Қазіргі кезде ұрпақтардың сапалы білім алуы ең басты мәселердің біріне айналып отыр. Осыған орай, Қазақстан Республикасында педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында үшінші деңгейлік курстар ұйымдастырылуда. Осы үшінші (базалық) бағдарламаның аясындағы жеті модульдің оқу үдерісіне қалай енгізуге болатындығы жайлы баяндағым келіп отыр. Бағдарламаның басты мақсаты оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды делінген. «Сындapлылық тeopиясының басты мақсаты oқyшының пәндi тepeң түсiнyi, қaбiлeтiн дaмытy» делінген. Оқыту кезінде мұғaлiм қажетті бaғыт-бaғдap бepуі тиіс, ал oқyдaғы нeгiзгi тұлғa – oқyшы екендігін ұмытпауымыз керек.
Мен ағылшын тілі маманы болғандықтан, оқу үдерісі кезінде оқушылардың ағылшын тілінде сауатты сөйлеуі, әр оқушы өз ойын толық жеткізе білуі мені қатты ойландырады. Оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту үшін оларды түрлі әдістерді пайдалана отырып, жиі оларды сөйлетуге тырысамын. Сондықтан мен үшін осы жеті модул ішіндегі “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”модулін басты назарға алдым. Бұл модульді оқу үдерісінде мен диалогтік оқыту мен сұрақ қою әдістерін пайдалануды жөн көрдім. Осы модуль өте маңызды, өйткені ол әлеуметтік-сындарлылық көзқарасымен өз ара тығыз байланысты.
Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтің оқушылардың өз ой - пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін көрсетеді. Атақты М.Гэлтон, Н.Мессер, Р.Александер, К.Литлтон, Д.Барнс, Л.Харгривс, ғалымдардың зерттеу нәтижелерінде оқу үдерісіндегі диалогтің маңызды рөл атқаратынын айтып өткен болатын. Аталған ғалымдардың арасында Мерсер мен Литлтон (2007) сабақ кезіндегі диалог оқушылардың қызығушылығы мен білім деңгейлерінің өсетіндігін нақты зерттеп, көрсетіп кетті. Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады.
Барнс оқытудың мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес, вербалды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асатынын көрсетті. Ағылшын тілі пәні сабағында көбінесе оқушылар арасында әңгіме-сұхбат жасалу арқылы әрбір оқушы жаңа сөздерді тереңінен меңгереді. Бұл туралы Калифорния университетінің профессоры А.Кроуфорд оқушылар жаңа сөздерді тыңдау және оқу арқылы үйренеді деп айтқан болатын.
Сабағымды мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасында әңгіме ұйымдастырып, әр оқушы өз ойын толық және еркін жеткізу үшін сөйлеу дағдыларын дамытатын түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалануға болады. Әңгіме жүргізу кезінде дұрыс сұрақ қою өте маңызды рөл атқарады, өйткені сауатты дұрыс қойылған сұрақ сабақтың ең тиімді құралына айналады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер сұрақтардың екі түрін: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтарды кең қолданады деген пікір бар.
Кей кездері төмен дәрежелі сұрақтарды «жабық» немесе «дұрыс емес» сұрақтар деп те атайды. Бұл – жаттап алуға бағытталған және де оған берілген жауап «дұрыс» немесе «дұрыс емес» деп бағаланатын сұрақтар. Ал жоғары дәрежелі сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға және талдауға тиіс болады. Тиімді педагогика аясында бұл сұрақтардың екі түрі де қолданылады, тек қойылатын сұрақтың түрі оның мақсатына қарай өзгеріп тұрады. Оның үстіне, сұрақты оқушылардың білім алу қабілеттеріне сәйкес болатындай етіп құру қажет. Түрлі мүмкіндіктерге және түрлі оқушыларға қарай сұрақтарды саралауға болады.
Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әр түрлі техникаларын пайдалануға болады. Оқу үдерісі кезінде жоғары деңгейлі сұрақтарды қою оқушылардың ойлау қабілеті мен ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын толығымен дамытады деп айтуға болады. Мысалы: жаңа тақырыпқа шолуды карточкалардағы сұрақтармен бастаған өте тиімді. Барлық оқушылар ортада шеңбер жасай отырып, сұрақтарға жауап береді. Жаңа тақырыпқа шолу жасап болған соң, белгілі бір тақырып аясында диалог ретінде төмендегі мәселелерді талқылауды ұсыну қажет. Осы аталған мәселелерді талқылау барысында оқушылар өзара ой бөлісіп, сұрақтар қойып, жаңа сөздер мен сөз тіркестерін қолдана бастайды.
Өтілген тақырыптағы жаңа сөздерді қайталау мақсатында сөздерді карточкаларға жазып таратып, ал оқушылардың мақсаты жазылған сөздің аудармасын дұрыс айту. Ал егерде оқушы карточкадағы сөзді немесе сөз тіркесінің қазақша немесе орысша баламасын білмейтін болса, онда келесі оқушы қолын көтеріп сол сөздің аудармасын айтып, карточкаларды өзіне жинай бастайды. Сөздің дұрыс аудармасын айта алмаған оқушы айыпты болып, сыныптастарының өтілген тақырыптары бойынша сұрақтарына жауап беруге міндетті болады. Бұл тұста сұрақ қоюшы оқушы өз ойын ағылшын тілінде жинақтап, айыпты оқушыға жоғары деңгейдегі сұрақ қоюға тырысады. Ал айыпты оқушы жоғары деңгейдегі сұраққа жауап беруге талпынады. Осылайша, әрбір дұрыс жауап берген оқушы әр карточкаға бір ұпайдан алып отырады.
Бұл әдіс әсіресе ағылшын тілі пәні мұғалімдері арасында кеңінен қолданып жүр. Сабақ үдерісі кезінде әрдайым жоғары деңгейлі сұрақтар қойыла берілмейді, кейде үй тапсырмаларын сұраған кезде, тақырыптарды қайталау барысында, тыңдалым немесе оқылымға байланысты жаттығулар жасау кезінде төменгі деңгейдегі сұрақтарды қою керек. Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді.
Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым -қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылған. Сонымен қатар, Выготский когнитивті дамудың, оқушылар өздерінің «Жақын арадағы даму аймағында» (ЖАДА) жұмыс істесе, жақсаратындығын атап көрсеткен. ЖАДА оқушы дамытатын дағды мен қабілеттер, өз бетімен жасай алмайтын тапсырмалар көлемін айқындайды.
Бұл тапсырмаларды орындауда оқушыларға жаңаны үйренуде тірек болатын ересектердің көмегі немесе қолдауы керек. Бұл қолдау қарым-қатынасты қамтиды және Выготский бұл жағдайды оны оқытудың негізгі құралы деп есептейді. Выготскийдің оқыту моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. Сондықтан, оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің рөлі ерекше. Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен, әрине, бұл рөлдерде сыныптастары мен мұғалімдері болуы мүмкін, диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оқыту жеңіл болмақ.
Сондықтан, қандай да бір мәселені талқыға салған кезде оқушыларға өз тарапымнан тақырыпқа сай мәтінді оқу кезінде түрткі болатын түрлі сұрақтарды қойып, оқушыларға қолдау көрсетіп отыру қажет. Александер (2004) оқытудағы әңгімелесу – қарым қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше, идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды. 86 №6 (06) October 2019 Оқушылардың білетіндігін және білмейтіндігін анықтау үшін жақсы дамыған коммуникативтік дағдылар және түсіністікпен қарау талап етіледі. Оқушылар қысқа ғана жауап беретін мұғалімнің сұрағымен салыстырғанда диалогтік сұхбаттасу мұғалімдер де, оқушылар да білім алуға қомақты үлес қосатын өзара ісқимылдың шын мәніндегі тиімді түрі болып табылады. Жоғарыдағы теорияға қарасақ шын мәніндеде мұғалімнің басты міндеті оқушылар арасында жағымды атмосфера қалыптастыру болып табылады. Сол үшін сабақтарда әр түрлі сергіту сәттерін өткізіп отырған жөн.
Атап айтар болсақ, «Күн шуағын шашады», «Thank you for…. ». Өткізілген сергіту сәттері мұғалім –оқушы, оқушы – оқушы арасында достық қарым-катынасты орнатып қана қоймай, сыныптың проблемаларын, әлсіз және жақсы тұстарын байқауға болатын ең тиімді құрал. Егер оқу үдерісі кезінде мұғалімге бағытталған сұрақтарды жалпы сынып оқушыларының талқылауына бағыттасақ, онда оқушы оқыту пирамидасына сәйкес 90 пайызын меңгереді екен. Сұраққа жауап іздеу барысында оқушылар бір-бірімен ойларын, білімдері мен тәжірибелерін өзара бөлісіп, көмектеседі. Оқушыға жол көрсету біртіндеп азайтылуы керек, себебі оқу барысын дамыту арқылы оның мәні де ашыла түседі, оқу тәуелсіз сипат алып, өздігінен реттелетін болады.
Осы модуль бойынша түрлі әдістерді қолдана отырып, ең алдымен оқушылардың сөйлеу дағдылары жақсара түсетіндігіне, өз ойларын жеткізу барысында тұжырымдарға сәйкес жаңа сөздер мен фразаларды сауатты қолдануды үйренуіне, пікірлерін толықтай жеткізе білу дағдылары шын мәнінде жүзеге асады. Сонымен қатар, әр сабақ соңында оқушылардан кері байланыс «Two stars and a wish», «Smile» алынып отыру қажет. Кері байланыс нәтижесі бойынша оқушылардың сабақ немесе сынып, мұғалім жайлы түрлі пікірлерін білуге болады жәнеде бұл мұғалім үшін өте маңызды. Осы жеті модулді кіріктіру аясында оқушылардың бойынан тілдік қоры дамыған, өз пікірін еркін айта білетін, бір-біріне қамқор бола алатын, сенімді және белгілі бір деңгейде сыйластығы бар оқушыларды көруге әбден болады.
Әр мұғалім үшін ең маңыздысы оқушыларымен жағымды атмосфера орнатып, олардың мұғалімге деген сенімдерінің артуы және де олардың пәнге деген қызығушылықтары оянып сабаққа асыға келгендері қуаныш.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. 3 базалық деңгей бойынша Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.