Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI987

Жамбыл жырлары арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің негіздері

Ұлы қазақ даласында сан ғасырлық жолдан өткен жыраулық мектеп бар еді. Асанқайғы, Қазтұған, Шалкиіз, Доспанбет, Жиенбет, Бұқар, Ақтамберді, Үмбетей, Қаблиса, Сүйінбай сынды жыраулар өмір сүрді. Ауыз әдебиетінің алыбы Жамбыл Жабаев та осы жыраулық мектептің соңғы өкілі десе де болғандай еді. Ол «Менің – пірім Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай» деп  өмірін өлеңге арнады. Атақты Майкөт пен Құлмамбетті жеңіп, Жетісудың бірінші ақыны атанды. Елімнің жақсыларын таныстырған, ой жырым, қызыл тілім сенің арқаң, – деген Жамбыл баба қандай құрметке де лайық.Заманымыздың классик жазушысы, атақты Мұхтар Әуезов «Жамбыл – ақыл ойдың алғыры, өзгеге ұқсамайтын дара, оқшау бет-бейнесімен аса зор құбылыс. Сондай-ақ, әрі эпик-ақын, әрі айтыс-ақыны, әрі азаматтық әуеннің де ақыны» деп бағалаған еді. Жамбыл Жабаевтың туғанына 2021 жылдың 28 ақпанында 175 жыл толады. Ұлы Жамбылды Мұхтар Әуезов мойындаған, Сейфуллин бас иген, Сәбит Мұқанов ардақтаған, Ғабит Мүсірепов еркелеген, Бауыржан Момышұлы бас иген, Мәлік Ғабдуллин құшағына алған. Ромен Роллан, Михаил Шолохов, Павло Тычина, Николай Тихонов, Константин Симонов сияқты әлемдік әдебиеттің өкілдері де ерекше құрметтеген екен. 

Жамбыл Жабаев 1846 жылғы ақпан айының 28-і күні Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген. Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен-ақ таныла бастаған. Бозбала шағынан ортасын ән мен жырға кенелтіп, көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылған. Сол кезде Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйінбайға жолығып, оның батасын алады.Алтын қылыш қынабында жатпайды. Жамбыл атамызды  тану үшін жаңа көзқарас, жаңа таным керек. Мәселен, Жамбыл Жабаевтың революцияға дейінгі өмірі әлі толық зерттелмей келеді. Ол  жәй ғана ақын емес, ол күрескер ақын. 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтеріліс кезінде 61 жасына қарамай, көтерілісшілерді қолдап, жыр арнаған. Сонымен қатар, Жамбылдың Балуан Шолақ, Әсет ақын, Шашубай сынды ақындармен арасындағы әңгімелер қалың оқырманға жетпеген екен.

Жамбыл мен Абайбірзаманныңадамдары. Екеуі де ұлтұранынаайналғантұлғалар. Көздентасаболыпкележатқанкейбірдеректердікездестірдім. БірдеМұхтарӘуезовЖамбылдан: «Абай қандайақын?»,-депсұрайды. Сонда Жамбыл: «Абай ақынемес» депбірқайырыпты. Әуезовқаттысасады. Жамбыл, мырсетіпкүліп. «Әй, шоң бала, Абай ақынғанаемес, олпайғамбар», дейді. ҚырғыздыңұлыақыныТоқтағұлСатылғановСібіртұтқынынанқашып, жолай Жамбыл Жабаевтыіздепкеледі. Жамбыл Тоқтағұлдыекі-үш ай қасындаұстап, ел қыдыртып, әнайтқызып, халықпентаныстырады. Той-томалақтарғақатысады. Тоқтағұлдыңалдынаірілі-ұсақтыбіраз мал жинапберіп, атмінгізіпшығарып салған екен.Жамбыл атамыздың мұндай азаматтық қыры тіпті айтылмайды десе де болады. …

Бірде Жетісуға Садық сұлтан Кенесарин келеді. Алдынан Жамбыл шығады. Атақты Абылайханның ұрпағы, Хан Кененің ұлы Садық сұлтанды қалың қазақ қонақ етіп, қырғызға апармақшы болады. Бұл хабар қырғыздарға шанышқыдай қадалады. Бірақ, Садық сұлтанды Жамбыл ақын ертіп келе жатыр дегенді естігенде, сабырларына түседі. Қырғыздар Садық сұлтанды ерекше құрметтеп қарсы алады. Жамбыл сөздің мәнісін айтады. Садық сұлтан әкесі хан Кененің қылышы мен ертоқымын алып кері қайтады. Ақынның осы тұста дипломатиялық қырын,  көрші ел қызғыздар арасында үлкен беделге ие екенін байқау қиын емес. Ақынның  сондай-ақ өз еліне деген сүйіспеншілігі, патриоттық сезімі ұрпағына үлгі болып отыр. 

1941-1945 жылдар біздің Отанымыз үшін ең ауыр жылдар болды. Гитлер бастаған неміс басқыншылары соғыс жарияламай жерімізге енді. Халқымыз үшін бұл күндер – зұлмат күндер болды. Санкт-Петербург қаласы Кеңес үкіметі орнап, оның көсемі Ленин қайтыс болғаннан кейін 5 күннен соң, яғни 1924 жылдың 26 қаңтарынан бастап “Ленинград” деген атау алған болатын. 1941 жылдың 8 қыркүйегінде неміс басқыншылары Ленинградты қоршауға алып, бомбаның астында қалдырды. Қала тұрғындары ерекше ерлік көрсетті, жауға берілмеді. Нева жағасындағы Ленинград қаласы 900 күн қоршауда қалды.Ресейдің ең маңызды екі қаласының бірі жау қоршауында қалғанынан бүкіл Кеңес Одағы  құлағдар болды. Міне, осы кезде Жамбыл атамыздың  атақты “Ленинградтық өренім” атты жыры дүниеге келді. Ленинградтан мыңдаған шақырым шалғайда жатқан қарт ақын жау қолында қалған халықтың жан азабын жақсы түсінді. Мәскеуді көргенімен, Ленинрадқа табаны ешқашан тимесе де, халық рухын көтерген тамаша толғау жазды. Оның бұл өлеңі қоршауда қалған мыңдаған аш­-жалаңаш халықтың дәтке қуат етер бойтұмарына айналды. Ленинградтықтарға үгіт емес, үміт отын жаққан жыр, құлақтарына жетті.“Ленинградтық өренім” атты жырда ақын  көпұлтты еліміздің бүкіл  еңбекшілерінің  сезімі мен алаңдаушылығын  білдірді. Бұл жыр сондай-ақ достықтың шынайы әнұранына айналды. 

Ленинград тұрғындарының төбелерінен жауып тұрған бомбаға қарамастан Жамбыл өлеңдері басылған газетті аламыз деп кезекке тұрғаны туралы ленинградтық ақын Александр Прокофьев былай деп жазады: “Ленинградты қорғаудың нағыз ауыр күндерінде шығарылған «Ленинградтық өренім» Ұлы Отан соғысы кезіндегі поэзияның ең таңдаулы туындыларының бірі болды. Өлең қаланы қорғаушыларға күш-қуат берді, оларды жеңіске жігерлендірді.Жамбылдың «Ленинградтық өренім» деген жыры жарияланған кез Ленинград халінің аса бір ауыр шағы еді. Бұл шақта немістің қоршауында қалған Ленинградта азық өте аз болды. Үйлеріне кіретін су тоқтатылды, канализация істемеді, отын атымен болмады. Жау атқан снаряд пен бомбалардың салдарынан шынысы қирап, терезе біткен аңырайып ашық тұрды, электр жарығы да нашар жанды, тіпті қаладағы үйлердің көбінде жарық болған жоқ. Қалаға жаудың оғы үздіксіз жауып тұрды. Осындай халде Жамбылдың «Ленинградтық өренім» деген жыры газеттерде жарияланды. Халықтың рухын көтеруде ерекше күшті қызмет атқарған бұл жырды Ленинградтың радиосы күніне әлденеше рет оқыды. Жыр үлкен әріппен басылып, көшелерде плакат болып ілінді. Сол плакатты үймелесіп оқысып, көздерінен жастары сорғалаған талай адамдарды кездестірдім. Немістердің самолеттері төбеде ұшып, бомба тастап жүргенде тығылудың орнына Жамбылдың жыры басылған газетті алуға көшеде кезекте тұрған адамдарды талай көрдім». Плакат болып ілініп, листовка ретінде қолдан-қолға тараған өлеңдер тарихта сирек. Ал Жамбылдың «Ленинградтық өренімі» - сондай сирек тағдыр бұйырған жыр.

