Поиск статей:
ESI
Рейтинг:

Қосымша білім берудегі инновациялық технологиялар – сапалы болашақ кепілі

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы әлемдік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында отандық білім берудің озық дәстүрлері мен стандарттарын сақтай отырып, әлемдік білім беру тәжірибесіне бағытталған стратегиялық курсын таңдап, жаңартылған бағдарлама бойынша білім берудің жаңа мазмұнына көшіп, жеке тұлғаны жан-жақты дамытып, функционалдық сауаттылығын арттыруды қолға алып отыр.

Білім мазмұнын жаңарту  жаһандану жағдайында бәсекеге қабілетті өркениетті елдердің көшіне ілесетін, заман талабына сай ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, кез келген өмірлік жағдайда функционалдық сауаттылығы мен зияткерлік қабілеті дамыған жан-жақты білімді, білікті тұлға тәрбиелеу үшін білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін қайта қарастыру болып табылады.

Демек, қазіргі өнер мектептерінің алдында да «білімді тұлға», яғни білім, білік пен дағдылары қалыптасқан  жеке тұлғаны дайындаумен ғана  шектеліп қоймай, «өмірдің өзгерістеріне дайын болатын», белсенді және шығармашыл ойлайтын тұлғаны оқытып, тәрбиелеу басты міндеттердің бірі.

Әрбір қосымша білім беру педагогі өз жұмыс тәсілі мен формасын,өз педагогикалық технологиясын таңдай отырып, білім алушылардың білімін жетілдіру бағытында жұмыс істеуі керек. Осыған байланысты соңғы жылдары жиі пайдаланылып келе жатқан жаңа ұғымдардың бірі – инновация. Инновацияны жете түсініп, инновациялық әдіс-тәсілдерді мектеп өміріне кеңінен енгізу оқушының саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты болып табылады.

«Инновация» - бұл нақты қойылған мақсатқа жетуде ойға алынған жаңа нәтиже. Оқу мақсатының жүйесінде берілген мақсаттың негізгі категорияларын пайдалана отырып, педагог өз еңбектерінің нәтижесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік алады. Демек, мақсат пен нәтиже – жаңалыққа бет бұрудың кілті.

Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл яғни, бір оқытушы үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық, басқа оқытушыға үшін өтілген материал тәрізді.

Инновацияны «жаңашыл», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті «жаңа әдістеме құралы» деп қарауға болады. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады.

Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, мұғалімнің кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану - оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады.

Оқытуды екі түрлі мағынада қарауға болады. Біріншісі – оқу орнында арнайы пәндерді оқыту. Екіншісі - өмірді оқыту, өмірге үйрету. Тәрбиелеу мен оқыту – егіз ұғым. Оқыта отырып тәрбиелейміз, тәрбиелей отырып оқытамыз. Оқыту тәрбиеге қарағанда нақтылау. Оқыту үйрету арқылы іске асады. Бұл оқытудың маңызы. Оқыту – тәрбиенің құрамды бөлігі, қайнар көзі, жүйелі түрі. Оқыту арқылы тәрбиенің саналылығын, руханилығын, әсемділігін, адамгершілікке баулу жолын, еңбекшілігін, т.б. айқындар толықтыруға болады. Оқыту – тәрбиенің интеллектуалды түрі. Оқытудың инновациялық технология бойынша әдістемелік жүйесі, осы мақсатта сапалы нәтижеге жеткізуге мүмкіндік беретін танымдық іс-әрекеттер түрлерінің мазмұнын, белгілі деңгейде белсенділігін көздейді. Осы екі үрдістің өзара сапалы нәтижесінде оқушының өз ісіне сенімділігін, жауапкершілік сезімін, шығармашылық қабілеттілігін қалыптастыру мақсатын жүзеге асыруға жағдай туғызатын оқытудың инновациялық негізгі түрлері анықталады.

Инновациялық технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары:

-білім алушының ізгілік тұрғысынан қарау;

-оқыту мен тәрбиенің бірлігі;

-білім алушының танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;

-білім алушының өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;

-білім алушының танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту;

-әр студентті оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту;

-барлық студенттердің дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу.

Білім алушының бірден-бір әсер ететін орта және жоғары оқу орны. Орта және жоғары оқу мекеменің білім деңгейін көтеру үшін оқу үрдісіне инновациялық педагогикалық технологияны кеңінен енгізіп, барлық ұйымдастырушылық, білімділік, дамытушылық сапасын көтерудің тең жолдарын, әдіс-тәсілдерін қалыптасыру қажет. Ол үшін білім беру жүйесінің мазмұны жаңа міндеттерімен толықтырылып, өмір талабына сай жаңа саналы тәрбие, сапалы білім берілуі керек.

Жаңа инновациялық әдістерді пайдаланудың әдістері неде?

1) қазіргі уақыт жаңалық пен инновация уақыты. Күнделікті өмірде жаңа білім мен жаңалықтармен кездесеміз. Бұған оқыту үрдісі де сәйкес болу керек.

2) жаңалықты пайдалану оқушының ойлау қабілетін жаңалыққа икемдеп, алдын ала болжам жасауға үйретеді.

3) инновациялық әдістер бұл белсенді оқыту әдістері. Ақпаратты белсенді түрде сіңірген оқушы жадында өздері айтқанның 80% сақталса, өздері істегеннің 90% қалады.

Оқытылатын сабақтың қызықты өтуі оқытушының үнемі іздену, ұтымды әдіс-тәсілдерді қолдану, оқыту әдістемесін жаңартып отыруына байланысты.Қазіргі таңда экономикалық пәндерде оқытушының инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы, әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуіміз қажет.

396 0
Димеуова Анаргуль, ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Жұлдыз» балалар өнер мектебінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, Өскемен қаласы Ұлы дала ұстазы № 001378
Оставить комментарий

Подтвердите что вы не робот - [] *: