Аңдатпа: Мақаланың мақсаты – оқу үрдісінде қолданылатын рефлексия әрекетінің маңызын ашу. Мақала жаңартылған білім беру мазмұны бойынша талап етілетін өзекті мәселені қозғайды. «Дизайн ойлау» әдісін қолдана отырып жүргізілген іс-әрекеттегі зерттеу нәтижесін баяндай келіп, мақала авторлары сабақтағы рефлексивті әрекеттің негізгі қағидаларын тұжырымдайды. Осы арқылы рефлексивті әрекетті дұрыс ұйымдастырудың маңыздылығын ашып көрсетеді.
Кіріспе
Білім алушының өзінің қойған мақсатына жету барысында әрбір үйрену әрекеттерін, оларды ұйымдастыру амалдарын нақты таба отырып, нәтижені саралау барысында рефлексия жасайды. Сондықтан, рефлексияны өзіндік тәжірибе деп атауға болады. Осы туралы Дж. Дьюи: «Рефлексиязатты жан-жақты зерделеу, ойлану, ойды дамытатын және оны не құптайтын, не жоққа шығаратын қосымша деректер мен жаңа жәйттерді іздестіру», - деген[5, бет 12]. Демек, үйрену адамның өзі жасаған әрекеттерін есіне түсіре отырып, оларды нақты анықтаған кезде іске асырылады. Рефлексия арқылы әрекеттердің ретін және мазмұнын қарастырып, пайда болған мәселені шешуге болады. Осының нәтижесінде білім алушының өзіндік пікірі мен ұғымдары қалыптасады. Сондықтан үйренуді рефлексияның нәтижесі деп айтуға болады. Әрбір сабақта оқушыларды рефлексия жасатуға үйрету керек. Себебі: оқушы рефлексияны дұрыс жасай алмаған уақытта, ол оқу үрдісі барысындағы өзінің өзгерістерін де байқамайды. Ол тек берілген оқу әрекеттерін ғана орындайды, ешқандай өзіндік түсіну мен талдау қалыптаспайды. Оқу үрдісінде байқалатын осы мәселені зерттеу қажет екендігі туындады. Әрбір жаңашыл мұғалім өз сабағының нәтижелі болуын қалайтындықтан, бұл зерттеудің нәтижесі жаңартылған білім мазмұнына аясында да өзекті болып табылады.
Зерттеудің негізгі мақсаты сабақ рефлексиясын тиімді өткізу жолдарын анықтау.
Зерттеу әдісі Сабақ барысындағы рефлексия бөлімін тиімді өткізу жолдарын іздеу бағытындағы жұмысымыз «Рефлексия-сабақтастық көпірі» атты зерттеу жүргізуден басталды.
Зерттеуді «Дизайн ойлау» әдісі арқылы жүргізуді жөн көрдік. Себебі, Дизайн ойлаудың басты мақсаты шешуін таппаған мәселелерді шығармашылық тәсілдерді қолдана отырып анықтау және ашылған жаңалықты күнделікті өмірде қолдануға мүмкіндік беру. Дизайн ойлаудың бірінші қадамы Эмпатия кезінде зерттеуші зерттеліп отырған жағдайды өз басынан өткізгендей болу керек. Ал рефлексия мәселесі мұғалімдерді күнделікті толғандыратын, өз бастарынан өткізіп жатқан жағдай болғандықтан осы әдіс лайықты деп таптық. Дизайн ойлау қадамдары
Зерттеу әдістері Мұғалімдердің әрекеті Нәтиже Түсіну (Эмпатия) Мұғалімдермен және оқушылармен сауалнама Ақпарат жинақтау және сұрақтарға жауап табу.
1. Теориялық мәліметтермен жұмыстану
2. Сауалнама нәтижесін талдау. Мәселені бағалау (Фокусировка) Топтық жұмыс Топта талқылай отырып, рефлексия туралы ұсынбаның жобасын анықтау Коммуникативтілік, жүйелеу және сараптау. Идеялар (Генерация идей)
Зерттеушілік әңгіме
Ұсынылатын идея:
1. Мұғалімдерге арналған жаднама Синтез дағдысы Дұрыс идеяны таңдау үшін критерий жасау
Жаднама:
-Оқушы беретін кері байланыстың маңызы;
- Рефлексияның негізгі қағидалары.
Сараптау және бағалау дағдысы
Прототип (Прототипирование)
Модель жасау
1. Зерттеу нәтижесін талдап, жаднама формасын және мазмұнын анықтау. Зерттеу дағдысы Тест Орындалған жұмысты әріптестердің талдауына ұсыну Өз жұмыстарының дұрыс екенін нақтылау және болашақта қолдану үшін әріптестерден кері байланыс алу (Time to Shine) Бақылау және қарымқатынас арқылы түсіну
Негізгі бөлім Оқу үрдісінде іске асатын оқу мақсаттарына сәйкес оқушының рефлексия жасауға дағдыландыру мұғалімнің басты міндеттерінің бірі, сондықтан ол өткізілетін сабақтың маңызды құрамдас бөлігі болып саналады. Зерттеудің алғашқы кезеңінде әдебиеттерге шолу жасадық. Педагогикалық рефлексия және рефлексивті мұғалім кім деген сұрақ төңірегіндегі Бизяева А. А зерттеуімен таныса отырып, мұғалімнің өз қызметін және өзін зерттеудегі кәсіби рефлексиясының маңыз зор екендігіне көз жеткіздік.
Мұғалім оқушының ойлау әдісіне рефлексия жасап, қиындығын анықтайды. Сол арқылы оқушының жеке ерекшелігіне сәйкес өзінің түсіндіру әдісін өзгерте отырып, екеуіне де табысты нәтижеге жетеді[3, бет 105]. Осы бөліктің қалай құрылып, өтетіндігін анықтау мақсатында мектептің әртүрлі жастағы 90 білім алушылары мен әртүрлі пәндер бойынша дәріс беретін 40 мұғалімге сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижесі бойынша бірнеше көңіл аударуды талап ететін мәселелер анықталды.
«Жаңа тақырыпты (сабақта берілген материалды) меңгергеніңізді мұғалімге қалай жеткізгіңіз келеді? », - деген сұраққа сауалнамаға қатысқан оқушылардың 21% -і ауызша баяндай отырып, ал оқушылардың 44% -і өздерінің белсенді және нәтижелі әрекеттерімен көрсете алатындығын атап өткен. Сонымен бірге белсенді оқыту түрлері ұйымдастырылған кезде өз рефлексиясын нақты ұсына алатындығын 26% -і атап көрсетсе, ал 6% -і сабақ соңында жапсырма қағаздарға жаза саламын деп атап өткен. Енді сауалнамаға қатысқан оқушылардың 3% -і ешнәрсенің байыбына бармай жай ғана меңгерілгендігін айта салатындығын көрсеткен. Оқушылардың 9% -ы осы сұраққа мүлдем жауап бермеген. Осыдан кейбір оқушылардың оқу үрдісіндегі өз әрекеттерін қалай бағалау керектігін түсінбейтіндігі шығады.
Рефлексия арқылы оқушы өз оқу әрекетінің тәсілін түсініп, білімді саналы меңгере алатындығын және алдағы жұмыстың мақсатын анықтап, оған жету жолын табуға үйренеді. Олай болса, мұғалімге оқушыларды осы дағдыға үйрету мәселесін шешу қажеттілігі туындайды. Келесі «Рефлексия жасаудың қандай формасын жасауды ұсынар едіңіз? », - деген сауалға сауалнамаға қатысушы оқушылардың 22% -і ауызша түрде орындалатын «сұрақ-жауап», «фигураларды көрсету» формасын атап өткен. Ал 21% -і жазбаша түрде орындалатын «ББҮ» кестесі, «Бес саусақ», «Баспалдақ», сызбалар, «Рефлексия қол жазбасы» формасында жүргізуді ұсынған. Сонымен қатар оқушылардың 12% -і сабақтан алған білімдерін нақты саралау үшін атқарылған іс-әрекеттерді қорыта отырып, көп мөлшерде уақытты қажет ететін формаларды қалайтындықтарын көрсеткен. Оқушылардың 30% -і кез келген түрде ұсынылған рефлексия формасын орындай алатындығын және өздерінің білім икемділіктерін жетілдіру үшін бұл өте қажет деп атап көрсетті. Оқушылардың 13% -і белсенді оқыту әдістері (онлайн режимде) арқылы рефлексия ұйымдастыру керек деп есептейді. Оқушылардың 2% -і рефлексиялық әрекет уақытты зая кетіреді деп есептейді.
Ал мұғалімдерге жүргізілген сауалнаманы талдау барысында «Оқушының сабақты түсінгенін қалай тексересіз? », - деген сұраққа мұғалімдердің 44% -і ауызша түрде, ал 56% -і жазбаша түрде өткізуге болатын формаларын қолданатындығын атап көрсеткен. Сауалнамаға қатысқан мұғалімдердің 75% -і келесі сабақты жоспарлауда оқушы рефлексиясы міндетті түрде ескеретіндігін атап көрсеткен. Өкінішке орай кейбір оқушылар өткен материалдың мәніне көп көңіл бөлмейтінін, қойылған талаптарды шала түсініп орындайтындықтан және тек нәтижені ғана тексерумен шектелетіндіктен, өздерінің әрекеттерін талдай, бақылай алмайды.
Сонымен бірге оқушылардың жауапкершіліксіз және ынтасыз орындаған жұмыс нәтижесінен сауалнамаға қатысқан мұғалімдердің 25% -і оқушы рефлексиясын сабақтың келесі сабақты жоспарлауда ескере бермейтіндіктерін көрсетіп отыр.
Сауалнама нәтижесінен көріп отырғанымыздай бірнеше сұрақтар туындайды: -Тиімді және сапалы рефлексивті әрекетті қандай формада, қалай ұйымдастыруға болады?
-Рефлексияны қандай қағидаларға қарап жүргізген тиімді?
-Рефлексивті әрекеттерді жүргізудің маңыздылығын оқушыларға қалай түсіндіруге болады? Іс-тәжірибедегі зерттеу жүргізе отырып, біз осы сауалдарға жауап іздедік. Талқылау барысында рефлексия туралы мұғалімдерге арналған жаднаманың жобасын әзірледік. Бұл жаднамада оқушы беретін кері байланыстың маңызын ашып көрсете отырып, рефлексияның негізгі қағидаларын тұжырымдадық.
Орындалған жұмысты математика пәні әдістеме бірлестік мұғалімдерінің талдауларына ұсындық. Бір апта бойы әріптестеріміздің сабақтарында жаднаманың қолданылуына бақылау жүргізе отырып, өзара пікір алмасулар өткіздік. Әріптестеріміздің қолдауының нәтижесінде «Time to Shine-2018» тәжірибе алмасу форумында таныстырылым жасадық. Қазіргі таңда мектеп мұғалімдері өз сабақтарында қолдануда.
Қорытынды
Оқу үрдісі кезінде білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай рефлексияның да әртүрлі формаларын жиі қолдануды мақсат ету қажет. Оны сабақ соңында асығыс атқарыла салмай, балаға ойлануға мүмкіндік беретіндей етіп ұйымдастырылу қажет. Рефлексияның формасының дұрыс таңдалынбауы, оқу үрдісінің сабақтастығын жояды. Мұғалім өзінің оқу тәсілдерін, таным мен ойлау механизмдерін түсінбейінше оқушылардың қол жеткізетін білім нәтижесін толық ұғына алмайды деп есептейміз. Уақытылы, мақсатты өткізілген рефлексия білім икемділіктерінің игерілу тиімділігін арттырады.
Оқушылардың ой-өрісінің дамуы оқу үрдісі кезінде болады, ал ол оқушының өз бетінше білімін жетілдіріп және өзін-өзі дамытуды қамтитындықтан рефлексиясыз жүзеге асыру мүмкін емес. Оқушы білім алудың мақсатын саналы түрде ғана түсіне білсе, сабақтың әр кезеңінде белсенді болады. Ал рефлексияның мақсаттылық, әрекеттік, мағыналық, мазмұндық, сабақ түріне қарай, өту әдісіне қарай жіктелу түрлерін жете меңгеру арқылы табысты нәтижеге қол жеткізуге болады.
Рефлексивтік іс-әрекет білім алуға өзіндік талдау кезінде байқалатын өзіндік ерекшеліктерін тануға мүмкіндік береді. Сабақ кезінде саналы түрде жүргізілетін өзіндік қорыту рефлексия нәтижесінде жүзеге асырылады. Оқушыларды рефлексия жасауға үйретуде мәселенің психологиялық жағына мән беру тиімді. Мұғалімнің басты міндеті: оқушының өткізген күні немесе істеген жұмысы жайлы айтқысы, ойларын талқыға сала алатындай психологиялық ахуал жасау. Себебі рефлексия кіріккен әрекеттерден тұратындығын естен шығармағанымыз абзал. Олай болса, сабақтан кейін оқушымыз сапалы рефлексия жасау үшін бірқатар негізгі қағидаларды ұстануға тура келеді.
Рефлексиялық әрекеттің негізгі қағидалары:
-Оқу материалдарының мазмұнына сәйкесті ұйымдастыру;
-Оқушының жас ерекшеліктеріне байланысты таңдау;
-Оқушының іс-әрекетіне қарай негіздеу;
-Рефлексия жүргізу үшін психологиялық орта ұйымдастыру;
-Рефлексивті қатынастарды қалыптасатын шарттарды ескеру;
-Оқушыларға рефлексия кезеңдерінің орындалуын меңгерту.
Іс-әрекеттегі зерттеу қорытындысында осы қағидаларды рефлексиялық әрекетті ұйымдастыруға бағыт ретінде көрсетіп, мұғалімдерге арналған жаднама түрінде ұсындық. Рефлексия кез келген адамға өз бетімен білім алу, шешім қабылдай алу және өзін–өзі тануға көмектеседі. Осы мәселенің өзектілігін ескере отырып жүргізілген «Рефлексия-сабақтастық көпірі» мазмұнындағы зерттеу жұмысы біздің сабақтарымыздағы рефлексияны ұйымдастыру дәрежесі әлі де жетілдіруді қажет ететіндігін көрсетті.
Сондықтан қазіргі заман талабы болып табылатын оқушылардың сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін шыңдау барысында рефлексивті әрекетті дұрыс ұйымдастыру маңызды деп есептейміз. Жүргізілген зерттеу нәтижесінде сабақ рефлексиясын тиімді өткізу жолдары анықталды. Бұл білім мазмұнын жаңарту аясында оқушылардың критериалды бағалау жүйесіндегі маңызды қадамдардың бірі болып табылатын оқушы мен мұғалімнің рефлексиялық әрекетін ұйымдастыруға көмектеседі деген сенімдеміз
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Учебник «Дизайн мышление» для учителей.
2. «Дизайн ойлау» – оқыту мен білім берудегі жаңа әдіс. Жамелов Б. А. мақала.
3. Бизяева А.А.: Психология думающего учителя: Педагогическая рефлексия. -Псков: ПГПИ им Кирова, 2004г.
4. Кашапов М. М. , Психология педагогического мышления. -СПБ: Алетейя,2000г
5. Дьюи Д. Психология и педагогика мышления. /Пер. С англ. Никольский. –
6. https://newtonew.com/school/uchebnik-dizajn-myshlenie-dlja-uchitelej