Ұлы Отан соғысы кезінде Жамбыл өлеңдері майдан даласын шарлап, жауынгерлерді ерлікке, ел қорғауға шақырды. «Ленинградтық өренім» өлеңі Ленинградты қорғаудың нағыз бір ауыр күндерінде шығарылып, ұранға айналды:

Ленинградтық өренім,

Мақтанышым сен едің!

Нева өзенін сүйкімді,

Бұлағымдай көремін.

Көпіріне қарасам,

Көмкерген су көлемін.

Өркеш-өркеш жарасқан,

Шоқылардай дер едім.

Сапырылған көк теңіз,

Шомылдырып кемерін!

Шамы күндей жайнаған,

Аспанға үйлер бойлаған,

Арқа тұтып алыста,

Айбыным деп ойлағам!

Жасағам жоқ өмірді,

Жау сойқанын көргелі.

Төккенім жоқ терімді,

Шер қылғалы кеудені.

Жасалған жоқ салтанат –

Жаудың болуға ермегі.

Жауда қалып Ленинград,

Жаралған жоқ көнгелі!

Жасағамын өмірді –

Жау біткенді жеңгелі.

Саудыратып сүйегін,

Топыраққа көмгелі.

Қазақстан жерінен,

Тұтағандай ел кегі, 

Жолды кернеп қол кетті,

Сендерге дем бергелі.

Нева алабынқорындар,

Ленинградтыңерлері.

Ұрпаққаүлгіболыңдар,

Заманымныңөрнегі!...Жоғарыда берілген жыр жолдарында ақын достық пиғылдағы қазақ халқы  Ленинградтай  қаланың   жау қоршауында қалғанына кектеніп, дем беруге аттануға дайын екенін білдіреді.Өлеңдегі рух, талай жүрекке жігер сыйлаған, талай кеуденің үмітін оятқан. Осы рухты жыр үшін Сталин Жамбылға 80 мың сом сыйлық берген деседі. Мұнда ленинградтық әр тұрғын жатқа білетін Жамбыл ақынның шығармашылығының  үлкен үлесі бар еді.Бұл өлең плакатқа басылып Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург қаласы) көшелерінде ілінген жыр жолдары халықты рухтандырды. Ел еңсесін тіктеді. Солдаттар соңғы күшін жиып, жауға тойтарыс берді. Кеңес Қарулы   Күшінің  негізгі  мақсаты   Ленинградқа  (қазіргі Санкт-Петербург) неміс-фашист және  финн  әскери   күштерін өткізбей, оларға соққы беру болатын. Үш жылға (900 күн) уақытқа созылған  Ленинград үшін  шайқас елдің   бүкіл Солтүстік -Батыс  бөлігін қамтыды. Қазақстандық жауынгерлер Ленинград облысын азат етуге, қоршаудағы қаланың  «Үлкен жермен» байланысын қамтамасыз етуге және оны байланыстырып тұрған   «Өмір жолын» салуға қатысты. Жау әскерлерімен үздіксіз соғыса отырып, қазақ жауынгерлері олардың жауынгерлерін және техникасын ауыр шығынға ұшыратты. Ленинград  үшін шайқастардың  ауыр күндерінде Сұлтан Баймағамбетов  дзот амбразурасын  кеудесімен жауып,  шабуылдаушы   әскерге жол ашты.Осы өшпес ерлігі үшін оған қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Қазақстанда құрылған әскер бөлімшелерінің үштен бірі Ленинград түбінде соғысты. Балтық флотындағы Қызыл тулы  «Киров » крейсерінде ғана 156  қазақстандық жауынгерлік сапта тұрды.  Ориенбаум  алғы шебінде 48-атқыштар  дивизиясының   атақты мергені Дүйсенбай Шыныбеков шайқасқан.  900 күн жаудың тас құрсауында азапты күн кешкен халық ақыры 1944 жылдың 14 қаңтарында азаттыққа жетті.Жамбылдың ақырғы жыры 1945 жылы 9 мамырда айтылды. Ол жырда неміс басқыншыларын халқымыздың қаһармандықпен жеңгендігі дəріптелді. 

1952 жылы Ленинградтағы шағын көше Жамбыл ақынның атына берілді. Көше бұрышына “Переулок назван в честь великого казахского акына Жамбыла Жабаева (Джамбула) воспевшего подвиг ленинградцев в годы ВОВ 1941-1945 годы” деп жазылған. Ең қызығы, 1998 жылы билік бұл көшеге “Лештуков” деген XVIII ғасырдан келе жатқан бұрынғы тарихи атауын қайтармақ болады. Бірақ жергілікті халық қарсылық көрсетіп, Жамбыл атын сақтап қалған екен. Осының өзі тұрғындардың әлі күнге дейін Жамбыл жырын ұмытпай, көрсетіп тұр.Жамбыл бабамызға   берілген көше шап-шағын. Бас-аяғы 500 метрге жетер-жетпес шығар. Десек те, аяқ аттасаң ескерткіштен көз сүрінетін Санкт-Петербург қаласының қалтарыс бір тұсында жыр алыбы – Жамбылдың да тас мүсіні бой көтергені бүкіл қазақтың көңіліне қуаныш сыйлайтыны анық.
 
Ал 2003 жылы Санкт-Петербург қаласының 300 жылдық мерейтойына орай дәл осы көшеден Жамбыл ескерткіші бой көтерді. Бұған қаржыны алғашында петербургтіктердің өздері бөлмек болған. Бірақ ондағы қазақ диаспорасы бұл ұсыныстан бас тартып, ескерткішті Қазақстан салуы керек дейді. Ақырында Қазақстан арнайы қаржы бөліп, Петербург қаласының 300 жылдығына сый ретінде Жамбыл ақынның  ескерткішін салып береді. Бүгінде Санкт-Петербург қаласына табан тіреген әр қазақты домбырасын ұстаған Жамбыл ескерткіші күтіп алады.
 Қала халқының Жамбыл ақынды ерекше құрмет тұтып, көше беріп, ескерткіш орнатқызуына не себеп болған оқиға арада жарты ғасырға жуық уақыт өтсе де біреудің есінде, ал біреу ұмытқан. Әйтсе де, тарихтың ұмытпайтыны секілді, бұл әсем қалаға қонақ боп келген әр қазақ бір кездері Ленинградты дүр сілкінткен Жамбыл жырын бір еске алады. Жамбылды орыс халқы жай ғана жыр жазды деп емес, қала қорғаушыларының қатарында, әскер сапында барлығымызбен қатар тұрды деп қабылдады. Бұл туралы ақын Николай Тихонов: «Жамбыл Ленинградқа келіп, оны қорғаушылардың қатарында тұрды», – деп жазды. Халыққа үлкен рух берген өлең бүгінде Жамбыл ескерткішінің түбіне ойылып жазылыпты.Фашистік Германияға қарсы соғыс жеңісінің 20 жылдығына байланысты 1965 жылы 8 мамырда Ленинградқа  «Қаhарман қала» атағы берілді.

Жыр алыбы жүз жасқа қадам басқан шағында, яғни 1945 жылы 22 маусымда, дүниеден өтті. Ақынның денесі өз қолымен өсірген бағына жерленіп, ол жер кейіннен әдеби-мемориалдық мұражайға айналды.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Қирабаев С. Жамбыл Ленинградқа келіп, оны қорғаушылардың қатарында тұрды... // Жұлдыздар отбасы. Аңызадам: Жыралыбы Жамбыл Жабаев (1846-1945). — 2001. — № 8(20). — 52 б.
  2. Мырхалыков Ж. Асқартаудайжыралыбы // ЕгеменҚазақстан. — 2016. — 24 ақп. — 12-б.
  3. Қирабаев С. Жамбылдыжаңаша табу // ЕгеменҚазақстан. — 2016. — 6 ақп. — 9-б.
  4. Атшабаров Б. Жамбыл мен Құлмамбетайтысыныңбелгісізбеттері // Қазақəдебиеті. — № 5 (3483). — — 5 ақп. — 9-б.
  5. Негимов С. Суырыпсалмасаңлағы // ЕгеменҚазақстан. — 2016. — 13 ақп. — 8-б.
  6. Жайлаубай Ж., Естай Қ. Əдебиетіміздіңасылкеңі // ЕгеменҚазақстан. — 2016. — 19 наур. — 5-б.
  7. kopilkaurokov.ru›Литература›uroki/zhambyl_omiri…
  8. Инфоурок›leningradti-renim-zh-zhabaev-650438.html
  9. bilim-all.kz›Өлеңдер›Ленинградтық өренім
339 0
Сабира Баетова, Жамбыл атындагы № 5 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі, Тараз қаласы Ұлы дала ұстазы № 001390
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: