Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI180

МЕКТЕПТЕРДЕГІ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҚТАРЫНДА АҚПАРАТТЫҚКОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

Компьютерлік технологиялар оқу үрдісін жаңартуға мүмкіндік береді және оқыту нәтижелеріне қол жеткізудің жоғары тиімділігіне кепілдік болады. Компьютерлік технологияларды пайдалану шәкірттерді оқыту-үйретудің педагогикалық әдістерін айтарлықтай байыта түседі. Компьютерлік технологиялардың (электронды оқулықтар мен Интернет жаһандық желісі) ақпаратты сақтау, іздеу және тарату жөніндегі мүмкіндіктері төмендегідей міндеттерді шешуге көмектеседі: сабақтың ақпаратқа толығушылығын арттыру, мектеп оқулықтарының аясынан тыс ақпарат іздеу, сабақ мазмұнын толықтыру және тереңдету. 

Сондықтан да дене шынықтыру сабақтарында компьютерлік технологияларды пайдалану мүмкіндігін теориялық тұрғыдан негіздеу және эксперимент жүзінде сынап көру - маңызды істердің бірі болмақ

Мақалаларменжасақтамалармен таныса отырыпжоғары сыныптарда дене шынықтыру сабақтарында компьютерлік технологияларды тиімді пайдалану мүмкіндігі келесі факторлармен түсіндіріледі

мектеп оқушылары әдетте дәстүрлі қағаз түріндегі басылымдарда кездеспейтін ең жаңа ақпаратқасоның ішінде ең соңғы оқулықтарғаоқу құралдарынанұсқаулар мен практикалық сабақтарды жүргізудің қосымша материалдарына қол жеткізетін болады

жоғары сынып оқушылары деректерді талдау негізінде шешімдерді қабылдауғақозғалыс әрекеттерін түрлі жағдайларға (сабақжарысжергілікті рельефқарсыласу күшінің белсенділігіқарай қайта құруға үйренедіолардың бойында өзін-өзі дұрыс бағалау дағдысы қалыптасады

оқытушының жеке тапсырмаларды қалыптастыру жөніндегі күнделікті қайталана беретін жұмысының көп бөлігі автоматтандырылады

-компьютерлік технологиялар оқу материалын меңгеру деңгейін сапалырақ диагностикалауға мүмкіндік бередісонымен қатар түрлі тест жүйелері арқылы оқушының өзін-өзі бағалау үрдісін жекеше сипатта жүргізуге болады

 - компьютерлік технологияларды жоғары сыныптарда дене шынықтыру сабақтарында қолдану осы пәнге деген танымдық қызығушылықты арттыруға септігін тигізеді

Сабақтарда компьютерлік технологиялар жоғары сыныптарда дене шынықтыру пәнін оқытудың әртүрлі әдістерімен ұштастырыладыСауал қою сұрақтар мен жауаптар арқылы сауалға қатысушылардан қажетті ақпаратты алуға негізделген әдіс болып табылады. Сауал қоюдың бірнеше нұсқалары бар. Олардың әрқайсысының артықшылықтары да, кемшіліктері де болуы мүмкін.

 Үш негізгі сауал қою түрі бары белгіліауызшажазбаша және еркін түрдеАл осы сауал қоюдың дене шынықтыру сабағында қандай маңызы бар? Сауал қою әдетте сыналушылардың реакциялары мен мінез-құлқына бақылау жүргізу қажет болатын жағдайларда қолданылады. Сауал қоюдың бұл түрі жазбаша түрімен салыстырғанда адам психологиясына тереңірек үңілуге мүмкіндік береді, өйткені зерттеушілер қоятын сұрақтар зерттеу барысында сыналушының реакциясы мен мінез-құлқына қарай түзетулерге ұшырап отыруы мүмкін. 

Алайда сауал қоюдың бұл түрі уақыттың көбірек бөлінуінсондай-ақ арнайы даярлықтың болуын талап етедіСауал қоюды ұйымдастыруда да АҚТ көмегі мол. Көрнекілік материалдары: плакаттар немесе слайдтар, плакат-иллюстрациялар, плакат-схемалар, интерактивті плакаттар, кешенді интерактивті кестелер көрнекілікті көбейтіп, сөз әдістерінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осының барлығы АҚТ пайдалану арқылы жүзеге аспақ. Мұндай материалдарды сабақ құрылымына енгізу оқушылардың қызығушылығын арттырып қана қоймай, біздің осы зерттеуге жұмсалатын уақытымызды үнемдеуге септігін тигізді.

 Суретсхема сияқты иллюстрациялық материалдарды құру үшін (мысалыжаттығулардың орындалуын түсіндіру кезіндебіз графикалық редакторлардымәтіндік процессорларды пайдаландықКөрсету әдісі плакат, схемаларды, т.б. назарға ұсынудан тұрады, оларды компьютерлік технологиялардың көмегімен өз бетімен жасауға немесе цифрландырылған білім беру ресурстары мен Интернет желісіндегі иллюстрациялар жиынтығын пайдалануға болады. Демонстрация әдісіне фильм, бейне құралдарды көрсету жатады. Бейнероликтер, анимациялар, зерттелетін мәселені иллюстрациялық шешу жолдары көп уақытты алмайды (олардың ұзақтығы әдетте 7 минуттан аспайды), сонымен қатар кез-келген уақытта тоқтатып қоюға болады. 

Сөз әдістері нысанның қасиеттерін зерттеуге бағытталған болсабіз материалдың қабылдануын жеңілдету үшін оқушыларға осы нысанның өзін немесе оның моделін ұсынамызОбъект немесе оның моделін экранға оңай шығаруға болады. Оқытушының барлық талаптарына сай келетін, анық иллюстрацияны кезкелген графикалық редактор (Paint, Photoshop) көмегімен жасақтап алуға болады. Түсіндірудің ең басты маңызды сәттерін бөліп алып, біз оларды бөлек бейнелер, слайдтар түрінде кез-келген білім беру мекемесінде қол жеткізуге болатын MS Word, MS Publisher бағдарламалық өнімдерінің көмегімен рәсімдедік. Практикалық сабақтарды жүргізу кезінде біз нақты қолданбалы міндеттерді шешуге тырыстық. Практикалық сабақтарды көрнекі түрде көрсету үшін практикалық міндетке сәйкес келетін әртүрлі суреттерді, фотосуреттерді, слайдтарды, бейнероликтерді пайдаландық. 

Жеке және жаппай сұрауды ұйымдастыру кезінде біз сұрақтарды түрлендіру үшін компьютерде жасалған нысандардың модельдерін пайдаландықЖаппай сұрау кезінде біз сұраққа жауап беру кезінде бірнеше тұжырым дұрыс болуы мүмкін деген шартпен ең ықшам жауапты ойластыруға қажетті сұрақтар тізімін көрсетіп отырдық. Қазіргі уақытта мұғалімнің жазбаша бақылауды жүргізуін жеңілдететін бағдарламалар құрылды: лезде тексерілетін тестілер жиынтығы, тексеруге арналған тақырыптық жұмыстар, оларда оқушылардың тексерілгеннен кейін өз жауаптарын қарап шығуына мүмкіндік берілген. 

Бақылауөзіндік жұмыстардың нұсқаларын экранға шығару өте қолайлыӘдебиет көздерін талдау көрсеткендей, пайдаланылатын компьютерлік технологияларда ақпараттық аудио және бейнебағдарламалар, динамикалық иллюстрациялық материалдар көп қолданылады. Компьютерлік технологияларды қолдана отырып, мұғалім оларды кешенді пайдалану, яғни белгілі бір тақырыппен біріктірілген кешендерді құру, іздеп табу немесе қолдан жасау мүмкіндіктеріне көңіл бөледі. Дене шынықтыру пәні бойынша компьютерлік немесе ақпараттық тақырыптық кешендерге нақты бір міндетті шешу үшін арнайы құрылған әдістемелік жасақтамалар немесе жалпы мақсаттағы әдістемелік жасақтамалар кіруі мүмкін. Өз тәжірибем бойынша АҚТ-ны дене шынықтыру сабақтарында қолдану туралы мысалдар келтіруге болады. 

Мысалы, «Ойын жағдайларында допты өңдеу техникасы» атты сабақ тақырыбы АҚТ мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануға жағдай туғызды

Сабақтың мақсаттары

1. Спорт ойыны сабағында қауіпсіздік техникасын ұстанады. 

2. Дене қасиеттерін қозғалыс әрекеттері арқылы жетіледі

3. Волейбол ойынында әдіс-тәсілдерді дамытады.

 «Волейболда допты үстіненастынан қабылдау және жалғау» туралы бейнефильм көрсету.

 1-тапсырмаОқушылар екі топқа бөлініпқарама-қарсы орналасадыБелгі берген жағдайда допты қарсы тұрған өз жұбына төменнен береді, ал қарсы тұрған оқушы допты жоғарыдан екі қолмен жалғайды. Содан соң рөлдерімен ауысады. 

2-тапсырмаОқушылар жұптарда допты жоғарыдан беру техникасын пысықтау жаттығуларын орындайды (волейбол): 

оқушылар жұппен қарама-қарсы тұрып допты жоғарыдан беру жаттығуларын орындайды

шығыршықтың ішінде допты минималды биіктікке өз алдына жоғарыдан беру

жақын арақашықтықта қабырғадан жоғары беру (қабырғаны бойлай қозғалыпжүрелеп отырып және тұрып орындайды); 

Тапсырманың орындалуы

1. Топта жұмыс істей біледі.

 2. Волейбол ойынында техникалық әдісті меңгереді

3. Волейбол ойынында негізгі ережелерді сақтайды

4. Бейнефильмнен көргенін мүлтіксіз орындау дағдысын игереді.

 Осылайша жұмыс тәжірибемізге сүйене отырыппайымдайтын болсаққазіргі дене шынықтыру сабақтарын ұйымдастыру және өткізу кезінде АКТ міндетті түрде пайдалану қажетбұл дене еңбегін ой еңбегімен табысты ұштастыруғамектеп оқушыларының интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуғажалпы дүниетанымын өрістетуге мүмкіндік береді.

 

193 0
ГУЛЬМИРА АЖГАЛИЕВА, Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі, педагог-модератор Ұлы дала ұстазы № 000128
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: