Поиск статей:
ESI
Рейтинг:

Абай –дана, Абай-дара қазақта!

Тәрбие сағатының мақсаты:

-Ұлы ақынның 175 жылдығына орай ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу.
 -Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім-ғылымға құмарларын арттыру.
 -  Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу, адамгершілікке, табиғат әсемдігін түсінуге тәрбиелеу

Әдіс- тәсілдері: Сұрақ- жауап, баяндау, түсіндіру, өлеңоқу, 

Күтілетін нәтиже: Рухани адамгершілік тәрбие беру арқылы мейірімділікке, инабаттылыққа баулу.

Мұғ:әсемпаз болма әрнеге.Оқу.

Балалар, кімнің өлеңін естідік.

Тақырыпты таныстыру,мақсатын қою.

 Мұғалімнің кіріспе сөзі

- Балалар, бүгінгі сабақта біз қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз туралы ой бөлісеміз. Жазушы, қоғам қайраткері Мырзагелді Кемел: «Мен қазақты үшке бөлер едім. Біріншісі - Абайды оқығандар, екіншісі – Абайды оқысам деп жүргендер, үшіншілер – Абайды оқымағандар»деген екен.Абай қазақтың ұлы ақыны.  Абай – сазгер, филосов, ақын, ойшыл, аудармашы, данышпан. Ол ел жұртының болашағын ойлап, халықты тұрмыстық азаптан құтылудың жолын меңзеп, оқу-білімге шақырған. Жаман әдеттен арылып, жақсылықты өн бойына жинауға үндеген.

Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!

Абай болашақ ұрпаққа, яғни сендерге сөзін осылай арнады. Бұл өзі өмір сүрген ғасырдан өзіне бейтаныс , басқа, бірақ жақын болашаққа сенімді жол салған ақынның өзі еді. Ол жарқын болашаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті.  Ол жол ғылым, білім, өнер, мәдениет  жолы еді. Абайдың «даналығы» да осында. Ал «дара» деген себебіміз сол заманда көзі ашық, көкірегі ояу, түрлі тілді меңгерген қалың қазақ арасында жалғыз Абай өзі болды.

- Иә, халық тарихи дамудың қаншама биігіне көтерілседе Абайдың аты мен Абайдың сөзі әрдайым халықтың аузындағы жыры , көкірегіндегі иманы, санасындағы ар- ұжданы болып қала береді.

1-оқушы: Мадина

Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?

Жырымен жан сусынын қандырған кім?   

Өзіне –өзі орнатып ескерткішті,

Мұра ғып, кейінгіге қалдырған кім?

2-оқушы: Томирис

 Ерте оянып , ойланып , ержеткен кім?

  Талабын тас қияға өрлеткен кім?

  Құбажан, құрбақан құм, құла қырда,

   Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?

3-оқушы:Арлан

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?

 Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?

Арманын аттандырып келешекке ,

  Біздермен осы күнгі тілдескен кім?

Мұғалім: Міне ,балалар бүгін осы сұрақтарға жауап іздеп көрейік.

Біреулерге болғанменен айдала,
 Басын иіп тәу етеді бар дана.
 Ұлы Абайды дүниеге әкелген,
 Құдіретіңнен айналайын, сардала- дегендей, дана,дара Абайдың өмір баяны.туған жері туралы не білесіңдер?слайд

Мұғалім: Біз абайтанудың бірінші баспалдағында тұрмыз,өмірімен таныстық.

Енді өзіміз білетін Абай атамыздың өлеңдеріне кезек берелік. Сонымен Абай аталарыңның қандай өлеңдерін білесіңдер?

1- оқушы:«Құлақтан кіріп бойды алар»
 2- оқушы:«- «Ғылым таппай мақтанба»

3- оқушы:«Өлең – сөздің патшасы , сөз сарасы»

4-оқушы: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»

5- оқушы:«Алланың өзі де рас, сөзі де рас»

6-оқушы: «Әсемпаз болма әрнеге»

7-оқушы: «Балалық өлді, білдің бе?»

8-оқушы: « Қайран елім, қазағым, қайран жұртым»
 Кәне балалар Абай атамыздың өлеңдерін кім жатқа айтады?

4-сынып оқушысы.Андреев .С.Әсемпаз болма әрнеге.

5-сынып оқушысы.Хлопянькова.А.

5-сынып оқушысы.Сейітбек.Е.

5-сынып оқушысы.Қаражігіт.А.

Мұғалім:Ендігі кезекті адасқан сөздерді табу.1.Ақын,Ұлжан,Әйкерім.

Ғалым

2.Зере,Ойшыл,Жазушы,Аудармашы.

 

          Енді кезекті сұрақ-жауап айдарына береміз.

1.Абай Құнанбаев кім?

2.Ол қай жылы туған?

3.Абай жасынан қандай болды?

4.Анасының есімі кім?

5.Абайдың табиғат лирикасына арналған қандай өлеңдерді білесіңдер?

6.Әкесі оны қайда оқуға берді?

7.Абай кімнің шығармаларымен танысады?

8.Ол қазақ халқын неге шақырады?

9.Ажесінің аты кім? 

10.Абайдың неше қара сөзі бар?

Қорытынды:Абай туралы қанша ақын –жазушылар өлеңдер жазған.Сол өлеңдердің бірнешеуін жатқа айтамыз.

2-сынып оқушысы.Жанаш.Н.Адамзаттың Абайы.

4-сынып оқушысы.Сейітбек Е.Абай біздің бабамыз

Бүгінгі сабағымызды Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мына өлеңімен аяқтағым келеді.

Асыл сөзді іздесең,
 Абайды оқы, ерінбе.
 Адамдықты көздесең,
 Жаттап, тоқы көңілге.

Сондықтан, балалар, Абайдың өзі "болмасаң да ұқсап бақ" деген тілекпен,

біз Абай атаны жадымызда ұстайық.

277 0
Әйгерім Молдабай, Алғабас негізі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, Ақмола облысы, Жақсы ауданы Ұлы дала ұстазы № 001383
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: