Аннотация
Бір киіз үй – бір мекен-жай. Қазақтар үшін, киіз үй бар мазмұнды қамтыған шағын «әлем».
Киіз үй іс жүзінде, көшіп-қонуға қолайлы келеді. Малшылар көктем, жаз, күз мезгілдерінде тынымсыз жұрт жаңалап, шөбі шүйгін, суы тұнық жерге қоныс аударып отырады. Киіз үйдің ерекшелігі оның тігіп-жығуға, артып жүруге қолайлылығы. Киіз үйді жығып, түйеге немесе өгізге артып, жаңа қонысқа жеткенде түсіріп, бірер сағаттың ішінде шаңырақты қайта көтеріп, орнығып отыра бересіз. Егер үйдің тігілген орны жайсыз болса, бірнеше жігіт көтеріп, таңдаған жерге қондыра салуға болады. Киіз үй көшіруге ыңғайлы ғана емес, ең маңыздысы берік, әрі жанға жайлы келеді. Киіз үйдің дөңгеленіп тігілетін себебі, бұл оның дауылдан, жауын-шашыннан қорғану, жер сілкінісінен сақтану мүмкіндігін асырады. Осы себептен де байтақ далада игеріп отырған шаруалар тосыннан тұрған сұрапыл дауыл, қарлы боранның соққысына төтеп беріп келген еді.
Киіз үйдің ауасы қашан да алмасып тұрады, тынысы кең әрі жарық болады. Киіз үй тігіп отыру жерді тоздырмайды, өсімдік жамылғыларын бүлдірмейді, осы заман адамдарының қоршаған ортаны қорғау тілегіне лайық келеді. Жұртшылықтың киіз үйді «Ақ орда» деп атауы оның үлкендігіне ғана емес, қайта оның ақтығына, пәктігіне қаратылса керек. Киіз үйлер әсемдіктен сырт, тағы анағұрлым терең рухани мән алып жатады. Ол қазақ ұлтының объективті дүниеге деген танымының айналымдық, бірлік, кеңдік, ұйтқылық, теңдік, сыйластық жақтарында қайталанған танымдық білімге толы екенін аңғартады.
Киіз үй – қазақ халқының өзімен бірге жасасып, тарих белестерінен бірге келе жатқан заттық, тұрмыстық мәдениеттің көрінісі. Ол сонымен қатар қазақ халқының материалдық мұрасының бірі ғана емес бірегейі болып бағаланады.
Қазақтың киіз үйі – қазақ баласы үшін адамгершілік ұясы, қасиет тұтар ордасы. Ол әр қазақ баласы үшін тәуелсіздігі мен бостандығының, байлығы мен барлығының, рухани кісілігі мен қоғам алдындағы міндеттілігінің символы.
Киiз үй — жер шарының жарты моделi іспеттес. Себебі бұл дүниедегі барлық нәрсе шар тәрізді, ғалам да. Ал киіз үй – адам өмірінің бұл жақтағы да жартысы.
Жаратылыстың мызғымас заңының негізі – бар нәрсе шар тәрізді ұсақ бөлшектерден тұратын болса, бар тіршілік негізі – шар тәрізді форма болатын болса, киіз үй шардың жартысы, сол форманың бірінші бөлігі.
Киіз үй – қазақ халқының өзімен бірге жасасып, тарих белестерінен бірге келе жатқан заттық, тұрмыстық мәдениеттің көрінісі. Бұл жұмыстың мақсаты киіз үйдің ата - бабаларымыздың өмірінде алған орны туралы түрлі пікірлерді келтіре отырып, бүгінгі ұрпақтың бойына мәдени мұраларға деген көзқарасты қалыптастыру, тәуелсіз елімізге деген патриоттық сезімдерін дамыту болып табылады.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Егер біз осы бабаларымыздан қалған ең қымбат мұралардың бірі – киіз үйді сол кездегі ата - бабаларымыз сияқты қастерлеп, оның қасиетін, құдіретін келер ұрпаққа жеткізер болсақ олардың бойына рухани құндылықтарды бағалай білетін ұлттық және патриоттық санасы жоғары тұлға қалыптасады.
Зерттеудің теориялық мәнділігі: Киіз үй туралы ғылыми жоба немесе курстық жұмыс дайындағанда көмекші құрал болады. Сонымен қатар оқушыларға мәлімет жинауға септігін тигізеді.
Зерттеудің практикалық мәнділігі: Оқушыларға киіз үй жабдықтағанда немесе кездестіргенде көмегін тигізеді және өз елінің ертедегі тұрмысымен танысады.
Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі:
- киіз үй туралы тәлімдік, тәрбиелік көзқарастарға талдау жасалды;
- киіз үйдің ата - бабаларымыздың өмірінде алған орнын көрсету;
- киіз үйдің бөліктері мен түрлері жайында түсінік берілді;
- киіз үйді жаңа ғасыр талабына қарай жабдықтау
Жұмыстың орындалу әдістері: Тарихи деректермен танысу, оларды жинақтау, қорыту, салыстырмалы талдау жасау, тұжырымдау.