Мектеп мұрағатындағы көне тігінділерді парақтап отырып, мектеп тарихына үңілсек, мектеп 1953 жылы алғаш есігін ашқан № 84 теміржол орта мектебі негізінде құрылған. 1976 жылы № 302 орта мектеп болып ауыстырылса, 1978 жылы №40 орта мектебі болып өзгеріп, 1997 жылы Алматы темір жол басқармасынан Мойынқұм ауданына өткізілгендіктен атауы Шығанақ орта мектебі болып өзгертілді.
Шығанақ орта мекетбінің ғимараты 1 корпусы 1978 жылы 2 корпусы 2003 жылы салынып, 2017 жылы 120 млн.теңге көлемінде күрделі жөндеуден өтті. Мекен жайы Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы, Шығанақ кенті, Абай көшесі, №16 үй, аумағы 1897,9ш\м. Жобалық қуаты -370 орын, оқу кабинеттер саны-27, асхана -50 орындық. Сынып саны – 33, бастауыш сыныптардың саны – 12 (225 оқушы), жоғары сыныптардың саны – 21 (295 оқушы). Оқушылардың саны 520 баланы құрайды. Ал мектеп қызметкерлерінің саны – 92.
Мектеп өмірі осы шаңырақта еңбек еткен білікті басшылармен тығыз байланысты. Мектептің байырғы басшылары:
Зафронский А.М | 1953 – 1956 |
Штоколов И.А | 1956 – 1956 |
Бектияров Д.Б. | 1962 – 1966 |
Джалмухамедов Т.Ж | 1966 – 1969 |
Аширов Т.А | 1969 – 1973 |
Бурашева Р.К | 1973 – 1976 |
Екибаев Б.З | 1976 – 1983 |
Алипова Ж. Б. | 1983 – 2007. |
Жазықбаев Ж. С. | 2007 – 2013 |
Екибаев Бейсенхан Зейнелұлы,
1945 жылы сәуір айының 14- күні Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданындағы, Буру-Байтал кентінде Мойынқұм ауданындағы, Буру-Байтал кентінде директорының қызметін атқарған. 1983-2008 жылы Шығанақ кентінің кенттік кеңесінің төрағасы, әкімі болып қызмет атқарып, зейнетке шыққан. 1970 жылы сәуір В.И.Лениннің 100 жылдығына байланысты «Ерен еңбегі үшін медалі, 1987 жылы «Еңбек ардагері» медалі, 2001 жылы желтоқсан айында «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі, 2007 жылы «Ерең еңбегі үшін» медалі берілген.
Алипова Жумакуль Бекмагамбетовна,
1949 жылы 10 маусым күні Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданындағы, Буру-Байтал кентінде дүниеге келген. Шығанақ орта мектебін бітіріп, мұғалімдік қызмет атқарған. 1974 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын біірген. 1975 жылы оқу –ісі жөніндегі орынбасары, 1983 - 2007 жылы мектеп директорының қызметін атқарған. « ҚР Білім беру ісінің үздік мұғалімі» атағы берілген.
Жазықбаев Жайдар Саттарқұлұлы,
1973 жылы Жамбыл облысы, Мойынқұм ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 2000 жылы Шығанақ орта мектебінде физика-математика пәнінің мұғалімі болып бастаған.
2004 - 2007 жылы осы мектепте оқу – ісі тәрбие жөніндегі орынбасары болды.
2007 – 2013 жылы мектеп директорының қызметін атқарып, 2013 жылдан бастап Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы ретінде қызмет атқаруда.
Көпшілік құрметіне бөленген, алғыс ілтипатын алған аяулы ұстаздардың сара жолын жалғастыруда қазіргі таңда мектеп ұжымын «Нұр Отан» ХДП-ның мүшесі Рахымбаева Алия Сыздыққызы басқаруда. Білікті басшы мектеп ұжымының жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастырып, жаңашыл іс-шараларға ұйытқы бола білуде. Рахымбаева Алия Сыздыққызы, 1965 жылы 21 қаңтарда Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданындағы, Буру-Байтал кентінде дүниеге келген. 1996 жылы Шығанақ орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеді. 2000 жылы директордың оқу-ісінің орынбасары болып қызмет етіп, 2013 жылдан бастап Шығанақ орта мектебінің директоры қызметін атқарып келеді.
Ұстаз-рухы таза, ой-өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші, өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне жаратып, қоғамды өрге өркендетуші, жаңашылдықтың бастаушысы, жүрегі-жылы, көңілі-дарқан адам. Ұстаздықтан өсіп директор болған басшы нағыз өз ісінің шебері, білікті де, білімді ұйымдастырушы. Көп ізденіспен педагогика саласындағы жаңалықтарды меңгеріп, терең зерттеу өзіндік басқару стилін қалыптастырып, ұжымды биік шыңдарға жетелеп, нағыз майталман мамандарды тәрбиелеп, биік белестерден көрінуіне септігін тигізіп жүрген басшысы.