Поиск статей:
ESI
Рейтинг:
ID: ESI982

Ертегілер еліне саяхат

Мақсаты: балаларды ертегінің мазмұнын дұрыс түсініп, сұраққа жауап беруге үйрету.

Ертегі  кейіпкерлерінің іс-әрекетін сезіну және одан әсер алу. 

Ертегі кейіпкерлерінің ішкі күйі мен іс әрекетін сахнада ойнай отырып, бейнелей білуге дағдыландыру, қызығушылық әрекетін, қабілеттерін ояту.

Ертегіні сақыналау арқылы балалардың тіл байлығын, ой қиялын дамыта отырып, ролге кіре білуге үйрету.

Тәрбиеші: Балалар, міне бүгін бізге көп қонақтар келіпті, келген қонақтарымызбен амандасайық.

Арайлап таң атты

Алтын арай күн шықты.

Қайырлы таң балалар,

Қайырлы таң қонақтар.

Тәрбиеші: Балалар  «ерте ерте ертеде ....» деп не басталатын еді?

Балалар: Ертегі

Тәрбиеші: Балалар біз бүгін ертегілер еліне саяхатқа шығамыз.

Ертегі әлеміне бармас бұрын, ондағы кейіпкерлер туралы есімізге түсірейікші.

Олардың өздеріне тән мінез құлықтары болады: ашулы, қатал, мейірімді, қайырымды болады.

Тәрбиеші: Ал енді балалар ертегілер еліне бару үшін, ертегідегі сиқырлы кілемшеге отырып, саяхатқа аттанайық. (балалар көздерін жұмып, сиқырлы кілемше үстіне отырады.)

Тәрбиеші: Міне балалар ертегілер еліне келдік. Өзімізді ертегілер елінде жүрміз деп есептейік. Айналамыз өте тамаша. Балалар мында қараңдаршы, ертегіші атайдың біздерге жазған хаты бар екен, соны оқып көрейік.

Хат

         Балалар ертегілер еліне қощ келдіңіздер! Ертегілер еліне келген соң, бірнеше ертегіге байланысты тапсырмалар бар, сол тапсырманы орындасаңдар, сендерді тосын сый күтіп тұр.

 Ал балалар   сәттілік!

1-тапсырма: Мынау қай ертегінің кейіпкерлері және қысқаша мазмұнын айтып бер.

2-тапсырма: Мындағы  лото  бойынша ертегілерді құрастырып аттарын айтыңдар.

Тәрбиеші:

Қанекей балалар сергіту сәтін жасап серігіп алайық:

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық, 

Қалтамызға салайық.

3-тапсырма: Мындағы кубикті айналдырып, шыққан суретке қарап, қай ертегі кейіпкері екенін айтып бер.

4-тапсырма: Алжапқышты киіп алжапқыштағы ертегілерді сомдап беріңдер.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, біздер барлық тапсырмаларды орындадық, енді тосын сыйды қарап тауып алайық:

Киндер сюрпризді алып, ашып қарап, алғыс айту және қорытындылау.

158 0
Эльмира Баймукирова, «Бакыт» балабақшасының тәрбиешісі,Канымкуль Калиева, №24 «Аққу» балабақшасының тәрбиешісі Ұлы дала ұстазы № 001385
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: