Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI994

Балабақша – бақыттың ең бірінші баспалдағы

Мен Гулстан Хайратбайқызы  17.05.1988 жылы Баян Өлгий аймағында дүниеге келдім. Менің кішкентайымнан арманым, өсе келе алға қойған мақсатым ұстаз болу, ұстаздың ішінде кішкентай ғана бүлдіршіндермен жұмыс істеу еді, яғни балабақшада. Мектеп бітіре сала сол арманым орындалды. 2007 жылы өзім қалаған мамандық иесі болуға оқуға құжаттарымды тапсырып, оқуға түстім. 2012 жылдан бастап Бұланды ауданы, Алтынды ауылында «Тұрсынбек Кәкішев атындағы» мектепте мұғалім қызметін атқарып, 2015 жылы отбасын құрып, Целиноград ауданы, Қараөткел ауылда ЖШC «Айгөлек Д» балабақшасына тәрбиеші болып жұмысқа орналастым.Қазіргі таңда осы балабақшада қызмет атқарамын. ЖШC «Айгөлек Д» балабақшасының директоры Амренов Саябек Жұмабекұлына өз алғысымды білдіремін. Өскелең ұрпақтың тәрбиеленуіне , балабақшаның ұйытқысы, ізденімпаз, балалардың жан-жақты қорғалған, үйлесімді тұлға болып қалыптасуына жағдай жасауда.Балабақшамыздан ұшқан жас түлектеріміз  мектепте оқып білім алуда. Тәуелсіз еліміздің бақытты балдырғандарына білім, тәрбие беруде балабақша ұжымы жаста болса біршама жетістіктерге қол жеткізді. Педагогтарымыз үнемі, шығармашылық ізденіс жолында.

  Балабақшамыздың жақсы жетістіктерге жетуі, әрбір тәрбиешінің өз еңбегінің нәтижесімен, жаңалығымен біліктілігі мен білімдерінің арқасы деп білемін.Атап айтсақ, балабақшада он топ жұмыс жасап, онда 243 бүлдіршін тәрбиеленеді. «Айгөлек Д» балабақшасын өте мейірімді, сезімтал, бірақ сонымен бірге талапшыл басшы, меңгерушіЖұмабаева Фатима Калиевна басқарады. Әр қызметкермен тіл табыса алады, қиын жағдайларда көмегін де аямайды. Сондықтан, ұжымда абырой мен құрметке ие.Балабақша топтарында өз жұмысын жақсы білетін, бірінші,екінші санатты мамандар жұмыс жасайды. Балабақша ұжымының әрбір қызметкерлерінің міндеті- күнделікті тәрбиеленуші бүлдіршіндерге бақыт сыйлау.

«Үйренер нәрсең-білім мен мейірімділік»-деп, Жүсіп Баласағұн  айтқандай, балабақша ұжымы әрбір күнін ізденіспен өткізеді.Балабақшамыз «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу  бағдарламасы» бойынша оқу-тәрбие жұмыстарын қазақ  тілінде жүргізеді. Балабақшамыздың көптеген жетістіктері бар. Соған қысқаша тоқтала кетсем:

 2017-2018 жылдары «Айгөлек Д» балабақшасының тәрбиешісі Джампозова Жанат Серикхановнаның жетекшілігімен  V қалалық конкурс талантты жастар  «Ақ көгершін» байқауында тәрбиеленушілері Гран Примен марапатталды.

2018-2019 жылдары өзімнің тобымның бүлдіршіндері ІІ Халықаралық «Aяулы Астана»  байқауында І орын Лауреат атағына ие болды.

2019-2020  жылдары Рахимжанова Замира Маратовнаның жетекшілігімен «Мega Fest KZ»Халықаралық байқауына бүлдіршіндерін қатыстырып,  І орын дипломымен марапатталған болатын.

2020-2021 жылдары «Balbulag»балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы ұйымдастырылған ІІ Халықаралық «ЖасSTAR»фестиваль-байқауына тәрбиешілеріміз Кирбасова Нургуль Мейрбековна, Аширбекова Айжан Жанатовна бүлдіршіндерін қатыстырып, бас жүлдеге ие болды.

2020-2021 жылдары «Ғарыш әлемі» атты І Республикалық байқауында Қуанышбаева Зейнеп Сериковна, Гулстан Хайратбайқызы жетекшілігімен бүлдіршіндерді Республикалық байқауға қатыстырып, «Үздік жетекші» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталды.

243-тен астам бүлдіршін тәрбиеленіп жатқан балабақшаның болашағы жарқын. Алар асуы алда. Әр түрлі іс-шаралар, апталықтар, ертеңгіліктер мен ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері, семинар-кеңестер жүйелі түрде ұйымдастырылып тұрады. Осыған дейін жеткен жетістіктермен тоқталып қалмақ емес ұжым. Сапалы білім мен өнегелі тәрбиені әрбір бүлдіршіннің бойына сіңіру – мекеме қызметкерлерінің басты мақсаты. Бүгінге нақты бағдарлама жасай отырып, болашаққа ұмтылу, жетістікке жету жолында қызмет етіп келе жатыp. Біздің әрқайсымыздың басты тілегіміз-бүлдіршіндеріміздің бақытты балалық шағы, лайықты білім алуы және сүйікті Отанымыздың толыққанды азаматына айналуы.

Жасөспірімдердің қабілеті мен бейімін анықтау, жетілдіру мен қалыптастыру балабақшадан бастау алатынын ескерсек, еліміздің болашағы балаларымыздың келешегі үшін мемлекет тарапынан қаралып жатқан мәселелердің оң шешімін табуына тілекші ЖШC «Айгөлек Д» балабақшасының ұжымының бағындырар белестері әлі алда.Тек қана, білімді және тәрбиелі ұрпақ Қазақстан халқының мақтанышы болмақ.

Тоқсан ауыз сөздің  тобықтай түйіні  «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан, алдымызға келген әр бір бүлдіршінге балабақшадан бастап тәлім-тәрбие беріп  ұлтжандылыққа тәрбиелейік.   Балабақша бақыттың ең бірінші баспалдағы, баланың болашағы.Шын жүректен қалаған мамандығың әр кезде жақсы жетістікке апарары сөзсіз. Ал, тәрбиеші болу –айтуға оңай болғанмен , осы салада еңбек етіп жүрген жандар түсінеді деп ойлаймын. Тәрбиешілер елдің ертеңгі азаматтарын тәрбиелеуші.
Бүлдіршіндерім балабақшаға бар ынтасымен ,қуанышты көңілмен келсе , мақсатым орындалды деп , өзімді бақытты ұстаз, бақытты тәрбиешімін деп сезінемін.Өз мамандығымызды сүйейік!

 

92 0
Гулстан Хайратбай,Айгөлек Д балабақшасының тәрбиешісі,Педагог – модератор Ұлы дала ұстазы № 001394
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: