз көзқарасын қорғай білуге бағалай білуге тұжырым жасауға. Саралап оқытуда тиімді болған тәсілдер:
✓ Қадамдап әрекет ету сұрақтар арқылы;
✓ Жақсы жұмыстарды тақтаға іліп қою оқушыны гид тәрізді сыныпты аралату;
✓ Көмекші ерте аяқтаған оқушыны тапсырманы орындауда қиналып жатқан оқушыға көмекке жүгіндіру арқылы бұл оқушылардың қызығушылығын тудырды және уақытпен жұмыс жасап топ жинауға бәсекелестік тудырды оқушылар арасында;
✓ Жауаптарды іліп қою және жасыл сия арқылы өздеріне қателерін тексерту;
✓ Тәжірибелі бұрыш деңгей бойынша жасалып жатқан тапсырмаларды орындауда қай оқушы барлық тапсырма бойынша жақсы келе жатыр сол оқушыларды бұрышқа эксперт ретінде отырғызып оқушылар сол оқушылардың көмегімен сол деңгейдің тапсырмасын өз бетімен түсінуге тырысады бұл оқушыны қолпаштау әрі сол деңгейдің маманы болуға машықтандыру болып табылады.
Тарих сыныбындағы саралап оқытудағы қолданылған тәсілдер:
1. Өзіндік көмек пен қолдауға арналған жинақтар. Оқушылардың қажеттіліктерін білемін. Олар қандай нәрселерді көп сұрайды, қай жерлерде көбінесе басшылық пен нұсқауды қажет етеді? Сол себепті жабдықтар, анықтамалық және бағыттаушы материалдарға қол жеткізе алатын ресурстар беріледі. Нұсқаулықты даярлау біраз уақыт алуы мүмкін, олар түрлі типті сұрақтарға негізделген және оқушы мүмкіндіктерінің кең диапазонына бағытталған болса, сыныпта өз-өзіне көмек үшін арналған әмбебап аялдама/терезе/орын пайда болады.
2. Оқушыға өзіндік жауап жұмысын жазуға итермелеу оларға өздерінің мықты тұстарын және білім алудағы ыңғайлы тәсілдерін қолдануға мүмкіндік береді.
3. Таңдау мүмкіндіктері. Емтихан кезінде әрдайым мүмкін бола бермейтіндігімен, қарапайым сабақтарда оқушыларға тапсырма түрлерін таңдауды ұсыну тиімді. Егер оқушылар түсініктермен жұмыс істеп жатқан болса, оларға, мысалы, білімді өзіндік қабылдауына визуалды интерпретация, көрініс не сөз сөйлеуге сценарий жазу немесе бірқатар сұрақтарға жауап беру деген сияқты тапсырмалардың біреуін таңдауға мүмкіндік беру. Нәтижесінде оқушылар идеяны түсінгендерін, қалай, не себепті мұндай оқиғалар орын алғанын түсіндіре алатын болады.
4. Оқушылардың шағын топтарымен жұмыс істеу - бұл мұғалімдерге әрбір оқушының нақты қажеттіліктерін қанағаттандыруға және мақсатты кері байланыс беруге мүмкіндік беретін дифференциация стратегиясы.
5. Тілдік ерекшелікке байланысты дифференциация. Оқушының қазақ тілі пәні мұғалімімен кездесіп, әр оқушының тіл білімімен танысу. Орыс тілді не басқа да оқушылардың кейбір тапсырмаларда қиналу себебін көрсетіп, әртүрлі тілдегі материалдар беру сияқты қажеттіліктеріне сай тапсырма түрін өзгерту арқылы білімін ілгерілету.
Қорытындылай келе: дифференциалды оқыту - бұл білім беру сапасын жоғарылату үшін оқушылардың әр түрлі қызығушылықтарына, оқудағы артықшылық пен оқуға даярлығына сәйкес оқыту мен бағалауға бейімдеу.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Differentiation of Teaching and Learning: The Teachers' Perspective
2. Theoula Erotocritou Stavrou1, *, Mary Koutselini
3. Туреханов Г.Б. . Тиімді сұрақтар қою арқылы оқушылардың ойлау дағдыларын дамыту: әдістемелік ұсыным. – Астана, 2016
4. Әлімов А.Х. . Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер. – Астана, 2014
5. Питер Мехисто. Әдістемелік ұсыныстар. Астана, 2017.
6. Гильбух Ю.З. Внимание: одаренные дети. М., 1991. С. 67.