Бастауыш сыныпта замануи әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер,өзіне-өзі сенімді,интеллектуалдық деңгейі биік азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше.Бастауыш саты-білім,дағды,іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады.Біздің міндетіміз –жеке тұлғаны дамытып,білімге деген сенімін нығайту,оқуға қызығушылығын оятып,ынтасын арттыру.Қазіргі заманғы ғылыми –техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер жүктейді.Жас ұрпақты жан-жақты жетілген ,ақыл-парасатты,ой-өрісі биік,бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу-қоғамымыздың ең өзекті мәселесі.Бұл әр мұғалімнің шығармашылық ізденіспен жаңаша істеуін қажет етеді.
Білім негізі мектеп қабырғасынан басталатыны белгілі.Мектеп оқушысы не нәрсені болса да білуге құмар,қолымен ұстап ,көзбен көргенді ұнатады.Зейіндері тұрақсыз болғандықтан бір сарынды оқудан тез жалығады.Сондықтан оқу мазмұны мен тәрбие әдістерін жаңарту бағытында оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру үшін жан-жақты іздене отыру керек.Білім беру саласындағы бүгінгі басты міндеттерінің бірі-оқушыларға терең білім беру.Оқу-тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын ,талпынысын арттырып ,өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салады.Пәндерді оқытуда тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып,сабақты қызғылықты да тартымды өткізу мұғалімнің шеберлігіне байланысты екені баршамызға белгілі.Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек.Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді ,оны дербестікке ,ізденімпаздыққа ,шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет.Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.Білім,дағды,іскерліктің қалыптасуының бастамасы –бастауыш саты.Келешекте арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы да осы бастауыштан басталмақ.Жас бүлдіршіндердің ой-қиялын біліммен нұрландыратын,дүниетанымын кеңейтетін-ұстаз шеберлігі.Әсіресе,терең де тиянақты білім беруді ұлағатты тәрбиемен ұштастыруда бастауыш сынып пәндерінің өзіндік орны ерекше.Білім берудің мазмұны жаңарып,жаңаша көзқарас пайда болды.Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және жаңа технологияларды меңгеру ,оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламалардың оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап ,зерттей білуді талап етеді.Негізінен,жаңартылған білім жүйесі –құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама.Оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып,сын-тұрғысынан ойлау,зерттеу жұмыстарын жүргізу,тәжірибе жасау,АКТ-ны қолдану,коммуникативті қарым-қатынасқа түсу,жеке,жұппен,топта жұмыс жасай білу,функционалды сауаттылықты ,шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді(бірлескен оқу,модельдеу,бағалау жүйесі,бағалаудың тиімді стратегиялары)үйретеді.Оқушыларды заманауи әдіс-тәсілдермен оқытып,ой-өрісі кең,саналы,еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр.Жаңартылған оқу бағдарламасы,оқу жоспарлары,тілдік дағдылар,педагогикалық әдіс-тәсілдер және белсенді оқыту технологияларды да қарастырылды.Сол себепті қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрастыру барысында оқушылардың жас ерекшелігіне басты назарды аударып,мысалы, «Сиқырлы жапырақтар», «Сұрақ менен,жауап сізден», «Қораптағы сұрақ», «Өрмекшінің өрмегі»әдіс-тәсілдерін күнделікті қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарының артатындығын аңғардым.Сабақ барысында ресурстарды молынан қолдануға тырысамын.Әр сабақта қолжетімді ресурстарды дұрыс,әрі ұтымды пайдалану тиімді. «Ыстық орындық»әдісінен оқушылар өткен тақырып бойынша алған білімдерін пысықтайды. «Эссе жазу»3 минут ішінде өтілген тақырып бойынша не түсінгенін жазады.Сабақты қорытындылауға өте тиімді әдіс-тәсілдің бірі «Сұхбат алу»ортаға үш оқушы шақырылады.Екі оқушы бір-бірімен тақырып бойынша сұхбат құрады.Үшінші оқушы түсінгенін әңгімелейді.Әр сабақта топқа бөлу арқылы әр оқушының жұптық жұмыс,топтық жұмыс жасауға тиімді жақтарын қарастырып отырамын. «Маршрут »ойыны .Бұл ойын бас қатыру есебі-ойланып табылған сөздің әріптерін ,алдыңғы сөздің соңғы әрпі ,кейінгі сөздің алдыңғы әрпі болып табылатындай етіп,бірінің соңына бірі тізбектеле орналасқан торкөздерге сөздер толтырады.Мысалы,Ақтау-уық-қала-Алматы-ыдыс-сағат-таға т.б. «Ғажайып үштік»ойыны.Бірінші қатысушы бір сөз,зат есімді айтады.Келесі қатысушы сол сөздің соңғы екі әрпінен келетін сөзді ойлап табады,бірақ дауыстап айтпайды,тек өз сөзімен түсіндіреді,үшінші қатысушы мұның не туралы айтып жатқанын түсінеді де ,сол сөздің соңғы екі әрпіне сөз ойлап табады.Бір қызығы балалар сөзді жасырушының не туралы айтып жатқанын біледі. «Еске түсіру»әдіс-тәсілі.Қатар отырған оқушылар бір-біріне теріс қарап отырады да,парталасының аты кім,көзінің түсі қандай,құлағында сырғасы бар ма?осы сияқты белгілерді айтып шығады.Бұл ойын балалардың бір-бірін жақсы тануға ,қарым-қатынасын реттеуге көмектеседі.Балалардың есте сақтау қабілеті,бақылағыштығы жақсарады. «Допты қағып ал»,«Ойлы болсаң,озып көр», «Жасырын сөзді тап», «Кім тапқыр?», «Арқаға сурет салу», «Артығын алып таста»ойындармен сабақты қорытындылап, «Аяқталмаған сөйлем», «Мұғалімге жеделхат»тақтасына оқушылар стикер жапсыру арқылы кері байланыс ретінде қолдануға болады.Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап,айтылған ойды жалғастырады:-бүгінгі сабақта мен...түсіндім,... білдім,... көзімді жеткіздім.-бүгін сабақта қуантқаны... - мен өзімді... үшін мақтар едім.—маған ерекше ұнағаны....
Қорыта айтқанда,бағдарламаға сәйкес алынған тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа енгізсеңіз,баланың танымдық белсенділігін арттыруға,өз бетінше білім алуға ,шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді,оқушылар оқудың қызықты жеңіл өтетіндігін,ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін,білімнің тереңдігі,әрі тиянақтылығы артады.Білім беру мазмұнын жаңарту аясында өз кәсіби біліктілігімізді шыңдап,құзыреттілігімізді қалыптастырсақ қана тиімді нәтижеге жетеміз деп сеніммен айта аламын.